Сұрақ менен, жауап Сізден

Бұл жазбаны оқып отырған адамға өтінішім бар. Егер қиындық тудырмаса, есіңізде қалып қойған ең ерекше
1.бір кітап
2.бір фильм
3.бір ән
4.бір қала (Қазақстандағы)
5.бір қанатты сөз ЖӘНЕ
6.өз қалауыңыз бойынша бір нәрсе ұсыныңызшы. (Өз қалауым екен деп орынсыз сөз айтуға (жазуға) болмайды. )) Өмірлік тәжірибеңізден бір кеңес немесе басқа да пайдалы іс – әрекет болса нұр үстіне нұр болар еді). Алдын ала рахмет!
Бөлісу:

224 пікір

satibaldi
1. Педро Пидеро Санчес, «Кедейлер де құтырады».
2. «Форест Гамп».
3. Үкілі Ыбырай, «Гәкку».
4. Баграм.
5. «Адамзат табиғатты арттан айдап ала алмайтынына қынжылады». ©Гомер.
6. Ескі обидаларды ұмытып, жаңадан ренжіссек?
ademi_alem
 Соңғы жауабыңыз… ))))))) ой, ішім-ааай. Ренжіскім келмейді сізбен (бірақ сізге бәрібір ғой))) ).
satibaldi
Мен де. Бір жазба жазып, оны зымырандық кешендермен қорғамай, дұрыс қабылдайтыныңыз ұнап жүр.
ademi_alem
«1. Педро Пидеро Санчес, «Кедейлер де құтырады»». Мына жауапты дұрыс түсінбедім.
satibaldi
Кітап сұраған жоқсың ба, оқыған?
ademi_alem
Иә. Тағы бір өтініш… Не үшін басқа емес, осы кітапты, осы фильмді т.б. ұсынғандарыңызға қысқаша түсініктеме бере кетсеңіздер… Мен және бірінші жауабыңызға қатысты ақпарат алу үшін «жедел жәрдемім» ғаламторға жүгініп едім, тұшымды жауап ала алмадым. ((
satibaldi
Интернет бас орнына бас боп кетпесін нақ. Бір күні Интернетте жоқсың деп пенсия бермейтін түрлерің бар.
Ал неге тап осы дүниелер екенін қайта жазам, амал жоқ.
ademi_alem
Иә, қайта жазыңызшы. Интернет бас орнына бас бола алмайды екен. Не үшін ұсынғаныңызды өзіңізден артық ешкім түсіндіріп бере алмайтын сияқты ғой.
Marationok
Әдемі, сізге мына сауалнама не үшін қажет? Не зат ол?
ademi_alem
Өзім үшін қажет. Уақыт тауып, ұсынған кітапты оқып, әнді, тыңдап, фильмдерді көріп, ой салар қанатты сөздерден сабақ алып, жылына бір рет аталған қалалардың біріне барып (Алла ғұмыр берсе), қысқасын айтқанда керек болған соң қажет қой. ))) Және бұл жауаптарды оқыған адамдарға да керек болып қалар бірде болмаса бірде. )
Marationok
Пайдасын көрмей тұрмын, әлде бір жаңа щабытқа әкелетін нәрселер ме?
Мысалға мен жауаптарды оқыдым, дым қажеті жоқ мен үшін.
ademi_alem
Marationok аға, соңына дейін күтіңіз. Абай атамыз айтпақшы «керегін алып, керек емесін алмассыз».
Marationok
Негізі, Marationok деген лақап ат, ағамен бірге жағымсыз оқылады екен.
ademi_alem
Соны айтам, жағымсыз оқылады екен шынымен қайта оқысам. Кешіріңіз. Лақап атыңызды жағымды атқа өзгертіңізші онда немесе шынайы есіміңізді айтыңыз.
Marationok
Лақап атым есімімнен шығады
salta
2. «Форест Гамп».
punk
«Форест Гамп» ты көру, не көрмеу жайлы ойланып жүр едім. шешім шықты, көремін
ademi_alem
Алақай, көріңізші. Өкінбейсіз!
punk
оуу, бұл дегенің ақ қардай қуаныш па?
ademi_alem
Ия, шынайы қуаныш))) Уақыт бөліп көрсеңіз, тіптен қуанам. ))))
Karakyz
1.Николай Рыбаков "Қола құс"
2.«Finding Neverland»
3. «Гауһартас»
4.Шымкент
5.Что нас не убивает, то делает нас сильнее
6…
satibaldi
4.Шымкент
Шын айтам: Онтарио демесеңіз де, ең болмаса Аддис Абеба дер дер ойлап едім.
ademi_alem
Ой, қандай әдемі қанатты сөз! Жігерлендіре түседі екен адамды. Айып етпесеңіз, авторын қоса жазсаңыз… Жиі мазалағаным үшін кешірім сұраймын!
Karakyz
Авторын білмеймін, оқасы жоқ
Marationok
Ницшенің сөздері
Karakyz
1.Николай Рыбаков "Қола құс". Бала кездегі сүйікті кітаптарымның бірі, киносы да бар. Оригиналы орыс тілінде, менің оқығаным қазақша аудармасы. Балалар әдебиетіне жатады. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы пионерлер, олардың басынан қызық оқиғалары туралы. Аса бір тәрбиелік, бағыт ұсынар ерекшілігі бар демеймін, жай қызық сюжеті үшін ұнады.
2.«Finding Neverland». Сүйікті Джонни Депп, Кейт Уинслет және Фредди Хаймор ойнайтын фильм Питер Пен туралы ертегінің авторы туралы. Коммент жоқ, көру керек. Оригинал тілінде қарасаңыз, тіпті жақсы.
3. «Гауһартас». Мына жерден тыңдай аласыз.
4.Шымкент. Көп қалада болдым деп айта алмаймын. Бірақ өткен күзде болғанымда Шымкентті ұнаттым. Бірінші, ауа райы жылы. Екінші, адамдары да сондай. Үшінші, көше бойлап келе жатқанда, екі аттаған сайын дәмхана, мейрамхана, қыдырған адамдар. Бұл қалада адмадары тек думандатып жүретіндей көрінді) Общым, көңіл күйі біздің суық Астанадан өзгеше.
5.Что нас не убивает, то делает нас сильнее. Бұған өзіңіз төменде жауап бердіңіз)
meirzhan
«Finding Neverland»
Бұл киноны атын сіздің фейсбук парақшаңыздан оқып, интернеттен киносын тауып, көрдім. Өте ұнады.
satibaldi
Ойбай, мынау ленинніңелубестомдығы келд, мұны да тыңдап көрелік.
ademi_alem
Мейіржан, сіз де кеңес беріңізші.
meirzhan
Менің кеңестерім сіздерге керегі жоқ шығар.
Маркс, Лениннің еңбектері жарамсыз боп бомж-кітаптарға айналған ғой.
Менікі қайбір оңған кеңестер. Одан да Сатыбалды тағы жазсын кеңестерді. Тек құлақ аса алатындай кеңес жазса екен. Испанәдебиетінсс
satibaldi
Маркс, Лениннің еңбектері жарамсыз боп
Қайдам, қайдам, сіңлім, қайдам.
meirzhan
Жарайд, «Капиталды» қайта "қажеттілер" тізіміне кіргіздік. Әпшем риза болсын.
ademi_alem
Кеңесіңіз керек болғасын өтініп отырған шығармын, иә? )) Қай ғасырда да құндылығын жоғалтпайды-ау деген кітапты ұсынып көрсеңізші.
satibaldi
Сүйтіп майысып болад енді бар ғой.
satibaldi
Ақылды көріну үшін айтатын кітапты таңдау қиын негізі.
meirzhan
Кітапты ұсыну үшін алдымен оны оқу керек. Көп оқымағасын, біреуін «міне, осы» деп ұсыну да қиын.
satibaldi
Түсіндім. Самсунг тоңазытқышының мануалы десейш очм ең әрі барып оқығандағың.
meirzhan
Тоңазытқыш деп асыра сілтеп жіберіпсіз, Самсунг қол телефоны инструкциясы!
ademi_alem
)))) «Ақылды көріну үшін айтатын кітапты таңдау қиын негізі». Сол үшін алдымен ниетті түзеп алу керек "қандай кітапты ұсынсам ақылды көрінем" деп емес, "қандай рухани азық болатын, сабақ алатын кітап ұсынсам екееен??? " деп. ))
satibaldi
Кеңесіңді күтіп отырмыз, британникасстың.
FaraOn1
"Қола Құс" шетелдік авторлардан осы бір кітапті ғана аяғына диін оқыған шығармын. аз-мұз сюжеті есімде қапты.
ademi_alem
Аяғына дейін оқыған болсаңыз, ұнаған болар. Несімен ұнады?
FaraOn1
Оқуға жеңіл. оқып отырып, көз алдыңда кино корип отырғандай боласың)))
satibaldi
Бұл жәйт бәрібір менің Белфасттың болашағы жөніндегі ұсынысымды тыңдамауға құқық бермейді.
FaraOn1
Сол Белфаст Асауботаның презентациясында қорғалды енді жаңадан Барбаросса жоспарын құруға кірістім, болашағы әлі алда оның
satibaldi
Сенікі сияқты Барбароссалар, Везерюбунгтер, Вайстар ҚазНетте пашкі-пашкісімен жатыр. Қайтесің деймін: осында көшіп келсейші.
adayqyz
1.Қ.М.Әли «Домбыра» өлеңдер жинағы
2.«Махаббат бекеті»
3.Сары бидай
4.Ақтау
5.Құдайжан, басқасын алсаң да, пейілімді алма!
6.Қазанның күйесіндей қара жүрекпен қалай өмір сүрем!?
ademi_alem
1. Бұл кітапты оқығанмын. Кеңесіңіз үшін рахмет! Тамаша кітап.
2. Көргенмін. Бұл да көруге тұрарлық, әдемі фильм.
3. Тыңдаған сияқтымын… Сөздері есіме түспей тұрғаны…
5. «Адам өлсе де, адамдық өлмесін» дегенге ұқсайды екен. Керемет!
6. Жүрегіміз қазанның күйесіндей қара бола тұра өмір сүріп жүрген болсақ, онда тазартуға мүмкіндігіміздің бар болғаны (мүмкіндік берілгені) шығар… (Аллаһ білуші әрине!)
salta
2.«Махаббат бекеті»  сөзім жоқ
Marationok
1.Еуразия жүрегінде(авторы Н.Ә.Назарбаев)
2.Балалық шағымның аспаны (сценарий авторы Н.Ә.Назарбаев, режиссер Р.Абдрашов)
3.Қазақстан республикасының әнұраны (Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов)
4.Астана
5.Сенім, әдет-ғұрып, айқындық, төзімділік (Н.Ә.Назарбаев)
(trust, tradition, transparency, tolerance)
6.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаймын, ең ұлы адамдарының бірі, жасасын Елбасы! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев менің екінші әкем!
ademi_alem
хм… Жағымпаздықтын классикалық үлгісін көрсетіп отырған сындысыз… (Үшінші сұраққа жауабыңызды қоспағанда).
4. Астанадамын, уақытша
Marationok
Үшінші жауап несімен ұнамады? Қазақ ұлы да беделді де зиялы да адамдарының шығарған әнұраны ғой? Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов?
4. Астанадамын, уақытша
Қалай түсінуге болады?  Поэззиялесейік деген сияқты ма…
ademi_alem
Үшінші жауап ұнамады деген ой айтпадым. Жазғанымды тағы бір мұқият оқып шығыңыз. Ал Астанаға қатысты түсінбейтін несі бар, «уақытша Астанадамын» деген сөз ғой. Ал не себепті екені өз мәселем.
Marationok
Оқыдым, оқыдым. Себебін жаз деген емеспін, не үшін жазылғаның түсінбей тұрмын да.
ademi_alem
мына жерде ұсынылған қалаларда болып көрмегенмін өкінішке орай. Ал сіз ұсынған қалада болып көргендіктен, хабардар етейін дегенім ғой.
Marationok
Онда, мен болмаған жерде, жазып өтіңіз деу керек еді
salta
пензес шығарсың… түк те күлкілі емес… қатырдым деп тасынды қасыған шығарсың құдай білед, миыңдыссс…
satibaldi
1. Педро Пидеро Санчес, «Кедейлер де құтырады».
Себеп: Педро Пидеро Санчестің осы кітабын алғаш оқығанымда, кітап оқығанымның соңы осы болсын деп, лақтырып тастағам. Кезекті, кенет шорт бұрылатын сюжеттермен атақ іздеген көлденең гей атты жазушы деп. Кейін қайта оқып, мазмұнда үлкен әлеуметтік көзқарас жатқанын түсіндім. Ол бұл кітаппен, жарлыға мал бітпесін, жарлы — мал болып өмірден өтсін дейді. Хроникалық тәсілді әдеби тілмен көмкере отырып, сіңірі шыққан жиырма кедейдің әрқайсысы — ақымақтықтан тағдыр берген мүмкіндіктен айрылағанын көрсетеді. Бұл кітап сондай ауыр, шөлмексіз аяғына дейін қатын түгілі, кексе келген еркек оқи алады деп ойламайм. Кедейдің тұрағы, алдындағы тамағы… фууу енді! Әсіресе Хулио мен оның қарындасы Эпихиньяның қуырылған жауынқұртты кімге қалады деп аңдып отыратын сюжеті. Жүрек ауырады.
2. «Форест Гамп». — Қайтыс болған бір досыма ұқсайд. Соны көргендей болам. Көңілім босайд қатты.
3. Үкілі Ыбырай, «Гәкку». — Бейсана деңгейде жақсы көрем. Біреу қатынын неге жақсы көретінін айта алмайды ғой, бұл ән де солай.
4. Баграм. — «Баграм түні» деген бір парсыша әуез естігем ертеректе, әдемі, көрікті қала шығар деп ойлайм да. Сәулесін шашқан күн, сайраған бұлбұл, зәмзәм су атқылаған бұрқақтар, дәмі тіл үйіретін алмұрт бағы, көше кезген мейірбан да қарапайым жандар…
5. «Адамзат табиғатты арттан айдап ала алмайтынына қынжылады». ©Гомер. — Адамның ит-шошқа табиғатын әшкерелейтін қарапайым да ұлы сөз деп білем.
6. Ескі обидаларды ұмытып, жаңадан ренжіссек? — Шынымен, халық ішін тартып, бір төбелес күтіп жүр, сезем.
ademi_alem
1. Мына кітапты қалай да тауып, оқуға тырысамын. Жай ғана атауын оқығанымда әсер етпеп еді, себебін білгеннен кейін оқып көруге деген қызығушылығым оянып отыр.
2. Өмірден өткен досыңызға жұмақтың салқын саясы бұйыртсын!
4. «Көше кезген мейірбан да қарапайым жандар...» Мен өмір сүргім келетін қала екен. )))
6. «Халық ішін тартып, күтіп жүрген төбелестің» кейіпкері болғым келмейді, болмаймын да деп үміттенемін.
satibaldi
Мына кітапты қалай да тауып, оқуға тырысамын.
Мен бір нәрсені ескертуді ұмытып кетіппін. Бұл кітап… испан тілінде…
ademi_alem
Койынызшы! ))))))) аударма нұсқасы жоқ па екен?.. (( оййй мен түсінбеймін ғой. Бірақ «шешілмейтін түйін жоқ», егер бұл кітап қолыма түссе, испан тілін еркін меңгерген апайым екеуміз оқимыз. Дәлірек айтқанда, ол оқып, аударып, ал мен тыңдааап, ой қорытып отыра берем. ))))
punk
Адамның ит-шошқа табиғатын әшкерелейтін қарапайым да ұлы сөз деп білем.
, иә, ит-шошқа тақырып деген секілді,
FaraOn1
«Баграм түні» деген
таң қалатын түгі де жоқ, «Огни Кокчетава» деген бар ес че)))
konvict
1) The Surgeon of Crowthorne — әйгілі Оксфорд сөздігінің құрастырушыларының бірі Уиллиам Честер туралы жазылған кітап.
2) Құтырған иттер(Бешенные псы, Reservoir Dogs) — Квентин Тарантиноның алғашқы фильмі
3) Типі париот ретінде «Көк тудың желбірегені» деген өлеңді айтуға болады. Алайда, Эминемнің Луз Юорселфін қанша тыңдасам да жалыққан емеспін.
4) Тараз
5) «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?»
6) Шынайы достарым санаулы ғана
ademi_alem
1. Ол кітап қай тілде жарық көрген? Ағылшын тілінде болса тағы да түсінбеймін. ыыыыыыы *( Бірақ ол кітапты да оқыту арқылы «оқып» алуға болады. )) Мүмкіндіктеріңізше қазақ не орыс тіліндегі аудармасы бар кітаптарды ұсынсаңыздар…
konvict
Кітап ағылшын тілінде. Кішкене ғана, не бәрі 60 беттей шығар. Оқысаңыз өкінбейтініңізге сенімім мол
ademi_alem
Кеңесіңіз үшін рахмет! Тауып, оқуға(оқытуға) тырысатын болам.
satibaldi
тырысатын болам.
Астапырбудда, ешкім мылтық тақап, қорқытып тұрған жоқ қой: оқымайм десейш бірден, әуре болмай.
ademi_alem
оқимын. Оқу үшін сұрап отырмын ғой сіздерден қызықты кітаптардың тізімін. Бірақ қазақ не орыс тілдегі нұсқасы бар кітаптар болғанда жеңілірек болар еді. (
aikarakoz
1. Е.Шацкая «Стервология»
2. «Забрасывая камнями» арабтардың киносы, еңіреп отырып көргем.
3. Әзірге Арай тобы мен С.Майғазиевтің «Сен» әні
4. Шымкент
5. «Ерте ашылған гүл ерте солады» аптырын білмеймін.
6. Бір адамды елең еткізер іс істесең де, еңбегің еш кетпегені.
ademi_alem
1. Кітап аты қызық екен. )
2. Не туралы? Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)Пайғамбар туралы емес пе?
aikarakoz
1, ия, аты да айтып тұр ғой)
2. Өмірден алынған, яғни арабтарда болған оқиға. Еркектің ақымақтығының арқасында бір жанұя күйрейді
Marationok
2. «Забрасывая камнями» арабтардың киносы, еңіреп отырып көргем.
Негізі ол Америкалық және арабтар туралы емес, Иран елі туралы пропагандалық фильм.
Посткриптум; Арабтар Иранда тұрмайды
aikarakoz
онда мен қателестім
Marationok
Енді не дейміз, ой-өрісіңді кеңейт
aikarakoz
ой-өрісімді тар дегіңіз келсе, ренжісетін түріміз бар!
Marationok
Тар деп айтылған жоқ қой, бір жақты қарауға болмайды деген мағынада.
aikarakoz
жәрәйды, сіз-ақ ақылдысыз
Marationok
кешір қателік менікі
salta
ақылды бола қалғанын қараш…
salta
череп не жмет? Маратенок...
Marationok
орысша түсінбеймін
salta
«Оқы, оқы және оқы» -Енді не дейміз, ой-өрісіңді кеңейт
aikarakoz
Синельниковтің «Возлюби болезнь свою» кітабын жазбаппын ғо
ademi_alem
Рахмет, оқығанмын.
salta
1. "Өліара"
2. «Искусственный разум» С.Спилберг
3. Sia «I go to sleep»
4. Павлодар. Өте таза әрі әдемі де шағын қала. Солай ғой да, Жансая?
5. Оқы, оқы және оқы. Авторын бәрі білед
6. Дүние кезек…
meirzhan
Оқы, оқы және оқы. Авторын бәрі білед
Ленин бе әлде Алла ма?
satibaldi
1. "Өліара"
Авторын көрсетпегеніңізге қарағанда, акционерлік кітап болса керек?
salta
Оралхан Бөкей авторы
satibaldi
Оқыған жоқпын, бірақ нашар шығарма болса керек.
Marationok
мен оны Сәкен Жүнісов деп жүрсем…
Marationok
4. Павлодар. Өте таза әрі әдемі де шағын қала.
Кереку деп аты ауысады деп оқыдым бір жерден, сосын қалған қалалар сонда лас қой?
salta
басқалары лас қой деген сөзді көріп тұрған жоқпын жазғанымнан…
ademi_alem
4. Керекуде болғанмын. Әдемі қала.
Marationok
salta
Атаңның басына күліп жатырсың ба, ептібаймайд? сол батысыңнан шыға алмай құмның баласысың ау шамасы…
aikarakoz
Салта, не ғой… менің де ақым бар еді мына балада  алпереспа
salta
Илья Илин менің тек жерлесім ғана…
seyh
ее Қызылордалықпын дее Басе бір жеріңді бәйбішеме ұқсатып жүр ем
seyh
әй Айгерім, Айгерім
айтшы сұлу қай жерің?- десем де бір жерім дер ме едіңіз
SaWOK
2. «Господин Никто» (2009)
5. Мало иметь хороший ум, главное — хорошо его применять. Рене Декарт
meirzhan
«Господин Никто» (2009)
 Расымен, керемет кино! Мен де рекомендеймін!
Marationok
Рене Декарт
Ұлы адам, сөздерінің жөні бар
Aldeken
1. Әркез өзгеріп отырады. Әзірге "Қазақстан Республикасының Салық кодексі"
2. Игры разума
3. —
4. Текелі
5. Жігіт асыққаннан, қыз тұншыққаннан өлсін.
6. Бәрі өткінші…
VKM
1.Ең керемет әсер қалдырған кітаптар.Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц», Булгаков 'Мастер и Маргарита', Оралхан Бөкейдің әңгімелері.
2.«Унесенные ветром».
3.МузАрт әндері
4.Өскемен!
5.Қыздың сұлулығы жүрегінде
6. Армандарымыз орындала берсін!
ademi_alem
1.Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц» Иә, мен де керемет әсер алған едім оқып. Керемет!
4. Жақында барам. ))
5. Иә, армандарымыз орындала берсін, арманымыз адастырмасын!)
Gulzhanat
Унесенные ветром деген  Қанша көрсең де жалықтырмайтын фильм)
meirzhan
«Унесенные ветром» қазақша қалай болады?
shimaibek
Жел айдағандар
satibaldi
Желбуазды кері аударғанда — «беременный ветер» бола ма сонда?
dark_nazgul
«беременный ветром» болады.
satibaldi
«Беременный ветер». Нақ. Желденбуаз деген жоқпын.
dark_nazgul
желденбуаз «беременный от ветра» болады емес пе?
shimaibek
Ресми аудармасы ма?
satibaldi
«Тәлкекке түскен тағдырлар».
dark_nazgul
Тым қиындатып, қарабайырландырып жібердіңіз.
dark_nazgul
«жел айдағандарды» кері аударсаң, «гоняемые ветром» болып шығады.
shimaibek
 Түнгі түс ауғанда жазылатын пікірлер де «гоняемые ночью» болып тұр ғой
satibaldi
«намыстан көті өртенген қатын мен оған ергендер».
shimaibek
Бетті бастым, тұра қаштым
dark_nazgul
Бұл аннотация болып кетті ғой.
satibaldi
Қазақтарға жарайды ғой.
ademi_alem
«Желмен ғайып болғандар» деп аударылыпты бір жерлерде. )
satibaldi
«Аласапыран».
dark_nazgul
во. үстінен түстіңіз.
satibaldi
Мұнда Муха быраттың жыртысын жыртып жүрген біреу бар да просты. Сол ренжид шығар. Не дейд өткенде, ааа — «ол кісімен жатар едім тіптен» дей ме, бетімнің ду ете қалғаны.
dark_nazgul
Әлі күнге дейін бетіңіз қызарса, онда үміт бар екен.
satibaldi
Жәй, сарқыншақ сезім ретінде қараңыз.
adayqyz
Әдемі әлем, менің постымнан сары бидай әнінің сөзін күтіңіз
ademi_alem
Жақсы, алақаааййй!!!
bazuka
1.І.Есенберлин "Ғашықтар"
2.«Если ты единственная» қытай фильмі
3.Б.Нұрмышева «Жақсылықтың бағасы»
4.Орал қаласы
5.в политике приходится делать много такого, чего не следует делать. © Т.Рузвельт
6.өткенге өкінбе…
ademi_alem
3. Әдемі ән. Баян Нұрмышеваның орындауындағы әндердің көбі ұнайды маған.
5. Иә, өкінішке орай. Дегенмен «сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген де бар. )
Erkekyz
1.Сидни Шелдон «Утро, день, ночь».
Жақында оқыдым. Оқуға жеңіл, әрі қызықты екен.
Ал, жеңіл, көңіл-күйді көтеріп, біраз күлгіңіз келсе Софи Кинселла «Помнишь меня?»ны оқыңыз.
2.«Сладкий ноябрь». Фильмнен гөрі кәріс сериалдарын сұрасаңыз, майын тамызып тұрып айтып беремін).
3.Лаура Паусинидің әндері.
4.Шымкент.
5.Денсаулықтан асқан сұлулық жоқ.
6.Сабыр, тек қана сабыр.
ademi_alem
1. «Сладкий ноябрь» фильмін көрген сияқтымын. Жазылмас дертке ұшыраған қыздың өміріндегі соңғы күндерін өкінбестей етіп өткізуі туралы ма еді?
Gulzhanat
1.«Корни Дуба» Всеволод Овчинников. Ағылшындар туралы көрген-білгендері.Познавательно
2.«Рэй». «Хит зэ род Джэк» әнінің авторы Рэй Чарльз туралы.
3.Вальс «На сопках Манчжурии». Қателеспесем, орыс-жапон соғысында орыс солдаттарына жігер берген әуен дейді Кейін бала-шағамның үйлену тойында осы вальсты міндетті түрде қоямын))
4.Қаратау Өзім барған емеспін, барып келген досыма қатты ұнапты. Көру керек.
5.«Жизнь- это море. Плыть желаешь — построй корабль из добрых дел» Рудаки. (Қазақшасын таппадым, сорри)
6.Интуиция деген нәрсенің даусы қатты-қатты естіліп жатса, міндетті түрде тыңдау керек. Логикаң қанша мықты болса да, ол көмектесе алмайтын ситауциядан интуиция алып шығады
ademi_alem
5. Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.)) Рахмет!
meirzhan
«На сопках Маньчжурии» вальсы үйлену тойы атмосферасына келетінін логикаңыз айтып тұр ма, әлде интуиция ма?
Gulzhanat
Екеуінің де жұмысы болмасын, маған ұнайды
dark_nazgul
4.Қаратау Өзім барған емеспін, барып келген досыма қатты ұнапты. Көру керек.
кіріп шыққам. нағыз «сайлент хилл».
Gulzhanat
маған жасыл желекке малынған мұнтаздай қала деген...
Adiletshu
1. Өлгендер қайтып келмейді. Б.Соқпақбаев
2. Бойцовский клуб.
3. Қайран менің жүрегім. Музарттың орындауында
4. Түркістан
5. Ат айналып қазығын табады. Қазақ мәтелі
6. Компьютердің алдында отыра берме
Barshvariya
1. «Интернаттың баласы». Мархабат Байғұт.
2. «Неудержимые». Басты рөлде Стивен Дорф.
3. "Өкінбе сен". Жұбаныш Жексенұлының орындауында.
4. Көкшетау.
5. "Қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе тақпа".
6. 5-інші пункттегіні флешкіңе жақсылап сақта.
punk
3. ішіп отырған сәтте ұнайды,
e_zhalgas
1. Милан Кундера. Нарушенные завещания
Денең өзіңе бағынудан бас тартып, санаң белгісіздікке сапар шегіп, аттанбай тұрғанда өмірдің әрбірімізге сыйлаған ең тәтті кәмпиті ерік екендігі туралы кітап. Өлген соң, сен үшін өзгелер шешім қабылдап, таңдау жасай бастайды екен. Бірақ, қаймықпаңдар, кітап өнерлердің ішіндегі ең ақсүегі — роман туралы, оның тарихы, даму барысы, қазіргі күйі.
2. «Малхолланд драйв», «Помни», «Амели»
Алғашқысы — Дэвид Линчтің туындысы. Екіншісі — Кристофер Ноланның фильмі. Үшіншісі — Жан-Пьер Жөненің картинасы.
3. Бетховен — Лунная соната
Тыңдаңыз!
4. Алматы
Оқушы кездегі арман қала. Қазір арман да, мақсат та емес. Өзінің көлігі көптігімен, ырду-дырду өмірімен жалықтырса да, санада арман болып сақталып қалған екен.
5. Өтірік сүюге де болады, ал жек көру — шын жүректен © Жалғас
6. Өлеңіңіз біреуге ұнамай қалса, оған қаймығып, қайғыға беріліп, қаламыңызды унитазға лақтыру үшін орныңыздан ыршып тұрудың еш қажеті жоқ.
aikarakoz
5-пункт тәжірбиеңнен өткен-өтпегенін сұрамаймын… бірақ, Жалғас жаман айтыпты :-)
e_zhalgas
бақылау, тәжірибеде тексеріп көру, ұзынқұлақтан есіту, кітаптан оқу, кинодан көру… қысқасы, барлық этаптан өткен соң айтылды
ademi_alem
1. Өлген соң, сен үшін өзгелер шешім қабылдап, таңдау жасай бастайды екен.  Қызық сөйлем ғой.
3. Рахмет! Сүйіп тыңдайтын әуендердің бірі.
4. Алматыда азды-көпті алты жылдай тұрғанмын. Арман демекші, сол арман қала Алматыда тұруға деген құштарлық мені туған жерден ерте жырақтатты. Қазір ол қала менің де арманым да, мақсатым да емес, дегенмен ол жақты есіме алсам өмірімннің сәулелі сәттері ғана елестейді.
5. "Өтірік сүюге де болады, ал жек көру — шын жүректен". Солай ойлайсыз ба? Қызық… керісінше сияқты мен үшін. Бір адамды өтірік жек көрем, ал жүрегім шынайы жақсы көреді оны.
6. "Өлеңіңіз біреуге ұнамай қалса, оған қаймығып, қайғыға беріліп, қаламыңызды унитазға лақтыру үшін орныңыздан ыршып тұрудың еш қажеті жоқ". Олай болған емес, болмайды да. Қалам мені тастамаса, мен қаламымды тастамаймын, өлең мені тастамаса, мен өлеңімді тастамаймын. «Битке өкпелеп тонымды отқа тастайтын» жігерсіз емеспін. ӘРБІР ЖАУАБЫҢЫЗДЫ ҚЫСҚА ДА НҰСҚА ТҮСІНДІРЕ ОТЫРЫП ЖАЗҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ!
punk
«Помниді» көруге асықпын,
dark_nazgul
1.«Ловушка для золушки» (Француз авторларының детектив романдарының жинағы)
2.«Империя солнца», Спилберг
3.Клара Төленбаеваның сырнаймен айтқан бір әні, не атауы, не сөздері есімде жоқ, бір иірімі ғана есімде қалыпты, соны ыңылдап айтып жүремін.
4.Тараз. Ол қалаға енді аяғым аттап баспасын білемін, қимас күндерім қалып еді сонда.
5.«Не учите меня жить, лучше помогите материально»
6. Генераторым ұйықтап қалған ба, ой келмей отыр.
ademi_alem
3. есіңізге түссе айтарсыз.
5. «Не учите меня жить». Менің өмірлік ұстанымыма ұқсайтын сөз екен. Бауыржан Қарағызұлының сөзімен айтқанда:
«Бұл менің өмірім-бұл менің таңдауым!
Бұл менің әр жырым-бұл менің жан мұным!
Бұл менің кадамым-бұл менің жолдарым!
Болам ба, жоқ әлде тозам ба түтігіп,
ШАРУАң БОЛМАСЫН,ҚАРАҒЫМ!
6. Ой келмей отырса… онда сізге сұрақ қояйыншы.  Егер сізге таңдау мүмкіндігі берілсе, өміріңізде не өзгертер едіңіз?
dark_nazgul
Басқа оқуға түсер едім. Ал одан басқа ешнәрсеге өкінбеймін.
shimaibek
1.Н.Қапалбеков «Ескі дос»
2.Махаббат станциясы
3.Queen — We Are the Champions
4.Шымкент
5.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, жылы жүрек
6.Уақыт — құнды нәрсе!
ademi_alem
Рахмет кеңестеріңіз үшін!!!
araika
1. Бала күнімде оқыған «Ана суреті» әңгімелер жинағы. Өзгеше әсер берген-тін. Авторын Гуглдан сұрасам, Сүлеймен Мәмбетов болуы мүмкін деп жорамал жасады. Расыменде, осы кісі болар, ұмыта бастаппын.
2. «2 дня» фильмін жаңа ғана көріп шықтым. Басты рөлде — Федор Бондарчук, өзіме қатты ұнады. Менде тек романтиканы ғана көретін көз бар 
3. Мақпал Жүнісованың "Қызыма сыр" әні болса керек, «Сен үшін еңсемді түсірмей өтермін» деген жолдары бар… Сөздері керемет, бір-ақ рет тыңдағанмын.
4. Астана — сүйікті қалам.
5-6. «Тәуекел түбі — жел қайық, өтерсің де кетерсің»
satibaldi
Бала күнімде оқыған «Ана суреті» әңгімелер жинағы.
Бұдан, Сізді де бала болған деген қорытынды шығарсам бола ма?
araika
Иә, шығарып тастаңыз
Бала күнімде оқыған
дегенді жазбаған болсам, кемі 200 беттен әрі аспайтын, А5 форматындағы кітапты ұялмай қалай рекомендеп отырсың деп айтар едіңіз?
satibaldi
Әйтеуір бірдеңе табар едім, оған күмәніңіз болмасын.
ademi_alem
Мына жерде бірнеше адам Шымкентті ұсыныпты? Не үшін басқа қала емес, Шымкент? Әркім ұсынған қаласын сыйпаттап бере ала ма?
satibaldi
Бұл сұрақ тәрізді пікіріңіз неге маған???
ademi_alem
Кешіріңіз, қудым! (( Байқамай қалдым. Сіз дұрыстааап жауап бердіңіз ғой.
satibaldi
Келесіде бұлай қателеспеңізші, өтініш. Шымкент туралы сұрақтарға обективті жауап берем деп ойламаймын.
ademi_alem
жақсы, қателеспеуге тырысамыз.
Marationok
Кешіріңіз, қудым!..
Бәлкім, кездестіру туралы ойлады-ау деймін...
ademi_alem
Түсінбедім? Не жазып отырсыз?
Marationok
Сіздің арғы блогтағы тақырыбпен байланыс ретінде.
ademi_alem
Ол тақырып пен бұл жердегі сөздердің бір-біріне еш қатысы жоқ. )
Marationok
бар, мұқият оқып шығыңыз.
ademi_alem
Еш байланыс жоқ. Нені айтып отырғаныңызды да түсінбедім.
boztorgai
1. дүкенбай досжан. «жусан мен гүлдер»
2. «брачные игры земных обитателей»(The Mating Habits of the Earthbound Human)
3. клара төленбаева — «жібек сезім». (клипсіз тыңдауды рекомендеймін)
4. арал қаласы.
5. ештеме бермесек те бір-бірімізге қол созып жүрейікші.
6. жұмысым бітпесін десең телефонмен сөйлес.
cоңғы екі сөздің қайсысы қанат бітіретінін парықтай алмадым
ademi_alem
)))) кеңесіңіз үшін рахмет!!! «Жібек сезімнің» авторы кім? Қалқаман Сарин емес пе?
Ал соңғы екі сөздің екеуі де қанат бітірмейтін сияқты, дегенмен рахмет тағы да! )
boztorgai
«Жібек сезімнің» авторы
мынв жерде бүй дейді: «Жібек сезім» Медет Салықовтың алғашқы сазгерлік қадамы, бірінші жемісі десек те болады. Сөзін жазған Қалқаман Сарин — қазақтың ақын ұлы, «Шабыт» сыйлығының иегері. Ал, әнді орындап жүрген әнші Клара Төленбаева — сазгердің жан-жары.
e_zhalgas
қазақтың ақын ұлы
сөздердің жазылу реті шатасып кетпегіне рахмет
kokbori
1. Бибігүл Хабиқызы «Тауқымет»
2. Менің атым — Көкбөрі немесе ешқайсысы
3. «Ақбақайдың» саксафонмен ойналған әуені немесе «Сүгірдің термесі»
4. Қамысқала немес Атырау
5. «Адам тамақ жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін тамақ ішеді»
6. Банкоматтан ақша алғанда қазақ тілі деген түймені басыңызшы
ademi_alem
6. Иә, міндетті түрде ғой.
kokbori
Қамысқалаға баруды ұсынамын
asaubota
1. Жүз жылдық жалғыздық
2. Побег из Шоушенка
3. Don't speak
4. Астана
5. Құдайдан қорықпағаннан қорық
6. Кешірімді бол, Құдайдан үлкен емеспіз.
e_zhalgas
Побег из Шоушенка — шедеур
ademi_alem
5. Дұрыс айтасыз!
6. Міндетті түрде!
dauitov
Пікір,ұсыныстар керекинфоны тесіп шығайын деп тұр екен.Төмен жағына шаршап әрең жеттім.Бәріне жауап айтқым келмейді.Тек бір екі кітап айтсам дегем.Оның бірі Абай жолы.Мен соны қайталап оқимын деп сол он тоғызыншы ғасырда жүргендей болғам.Соңында Әбіш, Мағыш ауырғанда қиналдым.Оразбайлар өзімді сабап кеткендей қаным қайнады.Кейін, В.Синельниковтің Тайны подсознаниясы мен Ренди Гейндждің Почему вы глупы, больны и бедны деген кітаптарын оқуға бәріңе кеңес берер ем.Мұнда мем, мемдер туралы жазылған.Олар да вирус сияқты пәле ғой.
qisyq
1.«Мешкей», Тынымбай Нұрмағамбетов
2.«Фавн Лабиринті»
3.«Ей, перизат», Айгүл Қосанова
4.Алматы
5.Қарапайым бол, бірақ амебаның деңгейін түсіп кетпесең болғаны
6.Қар жауса қыста, бәтеңке киіңдер.
aikarakoz
Қар жауса қыста, бәтеңке киіңдер.
punk
1. «Шолпанның күнәсі»,
2. «Достучаться до небес»,
3. «Дариға-дәурен», Р. Стамғазиев,
4. Астана,
5. Атың барда жер таны, желіп жүріп,
Әкең барда ел таны, еріп жүріп,
6. Бастан өтпесе, түсінбейді екенсің,
ademi_alem
1. Оқығанмын. )
3. Тыңдағанмын.
6. Иә, дұрыс айтасыз. (
punk
онда,
2. ні көр,
ademi_alem
Көрейін. )) бірақ не үшін басқа емес, осы фильмді көруге кеңес беруіңіздің себебін қысқаша түсіндіре кетсеңіз ғой…
punk
астыма қара,(қызарып отырмын жазғаныма)
punk
1. «Шолпанның күнәсі»,
осы кітапты қайта-қайта оқи беремін, Әр оқыған сайын ауырлай түседі, дұрысы оқымағандар оқысын, Мағжанның туындасы ғой. «Күнә» атты кино түсіріліпті(кеш біліппін), кеше(24.03.2012) көрдім. Акутагаваның «Расемон қақпасын» да қосар едім,
«бір кітап
деген соң, тоқтадым. Байқаймын, ол ережені сақтамағандар бар екен,(әркімнің к… ті сезеді,)
2. «Достучаться до небес»,
Қиын фильм, мына диалог үшін барымды беремін, „-Темекі шегесің бе? -Жоқ, шекпеймін, зиян ғой“. Сұрақ қойған: миында ісігі бар қысқа шашты жігіт; жауап беруші:өкпе рагына(ауруы анық есімде қалмапты, қателессем) шалдыққан ұзын шашты еркек(темекі шегіп көрмеген). Өлетіндері екеуіне де белгілі, армандары теңізді көру, ғажап фильм. бәріне үлгеруге тырыс
3. «Дариға-дәурен», Р. Стамғазиев,
белгісіз бір күш тартады, ұялы телефонымның әуен ойнатқышында үнемі most played тің басында тұрады
4. Астана,
суығы ұнайды, аяз, қаталдық
5. Атың барда жер таны, желіп жүріп,
Әкең барда ел таны, еріп жүріп,
(мақалды дұрыс айттым ба, мағынасы осылай екенін білемін, сөзбе-сөз есіме түспей тұрғаны)
6. Бастан өтпесе, түсінбейді екенсің,
(менде солай)
ademi_alem
«Күнә» атты кино түсіріліпті. Ол сол «Шолпанның күнәсі» аңгімесінің желісі бойынша түсірілген бе? Олай болса жақсы ғой! Кейіпкерлер автордың айтқысы келген ойын жеткізе алды ма екен?.. Бір оқығанда жазушы бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел бейнесін сомдағандай болғанмен, кейде мүлде басқаша ойда боламын. Автор бұл психологиялық туындысы арқылы қазақ әйелін басқа қырынан көрсете білді деп ойлаймын. Әдетте қазақ әйелі үшін ең маңыздысы отбасы, бала — шағасының қамы емес пе? Бұл әңгімеде бәрі де өзгеше, басты кейіпкер балалы болғысы келмейді. «Баласыз үй — мазар» екендігін тұрмысқа шыққаннан кейін үш жылдан кейін түсінген ол бала көтеру үшін күйеуінің көзіне шөп салуға дейін барады. Мен үшін Шолпанды ақтау да, даттау да қиын. Бірақ бойға біткен баланы өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ екені анық…
punk
Мен үшін Шолпанды ақтау да, даттау да қиын.
, ақтай да, даттай да алмаймыз. тек ғана екіұшты ой кешеміз,
punk
иә, желісі бойынша түсірілген
John
1.А.Беляев — Қосмекенді адам
2.Родригес — От заката до рассвета
3.ДЕМО — 2000 лет
4.Түркістан
5.Күннің жамандығы кетер, адамның жамандығы кетпес
6 Алған айлығынды босқа шаша бермегін
satibaldi
1.А.Беляев — Қосмекенді адам
Түрмедегі рөлі туралы ма? Поэзиядан AKY қуып жібергеннен кейін, прозадан орнын тапқан болса керек.
Korkem
1. «Ашығудың құдіреті» Поль Брегг
2. Апокалипсис
3. Сағыныш кім айтатынын да, кім шығарғанын да білмейм. Компымда бар болғасын тыңдай берем
4. Шымкент (Көктем болса да өзге қалаларда қыс алі берілмей соғысып жатыр, осындайда Шымға келіп үстіңде костюм, аяғыңда туфлимен жүрсең бір, мамыражай тіршілік кешіп...)
5. Тәуекел түбі — желқайық, өтесің де кетесің…
6. Көр көкірек болма, өр көкірек бол!
ademi_alem
5.  иәәә, солай ғой.
6.
AKA
«Ашығудың құдіреті»
ademi_alem
Кітап аты «Ашығудың құдіреті» ме?  
Korkem
Иә, қалаған жеріңізден, тіпті инеттен таба аласыз. Сондай-ақ, кез-келген тілде оқи аласыз. Авторы Поль Брегг, кітап аты «Чудо голодания»
ademi_alem
Міне, міне енді түсінікті болды!  Кеңесіңіз үшін рахмет!
punk
Жалын журналының 2008-2009 жылғы сандарында «Ашығу кереметі» деген атпен шыққан-ды. Меніңше, сол аудармасы дұрыс.