Инновациялар жайлы мақаламды даярлау кезінде басымды да, бір әрпін өзгерткендегіні де қасытқан өнертабыстарға кезіктім.
Солар жайлы бір шоғыр, ендеше. Бонустық мақала. *Angel* *demon* 8-)
Ойын автоматтарын бұзуға арналған технология. 2007 жылы Қаскелеңдік бір топ жас ойын автоматтарынан 10-20 м қашықтықтан басқара отырып, бұзып, пайда табуға болатын құрылғы жасады. Нәтижесінде отырып шықты жігіттер.
Суицид детекторы. 2014 жылы, авторларының айтуынша, 90 пайыздық дәлдігі бар полиграф тектес құралды Ақтауда пайдаланып көрді. Сұрақ-жауап пен эмоцияға негізделген құрылғының кәдуілгі полиграфтардан ерешелігі аз сияқты. Ах, иә, әр данасы 100 мың ш.б. тұратыны болмаса.
Өмір элексирі. 2010 жылы Ассамблеяның бір жиынында Н.Ә. Назарбаев қалжыңдап, «2020-ға дейін қалсын десеңіз, жастық элексирін тауып берсеңдерші» деген еді. Тікойлы ағайлар мұны әмір деп түсінді ме екен, 2012 жылы «Нәр» деген биопрепарат ойлап табылды. Меніңше, жай ғана пайдалы йогурт.
Мәңгілік қозғалтқыш. 2004 жылы Женевадағы халықаралық патент бюросында осындай құрылғы тіркелді. 100 мың долларлық жоба бойынша энергия көзі ретінде ағынды емес суқоймалар алынады. Бірақ өз елінде Бақытжан Әлменовті құзіретті ұйымдар мен әріптестері қолдай қоймады. Оларды да түсінуге болады, негізі.
Автоматты түрде нөмір ауыстыру құрылғысы. Бейнеролигі желіде жүрген бұл құрылғы, әрине, кең таралған жоқ. Құрылғы авторлары да беймәлім күйде қалды.
Акупунктура арқылы емдеуге арналған құрылғы. 2013 жылы Қуандық Керімовтің ойлап тапқан жаңалығы кәдімгі ұялы телефонның негізінде жасалған. Құрылғыға арнайы бағдарлама орнатылып, денедегі нүктелерге автоматты түрде әсер етеді. Маманға бармай үнемдеудің жолы.
DEW (Directed-energy weapon) портативті лазерлі қару. Рифхат Кашфуллин 3-5 минуттай соқыр не саңырау қылып тастайтын лазерінің жалпы зиянсыздығын дәлелдей алған жоқ. Жоққа патент те жоқ.
Электр лампаларын ұрылардан сақтайтын сигнализация. Патрон бұрағанда ойнайды. Идея кәдімгідей екі милллион теңгенің грантын ұтып алды.Ендігі меже – әлбетте, ЭКСПО.
Иттерге арналған макарон. Бес адамның біріккен еңбегін тереңірек жазуға ниетім аз.
Мәңгілік қазақ күнтізбесі. 2011 жылы Сайдыбай Бекболатов жасап шығарды.
Ақсақал адамзат 2000 жыл бойы Григориан күнтізбесін қателесіп пайдаланып келеді деп есептейді. Яғни, әр жыл сайын қалып кететін (кейін кібісе жылға қосылып кететін) 6 сағат. Жылында — 12 емес, 13 ай. Жыл наурыздың нөлінен басталады, қараша мен желтоқсанның арасында жылан бар. Қолданысқа енуі тек техникалық шығындармен ғана, жалпы қызық идея.
Дүниенің құрылымы жайлы жаңа теория. Юрий Щербаков ұсынды. Оның негізінде атом моделі жатыр. Эйнштейн – арамтамақ, электродинамика – тұл, кванттық меахника – миф. Осы теория салсақ, адам баласы көрмеген ұшу аппаратын ұсына алам дейді.
2012 жылғы «Ақырзаман» кезіндегі ұжымдық медитация жайлы Михаил Казанцевтің ұсынысы. Ғалым дүние құруға бір күн қалғанда «Қазақстанда бәрі тынышы, жақсы» деп тілеуді ұсынды. Аман қалғанымыз кімнің арқасы?
Данияр Таниевтің БҰО-ның құпиясын ашуы. Мемлекетке хат жазып, Мәсімовтің блогын қолданып, Иескешов ресми жауап ұсынған идея. Соңы – беймәлім.
Сантай Жетесов, ҚР бірінші Президенті атындағы әскери-техникалық зертхана директорының еңбектері — «Нұротанк» танкін және оны да істен шығаруға қауқарлы калибрі 12,7 миллиметр, 20 граммдық оқ, пистолет-автомат гильзасыз оқтармен ататын зеңбірек – бәрі бір данадан.
Ғашық қылатын таблеткалар. Фармацевт Ержан Кушиков 2012 жылы сүйіспеншілік сезімін қоздырып, эйфорияға ұшырататын пилюлялар ойлап тапқан еді. Өзі дәмін көріп, жарына қайта ғашық болғанын мәлімдеді. Тышқандарға да сәтті тексерілді!
Сантай Жетесов, ҚР бірінші Президенті атындағы әскери-техникалық зертхана директорының еңбектері — «Нұротанк» танкін
Бірнеше жыл бұрын жаңалықтардан бір әкейді көрсеткен — танк ойлап тапқан, оны Нұротанк деп атағаны туралы, президентке осы танкісі туралы жеткізгісі келетіні жөнінде айтып еді.))
Бірнеше жыл бұрын жаңалықтардан бір әкейді көрсеткен — танк ойлап тапқан, оны Нұротанк деп атағаны туралы, президентке осы танкісі туралы жеткізгісі келетіні жөнінде айтып еді.))