Насыбай мен темекі

Бір ағамыз зауытта ауысым бастығы болып жұмыс істейді. Өзі намаз оқиды, ішімдік-шылым дегенге жоқ. Бірде жұмысқа келсе жұмысшылардың бәрі шылым шеккен жөн бе, әлде насыбай атқан дұрыс па деп қызыл кеңірдек дауға түсіп жатыр екен (). Кіріп келген ағамды көрген олар, шылым да шекпейтін, насыбай да атпайтын осы кісіден төрелігін сұрайық депті. Мәселеге қаныққан ағам «Шылым шеккеннен көрі, насыбай атқан» дұрыс қой депті. Насыбайды жақтаушылар біз жеңдік дегендей өре түрегеліп (), «айтыңызшы неге насыбай атқан дұрыс» десе, ағамыз «Енді боқты қағазға орап, пісіріп жегенше, шикідей дәмін алып жеген әлдеқайда жақсы емес пе» дейтін көрінеді.
Әрі қарай

Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік

Алған әсерлер шексіз десем артық айтпаған болармын. Мүлдем басқа мәдениет, мүлдем басқа менталитет… Амман деген астаналарына келдім, 4-5 қаласында болдым.
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Танысу
Үйге кірсем, бәрі қаздай тізіліп, орындарынан тұрып қарсы алды. Баттасып боянған және ірі денелі болғандықтан ба, қара хиджабта кексе тартқан 3-4 әйел-ау деп ойлағаным жас қыздар болып шықты. Мамасын солардың ең үлкен әпкесі деп ойлаппын. Сонымен, аттарын айтып, біздегі Шымкенттің қыз-әйелдерінің амандасуы сияқты қолдарын беріп амандасып, танысып болдық. «Жасмин» дегеннің «Ясмин» деп өзгертілгені болғандықтан содан басқа бірде-бір ат есімде қалсашы. ))) Сол және тағы басқа қосылған аттарды бірнеше күн бойы «анандай киген қыз, мынандай істеген ұл» деп, шартты бірдеңелермен ұқсастырып айтып жүріп, жаттап, үйрендім-ау, әйтеуір. Қыз-келіншектердің аттары: Абрар, Тамадор (біразға дейін «Тамагор» деп жүрдім)))), Мәляк (оны «Мелек» деп), Ду'әa, Баә'на, Эфнәа'қ, Зеена, Ясмин, Әридж, Сузанна, Ханейн… Ер адамдардың аттары: Омар, Махер, Әнас, Шәди, Тарик…
Иорданияда монғолоидтық түрлер сирек кездеседі, яғни, келушілер аз. Содан көшеде бәәәәрі саған тесіліп қарайды және «Хай!», «Халло!», «Уэлкам ту Джордан!», «Ар ю Кореан?», «Ар ю Малейжан?» деген сияқтыларды айтып ер адамдары айқайлайды. Бұл өзі бір қызық сезім болды: біздің елде жүрген африка, афро-американдықтардың күйін бір жақсылап түсінгендей болдым...))
Әрі қарай

Түнек...

… Көктемнің соңғы күндері… Жұмыстан сәл кештеу жібергеніне бастығыма деген ашуым бар, оның үстіне бір жарым сағаттан бері темекі тартпағам, айына отбасылық бюджетімнің жетіден екісі кететін темекімді құмарта тартып бара жатырмын. Анда-санда темекі тартқандағы әдетіммен жерге шырт-шырт түкіріп қоям. Аялдама да алыс емес-тін, жақындап қалдым…
Алыстан сирена дауысы естілді. Сол жаққа бұрыла бергенмін… айнала көк түтін… айқай-ұйқай… Басыма зіл батпан шоқпар тиді де көзімнің алды жарқ ете қалды… Түнек… Ашыла бастады көзім… Алдымда маска киген біреу… анадайда «Полиция» деген жазуы бар қара микроавтобусты көзім шалды… түнек…
Орындықта отырмын. Бөлме іші қаракөлеңке. Лампаның жарығы тура көзіме түсіп тұр. Алдымда стол. Қарама-қарсы бір адамның сұлбасы байқалады. Полиция бөлімшесінде секілдімін.
-Фамилия?
-А… аа?
-Фамилииияя?,-деп жекіріп жіберді сұлба.
-ааа… Алан…
-атың?
-Данияр… мм… мен қайдамын?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Мекен-жайың?
-Ацсотоно қаласы, Кербабаев көшесі, 13,-деп өтірікті қойып қалдым.
-Жұмыс орның?
-«Артемда» тәшкі сүйреймін.
-24 мамыр күні, кешкі сағат 7-лер шамасында қайда болдың?
-Жұмыстан қайтып бара жатқам…
-Қолыңда не бар еді?
-Папка… документтермен. Таксист болып жұмысқа тұруға бара жатқам. Айтпақшы документтерім қайда? Кімсіңдер өзі?
-Бұл жерде сұрақты мен қоямын. Қолыңда басқа не болды?
-Басқа ештеңе…
-Темекіні мен тарттым ба сонда?!!! Сссұмырраййй…
Жуан жұдырық мұрныма дөп тиді… Тағы да түнек…
… дәл осы кезде көрші кабинетте Ацсотонода заң күшіне мінген 2-күн ішінде 2000 адам темір торға тоғытылғаны туралы рапорт жасалып жатты…
Әрі қарай

Темекіні тастағым келеді.

Ең бірінші рет темекіні бірінші курсқа келгенде бастадым, содан бері міне алты жылда өтіп кетті. Осы алты жылдың ішінде неше рет темекіні тастадым деп өзіме де өзгелерге де талай уәде еттім, бір ғана штугы шегілген немесе жартылай қалған неше пачканы қолымда ұстап тұрып мыжа салған кездерім де болған, Хамит деген досыма бір ящик пиво ұтылдым, басымнан он рет шалбан алдырдым, темекіні сүтке шылап одан оны кептіріп те шектім, бірақ қолымнан келмеді. Ал сен қалай қойдың немесе қойғың келеді ме?
Әрі қарай

Ең мықты балағатқа - сыйлық!

Минимүшейра жариялайм нақ. Ұтқанға — 500 бірлік. Ұтпағанға сәйкесінше — қураған бұтақ та жоқ.

Жағдай: Жас ақын редакторға өлеңін әкеліп тұр. Ақынсымақты қолына ендігәрі қалам алмайтындай ететін редактордың сүйектен өтетін сөзі керек. Мысалы:
«Шынын айтқанда өлеңдеріңіз — құсық.»
немесе:
«Балам әрине, мына өлеңің арқылы мені өлтіруге кім тапсырыс бергенін білмейм. Бірақ мен одан екі есе көп ақша төлейін: тапсырыс берген кім, айтшы?»

Банзай!
Әрі қарай

Акция

Күрк-күрк жөтеліне тырп-тырп еткен гәлөшінің дыбысын қоса ерткен түнгі сұлба қызыл киоскінің кішкене терезесін қақты.
-Не керек?-іштен шыққан дауыстың иесі не қатын дауысты еркек, не болмаса еркек дауысты қатын екенін айыру қиын еді…
-Прима
Әрі қарай

Бауырға бекем болыңыз

  • TOP
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Бұл – мықты денсаулық кепілі
Адам, жан-жануарлар ағзасындағы бауыр (hepar) – ең үлкен ас қорыту безі болып саналады. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту, қоректі сіңіру, өзіне май, көмірсу жинау қызметін атқарады.
Әрі қарай

Таңғы симбиоз



Таңғы сағат төрттің кезі. Тыныштық.
Шылым. Ноут. Үстел жапқан кітаптар…
Салғыластық дау тудырып, кофе іштік.
Бірақ, бізде симбиоздық сипат бар.

Маған қиын ұғу сендік пайымды.
Сендік ойды, сендік ниет, сезімді.
Түсіне алмаймын торығып жазған жайыңды!
О, Құдайым, қайдан саған кез қылды?!
Әрі қарай