Ирямек Құрысын. Стархана

"… Мен сендерді жек көремін. Әрқайсысыңды.

Қымбат косметиканың, пластикалық операциялардың арқасында ілініп-салынып әрең тұрған беттеріңді жалаңаштар ма еді… Маскаларыңды дыр-дыр жыртып… Қулық-сұмдыққа, аярлыққа толы, ертең Құдай алдына барғанда шыжғырылып тұрып күйдірілетін шынайы жүздеріңді қазір-ақ елге көрсетер ме еді, а..?

Міне, Адамстар, жоқ, Топастар отбасы келе жатыр..."

— Ооо, Мики! Балақайларыңды құшақтап келіп қалыпсыңдар ғой!
— Ой, тыныш, тыныш, Том, біздің Агоның маған бөтен еркек сөйлесе қалай үріп, мазаны алатынын білесің ғой!
— Сәлем, Джорд, қал қалай? Астына түспейсің бе, презентация басталып қойды дейді.
— Ә, жоқ, Мики, мен осында тұра тұрайын.
— Қалауың білсін.

«Зоофил неме… Чихуахуаларыңмен қосып сендерді…

Шіркін-ай деймін де… Дәл осы балконда тұрғанда минутына 500 оқ шығара алатын Гочкисс болсашы…

ТА-ДА-ДА-ДА-ДА-ДА-ДА-ДА-ДА!!!

Болды…

Қанға бөгіп жатар едіңдер. Ешкім сендердің әзәзіл күлкілеріңді көрмес еді. Жер де арқасына қадалған әлдебір паразиттен құтылғандай болып, жеңілдеп қалар-ау.

Сукалар.

Пфффф… Бай қатын, бағлан қатын, арамза қатын келе жатыр. Продюсер шалыңа шоферінің сені қалай-қалай езгілейтін көрсетсе ғой, ә!? Сол жерде мұрагер емес, Тынық мұхитта көгеріп, балыққа жем болып, батып кете барар едің. Жәләп...»

— Қайырлы кеш, Джулия ханым! Сіздің ажарыңыз туралы осы уақытқа дейін айтқан мақтауларымды қайтып алдым — бүгін сіз асқан ғажапсыз!
— Ахаха, Джорд! Байқаңыз, мен бір күні сынып қалуым мүмкін!

«Тура мағынасында қуана-қуана сындырып тастар едім сені...»

— Ох, әттең, әттең, Ларкинс мырза алдымды орап кетті, әйтпесе сіз секілді періштеден бас тартып мені жын ұрып па!
— Аланның менің айналдырып алғаны да сол емес пе, ол әрдайым бірінші!

«Атаңның басы бірінші. Жай… былай… көптің бірі… Дамбал бажаларын өзіне санамалап берер ме еді кәрі қақпастың.»

— Мені жаулап алу мүмкін емес деп айтуға болады. Бірақ, мұның тек айтуға болатынын ғана ескеріңіз, Бенсон мырза…

«Фу. ФУ-ФУ-ФУ!!! Арақ сасыған аузын әкеліп құлағыма тыққан несі мына иттің! Әрине, байың былай қарай қисайған соң, сен Голливудта тасы өрге домалап тұрған мені қаламай, кімді қалайсың! Сұрқия. Екіжүзді сұрқия. Жүзіқара...»

* * *

Даңғырлаған қоңырау дауысынан оянған «Amateur Imagine» студиясының продюсері Джордж Бенсон көзін аша алмай, есеңгіреп тұтқаны көтерді. Ар жақтан «Джордж, Сюзи ғой, бүгін түсірілімге қандай реквизиттер керек еді, фаллоимитаторлардың қай түрін ала келейін» деп гүрілдей сөйлеген көмекші қатынның дауысы естілді.

Алыстағы Биг-Спрингтен арман қуып Періштелер қаласына келген Джордж әлгінде ғана көрген түсінің әсерінен шыға алмай, фургонының төбесіне қарап, тамсанып, біраз жатты…

Бөлісу:

7 пікір

Marco
Ей, бір кем дүние ай
Aya
иә, атыпцаса ғой бәрін! бір-ақ анау сияқт соңыра ұйқыңнан оянып, тамсанып отырғаның.
zholantai
фаллоимитаторлардың қай түрін ала келейін
, күл-паршасы шыққан екен ғой
satibaldi
Қарпорно Пикчез хузметкерлерінің болжалды бейнесі керемет, рухани бітірвалдым нақ.
Соңғы түзету: