Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды.

Әсемдікті көзіммен көріп, тірідей тыңдағым келді. Алайда әдеттегідей алдыма мақсат қойып, оны wish-listіме жазбасам да, бірер айдан кейін Мадрид алаңдарындағы көше музыканттарының темпераментті мелодияларына құлағым қанығып жүрді. Ол әлі де бөлек әңгіме…

Біздің қайта-қайта келіп «дескульпе сеньор» деп бастап бір жерді сұрағанымызға қандай адам болмасын бар жұмысын тастай салып, қайда кетіп бара жатқанын ұмытып кетіп, көмектеспейінше бізді ұстап тұрып алады. Қашанда асығып бара жатқан біз «оданша білмеймін деп жауап берсе қайтеді» деп тағатсызданамыз. Ал олар жайбарақат. Өмірдің әр минутынан, тіпті әр секундынан ләззат алатындай. Бірінші көрген көзге олар осындай болып көрінеді.

Алайда мен алдын ала олардың атақты режиссерінің киноларын көріп бардым ғой! Сондықтан санамды кеңінен ашып байқадым. Мені әсіресе испан әйелдері қызықтырды. Біз үйренген нәзіктік, ұяңдық оларға жат. Бойларындағы күш, қуаттан тіпті бір түрлі боласың. Көздерінің астын қара қарындашпен батырып бояй отырып, олар сол мінезін айқынырақ көрсететіндей. Ал олардың билегендегі құштарлығы мен жан-тәнімен биге берілгендігін көру бір ғанибет.

Дәл сондай құштарлықпен олар ұрсысады да, күледі де, жылайды да… Тек сондайда «ех, испанша не деп ұрсысып жатқандарын білсем ғой» деп қаласың, өйткені нағыз испандықтар өлім аузында тұрса да өзге тілде сөйлеу тұрмақ, естігілері де келмей сол қатыгез ауызға кіріп кетуді артық көреді.

Иә, әкем айтпақшы ешқашан құл болмаған халық.

P.S егер испандықтардың болмысын барынша көргілеріңіз келсе, Альмодовардың фильмдерін көруге кеңес беремін, алайда ол біз үйренген голливуд ертегілері емес, соған дайын болыңыздар, мүмкін қызыққаныңыз сонша бір күні Испаниядан бірақ шығарсыз)
Бөлісу:

46 пікір

satibaldi
Мен үшін Ыспайын — Сервантес. мен үшін Ыспайын — Барселона, хотя Барселона — из нот Ыспайын. Бәріміз үшін пұтбол мен Дон Кихот боп кетті. Мадридке қолыммен жетектеп апарсаң да, егер Сервантес жазған ыспайындарға ұқсамаса — бұл Ыспайын емес деп, қолыңызды лақтырып жіберемін.
Мементо мори, кеш қалдыңыз.
aizhan
неге Барселона Ыспайын емес, Ыспайын бөлінеміз десе де, әйтеуір сол жерге жатады) онда сізге тура Мадридке бару керек Дон Кихоттан үзінділер дәл көшелеріндегі плиткаларға қашалып қойылған)
Simona
Бaсклер ше? Олaр дa өздерiн ыспaйын сaнaй мa? Бұл пaтшaлық 17 aвтономиялық облысқa бөлiнбеушi ме едi?
Испaния десе Aльхaмбрa есiме түседi. Мaдрид еш қызықтырмaйды. Грaнaдaғa мен Бaрселонaғa ғaнa бaрғым келедi. Ыспaйн тiлi десе: «Kaстилиян тiлi деңдер» дегiм келiп тұрaды
aizhan
басклер сол Барселонада, естуімше, олар өздерін испания деп санамайды. Иә, Анадлусия, Каталония сияқты облыстары көп. Барселонаға бардық, аспан астындағы мұражай деп бекер атамайды екен
satibaldi
Simona
Чилиден қонaқтaр келген осыдaн 2-3 жыл бұрын. Еуропaны кездi: Пaриж, Aмстердaм, Дaния пәлен-түген. Бaрселонaғa өте aрзaн билет тaуып бердiм. Сыйлaсaң дa бaрмaймыз дейп бaрмaй қойды.  Еш қaшaн құл болмaғaн хaлық болғaн соң жaқтырмaды ғой дейм
dark_nazgul
мен де жақсы көрем Алмодовардың фильмдерін.
әр кез айтатын едім: қазақтан басқа жігітпен жүрмеймін, қарамаймын. бір исключение: испандыққа ғана ғашық бола аламын.
satibaldi
Сөйлеміңнің аяғы басын жоққа шығаратын жынД фраза айтып қойған екенсің ендеше кезінде
aizhan
дааа… испан жігіттері бөлек әңгіме
neoman
шошытпаңыз елді
dark_nazgul
Висенто Бласко Ибаньес деген жынД жазушылары болған. нағыз испан рухын суреттеген.
satibaldi
көруге кеңес беремін
Ондай жоқ, «көруді ұсынамын» болуы керек.
Gastarbaiter
Испандықтар талай жерді құл қылған, үш континенттің халқын қырған халық ғой. Ал құл болу жағына келсек, шатаспасам Арабтар дәуірлеген ғасырларда мұсылмандар Испанияның біраз жерін бодандықта ұстаған.
Осы Алхандро Аменобар деген сценарист испандық па, алтын америкасынан ба? Соның фильмдері ұнайды. «Ванильное Небо», «Другие».
Gastarbaiter
Латын Америкасынан ба
dark_nazgul
инктер мен майялардың алтын көмбелерін еске алсақ, алтын америкасы да қате емес
satibaldi
көмбелерін еске алсақ
Памятым да пензесс дейcің ғой
Gastarbaiter
Мен де жаңа, Арабтардың өктемдігі туралы жазып жатып, «Егер ұмытпасам» деп бастағалы жатқам, менің Шотландия тауларында туылып, жасым 500-ге келгенін біліп қоя ма деп, «шатаспасам» деп түзедім
satibaldi
— Жаңа ғана бір дауылбай жігіт мың жылға 10 млн. доллар депозит салып кетті, жарад нақ лібә!
— Жұмыстан боссың!
— Неге?
— Ол — Дункан Маклаут болатын...
Gastarbaiter
— Мен мәңгі двигатель ойлап таптым нақ!
— Дануақ!
-Аха, Дунканды диірменге салып қойдым, суканы.
satibaldi
Шелектеп кетті нақ
aizhan
ммм… не болып кетті мына жақ? почтама келген жаңа уведомл. қарап, жазбама пікір қалдырылған екен десем
satibaldi
Әңгімеден әңгіме шықпайтын болса, оның несі әңгіме?
aizhan
қарсылығым жоқ, әңгіме шығара беріңіздер керекке жазбағалы көп болыпты))
Zilola
Шотландыктармен таныссам, Дунканды сурап ыгырын шыгарамын, олар дым да кызыкпайды екен, тез тани коймайды еще )))
Gastarbaiter
Бір американдық хаттасатын танысым басында «Туякбай-туякбай кайда?» деп зайыбымды алушы еді. Сен де сондай бопсың ғой
Gastarbaiter
Лық, лылық, лылылылық, ық ық.
saken
Бразилия болмаса Канада тұрғындарын Америкалық десе болады ма?
dark_nazgul
х/з. болатын шығар.
Gastarbaiter
Негізі әміркен, америкот, амиликөт деуге де болады, әрине 10 миллион қазақтың сенімхатын арқалаған журнализ болмасаң.
Gastarbaiter
«Зануда» дегенді бір жаман сөз сияқты айттыңыз ғой.
dark_nazgul
жоға, «айналайын» дегенім ғой
aizhan
«ванильное небо» да күшті)
satibaldi
Нёбо ма, небо ма?
Gastarbaiter
«Ванила скай, или таңдай» дейсің ғо
dark_nazgul
уахахахахахахахаха
Karakyz
Маған осындай жазбалар ұнайды. Автор, тағы жаз!)

Көздерінің астын қара қарындашпен батырып бояй отырып, олар сол мінезін айқынырақ көрсететіндей.
Бірге оқыған испаниялық қыз есіме түсіп кетті, келтірген суреттемелерің айнымаған сол қыз, бәріне ортақ ұлттық қасиет шығар. Сол қызға қарап, өз ұлтыңмен қалай мақтану керек екенін түсінгендей болдым, испандық акценті өте қатты, тіпті оны жасыруға тырыспай, қайта, соны әдейі көзге көрсеткісі келгендей болатын.
aizhan
көп рахмет, пікіріңізге «тағы жаз» деген құлағыма жағымды естіліп отыр)