Жас қаламгерлерді оқимыз ба?
Жас қаламгерлерді танимыз ба?
Бүгінгі күні жастарымыз біртіндеп кітап оқуға бет бұрып келе жатыр. Олардан кітап жайлы талғамын сұрап көрдіңіз бе? Əрине, əрқайсысы нені қалайтынын əрқалай айтқысы келеді. Бірақ та барлығына ортақ бір нəрсе ХХ ғасыр əдебиетін оқып тауыса алмай жатыр. Ол дегеніміз жақсы нəрсе, бірақ, арамыздан шығып жатқан жас дарындардың туындыларын біреу білсе, біреу біле бермейде. Ескеретін нəрсе — болашақта жарқ етіп кітапхана төрінде тұратын туындылардың авторы солар болмақ. Жəне сол деңгейге жету үшін олардың да оқырманы көп болу керек, түрлі сыншылардың критикалық көзқарасынан шыңдалып, одан əрі тəжірбие жинау керек. Оқырманы не тыңдарманы көп кез-келген өнер иесі таңғаларлық дүниелерді жасауға тырысары анық. Солардың бірі Оңтүстіктің жас қаламгері ақын, шығармаларға да ебі бар талант Ерболат Айнабеков. Ал сіз оның мына бір керемет əңгімесіне қандай баға берер едіңіз:
Алабай салған әлек
(әңгіме)
– Эй, фушт Оксана
Күчәңдаман чык сана…
– Құлқының үзілгір, тағы ішіп келдің бе? Сені арақтан ажырата алмай-ақ қойдым ғой. Арақта қай атаңның басы қалып еді? Қырқыңнан шығарғанша араққа шомылдырған шығар сені сірә?! Арақтың түбіне ешкім жетпеген, арақ түбіне жеткен талайдың. Осыны ойлайтын ес бар ма мына сенде?
Досболат ләм-мим деп тіл қатқан жоқ. Данагүл ашуын тырнадан алғандай есік алдында жатқан Алабайды теуіп кеп жіберді. Қыңсылаған күйі қораны айналды да, көзден ғайып болды. Қолындағы сүт толы шелегін қойып жатып, Данагүл:
– Есіңді жиған кезде мына сүтті пісіріп ішерсің. Мен төркініме барып келемін. Торғынды алып қашып кетіпті, – деді.
Торғын Данагүлдің ең кіші сіңлісі. ҰБТ-дан аз балл жинап қалып, армандаған мамандығы заңгерлікке оқуға түсе алмаған. Ата-анасы бар құжатын жинап алып, қаладағы жеке меншік колледждердің біріне өткізген де, өзін ауылдағы бір байдың үй қызметшісі болуға жіберген.
Сол Торғынды көрші ауылдың жігіттері алып қашып кетіпті-мыс. Алып қашқан байдың үйіне қымыз-қымыран таситын жігіт көрінеді. Келіп-кетіп жүргенде көзі түскен ғой. Данагүл үстіне шай көйлегін ілді де, сонда аттанды.
Досболат болса түк болмағандай пештің түбінде салулы тұрған төсекке сылқ құлады. Сол бойы ұйықтап кетіпті. Бір қараса түнгі клубқа мәнзелдес жын-ойнақтың ішінде жүр. Кілең жартылай жалаңаштанған жандар. Би алаңына асығуда бәрі. Жын құсап өз-өздерімен билеген қыздардың қарасы көп. Түрлері қазаққа саяды. Алайда, істеріне қарасаң қазақ қыздары деуге көңіліңді қимайсың. У-шу. Таныс дауыс та естіледі. Көзін бір ашқанында Данагүл өзіне төніп келе жатыр екен. (Қанша уақыт жатқаны есінде жоқ. Терезеден болмашы жарық түсіп тұр. Демек, таң енді атып келе жатыр) Түсіндегі шудың арасындағы таныс дауыс өзінің бәйбішесінің дауысы екен. Ұйқысын аша алмай, бір дауысын естісе, бір дауысын естімейді. Енді ғана ұққандай болды.
Данагүлдің жүзінде ашу бар. Қолында әйелдің іш-киімі
– Мынау не деп тұрмын саған, – деді Данагүл тұтыға сөйлеп.
– Төркініңе барып жаңасын сатып алдың ба? – деді Досболат кекетіп – Әлде Торғынның артынан барғаныңда жапқан киті болды ма?
– Сатып та алған жоқпын, кит те емес, садағаға тастап кетіпті. Сенің көңілдестеріңнің бірі. Есік алдынан тауып алдым.
Досболат Данагүлдің соңғы айтқандарына тіпті мән берген жоқ. Өзінің айтқан сөздеріне мәз. Тауып айтқан адамдай кейіп танытып тұр. Мәсісін киіп жатып, мырс етіп күлді де, орнынан тұрып кетті. Сыртқа шығып, шылымын тұтатып жатып ұзақ ойланды.
– Бүгін менің де, қатынымның да туылған күні емес. Алдау күні дейін десең, бүгін 29-қараша тұп-тура. Әзілдейтіндей айрықша күн көріп тұрған жоқпын. Бұл әйелді жын қақты ма? – деді де Досболат шылымын тастай салып ішке қайта енді.
Үйге енгенде киімдерін жинастырып жатқан Данагүлді көрді.
– Дәнөш, не боп қалды? Қайда жиналдың?
– Төркініме!
– Төркіні несі? Кеше барып келген жоқсың ба? Тағы не жағдай болып қалды?
– Не жағдай болғанын анау іш-киімнің иесінен сұрарсың – деді де, көзіндегі жасын да сүртпестен шығып кетті. Сол кеткеннен Данагүл оралмады. Досболат сопа басы сопиып жалғыз қалды. Сиыр жайғарда алдынан жүгіріп шығатын Алабай да көзге түсе қоймады. Ұялыс тапқан болар. Өйткені, есік алдына бөтен әйелдің іш-киімін әкеп тастаған сол Алабай болатын…

Пікір жоқ әзірше