Бурабай бардым не көрдім

ескерту: пост Бурабайдан шықпайтын қасқырларға емес, өзім секілді жаңа барғандарға арналған.


Өткен сенбі, жексенбі коллегалармен Бурабайға бардық. Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы және журналисттер күнін кешігіп болса да тойлау болғанмен, негізгі себебі — мына жүгірісі мол пендеяуи өмірден сәл болса да босап, ұялы телефонды өшіріп тастап демалып қайту болды.

Минустарынан бастайық. Бірінші рет бардым. Сәл қымбаттауға түскен демалыс негізінен көңілден шықты. Қымбаттау және сәл ыңғайсыздау болатыны жаяу барған болатынбыз. Мұндай сапарларға көлікпен барған ыңғайлы болады екен. Таксипұлдың өзі әжептәуір қаражатты талап етеді. Аралайтын жер көп, 2-күн барлығын аралауға жетпеді. Бір күн қонып, ертеңіне шықтық. Алайда қайтар көлікті ойлап ертерек шықтық. Қайтарда таксисттер (адам көп болған соң) адам басына 5000-нан деп бағаны көтеріп жіберді. Адам деген ығы-жығы. Кафелер 11-12-лерде жұмысын тоқтатады екен. Түнгі клубы да 2-лерде есігін тарс жапты. Қонатын үй жағы да біраз мәселелер туғызды. Қымбат. Күндізгі 11-лерде барғанымызбен Түскі 2-лерде ғана үй таптық. Қонақүйлер қымбат. Тәулігіне адам басына 30 000 жобасында. Біз алған 2-бөлмелі үйге 15 000 төледік.

Пүлістері. Жетуі: Асцотонадан такси көп (2500 тг. айналасында). Бірақ таңғы 6-50-де электричка жүреді (800 тг. тиындарымен). Қайту жоғарыда айтқанымдай проблема болатындықтан (көлігіңіз жоқ болса) қайтар уақытыңызды білетін болсаңыз  немесе дәл сол уақытта қайта аламын ау, оған жігерім жетеді ауу десеңіз — қайтар билетті де ала салыңыз (900 тг. кешкі 18.00-де Щучинскіден). Электричка Щучинскіге барып тоқтайды. Ары қарай аутобыстар 150 тг.-мен Бурабайға алып барады… Табиғат керрремет, таза ауа, жағажай. Магазиндердегі бағалар Асцотононың бағаларымен шамалас. Егер көліксіз барсаңыз — велосипедтер (сағ. 500 тг.), скутерлер (1000 деді ау дим), квадроциклдер (4000 тг.) толып тұр. Жағажайда қайық (1500 тг. 30-мин), катамарандар (бағасын сұрамаппын) көп. Жағажай тегін. Біз түнгі 12-лерде барып таңғы 4.30-дарда қайттық. Адамға лық толы жағажай. Егер бойдақ болсаңыз ойланбай қыз/жігіт табасыз. Анау-мынау ішіп алып мазаны алатындар жоқ (көрмедім). Барлығы сыпайы, тыныш. Егер суға түсемін десеңіздер «Зеленый бор» санаторийінің жағажайына барыңыздар. Суы тазарақ. Бірақ, палатка ма тент па ала бару керек. Шатырлар тұр, бірақ адам көп. Сондықтан күн астында қақталмаудың амалын алдын ала қарастырыңыздар. Доп ойнайтын алаңы, сеткасымен дайын. Допты да ұмытпағайсыздар. Жерге төсейтін қалыңдау бірнәрселер де керек. Шашлықты алайда тек кафелерден жейсіз. Орманда от жаққызбайды.
Ал егер сіз тау-орман арасында серуендегенді ұнатсаңыз, онда да таптырмайтын жер. Шырша, аршаның әдемі иісі, керемет табиғат. Егер велосипедпен жүргенді ұнатсаңыз тау велосипедін таңдаңыз. Өйткені, жол жалғыз, тар, ал машина көп. Сондықтан жолсызбен жүру қауіпсіз. Сапарды Абылай ханның тағынан бастап сонан соң Кенесары үңгіріне баруды рекомендеймін (кейбір жерлері тік қия, сондықтан ол жерлерде великті көтеріп жүруге тура келеді). Кейбіреулер гид жалдап тау-таудың арасымен келді жаяулатып. Көп нәрсе көріпті, ескі қалашық та бар екен тау арасында. Алайда тауды тік қиялар арқылы жаяу аралауды жөн көрмегендіктен, әрі 10-жыл темекінің түтініне уланған денсаулығымыз көтермейтінін білгендіктен оны хош көрмедік.
Қой, уопшым барыңыздар, әр жексенбі сайын барсаң да жалықпайтын жер екен. Осымен тоқтатайын, Әйтпесе Айқаракөздер «көпәріп» деп оқымай қояр. Ары қарай сурет:


коллегалармен хан тағы жанында


Кенесары үңгіріне кетіп барамын. Күн ыстық, жол ұзақ…


… Басында: «Кенесары Қасымұлы мұрат-мақсатын өз мүддесінен асқақ қойып, сол үшін жанкештілікпен тәуекелге бас тіккен, сол үшін өмірін сарп еткен. Осы белгі ұлы хан бабамыз мекен еткен киелі жерге кейінгі ұрпаққа ұлағат болсын деген ниетпен қойылды» деп жазылған…


Үңгір аузы


кешке алаулаттық..


жағажай


Janasil -дың інісі Ерасыл (коллегамыз) екеуміз

Пляждағы қызметтес қыздардың да суреті бар, бірақ оны салмайм
Бөлісу:

117 пікір

Daniar-Alan
тәмәшә болд уопшым
alisha
Құрдас, бейнетің ел аралау болсын! Жанасылдың інісі өзінен айнымайды екен, мен Жанасыл деп ойлап қалдым
Daniar-Alan
қайдам мен дым ұқсатпадым
alisha
Жанасылды өмірде көргем жоқ, суреттен болмаса… Суреттегі кейіптері аумайды.
Daniar-Alan
келесі жылы Шымкенттегі құрылтайға барып реалда көруді рекомендеймін. тамаша жігіт
alisha
Тамаша жігіт екенін жазғандарынан-ақ түсінуге болады ғой
rauka
Бурабайға барганнан Ыстықкөлге барған арзанырақ па деп қалдым…
Marationok
Демек, мәселенің бәрі ақшада болып түр ғой? Шекерадағы қорлық та есептелмейді екен ә…
Daniar-Alan
отандық туризм туралы әңгіме ғой айпағыңыз… былай ғой… демалған кезде кімге қалай ыңғайлы, солай демалу керек. Мәселеңки, 1-аптаға 1,5 мың долларға Бурабай ма, әлде 800 долларға 2-аптаға Турция ма? Өзіңіз қайсысын таңдар едіңіз? Әрине арзан әрі теңіздің жағасы, әрі жер көресіз т.б. — Турцияны таңдайсыз. Есіңізде болсын туризмді дамытатын туристтер емес, мемлекет, үкімет. Егер арзан әрі сапалы, барлық жағынан қолайлы қылып жасаса өз жерімізде демалғанға не жетсін. Мен көөөөп жерлерді білем туризмге сұранып тұрған жерлерді. Бірақ ешкім бармайды. Неге? Оған жету үшін автомобиль емес, камазбен бару қажет. Жол жоқ. Жағасы құм жағажай емес, балдыр басып кеткен болса түскің де келмейді… уопшым түсіндіңдер…
Marationok
Тек отандық туризмде емес, логикаға келмейтін дүние. Әрине, әр адамның қалауы, бірақ та, Ыстықкөл деген боқпен және Алакөл деген боқтың айырмашылығын айта кетсиш? Өзіңнің боғын өзіңе жақын емес пе? Яғни, своя рубашка ближе к телу. Нақоя Ыстықкөл деген боққа барып? Өзіңнің қораңда Алакөл деген боқ болса?
Мәселеңки,
Сленгің енді пиздец екен, сөз жоқ
Daniar-Alan
Ыстықкөл деген боқпен және Алакөл деген боқтың айырмашылығын айта кетсиш?

Ыстықкөлде адам көп, арзан, бәрін табасың, қызық, кәдімгі курортты аймақ. ал, Алакөлді білмедім, бірақ Ыстықкөлдегідей чоңдық қыздар топырлап жүретініне сенімді емеспін
Marationok
Ал Түркияда да одан да қызық, ал Маями енді уәәбше жәннәт. Ал, Сингапурды айт, ал БАЭ, Дубай! Гавай аралдары, Гаити, Маврикий…
Daniar-Alan
әңгіме, ыңғайлылық және арзандықта бағырем, шатастырма.
Marationok
Ыстықкөлдегідей чоңдық қыздар топырлап жүретініне сенімді емеспін
Көтіңе приключение іздегің келсе, уәәәбше Индияға да баруға болад дейді. Бір уыс нан үшін, индиянкалар не істеймейді дейсің… енді пиздец, не дейміз.
Daniar-Alan
бля саған психологқа бару керек реально бар ғо, сен мля менің айтып жатқандарымды неге өзіңе айтылып жатқандай қабылдап жатсың? жеке басқа тиістірмей спокойно білдіре берсей пікіріңді…
Marationok
Жеке басқа айтылған жоқ, сені балағаттаған жоқпын, жалпы
Daniar-Alan
Сленгің енді пиздец екен
Көтіңе приключение іздегің келсе
енді пиздец, не дейміз
уопшым боқауыздарды сәл азайтсай, түр-түрін біз де білеміз деген әңгіме уопшым.
Marationok
саған психологқа бару керек реально
Дедуктивтік метод детектед
Daniar-Alan
түні бойы ойландың ба осыны айтуға?
Marationok
Дедуктивтік метод детектед-2
rauka
Marationok, сенің сөздеріңе түсінбедім! тілің түсініксіз, өзің біртүрлі екенсің…
Daniar-Alan
Сленгің енді пиздец екен
үйреніп алсай. салиқасыз әңгімелер айтқанда тамаша кетед
rauka
Демек біраз нәрсені көріпсің…
alisha
пендеяуи

мына сөзде есең кеткен-ау шамасы
bazuka
Жақында барамыз Бурабайға деп шешіп қойдық, жоспар өзгеріп кетпесе
Daniar-Alan
бар. тамаааашшшша жерлер. бойдақпысың?
bazuka
негізі тамаша жерлер бізде де бар, бірақ бәрі Бурабайды мақтай беред))) ия бойдақпын, достарыммен барам
ibnabbas
Бүл Шымкент қаласындағы 65-ші мектепте оқыған Даниярма? Тау Самалыда бірге болған танысым бар еді.
Daniar-Alan
 дәл өзі… сен кімсің?
aikarakoz
Уа, аса қадірменді Данияр жерлесім!
Мынауыңыз — көбәріп! Не керек сол мақтанып? Қажет адам өзі іздеп-ақ тауып алады интернеттен! Осыны да пост деп! Өййй…  
Дәл осылай айтқым келді деп ойлап қалғансыз. Қателестіңіз . Оқып шықтым. Өйткені, жақын арада Астанаға, Астанадан Бурабайға барып-қайтсам ба деген ниет бар еді.
Дәл осы сәтті пайдалана отырып, астаналық керекшілерге сәлем жолдаймын. Жол түсіп жатса, сіздердің мүбәрәк жүздеріңізді көріп, қуанып қалу бақытын бұйыртар ма екенсіздер?!
Сосын… Ұмытып барам.
Орманда от жаққызбайды.

Сонда анооу сүгіреттегі алауды «Шымкентше» шештіңіздер ме?
Daniar-Alan
Дәл осылай айтқым келді деп ойлап қалғансыз. Қателестіңіз .
қарындасқа айтылған әзіл деп түсініңіз  
Оқып шықтым. Өйткені, жақын арада Астанаға, Астанадан Бурабайға барып-қайтсам ба деген ниет бар еді.
Келіңіз. Жағдайға қарап… жолсерік болуға дайынбыз. қуана күтеміз.
Сонда анооу сүгіреттегі алауды «Шымкентше» шештіңіздер ме?
үйде ғой ол  түнде
Daniar-Alan
лібәәәәәәәәәәддддд сызылып қаппын да Ә?
aikarakoz
 Бурабайдан сыпайылықты үйреніп келгенсіз бе? Әлде…
Daniar-Alan
айттым ғо ішіп алып буянить ететіндер жоқ кен деп… Сыпайы деп… Біз де соларға қарап сыпайы алқаш болып жүрдік
sammita
Бурабайға демалуға астаналықтар барады көбіне. Сондықтан сыпайы мәдеиентті көпшілігі)))
Daniar-Alan
әлгі жерде астаналықтар ғана мәдениетті деген әңгіме ма сонда?? қателестіңіз. Ресейден адам көп, сонан соң Шымкенттен адам көп…
sammita
қателескем жоқ. Қай жерден адам көп баратынын өзім де білем.
sammita
Шымкенттен адам көп…
әрине олар үшін менің жұмақ мекенім таңсық қо
Daniar-Alan
ияяяя керремет жерлер екен. Бірақ Сіз в штыки қабылдамаңыз. Шымда курортты аймақтар көп. Біркөліктің өзі не тұрад
Daniar-Alan
тамаша жерлер ә?
Janasil
Астаналықпын деп барып жүргендердің көбі шымдықтар секілді.
sammita
соны айтып тұрмын ғой, жаз бойы астанадан барады деп. Ал астаналықтар деген ол міндетті түрде жергілікті халық емес.
Daniar-Alan
«Мені Шымкенттік деп есептеулеріңізді сұраймын» © Данияр-Алан.
Janasil
Данияр не сезіп отырсың мына пікірден? /өтініш, Aikarakoz жауап жазбасын/.
Daniar-Alan
лібәәәәәд Жанасыл түнімен ойландым… таппадым… о не?
Janasil
Уа, аса қадірменді Данияр жерлесім!
Тәкәппарлық.
Мынауыңыз — көбәріп! Не керек сол мақтанып? Қажет адам өзі іздеп-ақ тауып алады интернеттен!
Мынаның артында постты менен артық жаза алмайсың, мен пост жазудың майталманымын деген ой жатыр. /өзі сезбеуі мүмкін/
Өййй…
жазсаң мен секілді жаз деп айтқысы келіп тұр.

Астанаға келем дейт, шанс бар секілді ма қалай өзі, біреулерден бұрын қимылдасаң.
Daniar-Alan
Астанаға келем дейт, шанс бар секілді ма қалай өзі, біреулерден бұрын қимылдасаң.
Жанасыл кім-кім сенен мұндайды күтпедім… не деген ойың бұзық ед… мен үйленгем. өзің білесің… үйленбеген күннің өзінде кішкентай қыз ғой. шымкенттік қарындас тем более… уопшым ұнамады мына сөзің…
Janasil
Қайдан білейін, реалда көрмегесін бойдақ шығар десем.
Daniar-Alan
мақтаған қыз тойда осырад дид…
aikarakoz
Жанасыл, сіз менің сөзімді талқыға салмай жүріп-ақ, Данияр быратпен әзілдескенбіз. Тіпті сізден гөрі Дәкеңмен оффлайнда көбірек сөйлескем. Сондықтан өз ойыңыздағыны біреуге жаға салмаңыз. Маған реті келсе, тиісіп қалуға тырысып жүрсіз, байқаймын. Әкеңіздің өші кеткен сияқты менде. Даниярдың санасы сіз сияқты теріс ойлауға емес, әзілді әзіл деп қабылдауға жетеді деген ойдамын. Қақпас шалдар құсап, іріткі салмай отырыңыз!
Janasil
Меніңкін шындық деп кім айтты.
aikarakoz
Шыншыл едіңіз ғой…
Janasil
Әзіл деп түсін.
aikarakoz
Сәтсіз әзіл…
Астанаға келем дейт, шанс бар секілді ма қалай өзі, біреулерден бұрын қимылдасаң.
Сіз бұрын қимылдаңыз, шансты сізге берейін. Үйленгендерде неңіз бар?
Daniar-Alan
лібәәәәәәәәәәәәәәәдддддддддддддддд Жәке тындың
Janasil
Мені бойдақ деп кім айтты.
Daniar-Alan
а че Жанасыл сен үйленгенсің ба??! а не менімен таныстырмай жүрсің келіншегіңді??? қойй, әзілің шығар…
alisha
Құрдас, саған не болды?! Жанасылдың тойда түскен суреттеріне күллі Керекші көзайым боп, «Бақытты бол!» айтқанымызда арада болмап па ең?
Daniar-Alan
тиш… жаңа бір ұрыстырып, қайта татуластырдым… қаз қайта ұрыстырам
alisha
Бәсе, бүйтіп күнде көріскеніңе жол болсын деп отырғам
aikarakoz
Жанасылды бойдақ деп есептеп, Астанаға барғанда тыныш жатпайын деп жатырмын
Daniar-Alan
Жанасыл қыздардың өзі өстіп айтып отырғанда не тұрғыз, тьфу, тұр, не өл уопшым
Janasil
Қой нақ, Ораза кеп қалды.
Daniar-Alan
Айқаракөз оразаға дейін үлгерем дейді ғой…
Janasil
Кей кезде тормыз болған да жақсы.
aikarakoz
Астанаға оразадан кейін баратын болдым
Daniar-Alan
не ғо айпақЧ бойдақ Ерасыл бар ғой… інісі… өзінен аумайд
Janasil
Бұзып тынатын болдың сол баланы.
Daniar-Alan
 пибіні қойш күніге ішіп жүр… темекіні үйретем әлі
sammita
Данияр 2012 жылдың тумасы ғой сәби
Daniar-Alan
мәме берш апааа
aikarakoz
Мүмкін сіз туралы деректер жинап жүрген шығармын…
Daniar-Alan
не ғой қарындас қатты кеттің ғой… негізі Жанасыл да әзілдеп айтқан, мен де әзілдедім. Жанасылды 1-жылдан бері танимын. көрші тұрамыз. күніге жолығамыз. жақсы жігіт. өткееендегі екеуіңнің араңдағы әңгімеге әлі ренжіп жүрмісің?.. в штыки қабылдама вобшым…
aikarakoz
в штыки
Қандай сөз жаттап алғас?
Daniar-Alan
лібәәдд осы сөзді табу үшін гуглды қанша ақтарғанымды білмейсің ғой сен
Daniar-Alan
не деген пәк едік )))
kokbori
Дәке, жеңгей көрінбейді ғой, уақытың тамаша болғаны екі құлаққа ілінген езуіңнен көрініп тұр ғой
Daniar-Alan
осы айда бойдақпын мен
Musa
Коллегаларынмен тускен суреттеги сол жактагы кыз керемет.Бойдак па?
aikarakoz
Жақыннан қарағанда ойыңыз өзгеріп кетеді деп қорықпайсыз ба?
sammita
еһ, Бурабайым менің
satibaldi
Неге сенікі?
sammita
елімді сағынып отырмын.
satibaldi
Қурап қалғыр қу заман мұндай сөзді жекеменшік құқық мағынасында түсінуге итермелейтінін түсініп тұрсыз ғой.
sammita
рас-өтірігін қайдам, осындағы биші қайыңдарды да меншіктеп алған дей ме.
satibaldi
Анабіреуі тіптен Қара Жорғадағы қыздың позасында қатып қалыпты ғой
alisha
«Ақша жоқ, ақша жоқ!» деп алып
Daniar-Alan
Шымкенттіктер көп екен. Жанасылдың інісі Ерасыл жағажаймен кетіп бара жатыпты. Құм ыстық. 3-4 жігіт жалаңаяқ кетіп бара жатып «а шеше, а шеше» деп бара жатыр дид… Ерасыл беттеріне қарапты да «ооо шеше» депті анекдот обшым
Gastarbaiter
О шеше)))
rauka
«Шымкент шырайлы шаһар! Шымкенттіктер „Ш“ әрпін жаксы кореды емес пе?» Елбасының Шымкентке келгенде айтқан осындай сөзі бар еді…
sammita
Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы
болса, жұмыс орны көтермей ме қыдырып қайту құнын? Жалпы коллективпен қыдыруда солай болады ғой.
Daniar-Alan
премиальный берді 1-2 күн бұрын. сомен бардық
Gastarbaiter
Бурабай менің арманым. Өлмей тұрып баруға тиіс жерлер тізімінде.
Біздің үйде менен басқаның бәрі барып қайтты. Аман болсам, қызымды ертіп барармын.
sammita
ал мен Жаңақорғанға барғым келеді балшыққа.
Gastarbaiter
Жаңақорғанның балшығында Назғұл құрдас екеің күресетін болсаң, қызықтап қайтуға барар едім.))
Marco
Мынау бір өлмей тұрып көргуе міндетті нәрселердің бірі ғой, амиго!
Daniar-Alan
Еркектердің өлмей тұрып істеу керек нәрселері ©
94. Саммита мен Назгүлдің балшықта алысқанын көру
Marco
Даешь следующий блогкэмп в Жанакоргане!!!
Gastarbaiter
Ей, бір кем дүния-ай))) Жәнің кіріп қалды әжәптәуір))
Daniar-Alan
Жаңақорған деген қай жер?
qonyrbai
Қызылорда облысы. Шиелі мен Түркістанның ортасы.
Daniar-Alan
))) орындала жаздапты ғой Марконың арманы
boztorgai
барған-жүрген жерлерімде қамбаш көлімізді жарнамалап журем
qonyrbai
Жақында бірінші рет барғам Қамыстыбасқа. Өте ұнады. Әсіресе, шетте орналасқан жалғыз үй бар. Тігісхана деп аталады сол үй.
boztorgai
жалгыз-жарымдармен шаруам болмады. алайда көлдің ұнағаны ып-рас. биыл да құда қаласа аз-маз күн жоспарлап отырық
AL-ASTER
3 күнге бардық 7 бала болып. Алғашқы күні ыстық күн астында пәтер іздедік: 7 богатырға пәтерін сеніп бере қоятын адам табу қиын екен, бөлініп тұруға қымбат шығып тұр. Сосын қымбаттау болса да бір тәте келісті. (ол тәте үй бергеніне қатты өкінген болар)
Үйді ала салып төсек үшін күрес соғысы біткен соң пляжға тарттық. Ну енД алысып жұлысып шаршап қайттық.
Көшеде ГАИ Астаның нөмірі мен Ресейдің номерін топырлатып тоқтатып қанымызды ішіп кеудемізді басып жіберді (оған дейін көліктің крышасына загар алып жатып алатын амиголар арттарын қысып кабинаға отыратын болды)
Очм арт жақта тағы пляж бар деді, себебі полиция орталық жақта көп жүретін болған соң солай тарттық. Әрине басқа жақа барғанымыз үшін өкіндік: машинаның астынан түк қойған жоқ жолы сосын суы нашар болота сияқты бокетті, есесіне жолда ішегіміз жабысқанша күліп қайттық. Жазуға әрине ұят болады)))

Келесі күні ең пляждағы ең үлкен батутты бір сағатқа алып (алар алдында жалға беруші көптеген ескертулер, жасауға болмайды деген қағытпаларын айтқан, біз өзімізше аға көкелеп болды болды деп, ақыры батуттың иесі де өкінді, уақыт біткен соң адамдарын жіберіп алды ғой батутын) Ох қандай рахат сол батут. Барғандар көрген болар, дөңгелек үлкен соны ортасына апарып, қалаған адамды үстіне шығарып алып суға лақтырып үстіне сумодан ашық чемпионат өткізу херемет болды дегеннен басқа айтар жоқ.
Велосипед жалға алып орталықтан, «Улиткаға» дейін (шамамен 18 кері + 18 км) великпен басында қызығып айдап, соңына тігіліп түстік. Оның үстіне жолда машинадан қашам деп, бірі біріне соғылып тігілгендер де болып жатты.

Тауға шықтық, ең үлкеніне шығуға әліміз құрып кетті, есесіне Оқжетпеске қарама қарсы таудың басына шығып (өзің үшін емес, басқа үшін қорыққан жаман екен құлап кете ма деп таудың басында алысқанда), кейін оның артына шығып (ол биіктеу) басынан бар дауыспен айхайлағанда тау жаңғырад екен. Мен олай таудың басына шығып бар дауысыммен айқайлап алғаш көруім (айхайлап айхайлап тамағым ауырып қалд) шығу кезінде де құлап кете жаздағандар болд. Сосын түскенде таудың етегіне келіп аяқ аяққа тимей жүгіргенде жүгірудің көкесі сонда екен.

Ох, қызық өте көп болды. Очм Бурабайда қызығы мен жаманы қатар өткен демалс естен кетпес болды дегеннен басқа айтар жоқ.
Aigolek
Сенбеймиз. Суретпен далелде
ushkin
осы жаққа бір барып қайтқым кеп жүр
asaubota
былай машина болмаса баратын жер емес, есің танад жүріспен.
Daniar-Alan
ия солай болД өзі де
MamaAya
кім не десе, о десін, мықты! Мақтануға т.е. Қазақстанда осындай мықты бар жер екеніне, оған барғаныңа мақтануға стоит… Ештеменің қадірін білмейтін бір кезімде барғанбыз,,,, енді қадір түсінетін шаққа келгенде баламыз кішкене өссін деп жүргенде 2-ші бала келіп, сол өссінге үй бітірейік қосылып, бару жылдан жылға артқа қалдырылып келе жатыр… Мықты, барғым келет… Барсам ғой… Их, балаларын алып қалып, өзіме 10 күнге путевка берсе ғой… Өмірімде 1 рет ешкімнің аңдуынсыз, запретінсіз қыдырсам ғой… шіркін-ай!