Мен пенде емеспін... Мен Кантонамын!
Эрик Кантона – бұл есім Манчестер Юнайтед клубының барлық жанкүйеріне таныс болуы керек. YouTube-ке рахмет! «Кунг-фу соққы», алты ай дискфалификациядан кейінгі оралу, үнемі көтерулі тұратын жаға… бәрін-бәрін тамашалауға мүмкіндік бар. Кантонаның Олд Траффордтан кеткеніне 15 жыл толса да, оның харизмасы ешқайда жоғалмағандай.
«Looking for Eric» — Эрик өзін-өзі сомдаған фильм. Орыстар «В поисках Эрика» деп аударған, қазақшаға «Эриктің ізімен» деген атау дұрыс келетін секілді.
Басты кейіпкер — Эрик есімді МЮ-дің жанкүйері. Көп жыл почтада жұмыс істеген, жасы да келіп қалған кісі. Өмірде қол жеткізген дымы жоқ. Сүйгенімен бір бола алмаған. Екінші әйелі өзінің екі баласын Эриктің қарауына тастап қашып кеткен. Өгей балалардың мұнымен, мұның олармен шаруасы жоқ.
Сыра ішіп, наша шегіп, футбол қараудан басқа ешқандай қызығушылығы қалмаған бейшараға Эрик Кантона елес болып келеді. Кантонаның күш-қуаты, қайсарлығы мен өмірге ғашықтығы пошташы Эрикті жаңа туғандай қылып өзгертеді.
Өзім Манчестер Юнайтедтің жанкүйері болғандықтан фильм маған қатты әсер берген шығар. Бірақ, Эрик Кантонаның харизмасы ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.
Мына бір диалог, бүкіл фильмді, оның ішінде Кантонаның нағыз бейнесін дәл береді.
— Иә, біз кейде сенің де қарапайым пенде екеніңді ұмытып кетеміз.
— Мен пенде емеспін… Мен Кантонамын!
трейлері
«Looking for Eric». 2009. Режиссер: Кен Лоуч.
Фильм ескі. Бірақ кең жарнамаланбағасын көпшіліктің біле бермейтініне көзім жетіп жүр. Нағыз жанкүйерлер ырза болар деген ойдамын.

Казiргi МЮ унамайды, маган Сольцкяер (Сульшер) заманындагы улгiсi унайтын кобiрек.
Команда бір күн ұнап, екінші күні ұнамай қалады дегенді түсінбеймін.))) Сульшер де МЮ тарихында өз орнын алған аңыз-адамдардың бірі. Жалпы ойын философиясы, команданың даму бағыты бойынша МЮ ешқашан өзгермеген сияқты.
осы сияқты бұрын ультрас болып, кейін футболшы болғандар аз шығар.