Қызық!

Қызық! «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.
Қызық! Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.
Қызық! Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз.
Қызық! Футболда қосымша уақытқа келгенде көгілдір экранға кіріп кете жаздаймыз, ал рамазан айындағы қосымша құлшылықтарды көпсінеміз.
Қызық! Дұға жасап жатқанда сөзге сараң боп қаламыз да, ал біреу жайлы өсек айтқанда аузымызға тоқтау таба алмай қаламыз.
Қызық! Құраннан бір пара оқуды көп көреміз, алайда «Жұлдыздар отбасын» оқығанда 30 беттің аз уақытта аяқталып қалғанын байқамай қаламыз.
Қызық! Концерттік бағдарламаларға барғанда алдынғы қатарға отыруды қатты қалаймыз, бірақ мешітте соңғы қатарлардан орын алуға тырысамыз.
Қызық! Жұма намаздарына барғанда имамның аузынан естіген уағыздарымызды өзгелерге жеткізуді жөн деп білмейміз, бірақ ел аузында жүрген өсек-аяңды теріп әкеп, дастарқан басында шашып саламыз.
Қызық! Күнделікті сериалдардың басталуын сабырымыз таусылып тұрып күтеміз де, ал намаз уақыттарының өтіп бара жатқандығына алаңдамаймыз.
Қызық! Өмірдің өткінші екенін ойлап, өлгіміз келмейді, солай бола тұра жұмаққа кіруді армандаймыз.
Бөлісу:

5 пікір

Aya
Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.
жақсы айтылған
torgai
Орынды айтылған. Бір күніміз өтсе қуанамыз. Босқа өткен болса да шаруамыз жоқ. Айлық, зейнетақы жақындаса екен дейміз.
ruben
Қазақы көйлек киілген қызықтар екен
Adiletshu
Бір жерден оқығам
MickThatsMyNick
Қызық?! Жауаптың өзі де сол емес пе?!  
Біреудің қуанышына, біреудің өкінішіне орай, қазіргі таңда көп нәрселер жақсы/жаманға емес, қызық/қызық емеске бөлініп жатқан жоқ па?!