Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Базар жоқ, маған ұнады.
Фильмде комсомолдардың орнына келген «пепси» буынымен қоса, кеңестік түсініктерге, ескі ұлттық идеяға, адами құндылықтарға да «пиздец» («Пиздец» — фильмде мистикалық иттің аты) келетіні жайлы жақсы баяндалады.
Сюрреалистік сюжет, үйлеспейтінді үйлестіретін Пелевиннің романымен қойылған жартылай фантастикалық, жартылай реалисттік, тіпті сатиралық мазмұны бар.
Бұл туынды бәріңе ұнамауы мүмкін.
Өз басым үшінші рет көрем бүгін. Абайлаңыз, бейнорматив лексика кітабындағыдай мұнда да еш өзгертілмей еркін қолданылған.
Трейлері міне.
Бөлісу:

10 пікір

Gastarbaiter
Cуретті мына жірден тігіп кеттім: Kinoman.ru
Gastarbaiter
Олар kinopoisk.ru -дан өз кезегінде.
Abilakim
Бір-бірін тіккен өмір-ай.Өмір дегеннің өзі тауық қора секілді ғой.Өзіңнен жоғарыны шоқығың келіп, төменгіге тышқың келіп отыратын
KILYZAMAN
Жиль де ла Туретт синдромы бұл…
Gastarbaiter
Қателесесің, егер кепкен санаң тек боқауызды ғана көріп, боғауызды ғана естігісі келсе, әлбетте солай болады.
e_zhalgas
қызықтырдың! әдетімнен кішкене жаңылып, орыстардың мына киносын қарап көру керек екен
Gastarbaiter
Сюжет оригиналдығына күмәнің болмасын. Сәл ғана Фредерик Бегбедердің романымен қойылған «99 франк»-пен параллельдері бар, бірақ ол да өз басына бір жынды кино.
asaubota
Ютубтағысында дауысы кешігеді екен. былай дұрыс сілтеме таба алмадым түсіріп алуға. торрент жоқ менде.

істеп тұрған сілтеме болса лақтырыңдаршы.
Gastarbaiter
Үзінді(бермегейіп тоқсаныншылар, комоктың қасы:
-Дайте пачку презервативов, только это, чтобы нормальные были!
— Без проблем, «Дюрекс! Все лучшее на х*й!