Сорудан шаршағандарға

Блог - Marco: Сорудан шаршағандарға
Ақыры темекі туралы әңгіме болып жатыр екен. Бір кездері күн сайын бір жарым-екі қорап темекі шеккен адам ретінде мен де білгеніммен бөлісейін.
Темекі тастаушының ең бірінші қателігі — темекі тастағысы келетінін мойындамау. Оның бірнеше сылтауы бар:

— Темекі ширыққан жүйке талшықтарын жұмсартады;
— Темекі тартпасам жұмыс істей (жаза) алмаймын;
— Шылым шеккен маған ұнайды;
— Темекіні іздеп шекпеймін, бар болса бар, жоқ болса жоқ, т.с.с.


Оттаған әңгіме! Менің ойымша, кез-келген шылымқордың ішінде "Қойсам ғой" деген арман жатыр. Алайда, ерік-жігерін жиып, тастап кету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Кейбіреулер, өзіне шындап сөз беруге де қорқады. Өйткені, шыдай алмай шегіп қойса, ар-ұятының алдында «жігіттігін» жоғалтып алады. Бұл ең үлкен қорқыныштың бірі. Мен де сөйткем. Осы жолы қойдым деп емес, қойып көрейін деп, процестің финалына старттан бастап сенімсіздік танытатынмын. Әрі кетсе екі апта шыдаған шығармын.

Сонымен, темекіні тастау үшін не істеуге болады?
Никотинді сағыздар
Блог - Marco: Сорудан шаршағандарға
Бұл алданыш. Адам ағзасы никотиннен көрі, темекі шегу кезіндегі әдеттерге мұқтаж. Түтінді сору, темекіні «мачо» кейіппен ұстау, міне осыларға деген қажеттілік басым. Сондықтан, шайнаң-шайнаң етіп, бәрібір ұзаққа бармайсыз. Көргем.

Пластырь
Блог - Marco: Сорудан шаршағандарға
Көктамырлардың үстінен жапсырып қоятын пластырьлар да болады. Пайдаланып көргенім жоқ. Сенімім аз.

Аллен Карр. «Темекі тастау ең оңай жолы»
Блог - Marco: Сорудан шаршағандарға
Бұл кітап туралы бір кездері жазылыпты. Мен 2007-жылдың 29-сәуірінде осы кітапты оқып бітірдім. Соңғы тал темекіні шегіп болып, әбден мыжғылап сөндірдім де, мүлде ұмытып кеттім. Иә, дәл солай! Содан бері шылым шекпек түгіл, шеккен адамдарға ұрысып керім болып жүрмін. Сол кездегі жұмыстастарымның ішінен 11 адам маған ілесіп осы кітапты оқып шықты. Бәрі қойып кетті. Алайда, ішкен кезде құтырып кететін кейбірі кейін беріп шегіп қойды.

Ең бастысы, адам шылымды тастағысы келетінін мойындауы тиіс. Жоғарыда айтылған сылтаулардан құтылуы керек. Әй, мойындасаңдаршы, түтін сасып жүрген шынымен жаман-ақ қой. Әйтпесе, мына видеодағы мұндардың кейіпін киіп жүруің ықтимал.

Бұл жігіттің аты Ибрагим Юзель. Бейшара темекіні тастау үшін мынадай дуылға ойлап тауыпты. Үйден шығарда киіп алатын көрінеді. Кілті әйелі мен балаларында. Әлде, сізге тек осындай амал тиімді болады ма?
Бөлісу:

35 пікір

Medium
Бүгін КерекИнфода Темекі Day!
kokbori
Меніңше жай ғана тастай салу керек сияқты. Мектепте оқып жүргенде шеккем, сосын қоя салғым кеп кетті де, қоя салдым))
konvict
Мен де сөйткем. Қоя салғым келді, қойып кеттім
Ispek92
Мен ваще шеккен емес едім, әлі де шекпей келемін)
Marco
Ана түріктікі не ит әуре деп күлем ше))) Бірақ, әкесі өкпе рагынан дүние салған екен. Бейшара, содан қатты қорқып қалса керек.
abzalsariyev
Аллен Кардың әлгі атақты кітабын оқымадым. Бірақ, бұл кітапты оқып, темекіні қойып кеткен болатын. Кітап жайлы білерім: «Егер сен осы кітапты оқуды бастағанда темекі шеккің келсе, онда сол темекіңді шегіп отырып оқы. Мен саған Сен осы кітаптың 50%-ын оқып бітіргенше, темекі шегуді қойып кететініңе кепілдік беремін»,- деп келеді (примерно). Уоот, менің әлгі танысым бұл кітаптың 3/1 ғана оқып, темекіні тастап кетті! Темекіні қойдыруға септік бола алатын бірден-бір күш — осы кітап деп ойлаймын!
abzalsariyev
Бірақ, бұл кітапты оқып, темекіні қойып кеткен болатын.
дегеннен кейін
бір танысым
сөзі қалып қойыпты.
Marco
Әлдебір университеттің әлдебір профессоры, Жұрт неге темекі шегеді деген сұраққа жауап іздеп, соны өзінше тапқан күні лекция оқиды ғой. Сондағы идеясы мынау. «Темекінің диаметрі ана емшегінің диаметріне шамамен тең. Демек, анасын емген сәби өсе келе инстинктік деңгейде темекіні сора бастайды екен». Сол кезде, залда отырған студенттердің бірі тұрып:
— Ағай, сонда сигара шегетіндер не емді екен, — депті.
Профессордың не дегені есімде жоқ
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Осы пікір 2-ші рет жазылып жатыр ғүӘ
satibaldi
Тақырып атауы мен презент-сурет қаззақ интернеттері тарихындағы соңғы 10 жылда болған ең сауатты шешім
Marco
Жә, мұның бекер. Тақырып деп «Жыныстық қатынастарды» айт.  Шіркін, кімнің архивінде бар екен.
satibaldi
Шива куә: 30 қолданушының 25-і — минет туралы екен деп қалд, бесеуі — Marco ға не болған деп кірд
Marco
Халқым плүстеуге/мүністеуге ұялып отырған сыңайылы ғо
Ispek92
плүстедім брат жақсы жазылған, әсііресе тақырыбы
Ispek92
Шива анау Мортал Комбаттағы ма?
Marco
Жоға, біздің үйдің он екінші этажында тұратын біреу ғо. asaubota да таниды
omarbirat
Өзіме жарнама жасамайтындардан едім, мына жазбаға жауап екен деп қалдым

Тақырып бойынша:
Кітап оқуға уақыт болмай жүр. Әйтпесе, шынымен қоюға септігін тигізер ме еді…
aizhan
ал енді бұл кітапты басқа біреуге қалай оқыттыруға болады?)
Marco
Сатып алып сыйға бер. Бастысы желаниесі болуы керек.
asaubota
Айжан, мында кітапқа сілтеме қойдым. kerekinfo.kz/blog/osylaieken/4955.html

видеосын қарай салса да болады
dark_nazgul
Хехе. Кеше жүрегім ауырғанда «тошно қою керек екен» деп ойладым. Соңғы төрт күн үзіліс жасап жүргем, сол үзілісім ұзағынан болатын сияқты.
Менің бір жаман жерім, қасымдағы адам тартса, соған ілесіп кетем.
Marco
Ілесіп кететін әдетің болса, Аллен Карды оқып шығуды онан сайын рекомендеймін
Medium
Қыздар қалаған уақыттарында тастап кете алады. Ұзақ уақыт шекпей де жүре алады. Еркектердікіндей тәуелділік болмайды. Мына пікір де соның куәсі.
konvict
Соңғы кездері керекинфода тақырыппен тұзаққа түсіру көбейіп кетіпті )))))
dark_nazgul
ken
сонымен не болды, соруды қоя алдың ба?
Marco
Оқығалы жатсың ба?
dark_nazgul
Білмим әлі. Мынау інімнің кітап дүкенінде жұмыс істеп жүрген кезде түсірген суреті екен, кеше телефонынан тауып алдым.
Оқу керек, тастау керек. Басқасын қойшы, тіске обал…
MamaAya
))) Әдемі тақырыпты әдемі жазба екен. ))) Өзіме қажетсіз кеңес болса да, өзім темекі шеккен еркекті қойш, әйел баласына таң қалам. Қиналу да өтті, мастану да өтті, ерігу де өтті бастан тек 1 көргеннен кейін қайта сорып көрмеппін))) Көрмеймін де. Мүмкін, бұрын бір адамның «ең жек көретінім қыз баласы әдемі болып тұрса да темекі сасып жүргені» деген сияқты сөзі ме екен?! Сасығым келмей меее? Точно денсаулығыма бола шекпеймін дей алмаймын. Бірақ бір жиіркеніш бар әйтеуір темекіге деген. Жақсысы, біздің үйге жат қылық. Күйеуім де шекпейді, мен де!) Мықтымыз)
Daniar-Alan
1 көргеннен кейін қайта сорып көрмеппін
ыхаха
Marco
Не ғой, былтыр күзде Данияр Алан деген пенденің «Мә, бір штук» дегенінен кейін тағы да темекі шегіп кеттім. Тоғыз айдай шегіп, енді бір ай болды, қазір шекпеймін. Кітапты қайтадан бастан аяқ оқығам жоқ, әр жерінен шолып шықтым. Бәрі еске түсті. Тағы да қойып кеттім. Реально көмектеседі.
Пы.Сы. Ленин негізі осы кітаптың шығатынын біліп, алдын-ала айтып кеткен ғой — оқы, оқы және оқы, ептібайымайт
Daniar-Alan
былтыр күзде Данияр Алан деген пенденің
лібә бәле жап енді сол ))))))