Кинодағы жынды моменттер

Менде бір керемет сюжет бар...: Кинодағы жынды моменттер
Ойлайм да, біздің ертегі қаһармандары батыстың комикс-мульттары және тарихи тұлғаларды араластырып, хентай жанрында қандай шығармалар туады екен?
Ең болмаса атауын келтіріп көрейін, ар жағын азғын қиялдарың білсін.

" Золушканы күлге аунатқан Ертөстік"
«Алдар көсе мен жеті гном шөпқорада»
"Қарлығаштың құйрығы неге айыр, немесе Чип пен Дейлдің асығыс көмегі"
«Мақта қыз бен Том, (спойлер: артынан Сиыр мен Джерри келеді)»
«Махаббат үштігі: Мальвина, Гитлер, Қаңбақ шал»
«Скрудж Мак Дак пен Жиренше шешен Екатерина патшайымның сарайында»
" Қожанасырдың есегі Айболитті айдап алды"
Әрі қарай

Ирямек Құрысын. Стархана

"… Мен сендерді жек көремін. Әрқайсысыңды.

Қымбат косметиканың, пластикалық операциялардың арқасында ілініп-салынып әрең тұрған беттеріңді жалаңаштар ма еді… Маскаларыңды дыр-дыр жыртып… Қулық-сұмдыққа, аярлыққа толы, ертең Құдай алдына барғанда шыжғырылып тұрып күйдірілетін шынайы жүздеріңді қазір-ақ елге көрсетер ме еді, а..?

Міне, Адамстар, жоқ, Топастар отбасы келе жатыр..."

— Ооо, Мики! Балақайларыңды құшақтап келіп қалыпсыңдар ғой!
— Ой, тыныш, тыныш, Том, біздің Агоның маған бөтен еркек сөйлесе қалай үріп, мазаны алатынын білесің ғой!
— Сәлем, Джорд, қал қалай? Астына түспейсің бе, презентация басталып қойды дейді.
— Ә, жоқ, Мики, мен осында тұра тұрайын.
— Қалауың білсін.
Әрі қарай

Джек Воробей, Алдар Көсе, Остап Бендер - трикстерлер

Трикстер (ағл. trickster — суайт, жылмаңдаған адам) — жақсы да болса жаман, жаман да болса жақсы адамдар, образдар, кейіпкерлер. Мысалы, Алдар Көсе, Джек Воробей, Остап Бендерлер 100% «положительный» адамдар емес.


Яғни олар Атымтай Жомарт, Уилл Тернер /«Кариб теңізінің пираттарындағы» басты идеал кейіпкер/ емес. Оларға тура қарама-қарсы деп те атауға болады. Алайда трикстерлер халықтың сүйіктілері болып келеді. Тіпті адал, батыр, моралі мықты кейіпкерлерден гөрі халық қу, ары алдында көп жауап бермейтін трикстерлердің фанаты болады. «Кариб теңізінің пираттары» фильмінің продюсерлері Джектің көрермен сүйіктісіне айналғанына қатты таңғалған. Яғни трикстер басты кейіпкерді ығыстырды деген сөз. Дәл солай Остап Бендер бүкіл кеңес халқының сүйіктісі.
Трикстерге «Мастер мен Маргаритадағы» сатана Воландты, «Маска» фильміндегі Джим Керридің кейіпкерін, «Бэтмендегі» Джокерді,«Желмен әкеткендердегі» Ретт Батлерді, Дәрігер Хаусты және т.б. жатқызуға болады.
Трикстерлер көбіне нағыз эгоисттар, қу /кейде аңқау, топас та болуы мүмкін, Иван-дурак сияқты/, өте ақылды, ерекше шармы мен харизмасы болады, олар адамға тән махаббат, достық деген сезімдерден тыс немесе тыс болуға тырысады. Алайда олар жасырын романтиктер, сезімдері жүректерінің ең ең ең түкпірінде, тіпті байқалмайды, олар «жалған адамгершіліктен» ада, өз-өздерін алдамайды, «остаются самим собой».
Керекинфодағы трикстер образы Сатыбалдыдан көрініс табады.
Негізі кинодағы трикстерлердің образы мифология мен діндегі трикстерлер архетипінен шыққан. Википедияны осы тақырыпта ақтарсаңыз, әр елдің аңыздары мен халық ауыз әдебиеттерінде трикстерлер болғанын байқайсыз.
Ал әдебиеттегі трикстерлер ол бөлек әңгіме. Әзірше Ретт Батлерден басқа ешкім есіме түспей отыр. Бейімбет Майлиннің кейбір әңгімелеріндегі кейіпкерлерді алуға болатын шығар.
Әрі қарай

"Аспан балалары" - адамға арналған ода

1997 жылы Оскардың «Ең үздік шетел фильмі» номинациясын ирандық режиссердің «Аспан балалары» атты туындысы жеңіп алады. Фильм бірнеше отандық телеарналарымыздан көрсетілді.
Фильмнің басы: Үшінші сыныптағы Әли қарындасы Зухраның туфлиін жөндеуден алып, үйге қайтар жолында аяқ астынан жоғалтып алады. Енді не істеу керек? Қарындасы мектепке бара алмайды ғой. Анасының ауруынан әкесінің ғана тапқан-таянғанына зорға күн көріп отырған отбасы жаңа аяқ киім ала алмайды. Әли Зухрамен келісімге отырады, екеуі оның кедиін кезек-кезек киетін болады: Зухраның сабағы — таңертең, Әлидікі одан соң басталады. Алайда мұндай жағдайда мектепке уақытында жету үшін желаяқтай жүгіруің қажет…
Фильмнің басты ойы балалардың періштедей тазалығы, кедей адамдардың адалдығы, қиын сәттерде де Адам болып қала білуі.
Табиғи ойналған, таза да тұңғиық осы туындыны балаларыңызға, немерелеріңізге көрсетсеңіздер, нәтижесін, балаға тигізген әсерін келесі күннен-ақ байқауға болатынына уәде бере аламын.
Кішкене суреттер ұсынайын:
Мынау нағыз Адам — Әли:

Әли қарындасы Зухрамен:

Тағы да Әли мен Зухра:

Фильмнің постері:

Зухра Әлидің кедиін киіп, мектепте жан-жағындағылардан ұялып, аяғын тығып тұрады:
Әрі қарай

"Мұсылмандардың адалдығы" фильмі


Күллі мұсылман қауымының наразылығын тудырған мына бір фильм АҚШ-та түсірілген. Режиссері — Сэм Бейсиль. (Израильда туған) Қазір осы фильм мұсылман мемлекеттерінің өз елдеріндегі АҚШ елшілігіне шабуыл жасауына себеп болуда. Оны мына жерден көре аласыздар.

ал мынау фильмнен үзінді www.youtube.com/watch?v=qmodVun16Q4&feature=player_embedded

Мұхаммед (с.ғ.с.) бейнесін сомдаған актерлердің тірі жүргені жоқ, себебі дінде пайғамдарымыздың бейнесін сомдауға тыйым салынған.
Әрі қарай

Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп



Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак


Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.

— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.

Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.
Әрі қарай

Қай кинодан?

Мына үзінділер қай кинодан екенін тауып көрсек. Көпшілік көрді-ау деген кинолардан салған болдым өзімше.
Екі кинодан екі-екі суреттен қойдым. Екі фильмді де жазбай тапқан адам сыйлыққа ие болады. Яғни, әр тапқан киносы үшін100 бірлікке ие болады. Ол үшін киноның атын, басты кейіпкерлердің атын, қиын болмаса режиссерін қосса да болады.Кейінгісі шарт емес әрине. Сонымен, жеңімпаз өзінің жеңгеніне толық көзі жеткен кезде далаға шығып, жақын жердегі төлемдерді қабылдау орнына барып, өзіне әр дәл тапқан киносы үшін жүз бірліктен салуына құқылы.
Әрі қарай

Сұрақ менен, жауап Сізден

Бұл жазбаны оқып отырған адамға өтінішім бар. Егер қиындық тудырмаса, есіңізде қалып қойған ең ерекше
1.бір кітап
2.бір фильм
3.бір ән
4.бір қала (Қазақстандағы)
5.бір қанатты сөз ЖӘНЕ
6.өз қалауыңыз бойынша бір нәрсе ұсыныңызшы. (Өз қалауым екен деп орынсыз сөз айтуға (жазуға) болмайды. )) Өмірлік тәжірибеңізден бір кеңес немесе басқа да пайдалы іс – әрекет болса нұр үстіне нұр болар еді). Алдын ала рахмет!
Әрі қарай

Сәлем бердік, "Аватар", кешіріңіз - "Джон Картер"


Қазақстандағы премьерасы 2012 жылдың 8-наурызына жоспарланған "Джон Картер" фэнтези туындысы мол әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұның бәрін жақсы әсерге жатқызуға келмес. Толығырақ, тоқталайын.
Әрі қарай

«Fetih 1453» кімде бар?

Түріктер интернетте шуылдап жатыр. «Fetih 1453» фильмі рекордтарды бұзды» деседі. Әлгі Сұлтан Мехмед ІІ-нің, өздері айтатындай Фатих Султан Мехмедтің Ыстамбулды басып алған сәтін түсірген фильм көрінеді. Ресми көрсету басталған алғашқы төрт күнде бұл фильмді 1 млн 400 мың адам қарапты.Тек өткен сенбі-жексенбі күні бұл фильмді Еуропаның өзінде 255 мың кісі тамашалаған екен.
Фильмнің 450 дана көшірмесі 850 кинотеатрда өткен бейсенбіден бастап көрсетілуде. Басты рөлдерде Деврим Евин, Ибрахим Челиккол, Дилек Сербест және Реджеп Актуг ойнаған фильм 17 миллион долларға түсіріліпті. Үш жылда түсіріліп біткен фильм түріктер жасаған ең қымбат бюджеті бар өнім екен. Түріктер осы фильмнің сериалдық нұсқасын да жасамақ көрінеді. Ал, мен болсам «осы фильмді кім тауып бере алады?» деп сауын айтып, «бар болса беріңдерші» деп қиылеееп сұрап отырған жайым бар.
ПЫ.СЫ: Біз «Көшпенділерді» 35 миллион долларға түсіріп едік. Қанша пайда тапқанын һәм қанша адам тамашалағанын білетіндер болса КЕРЕКке жаза отырсын.

Фото www.worldbulletin.net-тен алынды
Әрі қарай

Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Әрі қарай

Мен пенде емеспін... Мен Кантонамын!

  • UNITED
Эрик Кантона – бұл есім Манчестер Юнайтед клубының барлық жанкүйеріне таныс болуы керек. YouTube-ке рахмет! «Кунг-фу соққы», алты ай дискфалификациядан кейінгі оралу, үнемі көтерулі тұратын жаға… бәрін-бәрін тамашалауға мүмкіндік бар. Кантонаның Олд Траффордтан кеткеніне 15 жыл толса да, оның харизмасы ешқайда жоғалмағандай.
Әрі қарай

Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды.
Әрі қарай

Қазақтың осы замаңғы шығып жатырған қазақфильмдері

Қазіргі уақытта шығып жатырған, сатылымда көп сатылған фильмдер тізімін білсеңіздер жаза кетсеңіздер…
Мысалы өткен жылы қазақ ужастигі бірінші рет шықты. Любовь зло деп аталады. Интернетте әлі тарамай жатыр.
Меломенде 2011 жылғы көрсеткіш бойынша Ликвидатор фильмі ең көп сатылған фильмдер тізіміне кіреді екен…
Жақында шыққан Алып қашу операциясы…
Ғашық жүрек 2
т.б
Өз ойларыңызды жазыңыздар)
Әрі қарай

Қазақстандықтарды ғаламтордан кино және де ән жазғандары үшін айыппұл салмақ...

Орысшасын жаза кетейін…
Казахстанцев начнут штрафовать за скачивание фильмов и музыки

Казахстанцев с 31 января начнут штрафовать за скачивание песен и фильмов из Интернета, сообщает корреспондент Tengrinews.kz. Нарушители даже лишатся компьютеров.

Поправки внесены в Закон «Об авторском праве и смежных правах», Уголовный кодекс и Кодекс об административных нарушениях. Изменения вступят в силу 31 января.

По мнению исполняющего обязанности президента ОЮЛ «Интернет Ассоциация Казахстана» Шавката Сабирова, внесенные поправки положительно отразятся на рынке. «По крайней мере, теперь не будет наглого и явного воровства контента. Все те, кто создает контент, пишет статьи, фотографирует, снимает фильмы и пишет песни, то есть творческие люди, могут рассчитывать на поддержку закона нашей страны», — говорит он. Сабиров считает, что списки торрентов республики постепенно создаются, уполномоченные органы ведут за ними контроль. Однако, говорит он, «работы прибавится и понадобится подготовка специалистов к работе с виртуальными нарушителями».

В свою очередь, председатель авторского общества «Абырой» Темирлан Тулегенов сомневается в эффективности поправок. Он считает, что выявлением нарушений и их фиксированием пока заняться некому… «Если финпол займется уголовной составляющей, то Минюст — административными нарушениями. Но в то же время, кто будет фиксировать нарушения, непонятно. Так что закон пока без ног (..) Будем еще обсуждать. Возможно, Интернет Ассоциация возьмет на себя фиксирование нарушений или этим займутся общественные организации. Для полноценного исполнения поправок нужно много времени», — резюмировал Тулегенов.

Свое мнение также выразил менеджер одного из крупных видеопорталов Казнета www.kiwi.kz Данил Иванов. «Интернет на сегодняшний день — это огромная база знаний. И если забрать у человека возможность видеть, слушать и изучать, то он остановится в развитии. Так же можно сказать и про Казнет, если убрать нелегальный контент и не дать ничего взамен — развитие остановится. Я считаю, что еще немного рано „рубить все на корню“.

Отметим, что вначале нарушителя будут предупреждать, а потом штрафовать. Ранее говорилось о методе „трех щелчков“, предложенном Интернет Ассоциацией Казахстана. Так, за нарушение предусмотрен штраф до ста пятидесяти месячных расчетных показателей с конфискацией экземпляров объектов авторского права и (или) смежных прав, то есть компьютера и модема.

Өзімнің ойым: Ондай болатын болса, провайдер банкротқа ұшырамақ қой)))

Роза Есенкулова
Тақырыпқа сілтеме yk.kz/news/show/12851
Әрі қарай