Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік

Алған әсерлер шексіз десем артық айтпаған болармын. Мүлдем басқа мәдениет, мүлдем басқа менталитет… Амман деген астаналарына келдім, 4-5 қаласында болдым.
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Танысу
Үйге кірсем, бәрі қаздай тізіліп, орындарынан тұрып қарсы алды. Баттасып боянған және ірі денелі болғандықтан ба, қара хиджабта кексе тартқан 3-4 әйел-ау деп ойлағаным жас қыздар болып шықты. Мамасын солардың ең үлкен әпкесі деп ойлаппын. Сонымен, аттарын айтып, біздегі Шымкенттің қыз-әйелдерінің амандасуы сияқты қолдарын беріп амандасып, танысып болдық. «Жасмин» дегеннің «Ясмин» деп өзгертілгені болғандықтан содан басқа бірде-бір ат есімде қалсашы. ))) Сол және тағы басқа қосылған аттарды бірнеше күн бойы «анандай киген қыз, мынандай істеген ұл» деп, шартты бірдеңелермен ұқсастырып айтып жүріп, жаттап, үйрендім-ау, әйтеуір. Қыз-келіншектердің аттары: Абрар, Тамадор (біразға дейін «Тамагор» деп жүрдім)))), Мәляк (оны «Мелек» деп), Ду'әa, Баә'на, Эфнәа'қ, Зеена, Ясмин, Әридж, Сузанна, Ханейн… Ер адамдардың аттары: Омар, Махер, Әнас, Шәди, Тарик…
Иорданияда монғолоидтық түрлер сирек кездеседі, яғни, келушілер аз. Содан көшеде бәәәәрі саған тесіліп қарайды және «Хай!», «Халло!», «Уэлкам ту Джордан!», «Ар ю Кореан?», «Ар ю Малейжан?» деген сияқтыларды айтып ер адамдары айқайлайды. Бұл өзі бір қызық сезім болды: біздің елде жүрген африка, афро-американдықтардың күйін бір жақсылап түсінгендей болдым...))
Той жасау ерекшеліктері
Қыз ұзатыларда қыз-келіншек, бала-шағаларды шақырып, арнайы пати жасайды екен. «Девишник» сияқты. Ол патида ер адамдар БОЛМАЙДЫ. Ислам дініндегі жас қыз-келіншектер сыртынан киіп келген хиджаб, плащтарын шешіп, мини юбка, ашық декольте, қысқа жеңді біздің патилардағы сияқты киімдермен қалады. (Мен де қызық көріп хиджаб киіп бардым. ))) Ол хиджабымды қайтарда қалыңдық киіп қайтты.))) Шаш үлгісі деген енді бастарында айқайлап тұрады, макияж дегені — көздің жанына қап-қара бояумен сурет салынады. Қалыңдық сол патида патилық киімін 3 рет ауыстырып киді. 90-дарға келіп қалған бәйбіше-әжесі де келіп (бұлар бәйбіше-әжеден тарайды, ал тоқал-әжесі келе алмады), сол жерде алдыңғы қатарда отырды.))) Жас айырмашылық жоқ, жасы-кәрісі — келе алғанының барлығы келді…
Ұлттық аспаптары — барабанда өздері ойнап, айқайлап өлең айтып, айналып жүріп билейді. Оларын африкандықтардың дәстүріне ұқсаттым. ))) Барабан тартқаннан қолдары ауырып қалған қыздар басқаларына беріп, ауысып-ауысып тартып отырды.
Тойға келген қонақтар соған қоса, араб, Египет музыкасын, әндерін қосып, Шығыс биін, арасында белли-данс билейді (кәсіби емес). 1-2 рет ГАНГНАМ СТАЙЛДЫ қосып биледі.)))
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Ұзатылатын қыз төрде тақ сияқты қойылған орындыққа отырып, анда-санда демалып алады. )) Ал қонақтар қатар, ретпен қойылған орындықтарда концерт көруге келгендей қаз-қатар тізіліп отырады (Алматыдағы Жастар театрының орындықтарын елестетті))). Еееееең бір қызығы, ол жерде тамақ берілмейді, стол қойылмайды. ))) Мені қатты таң қалдырған нәрселердің бірі болды бұл. Бар болғаны күйеу-бала жақтан келген әйел-туыстар табаққа салып алып келген тәттілерді, түтігі бар кішкентай тетрапактағы тәтті сусындарды таратады. Болды.))
Бір кезде қайдан екені белгісіз, темекі түтінінің иісі шыға бастады. Кейбір әйел адамдар даладан тартып кірген екен ғой деп ойлап, жан-жағыма қарасам, бір орта жастағы хиджаб киген әйелдер баласын алдына алып отырып, темекіні тартып отыр. Бұл мені таң қалдырған келесі көрініс болды…
Айтпақшы, түріктердің ұлттық биіне ұқсайтын, айналып секіріп жүріп билейтін Иордан биі де бар екен. Оны да биледіК. ))) Қызық бірақ тактілері. )))
Бала-шаға біздегі сияқты жүгіріп ойнап, асыр салды…
Енді тойдың өзіне келейік. Алдымен қыздың барлық туыстары қыздың үйіне жиналады. Содан, әлгі айтқан барабандарын соғып, айналып билеп,өлеңдерін барабанның аккомпонементімен айтып, тойларын үйде бастайды. Үйдің қонақ залы адамға толып кетсе де, күйеужігіттің туыстары қосылып, барабандатып билеп, ән айтады. Бұл тек әйелдер ғана. Дәл осы кезде ерлер есіктің алдындағы аулаға жиналып, құттықтап жатады. Содан кейін барлығы көлік-көліктерге отырып, қаланы дабылдатып, той залына бет алды. Қонақтардың жалпы жиыны 400-дей болды…
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелікТой залы 5-інші қабатта екен. Есіктің алдына жиналған жұртты кернейлетіп-сырнайлатып, суретке-видикке түсіріп, жалданған персонал қарсы алды. Сол жерде еркектер билеп, күйеу-жігітті бастарына көтеріп алды. Бұл 20-25 минутқа созылды. Содан соң бәрі ішке лап қойды: бірі лифтпен, бірі баспалдақпен кезекке тұрып, көтеріліп жатты…
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелікЗалдағы той бәрі тура патиды айтып кеткен секілді, бірақ бұл жерде біздегі кейбір кафелердегі сияқты 3-4 персоналық дөңгелек столдар, төрде қыз бен жігітке арналған жұмсақ диван тұрады. Тағы бір қызығы, ерлер бөлек, әйелдер бөлек той жүргізеді екен.)) Бұл залдағы қонаққа қызмет көрсетушілер филиппин қыздар болды. Ерлер залында кім қызмет көрсеткенін, олар қалай тойлағанын білмеймін — маған ол жаққа өтуге рұқсат болған жоқ… ))
Той жас жұбайлардың биі, торт кесу, дөңгелетіп алып келген столдың үстіндегі табақ толы алтынды (алқа, білезік, сақина, сырға — күйеу-жігіттің қалыңдыққа сыйлығы) күйеу-жігіттің қалыңдыққа тағуымен ерекшеленді. Тура патидағыдай, 1-2 рет «Гангнам стайлды» қосып, қалғаны шығыс билерін ерінбеген жұрт биледі. Бұл жерде ешкім хиджабын шешкен жоқ. Бірақ қалыңдық ақ той көйлегінде болды. Күйеу-жігіт қажетіне қарай біресе еркектердің залында, біресе әйелдердің залында жүрді. )) Ең соңында, қалыңдықтың еркек туыстары кіріп, кезекке тұрып, жас жұбайларды құттықтап, маған түсіндіргендей, оларға «ақыл-кеңестерін айтып», фотоға түсіп, кетіп жатты. Сол ер адамдар кірердің алдында қалыңдыққа ақ хиджаб кигізіп, басын жапты. Той біткен соң, қалыңдықты күйеу-жігіттің үйіне апарып, ерлер жеке бөлмеде келіссөздер жүргізді. Біз қыздар жағы басқа бөлмеде оларды күтіп отырдық. Жалпы, 2-нші қабатты соларға беріпті: жатын бөлме, қонақ бөлме, жуынатын кабинасымен жуынатын бөлме, тамақ әзірлеп, тамақ ішетін бөлмелерін аралап шықтық. Бәрі қазіргі заманға сай жабдықталған, жиһаздары замануи екен...)))
Айтпақшы, тойларында ешкім тост айтпайды. ))) Біздегі тойларда тамақ жейтін едім деп айта алмаймын, бірақ столда алдыңда ас тұрмаған қызық болады екен. Тойды неге тамақсыз жасайды дегенге алған жауабым, егер тамақпен жасаса, ол жақтағы қымбатшылыққа байланысты, барлық шығындарының көлемі 50 мың АҚШ долларынан асып кететін көрінеді…
Пати да, той да кешкі 8-ден түнгі 11-ге дейін жалғасты.
Басқа қызықтар
Фотоға және видикқа кей жерлерде түсіртпеді...((
Амандасқандары мен қоштасқандары қызық: 1 рет оң жақ беттен, 3 рет қатарынан, 2 реттен кейін паузамен, сол жақ беттен сүйеді. ))) Иорданияда ғимараттарды Сауд Аравиясындағы сияқты ақ тастан ғана салуға рұқсат береді. Сары, бәрі бірдей салынған үйлер, ғимараттар. Басқа құрылыс материалдары тым аз. Түркменстан сияқты, бұнда да Опера және балет театры жоқ.))) Үйлері 2 қабатты, баспалдақтары мәрмәрдан салынады. Орталық жылыту жүйесі тым қымбат болғандықтан, орта және кедей тап өкілдерінің үйлерінде ол жоқ, сәйкесінше үйлері сондай суық. Қатееееп қалдым. ))) Темпераменттері жоғары халық: музыкасы да өздерінің темпераменттеріне ұқсайды, айқыш-ұйқыш болып көшелері де.))) Барлық жерде темекі тартады: үйде, офиста, супермаркетте, үлкен моллдарда (сауда орталықтарында). Мысалы, саяхат агенттігіне кірдік. Клиент темекі шегіп отырып, сөйлесіп отыр. Темекісінің тұқылын өсіп тұрған үй өсімдігінің астына тастай салды. Ол жерде басқа да темекі тұқылдары жатыр. Офистің ішіне сіңіп қалған темекінің иісіне шыдай алмай, сатылар жаққа қарай шығып кеттім… Соған қарамастан дәретханалары тап-таза, барлығында дәрет алатын шлангтері бар. Жасы бар, кәрісі бар, кальян тартуға құмар екен. (Осы темекі мен кальянды түсінбедім: исламда «кумарить» ететіннің бәрі харам саналса, бұлар неге джайыз саналады?...). Кальян тартатын «кафе-шоптар» әр аттаған сайын кездеседі. Көбі Қазақстан туралы ештеңе білмейді…
100 АҚШ доллары 70 Иордания динарына тең. Бензин 1,5 АҚШ доллары тұрады. Екітілді ел: араб және ағылшын. Ағылшынша жақсы біледі деп айта алмаймын, бірақ бір жанұяда 1 адам сөйлей алуы мүмкін. ТВ арналары аралас, біразы араб, біразы ағылшын тілінде. Өзара арабша сөйлеп кеткен кезде, біздегі шетелдіктердің жайын түсінгендей болдым: түсінбей ауыздарына қарап отырасың… ))) Елде қауіпсіз болғанмен, ешкім мені көшеге жалғыз жібермеді. Сол үшін еркіндікті сезіне алмадым. Маған түсіндіргендері бойынша, бұл шетелдік қыз бала ретінде маған қауіпті екен.
Қыздары мен әйелдері еркін. Келіндерін қыздарындай еркін ұстайды: үйде не істесе де өзі біледі және келін барлық қайындарының көзінше күйеуіне қарсы шығып, ұрсысып отыра беруі қалыпты жағдай. Қыздар жағы ұлдар жоқта қатты еркінсиді: онысын «девишниктен» бастап көрдім — қатты шулап, қалжыңдасып, арасында жаман сөздер де қосып дегендей, айқайлап күліп… солайша басқа біраз сөздермен қатар, арабша бір ұятсыз фраза үйрендім )))
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелікБәйбіше мен тоқалдан тарағандықтан, туыстары сондай көп. Кейбірі Джераш деген көрші қалада тұрады екен. Сол туыстарын аралаймыз деп кедей туыстарының кедейлер тұратын кварталына да бардық. Сол кезде тоқал-әженікіне де соқтық. Тоқал-әже бір аспаз ұлының жанұясымен жұпыны тұрады екен. Жас кезінде әдемі болғаны білініп тұр: әппақ, тіп-тік денелі ақ жаулықты әже екен. Көзін тіктеп маған да бір таң қалып қарап қойып отырды. Үйі қисық-мисық, қалай болса солай салынған, іші ескі заттармен, жиһазбен көмкерілген бір үй екен. Үйден ескі иіс шығып тұрды. Радиодан арабша сөйлеп жатты. Мен бір құдды соғыс кезіндегі бір үйде отырғандай сезіндім өзімді. )) Жұпыны киінген келіні минт қосылған шәй алып келіп таратты (айтпақшы, шай араб тілінде де шай екен). Әй бір он шақты үйге кіріп шыққан шығармыз. Кейін сол қаладағы бәйбіше-әженікіне қайтып оралдық. Ол кісі де біздегі апалар сияқты мені ширақ кезімде ал, бейнетімді ұл-қыздарыма көрсетпе деген тілеумен отыр екен. ))) Қазіргі жастар тоқал алмайды екен, алғысы да келмейді екен: басты себеп, тоқал алу қымбат тұрады...
Бөлісу:

70 пікір

Tyulpan
cut-ты басқам, бірақ өзгермепті… видеоны да қоса алмадым...))
ken
Қалыңдық он жасар қыз сияқты.
mankobai
Қызық екен! Ал тойдың әйелдер залы видикке түсірілді ме?
Tyulpan
иә, тойдың әйелдер залы видикке ресми түрде түсірілді. бірақ ол тек өздеріне естелік ретінде ғаа болуы керек, өйткені ол жерде еркек туыстары кіргенше қалыыңдық басын жапқан жоқ қой… мен бізде ол қалыпты жағдай болып есептелетіндіктен кейбір жерлерін видеоға түсірдім )))
mankobai
Сізге рұқсат етті ме? Қызық… Мына жазбаңыздағы қалыңдығының суретін көріп, күйеу жігіт ренжіп жүрмесін! )))… Мені таң қалдырып отырғаны, сыртта бастарын жауып жүріп, ал өздері отырғанда (әйелдер) фото, видеоға түсе беретіндіктері. Оны көріп қояды-ау деп қорықпайды екен, я? Тағы бес тонна бояуларын қосып қойыңыз! Масқара! )). «Фотоға және видикқа кей жерлерде түсіртпеді...((» дегеніңізді ашып жаза кетсеңіз.
Tyulpan
түсіруге рұқсат болды, бірақ жариялауға рұқсат болған жоқ. қалыңдыққа «бізде қалыпты жағдай саналады, біраздан соң алып тастаймын», деп қайта-қайта сұрап жүріп, келісімін алдым… ))

Фото, видикке бастары ашық кезде түсірсең де, ешкімге көрсетпе деді. тыйымдары көп болған соң түсіре беруге желаниең де кетіп қалат кен… жалмаңдағандай, түк көрмегендей болмайыншы деп өзім де бас тарттым… оларға мен экзотика болып, бізде біреулер афро-американдықтармен фотоға түсіп жатады ғой, сол секілді менімен түскендеріне мяяяяяз болған жерлері де болды
Sashok
Сұрақ: қыз нешеде?
Tyulpan
қыз 26-да ))) қалыңдық пен күйеу-жігітті көргенде, қалыңдықты оған бергім келмей, бір түрлі қызғанғандай болдым. кейін еее жақсы жігіт сияқты деп ойлап, беруге көндім )))))
Adiletshu
Жігіт қаншада?
Tyulpan
жігіт те сол шамалас. екеуі де ИТ саласында жұмыс істейді ))
kokbori
арабша бір ұятсыз фраза үйрендім )))
бөлісе кетіңіз, көп ешкім түсінбегесін аса бір ұятсыз бола қоймас. Кейін түсіне береді ғой
Tyulpan
қинадыңыз-ау )))

… бәйбіше-әженің үйіндегі бір немере-қызы басқа бір немере-қызға "үлкендер шәй сұратып жатыр, подноспен апарып берші" деп еді, ана қыз «бармайм, өзің баршы» деді. сүйтсе, жаңағы жұмсаған қыз жаңағы ятсыз фразаны айтты да бәрі қатты күлді. мен ол фразаны түсінбеймін ғой, қайталап едім, одан сайын күлді. «аударып беріңдер» деп едім, «жоооқ-жоқ» деп, күлулерін жалғастыра берді. мен айттым "қазір онда үлкендерден сұрап келейін" деген кезде, «жооооооооооооқ, сұрама, өзіміз айтамыз» деп аударып берді. ))) содан есімде қалды. )))
Zilola
Сұрақ: ол тойға қалай тап болдың?
Erkekyz
Маған да осы сұрақ қызық боп тұр. Түсінуімше қалындық Тюльпанның коллегасы.
Естімеген елде көп, қызық екен бірақ)))
Tyulpan
Еркеқыз, шынында да сондай қызық болды. көөөп-көөөөп адамдарды көрдім, таныстым. мен үшін экзотика болды. тағы бір достарының тойына да бардым. қонақжай екен өздері...))) қонаққа шақырып, үйге қонып кет деп айтады. )) бәрі келісіп алғандай «енді қашан келесің? тағы кел» деп )))) мен оларға экзотика болған соң айтып тұрған шығар деп ойлап қоям )))))
Tyulpan
ол ұзаааақ әңгіме. ал қысқасы, Қазақстанда жұмыс істеген бір иордандық жанұямен араласатын едім. күйеуінің туыстары ))
ruben
Араб елдерінің кей салт-дәстүрлеріне қарасам,
сеніміңе қарай тура өмір салтын құр, әйтпесе (біршама уақыттан кейін) өмір салтыңның туралығына илана бастайсын
деген я Хз Али, я Хз Омарға тиесілі сөз (нақтысы есімде жоқ) тілімде орала беретіні бар.
Aikona
Қалай тап болып жүрсің? Жақында Иордания әйелдері туралы бір кітап оқып ем, әйелдерін қатал ұстайды. Еркекке тура қарамайды, қыз боп туылу күнә деген сияқты.
Tyulpan
мен ол жерде тұра алмас едім. общепринятый тыйымдары көп… мен тойға барғанда «аяғыңды көрсетпе, иығыңды көрсетпе» деп, сыртымнан «пальто ки, сонда көрінбейді» деп, свитерге әзер көндірдім. оның өзі бір түрлі де коктейль-дреспен ))))) мойны жабық болсын деп водолазканың сыртынан көйлек киіп, оның сыртынан хиджаб кию оларда қалыпты жағдай.

ортақ қалыптасқан ережеге бағынғанымен, қыздары сөйте тұра еркін. ешқандай "қыз боп туылған күнә" деген жоқ. бір үйде 10 қыз бар үйді көрдім. бәрі кәдімгідей адам сияқты еркін өмір сүруде: бақытты, мәз-мейрам…

біздегі Оңтүстік Қазақстандағы сияқты олар да ер адамның көзінше өздерін басқаша ұстайды. ал күйеуіне қарсы келе береді, яғни тең дәрежеде. мен, тіпті, кей үйлерде күйеуін әйелі басқарады ма деп те ойлап қалған кездерім болды. уопшым, жанұяға байланысты...))
Gastarbaiter
Күйеуіне қарсы келе береді
«Рахат» деген сөзді айта жаздап, айта жаздап қалып отырған сияқтысың ғой)))
Неғұрлым қатаң ережелер бар жерде, адам екіжүзді болады)))
Tyulpan
Гастарбайтер, мен тек көргенімді жеткізушімін )))  және де байқауымша, оларда ереже бұзушылық көп сияқты...)))
Tyulpan
содан кейін мына бір көрініс есімде сақталып қалды: машинамен сән салонына келе жаттық. алда отырған әйелі күйеуіне ұрса бастады (Қазақстанда тұрғандар емес. Иордандықтар, бірақ Сауд Аравиясында тұрады екен). күйеуі де жауап қайтарып отыр. бірақ әйелінің даусы қаттырақ шығып жатты. арт жақта күйеуінің қарындастары және мен отырмыз. олар ана әйелге басу айтып отыр, әйел болса тоқтар емес. қатты ашулы. содан салонда отырғанда да біразға дейін ашуы басылмады. не шін ұрсысқандарын сол күйі түсінбедім. бірақ күйеуін аядым — маған онікі дұрыс сияқты болып көрінді. жалпы, әйелі эмоциялы болып шықты… тағы бір келген ой, бізде немесе мына Қытай, Жапония, Корея сияқты елдерде бөтен адамның көзінше немесе жалпы өзін өзі ұстау (сдержанность) деген бар ғой, бұлар шынында қызуқанды, шулы болып келеді екен деп салыстырумен болдым…
ruben
Араб, түрік, күрді, жалпы, Таяу Шығыстықтықтарды қызуқанды дей алмас едім. Әдептіліктің жетіспеушілігінен өзін ұстай алмайтын болар десек жөн. Оларда махрем, меншіктілік деген ұғымға қатты мән берілсе де, «бөтен мекен, бөтен адамдар-ау» деген түсінік жетік қалыптаспаған, имхо. Ағайындардың балалары, әрі кетсе бір әулеттің ішінде өзара үйленіле береді. Бір-бірінен соншалық еттері үйреніп кеткендіктен болар, қысылу дегенді білмейді. Кәмелетке толғанға дейін (алыстан) немере аға/апа қарым-қатынасында, толғаннан кейін ерлі-зайыпты. Өздері по ходу психологиялық тұрғыдан кей ньюанстарды чухатьтай алмай қалады. Әрі қарай пошло-поехало  Саналы сенім болмағаннан кейін әдетке айналған ғұрыптар еш роль ойнамайтыны былай да белгілі.
Adiletshu
Қазақтарда 7 ата асарып үйлену керек, әйтпесе қан бұзылады, кемтар балалар туылады дегендері қайда
nurjanbay
бізде «7 ата» институты бар ма қазір? реттеп отырған ешкім жоқ. тек аты қалған, заты жоқ. официално "қағаз жүзінде" ғана. мына анекдот шындыққа келеді (телевизордан ківіеншиктердің приколы ғой деймін):
— Папа, мен үйленемін.
— Кімнің қызына?
— Пәленшенің.
— Оның қызына үйлене алмайсың. Кезінде ол қыздың шешесімен жүрген едім.
— Онда түгеншенің қызына.
— Саған оның қызына да үйленуге болмайды.
— Анау ше? Мынау ше?
— Жоқ. Жоқ…
Сонда мамасы айтыпты:
— Балам, папаң айта берсін, өзің таңдаған қызды ал. Бәрібір сен «папаңның» баласы емессің.
мүмкін «жеті ата министрлігін» құру керек шығар? *54
Соңғы түзету:
Tyulpan
Абайдың 2-нші Қара сөзін оқып, елге күлгенді қояйық.
ruben
Қара сөзге сүйене отырып, онсыз да, арабтарыңа күлуді қоя алмайм. Тек себебі бар: өнеркәсіпте бізден алға кеткені шамалы. Қара сөз логикасына да келеді. Сосын, арабтар дарақылықта қазақтан озбаса, кем түспейді, амика
Tyulpan
арабтарЫМА?  

қазақтар дарақы ма не? )))) сене алмайтын сияқтымын  ))))

ал күлмейік дегендегі мәселе онда меееееес )) елге күлгеннен пайда жоқ проста
ruben
Арабтар туралы жазба аутыры мен емес. Қатыстығына қарай жалпылама айттым, оны баттитып, еще меншіктеп аларыңды білсем, тәуелдік жалғауына саусақ созбаушы ма едім, білмим. Риза еткеніме әйтеуір ризамын
Дарақылыққа келетін болсақ, құдай берген табиғи байлықты өндей алмай, құр тысқа тасығанға терлеп-тепшу дарақылық емей немене?
Рахмет, енді ескеретін болдым. пайда үшін де күлуге болатынын
asaubota
жалпы кімдікі дұрыс емес, соның дауысы қаттырақ шығады.
Aya
Опера балет театры жоқ екені қынжылтты Қызықты мәліметтеріңізбен бөліскеніңізге рахмет.
Tyulpan
айтпа дим. жаман қынжылтты.))) бірақ кинотеатрлары көбі ағылшын тілінде, субтитрі арабша…
VKM
О, Тюльпан,қыдырып келіпсің ғой. Жазғаның қызықты
bazuka
Джордан королдігін христиан арабтар мемлекеті деп ойлап жүріппін)
Tyulpan
негізі Иордания Корольдігі ғой. мен оны латиницаға көшсек түпнұсқамен айтатын шығармыз деп алғаным ғой. ол жерде басымдықты мұсылмандар құрайды және сунниттер. (біз де суннит қой, иә?) геогрфия жағынан дейін ба, әлде қалай, олар иордандық иордандықтар және палестиналық иордандықтар болып 2-ге бөлінеді екен. иордандық иордандықтар қап-қара да, палестиналықтар ақ-сары. мен барған үй палестиналық иордандықтар, яғни аталары Палестинадан қашып келген — халықтың көпшілігін құрайды…

христиан деп ойлағаныңыз, тарих бойынша онда византиялықтар, Рим империясы өз қалаларын салып кеткен (Джераш, Петра қалалары), содан шығар. және христиан жорығы да сол жермен өткен екен…
monti
Иордания Корольдігі
 басында менте түсінкіремей барып тақырыпты сосын неттім ғососын қыз розвый көйлекте отқаны патиде ма? ашық/шашық киніп отыр дегенім ғо…
тамақ жағы қымбат болғаны көп мем. тойларды ас/сусыз өткізеді екен
сосын бірінші, тоқал дегендері не әр қалада тұрады ма екен.
Қыздары мен әйелдері еркін. Келіндерін қыздарындай еркін ұстайды: үйде не істесе де өзі біледі және келін барлық қайындарының көзінше күйеуіне қарсы шығып, ұрсысып отыра беруі қалыпты жағдай.
сен мүмкін ашық/жарқын қоғамда орындары бар, оқыған ортаға тап болғандықтан сондай ойлар кеген шығар ато кітаптарда қайғы бұлтын басына төндіріп қойады ғо сосын ма яяя КЗ туғаныңа шүкірлік айтасың
Tyulpan
монти, «девишник-патида» қыздардың арасында
Ұзатылатын қыз төрде тақ сияқты қойылған орындыққа отырып,
сіз айтқандай
ашық/шашық киніп
жүруге болады деп жазған сияқты едім

тамақсыз өткізет дегенді осы елден бірінші рет көрдім. біздегі жүрген шетелдіктердің бірде-бірі осылай айтпады. басқа қандай елдер екен тағы?


сен мүмкін ашық/жарқын қоғамда орындары бар, оқыған ортаға тап болғандықтан сондай ойлар
мен барған үй орта тап өкілдеріне жатады. көшеде жүрген жерде бомж не қайыршыларды көрмегеннен кейін, «осы сіздердің кедейлеріңіз қайда тұрады?» деп сұрағаным бар… светофорға тоқтап тұрған кездерде Түркиядағыдай ұсақ-түйек бірдеңе сатып жүрген кісілер болды. соның арасында бір бала жылаааап тұрып, «менің тауарымды алшы» деп жалынып сатып жүр екен (не сатып жүргені есімде қалмады). менің жанымдағылар «бұл қайыршы емес, өтірік істейді. оны қалада бәрі таниды» деп, оның затын алмады. Акаба деген қалада даладағы кафеде отырған кезде сондай заттар сатып жүрген адамдар келе берді, келе берді. оның ішінде басында хиджаб, бала көтеріп жүрген бір жас әйел кісі есімде қалды. киініп алған киімін кедейдің киіміне ұқсатпадым… по крайней мере, егер салыстырсақ Джераш деген қаладағы тоқал-бәйбішенің келіні тозған, яғни жеңі жыртылайын деп тұрған жұқа пальтомен жүрген болатын...
кедей кварталға келгенде маған айтты «сен кедейлер қайда деп сұрап едің ғой, міне, осы жерде кедейлер тұрады» деді. ешқандай қысылып жүрген қызды не әйел адамды көрмедім. олардың көбі «девишникке» де, тойға да келді. ел қатарлы тойлады. ал олардың үйлеріне барған кезде кейбір кішкентай оқушы қыздар менің жаныма келіп, білген ағылшындарын сөйлеп, анасын-мынасын көрсетіп — айналшықтап жүрді. әйелдері күйеулерімен бірге қалжыңдасып, әңгімелерін айтып, кәдімгідей жүр...))

мүмкін сіздер ертеректе жазылған кітаптарын оқып жүрген шығарсыздар?
Соңғы түзету:
Tyulpan
сосын бірінші, тоқал дегендері не әр қалада тұрады ма екен.


мен барған үйдегі кісілердің бәйбіше-әжесі мен тоқал-әжесі бір қалада тұрады екен. әркім өз баласының қолында. бірақ екеуінің балалары араласып тұрады… ал аталары, яғни ана 2 әженің жар дегенде жалғыз күйеулері қайтыс болған, сондықтан ата көрмедім… ))))

басқа кейбір орта жастан асқан жанұялар «тоқал алам» деп қалжыңдағанымен, алмаған.


айтпақшы, Сауд Аравиясында әйел адамдарға көлік жүргізуге болмағанымен, мен барған үйдегі биология пәні мұғалімі — қалыңдықтың мамасы мектепке машинасын өзі айдап барып-келеді. жас кезінен айдайды екен…
bazuka
Тюльпан Джордан королдігі туралы білімімді көбейттіңіз))
Tyulpan
темекі тартып отырған жерде ілініп тұрған портрет корольдерінікі. барлық жерде баласы екеуінің суреті ілініп тұра берет екен… )))
Adiletshu
1-нші суреттегі қыз бен Тюльпан нигіндағы қыз бір адам ба
asaubota
менде де Рубен сияқты турецкий антипатия арабтарға қарсы  өздері де, өмірлері де қызық емес. былай қыздары әдемі болады дейді көрген жұрт.
Tyulpan
мен, жалпы, ешқандай елді де жақтамаймын. араб елдерінің өмірі, және жалпы шығыс елдері Қытай, Индонезия, Жапония сияқты елдердің өмірі мені қызықтырады. Еуропа сияқты жақтарға барғанша, осы жақтарды көргім келеді. өйткені, біз өзіміздің қазір еуропалықтардан айырмашылығымыз қалмай қалды ғой. бұл — шығыс елдеріне еліктейік, солар сияқты өмір сүрейік деген сөз емес. жай, қызық проста… Түркия демекші, олар бізге «бауыр-бауыр» деп айтқанымен, мойындағым келмейді: ар жақтарында ойлағандары пайда, қатты айтсам — арамдық. қазіргі итальян тілінің бұрынғы сауатсыз халық тілінен құралғаны сияқты, түріктердің тілі маған бір сауатсыз адам сөйлеп тұрғандай әсер береді...))
жалпы, өзімізді өзіміз ойламасақ, ешкім бізге жақсылық ойламайтын шығар деп ойлаймын.

кез келген елде жүріп немесе қай-қайда болса да, өз еліңе сын айтылса, онысы шындыққа сай айтылса, жаның шығып кете жаздайды екен. мысалы, біздің компаниядағы әлемдік статистикаға сүйеніп жасалған коррупциялық елдердің тізімінде Қазақстан алдыңғы орындардың бірінде тұр. сол тізімді әр ашып қараған сайын онша сезімде болмайсың. мейлі, басқа ел қандай болса да, бірақ біздің ел барлық жағынан бәрінен биік тұрса ғой деп қиялдап кетесің )))  сол үшін оларға күлгенше, дамып, олардан озайықшы деген пафоспен естілсе де жан айқайы шығар менікі. бүгін біз оларға күліп отырып, кейін олар бізге күлмесе екен дейсің… әйтпесе, кемшілік бәрінде бар ғой…
asaubota
репортажыңа құрмет. сені ренжітем деген ой болған жоқ, егер арабтар туралы ойым көңіліңе тиген болса.
Sashok
Жалпы, админ, Рубен екеуiң түрiкшiлсiңдер. Түрiктер нашар халық қой.
asaubota
7 жылда оларды жақсы таныдым деп айта аламын. қасымыздағы орыстан әрине маған түрік жақын.
asaubota
біреуді жақсы тану үшін сонымен бірге тұрып көру керексің. сол сияқты мен біраз уақытта танып-білгесін әрине симпатиям болады. мындағы жұрт нашар дейтін түріктердің көбі негізі түріктер емес.
Sashok
Күрдтер ғой, бiлем. Ал мен ТШО-ны ұмыта алмайм почему-то. Так шо, арабтарға респект менен.
Tyulpan
жоқ и, ренжіген жоқ едім ешкімге.  пікірлер мен сұрақтарға жауап беріп жатырмын да.
нағашы апайым Түркияға оқуға барып, сонда 9 жыл тұрған. мындағы түріктер де, андағы түріктер де оңып тұрған жоқ. жақсысы бар, әрине, бірақ біз басымдық бойынша айтып жатырмыз ғой… соңгин сол түріктердің «сендер бізден, яғни түріктерден тарайсыңдар» деген әңгімелері де намайт…  

иә, Рубен айтып кеткендей, иордандықтар кузендарына үйлене берет негізі. мен оларға ол жақта «7 ата» принципін мақтанышпен айтып бердім. соңгин ше оларға «Рахат» тәттілерінен "Қазақстан", «Астана», біздің ұлттық инструменттер салынған суреті бар тағы бір конфетін қазақтар туралы мақтанып әңгіме айтып жүріп үлестірдім мес па…  
jigit
түріктерді ұнатпайтындардың бірі мен.Жалпы жақсы халық жоқ жақсы адамдар бар менің түсінігімде
Adiletshu
Түріктерді мен де ұнатпаймын. Қу халық қой
ruben
Арабшыл болғаннан тәуірірек. Сен нашар халық деген түрік еліндегі билік те арабшыл. Соңғы он жылда құрған жобаларының барлығы дерлік Таяу Шығыспен тікелей байланысты. Израильге өзінше қыр көрсету, Иранмен текетірес, Кувейт пен Саудтарға жалтақтап Сирия мәселесін шешем деп тыраштану Давоста әжептәуір газға басқан Ердоғанның арқасында болып жатыр.
Өзал кезінде фундаменті қаланып, кейіннен тоқтап қалған көп векторлы қарым-қатынастың дамуын қалайтын «түрікшілмін». Үлкен төрт күшпен тең дәрежеде тіресе алатын түркі альянсындағы Қазақстанды армандаймын. Әйтпесе өз ішкі мәселесін шеше алмаған, арабтарға қарап ұлитын Таибтің қазіргі Түркиясы мына түрімен конъектура ауыстырмаса, *оққа да керек емес, амиго…
asaubota
Тайиптің арты жаман болады ау? қазір оңшылдар да қарсы. тек артындағылар фетуллахшылар ау деймін.
ruben
Тайиб — дәл қазір диктатор. Арты таза емес-ау. Жергілікті соттардың барлығын құртты. Бір тетіктен басқарылатындай қылуда. Барлық жетістікті өзінікі деп ойлайды. Артын тіреп тұрған білімді орта класты ұмытып барады соңғы кезде. Эгосын жеңіп, уақтында дұрыс шешімдер қабылдамаса, Аднан Мендерестікінен де бетер өлім күтіп тұр.
Қарапайым сайлаушыға басқа альтернатива көрініп тұрған жоқ. Сосын, көбі адам оның харизмасына арбалады. Егер жөні түзу басқа біреу шықса, жамағаттар соны қолдайды. Оны Тайип жақсы біледі. Сол үшін министрлер кабинетіне кедей-кепшіктен шыққан қаратабандарды жинаған. Бір адамды кездестірмейсің Галатасарай немесе Робер колледждерін бітірген. Түркияда бұрын соңды болмаған оқиға. Эргенекондықтар шықса, соған келятыр, қызықтың көкесі сонда болады
Tyulpan
әйел бостандығы демекші, есіме түсіп кетті, анаааау «девишниктегі» суреттегі ақ киген Эфнәа'қ деген қыз өзінің некеде болғанын, бірақ некелескен жігіті қатты қызғанатын болған соң оған үйленгеннен кейін жұмыс істемей, үйде отырасың деген соң, некесін бұзғанын айтты. Эфнәа'қ иордандық болғанмен, қазір Сауд Аравиясында сапа бақылау инженері болып жұмыс істеп жүр екен. негізі хиджабта. мен барған үйдегі қыз-келіншектерге ешкім хиджаб ки деп қинамаған, дін жолын өздері таңдаған.



ал, «девишниктегі» видеодан үзіндіні уақытша қойдым. үлгергендеріңіз көресіздер ))

кейінірек тойдан үзінді берем...))
ruben
рш 277 деген жазуды көріп, қанша видеодан құр қалдық деватырм
Tyulpan
 ииии ол бәрі видео мес қой: поталар )))) ол поталардан және видеодан кейінірек Иорданияға қатысты тағы бір тақырыпта қоямын
ken
чок гузел екен
seyh
сұрайын дегенім хиджаб кигенмен намаз қыла ма өздері?
Tyulpan
иә, намаздары бар. намазды үйде ТВ қосылып тұра ма, адамдар отыр ма — соған қарамай сол бөлмеде тұрып оқи береді екен…
neoaskar
Ар-ождан бостандығына қол сұғу деп аталады мына видео, алып өшіріп тастаңыз. әурет жерін жауып жүрген қыздарды ұрлап түсіріп, интернетке қойғаныңыз Ислам дінімен қарағанда дұрыс емес. олардың әуретін жариялап отырғаныңызды түсінесіз бе өзі.
Tyulpan
neoaskar, намазыңыз бар ма? ))
neoaskar
Намаз әр мұсылманның парызы, ар-ұятты жауып жүру де парыз, парызын орындап жүрген қыздардың ұятты жерін жариялау аманатқа қиянат…
Tyulpan
айтпасаңыз да білемін. маған ақыл айтудың қажеті жоқ…
neoaskar
енді білсеңіз алып тастаңыз,… суретті де
Соңғы түзету:
Tyulpan
Джорданды сағынып қалыппын. ол жақта «тууууй, не деген шумный халық өзі? Қазақияма қашан қайтам?» деп әзер шыдап келіп едім. енді қайтадан сағынып жатырмын

ана 2 суретті алпыстайын десем, алынбайт қой и? алпыстаңыздарш алалатындарыңыз
ken
қазақстандықтың жағдайы қалай болып жатыр? хабарласып тұрасыңдар ма?