Қыздарды тез сындыру немесе үш күнде төсектес болу
Ол үшін не істеу керек? Сонша құпия ештеңесі жоқ. Алдымен…
Иии қәрәғім-ай, жассың ғой, тақырыпты қызық көріп аштың да баяғы. Ашқан екенсің, аяғына дейін оқып кет енді. Несіне кежірейесің, менің жасыма келгенде көрерсің бәрін. Көрерсің де түсінерсің. Түсінерсің де жыларсың. О кезде бірақ кеш болад: мен тірі болмайм ғой, шерағем-ай!
Пенсияға екі жыл қалғанда қазитті жабамыз, сайт боламыз деп салып тұр ғой лаңды. Тым жақсы қатегер едім, оқуым да сол еді. Ішкімнің ала жібін аттаған жоқпын. Енді келіп, кет те кет, жастарға орын бер, сайт жүргізе алмайсың дейд. Қайтейін енді мен? Жүргізе алам дедім. Кезінде «Коммунизм алауында» аграрлық жаңалықтарға куратор болдым мен. Түн ішінде алқаш трактористі сайдан тауып әкеліп, киіндіріп-жуындырып суретке түсіріп, таңғы сегізде суреттері дайын тұратын. Содан қиын емес шығар-ау!
Жәстардың тілінде сөйлейтін адам керек деп тиісед маған. Сол төсек-өсек те қиын боп па? Бізде жазар едік кезінде, жаздырған жоқ қой. Әйтпесе тәтелеріңнің махаббат хикаялары бір қашырға жүк болад, қарғаларым. Махаббат үштігі, қайдағы-ау — тіпті — бестігі дегендер бізден қалған біле білсең. Бірақ кәртейгенде абыройымды төгееп отырсам сол, барлығын жазееп.
Кеше келіп, мақалаларды "қаралу санымен тексереміз" деп, тағы тиісіп кетті кадр қызымыз. Кәйтейін содан: сендердің осындай тақырыптарға үйір екендеріңді білем, содан жазып қойған түрім осы.
Әпаларыңның бір алдағанын кешіре қойыңдар құлындарым, бәріміздікі тірлік қой. Көп болса бүгіндікке бір көт пен төрт емшек кем көрерсіңдер. Есесіне әпаларыңның батасын аласыңдар, жарықтарым.
Айтпақшы, ана «алу» дегенді баспаңдар шырақтарым, "қосу" дегенді баса салыңдар. Осы күні айлығымызды сонымен есептейд, боталарым-ау.
Өздеріңнің Айғаным апаларың

p.s Айғаным апай жазбаға сурет қосса жазбаның оқылу саны тез өсер еді
осы ілмек сөз маңызды ма, тақырыптағы сөз ба? іздеу жүйелеріне қайсысы бірінші алып шығады?