Темекі түтініне қақалғанша...


Соңғы жылдары шетел ғалымдары темекі түтінінде 1200-ден астам әртүрлі улы зат болатынын анықтады.Оның 200-ден артық қоспасы химиялық, ал 50-і денсаулыққа аса қауіпті екендігі мәлімделген. Ал, онкологтардың соңғы съездерінде темекі денсаулықтың қаскөй жауы деп анықталды. Әсіресе, сигареттің соңғы үштен бір бөлігін тартқанда, адам ағзасында зиянды заттар ерекше көп түседі екен. Зерттеулер арқылы бұл үштен бір бөлікте көміртек тотығы 5 есе, бензопирен деген канцероген зат 4 есе, шырыш 3 есе никотин 3 есе, аммиак 46 есе көп екені дәлелденген. islam.com.kz


Деректерге жүгінер болсақ,өркениетті елдерде елдерінде темекі шегушілер саны жыл санап азайып отырған көрінеді. Дамыған елу елдің қатыра ену үшін біздің де ұрпақтың денсаулығы мығым, мықты болғаны жөн Ендеше, темекі түтініне қақалғанша,



салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға ат салайық, ағайын!
Бөлісу:

115 пікір

satibaldi
«Лениншіл жастың» 19 нөмірі жоқ па, папам туралы мақала шығып еді.
estetika91
БІз газеттердің пошивкаларын жинамайды екенбіз, кешіріңіз!
estetika91
Әкеңіз туралы жазылған дейсіз бе? Егер, сіз баласы болсаңыз сізде міндетті түрде болуы керек қой!
Beytanis
Темекі жайлы мағлұматтардан хабарсыз адам жоқ шығар, бәрі САНАҒА байланысты!!!
estetika91
Әрине, күнделікті БАҚ көздерінде темекі жөнінде материалдар жазылмайды емес, жазылып-ақ жүр. Барлығы да оның қаншалықты адам ағзасына зиян екендігін біледі, бірақ сонда да… Біздікі ой тастау мақсатында…
Beytanis
Дұрыс, насихат керек. Айта берсең бір пайдасы болады.
sigma
Ал, онкологтардың соңғы съездерінде темекі денсаулықтың қаскөй жауы деп анықталды.
Олар темекі тарпайды ма екен?
Дамыған елу елдің қатыра ену үшін біздің де ұрпақтың денсаулығы мығым, мықты болғаны жөн
Мәссаған, әлі кіре алмай жүрміз бе?
estetika91
))))))))) Іздей берсе, тырнақтың астынан да кірлер табыла береді…
Altygradus
Олар темекі тарпайды ма екен?
негізі дамыған елдердің дәрігерлері темекі шекпейді Ондайлар болса да өте сирек. Біздікілер ғой ол өздері де травяться, басқаға ақыл айтад сол түрлерімен
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 16:17
asaubota
енді коланың зияндары және Эмульгаторлар кестесін біреу жариялап жіберсе күшті болар еді.
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 15:27
estetika91
Оның да ауылы алыс емес!..
edige
Менің темекі шегетініме бола өркениеттен қалатын болсақ жаман екен…
Қала бере өркениетті елдерде темекі шекпейді деп кім айтты…
estetika91
Жақсы, жаппай темекі шеге берейік, одан ұтатынымыз не? Керісінше, экологиялық, эконимикалық, т.б. тұрғыдан ұтыламыз емес пе?..
edige
Мен ақтап отырғаным да жок. Жақтап та. Үлкен мәселелер тұрғанда ол майда-шүйде. Темекінің сыртына да жазып қойған ӨЛЕСІҢ дегенге келтіріп… Сіз мұнда 2800 пост арнасаңыз да сол шегіс сол шегіс… экология мәселесі ол бөлек: Ұзын трубадан шығып жатқан зауыд Фабрика, кептелістегі көліктерді тоқтату керек… Адамзат арбамен жүрсін...Әбдірәштің есіктің артында шегіп отырған темекісінен қала уланып жатқан жоқ.
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 15:46
sigma
Өлесің деп жазбау керек, Шылым шегу импотенцияға әкеледі деп азу керек
asaubota
ондайды да көргенбіз. Молдоваға барғам бір жылы, сонда Украинаның темекілері екен. сырттарында сөйтіп жазылып тұр. шеге бердік
estetika91
Шын ба? Тұп-тура "Өлесің!" деп жазып қойыпты ма?)))))
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 17:58
asaubota
импотент болуың мүмкін деп та
AKY
Хахол шылымдарының сыртындағы жазба: «Курці помирають рано»
estetika91
Адамзат арбамен жүрсін дейсіз бе? Көлік экологиясы ол өз алдына...Әбдірәштің есіктің артында шегіп отырған темекісінен қала уланып жатқан жоқ дейсіз, сол Әбдіраштар өзіне ғана емес, өзгелерге де зиян келтіріп жатқан жоқ па?! Тіпті, ЖОО-ның даңғрадай-даңғарадай аудиторияларына шылым шегіп, қалдығын тастап кете беретіндер кездеседі… Бұл қандай мәдениеттілік, өркениеттілікке кіреді сонда?
edige
Жерге түкіру, сімгіру, ел алдында мұрын шұқылаудан мәдениетсіз нәрсе жоқ… оны да көріп жүрміз қоғамда.
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 16:12
estetika91
Сол… біз қайда кетіп барамыз өзі?!
direct
Сол… біз қайда кетіп барамыз өзі?!
Әрине 2030-ға)))
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 11:58
estetika91
)))))) Жарқын болашаққа қарай ма?
direct
жоқ, сол жылға қарай)))
asaubota
зиянсыз нәрселердің тізімін де жазыңызшы. тек олай өмір сүру үшін ауылда тұруымыз керек болмасын.
Gamk
Біттің @аsаubоtа. )))
Импотенция әкеледі дегенге қосыламын. Өйткені темекі шегу ұрықтың қозғалғыштығын 20% төмендетеді дегенді оқығанбыз. Шеге бересің, шеге бересің… Сосын бір күні жатасың келіншегіңнің қасында темекі шегееееп. Жақсы емес қой ондай.
estetika91
… Сондықтан да… Темекі шегушілердің көңіліне келіп қалмасын!
konvict
Өкпеге күтім керек, ол үшін түтін керек. Айтыңдаршы, ысталған ет көпке шыдай ма, әлде жас ет көпке шыдай ма?
Пікір түзетілген: 4 шілде 2011, 18:09
estetika91
Сонда өкпені темекі түтінімен ыстауды ұсынып тұрсың ба?
konvict
Немен болса да ысталған еттің аты ысталған ет қой
Gamk
Абай, мәселе немен ысталғанында. Сосын адамның өкпесін тамақ қылмақсың ба? ))))
konvict
Мен тамақ қыламын деген әңгіме айтқан жоқ секілді едім
Gamk
Ысталған еттің тамақтан басқа кәдеге асарын білмеппін Абайжан))))
balzaminka
Темекі демекші, иісіне, түтініне реакциям бірқалыпты да, ал сыраға келгенде бас ауру деген басталады. Өмірімде осы сыра дегенге шыдай алмаймын. Он үш жасымда мамам сестрамның құрбысының аға-сіңлісіне қосып Ленинградқа жіберді демалуға. Үш күн жол пойызбен. Пойызға отыра салысымен ағасы сыра ішуді бастады. Тар купенің іші сасыды енді, айтары жоқ. Қарындасы үндемейді, мен айтшы деп қоймайм, бәрібір. Содан бір станцияға келіп тоқтағанда сатып алған бар сырасын алдым да перронға шығарып тастадым. Ұрғысы келіп қолын көтеріп келе жатыр еді, үйге келгесін ағама айтам деп бақырайып бетіне қарап едім, жым болды. Содан мен жүрген жерде я арақ та, я сыра да ішпеді. Келгесін үйіндегілерге ана қара қыз бәле болды деп айтыпты
AKY
пибінің перегары жалғанда қатты дейді ғой
konvict
Пибінің исі бозаға келеді. Дәмін білмедім.
balzaminka
боза деген не?
AKY
ұлттық әрәқ
balzaminka
неден жасалады?
AKY
бидайдан шығар.
konvict
Боза — түркі тектес халықтың ішетін сусыны(бірақ, сұйық емес) Бозаны жүгеріден жасайды. Алдымен жүгеріні майдалап бөлшектейді. Оны сақ жасау деп атайды. Сол сақты сосын бұқтырады. Кейін оны сүзеді. Кейбірі бозаның күшін арттыру үшін бидай қосады. Очм, жұмысы көп оның. Баяғыда нағашы апам істеуші еді. Жаңадан сүзіп алынғанын, су қосылмағанын дегелек деп атайды. Уот, сол дегелек өте керемет
AKY
алқаш
meirzhan
Пяншік деген жақсырақ естіледі
meirzhan
"Қазақ арақты орыстан үйренді. а так ішпейтін халық деуші" еді. қымызға қоса боза да бар екен-ау.
estetika91
Жиырма жылдан аса өмір сүріп осы темекі, мен алкогольдік өнімдер десе кірпідей жиырылам да қаламын… Тәрбие солай болды ма, отбасымызда ешкім мұндай зиянды әдеттерге әуес емес. Жалпы, екеуі де адамды түбі жақсылыққа апармайды ғой.
estetika91
Темекі бітіп, тақырыпты араққа ауыстырдық па?))))))))))))))))
edige
Бұлар туысқан ғой… Егіз десе де
Gamk
Жапондар сакэсін күріштен жасайтын ба еді?
edige
ішем деген адамга дауа жоқ екен дә…
Gamk
Енді насыбайды айтсаңдарчы трио болсын.
estetika91
Дуэт аздық етеді, три болсын дейді ғой Нұрлан мырза, қалай ойлайсыздар достар?..
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 11:36
edige
Бар ма? Орасай…
estetika91
Өзім ешқашан жолап көрмеген екенмін… Инеттен тек суретін көрдім. Ал, өз көзіммен ешқашан көрмеген екенмін. Көргендердің айтуынша, бір ащты ма сондай бір… дәмі болады екен өзінің
estetika91
Мақалаға минус қойғандар (-) солармен дос болу керек. Ал,(+) қойғандар олармен қас солай ма? Қызық екен! Ашық шайқас алаңы… ))))))))))))))
a63a1
Көргендердің айтуынша
ыххххх көзі көрген ата-әжелеріміз барма екен?
estetika91
Ата-әжелер емес, балалар айтады соны қолданып көрген…
Abilakim
Бала кезімде үйге келген кісілердің темекі тартып тұрғанын көрдім. Иісі ұнап қалды. содан үлкендердің көзін ала беріппашкіден бір тал темекіні жымқырып алдым.Қораның артына барып тартып тұрғанымда әжем ұстап алып екі қолымның сыртын күйдірген ізі әлі бар.содан тартпай кеттім.Әскерде бір-екі рет тартпақ болып ем, болмады)))
estetika91
Дұрыс жарайсыз! (Бұл сөзім темекі шегетіндердің намысына тиіп кетпесін) Темекі шегетіндер жанындағыларға 2 есе зиян келтіреді дегенді естігенім бар еді…
Abilakim
мұрныңыздың тесігіне екі филтір тығып алып отыруыңызға не кедергі?
estetika91
)))))))) Алла, ол не нәрсе тағы?..
omarbirat
Деректерге жүгінер болсақ,өркениетті елдерде елдерінде темекі шегушілер саны жыл санап азайып отырған көрінеді.
Дерек қайда екенін көрсетіп жіберсеңіз, сенер ме едім.
estetika91
www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/ мына сілтеме бойынша қарасаңыз болады.
omarbirat
НОВОСТИ деп тұр, астында — бос парақ…
estetika91
www.ncgp.kz/index.php?... — Сохраненная копия
Мен барлықтарықызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын.… Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми ...
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 14:33
estetika91
PDF] Шекарадағы шырғалаң өзбек пен қырғыздың қақтығысына ұласып жүрмей ме
www.alashainasy.kz/userdata/.../c47c9f1ac613be475c5dcade778aed86.pdf
Формат файлов: PDF/Adobe Acrobat
1 Мау 2010 – бауырлас елдер арасында қандай да бір… әлемдік өркениеттің шыңына шыға алмайды ..... өңдеп, талдап, деректер базасына енгі-… орындарда темекі шегушілерге қарсы. 129 рейд жүргіздік. Рейд нәтижесінде…
omarbirat
Түк түсінбедім
asaubota
темекі зиян дейді обшым
edige
Шекарадағы шырғалаң өзбек пен қырғыздың қақтығысына ұласып жүрмей ме
www.alashainasy.kz/userdata/.../c47c9f1ac613be475c5dcade778aed86.pdf
Формат файлов: PDF/Adobe Acrobat
1 Мау 2010 – бауырлас елдер арасында қандай да бір… әлемдік өркениеттің шыңына шыға алмайды… өңдеп, талдап, деректер базасына енгі-… орындарда темекі шегушілерге қарсы. 129 рейд жүргіздік. Рейд нәтижесінде…
Сонда олар темекіге бола қырылысты ма?  түсінбесем бұйырсын
Altygradus
Сонда олар темекіге бола қырылысты ма? түсінбесем бұйырсын
мен де сол жерін ұқпай қалдым, темекінің қатысы бар
estetika91
Олар темекі үшін қырылыспаған, бірақ, темекі шегуге қарсы рейдтің жүруі жөнінде айтылады.
saken
біздегі темекі өндірушілердің 100 пайызы өркениетті елдердің өкілдері екеніне не айтсақ екен?
asaubota
менде де бос парақ шығып тұр, Новости деген

соған қарағанда бос әңгіме ау деймін )
estetika91
RUS — Мажилис Парламента Республики Казахстан
www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/.../2/1 — Сохраненная копия
9 Қар 2010 – қана қоймайды, Темекі зауытынан түсетін пайдаға малданбау керек… темекі өнімдеріне салықты көтеру темекі шегушілердің санын қысқартып… Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық деректеріне сүйенсек:… Көптеген өркениетті елдерде балаларды медиазорлықтан қорғайтын арнаулы заңдар бар. .
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 17:01
direct
медиазорлық
мұндай зорлықта барма не???
edige
Біреуді медиазорлап кетіпті дегенді естімеппін…
estetika91
ЖАзылған емес пе, ендеше…
konvict
Мында темекі шекпейтіндерге арналған колледждер туралы жазылыпты www.lungusa.org/about-us/our-impact/top-stories/find-tobacco-free-colleges.html
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 19:39
direct
Темекінің зияндығын жазамын деп, өзіңізде жазу жағынан зияндалыпсыз))
Мына постты пікірлерімен қосып оқып — темекі шеккеннен беттер бас аурыпкетті)))
Beytanis
Бәрі санаға байланысты.
direct
темекі шегетін «сана», темекі шекпейтін «сана»...
Beytanis
Бәрі санаға келіп тіреледі. Әйтпесе, ненің зиянды, ненің пайдалы екені айтылып, жазылып жүр ғой армансыз.
direct
Айтпақшы, Бейтаныс керектес, САНА туралы бір пост жазжіверсең зор болар еді!
Beytanis
Сана — әркімнің жеке әлемі, оған менің не басқаның айтқаны жүрмейді. Пост ашудың қажетін көріп тұрғаным жоқ, бәрібір туалетке айналады.
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 17:36
estetika91
Әрине, санаға байланысты. Жақсы, мұнда қайта-қайта шайқас өткізбей осымен тоқтатайықшы! Әркім өзі білсін! Электронды поштама керекинфодан келген хабарламалар толып кетті…
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 16:56
Gamk
Алқам-салқам, түтік тартқан қыздарға,
«Тіфу» деумен түкірігім таусылды.
/Жұматай Жақыпбаев/
estetika91
Темекі шегетін шөпжелкені сүйген сабаз бейне бір күлсалғышты жалағандай…
(Антон Чехов)
Пікір түзетілген: 16 шілде 2011, 21:03
estetika91
Егер темекі шексеңіз, шеге беріңіз! Ол сіздің өз құқығыңыздағы дүние...Мен әсіресе, қыз балалардың темекі шегетіндеріне қарап жаным ашиды, шыны керек! Қарным ашады…
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 17:00
omarbirat
Ал мен темекі шекпейтін қыздарды көрсем, шөлдеймін. Тіпті біреуіне үйленіп алғанмын
estetika91
)))))))))) Жақсы болған екен! Қайта сіз бақыттысыз сондай қыз алып отырған!
Бұдан былай міндетті түрде өзіңізбен 1,5 литр су салып алыңыз, темекі шекпейтін қыздарды көргенде абыржымай суыңыды іше салатындай,әйтпесе қатты шөлдееееееееееп кетуіңіз мүмкін!))))))))))))
Пікір түзетілген: 5 шілде 2011, 17:26
meirzhan
«А-ля Эстетика деген эстетичный стильдегі әзіл» деген жанр.
Gamk
Ысталған етті айтқан Абай інім есіме оралды ))))
konvict
Шынында да неліктен?
meirzhan
"Қарным ашады" деп әдетте азсынғанда айтпаушы ма еД.
estetika91
Бұл тіркес сіздің сол нәрсеге көңіліңіздің толмай тұрғандығын да көрсетеді.
meirzhan
Тақырып та, пост та біраз «наивный» болып көрінді. Бірақ еске салып тұрудың айыбы жоқ деп ойлаймын.
estetika91
Ешкім «идеалды» емес қой…
meirzhan
жауапты таба қоясыз осы.
Gamk
Жігіттер, атпаңдар насыбайды,
Нас атсаң нас боласың басыбайлы.
Тіпә деп желге қарап түкіргенде,
Тезектей бес-аузыңа шашырайды.
_
Жөн емес отыруда шылым тістеп,
Оны да қолданбаңдар қолайлы іс деп.
Түтінін өз ойымша ұқсатамын,
Арттан шыққан арам желге шыққан піш деп.
/Тұрмағанбет Ізтілеуов/
Gastarbaiter
Кейін темекі шегу тұқым қуалайтын болады. Сәбилер арнайы темекі шегуге арналған выхлоп шығаратын түтікпен туылады.
Ottegin
«Никотиннің бір тамшысы жылқыны жазым етіп, суырды жыртып тастайды, еу, жамағат, темекі шекпеңдер»,- деген Қожекеңнің уағызындай екен
Gamk
Әкесі баласына темекі шеккені үшін ұрысуда:
— Әкеңаус..., темекінің зиян екенің білесің бе сен?! Никотиннің бір тамшысы жылқыны құлатады.
— Түсіндім әке.
— Нені түсіндің?
— Жылқыға темекі беруге болмайтынын.
konvict
Есіме мышыққа насыбай иіскеткен түсіп кетті
meirzhan
Тақырып темекі туралы болып еді ғой.
konvict
Есіме үйдегілерден тығылып аттың несін орап шеккен түсіп кетті
meirzhan
Тақырып пибі туралы болып еді ғой.
konvict
Тақырып темекі туралы болып еді ғой.

meirzhan
07 шілде 2011, 13:13Жауап жазу

0
meirzhan
Пибі туралы да айтасың ба деп едім. қалжың ғой. менің сәтсіз қалжыңдарымның бірі.