"Аспан балалары" - адамға арналған ода

1997 жылы Оскардың «Ең үздік шетел фильмі» номинациясын ирандық режиссердің «Аспан балалары» атты туындысы жеңіп алады. Фильм бірнеше отандық телеарналарымыздан көрсетілді.
Фильмнің басы: Үшінші сыныптағы Әли қарындасы Зухраның туфлиін жөндеуден алып, үйге қайтар жолында аяқ астынан жоғалтып алады. Енді не істеу керек? Қарындасы мектепке бара алмайды ғой. Анасының ауруынан әкесінің ғана тапқан-таянғанына зорға күн көріп отырған отбасы жаңа аяқ киім ала алмайды. Әли Зухрамен келісімге отырады, екеуі оның кедиін кезек-кезек киетін болады: Зухраның сабағы — таңертең, Әлидікі одан соң басталады. Алайда мұндай жағдайда мектепке уақытында жету үшін желаяқтай жүгіруің қажет…
Фильмнің басты ойы балалардың періштедей тазалығы, кедей адамдардың адалдығы, қиын сәттерде де Адам болып қала білуі.
Табиғи ойналған, таза да тұңғиық осы туындыны балаларыңызға, немерелеріңізге көрсетсеңіздер, нәтижесін, балаға тигізген әсерін келесі күннен-ақ байқауға болатынына уәде бере аламын.
Кішкене суреттер ұсынайын:
Мынау нағыз Адам — Әли:

Әли қарындасы Зухрамен:

Тағы да Әли мен Зухра:

Фильмнің постері:

Зухра Әлидің кедиін киіп, мектепте жан-жағындағылардан ұялып, аяғын тығып тұрады:
Бөлісу:

18 пікір

neoaskar
Осы киноны көріп бір жылап алдық, тамаша түсірілген. қазақшасын көрдік ұлттық арнадан. инетте тек орысшасы бар. Тамаша, рекомендеймін.
Nodar
кушти кушти кино ия?! Осыган уксас фильмдерге /балалар туралы емес, Адам туралы/ «Мимино»-ны жаткызуга болады.
asaubota
сілтемесі болса лақтырыңдар
007
менде көріп едім бастауышта оқып жүрген кезімде хабардан қазақшасын
F0x_kz
Менде көргенмін, кейін кино соңында ма, бала бір жарысқа қатысып бірінші орын алады ғой. Бірінші орын алған соң «маған аяқ киім керек» деп шаршап, сандырақтап жатқан кезі есіме түсіп кетті.
Adiletshu
Мен де көргенмін, күшті кино. «Развод Надера и Симин» да жақсы кино
zholantai
«Надер мен Симиннің ажырасуы» салыстырмалы түрде алғанда дұрыс фильм, бірдеңе жетіспейтіндей болып тұрады сол киноны көргенде. Музыкасы ма, әлде оқиғалардың қабысуы ма, бірнәрсесі келіспейді. Не керек, А.Фархадиге Оскарды да алып берді.
Nodar
ия. «Развод Надера и Симинді» жақында көргем. Тап-таза шынщыл кино. Сен сол туралы жазшеш
Adiletshu
Сен сияқты жазу қайда
zholantai
Надер мен Симин туралы мұнда аз-маз түртіп өткен Зерделі кино және қым-қиғаш қарапайымдылық
NKhamitkyzy
Меніңде есімде. Суреттерге қарап киноның сюжеттері көз алдыма келіп жылағым келіп кетті Ертең сіңіліме көрсетпесем)
Zilola
Негізі кино көп қарамаймын, бірақ осы киноны 2ші курс оқып жүргенімде группаласым жақсылап айтып берген соң бір күні теледидардан случайно көріп қалып, группаласым айтқан фильм екенін бірден түсіндім. Көрдім, жыладым, ұнады. Көрмегендерге рекомендеймін.
ken
соңында жүгіруден жарысқа қатысады. бірінші орынға компьютер (әлде магнитофон), екінші орынға аяқкиім. бұл екінші орын аламын деп жүріп, финишке бірінші болып келіп қалады.
Nodar
«заречная көшесіндегі көктемді» де қарап көріңдерші
Musa
кай сайттан тегин жуктеуге болады? силтемеси бар ма?
Nodar
filmin.ru/4303-deti-nebes.html Мына сілтеме онлайн қарауға. Жұктеу жағын білмеймін ал, ешқашан кино жүктеп көрмегесін.