Қыздарды тез сындыру немесе үш күнде төсектес болу

Ол үшін не істеу керек? Сонша құпия ештеңесі жоқ. Алдымен…

Иии қәрәғім-ай, жассың ғой, тақырыпты қызық көріп аштың да баяғы. Ашқан екенсің, аяғына дейін оқып кет енді. Несіне кежірейесің, менің жасыма келгенде көрерсің бәрін. Көрерсің де түсінерсің. Түсінерсің де жыларсың. О кезде бірақ кеш болад: мен тірі болмайм ғой, шерағем-ай!

Пенсияға екі жыл қалғанда қазитті жабамыз, сайт боламыз деп салып тұр ғой лаңды. Тым жақсы қатегер едім, оқуым да сол еді. Ішкімнің ала жібін аттаған жоқпын. Енді келіп, кет те кет, жастарға орын бер, сайт жүргізе алмайсың дейд. Қайтейін енді мен? Жүргізе алам дедім. Кезінде «Коммунизм алауында» аграрлық жаңалықтарға куратор болдым мен. Түн ішінде алқаш трактористі сайдан тауып әкеліп, киіндіріп-жуындырып суретке түсіріп, таңғы сегізде суреттері дайын тұратын. Содан қиын емес шығар-ау!

Жәстардың тілінде сөйлейтін адам керек деп тиісед маған. Сол төсек-өсек те қиын боп па? Бізде жазар едік кезінде, жаздырған жоқ қой. Әйтпесе тәтелеріңнің махаббат хикаялары бір қашырға жүк болад, қарғаларым. Махаббат үштігі, қайдағы-ау — тіпті — бестігі дегендер бізден қалған біле білсең. Бірақ кәртейгенде абыройымды төгееп отырсам сол, барлығын жазееп.

Кеше келіп, мақалаларды "қаралу санымен тексереміз" деп, тағы тиісіп кетті кадр қызымыз. Кәйтейін содан: сендердің осындай тақырыптарға үйір екендеріңді білем, содан жазып қойған түрім осы.

Әпаларыңның бір алдағанын кешіре қойыңдар құлындарым, бәріміздікі тірлік қой. Көп болса бүгіндікке бір көт пен төрт емшек кем көрерсіңдер. Есесіне әпаларыңның батасын аласыңдар, жарықтарым.

Айтпақшы, ана «алу» дегенді баспаңдар шырақтарым, "қосу" дегенді баса салыңдар. Осы күні айлығымызды сонымен есептейд, боталарым-ау.

Өздеріңнің Айғаным апаларың
bk
Бөлісу:

38 пікір

asaubota
стебтың көкесі!

p.s Айғаным апай жазбаға сурет қосса жазбаның оқылу саны тез өсер еді
Aya
 бірдеңеден құрғалғандай жанталас ашып едім жазбаны
Anar70
бұл жерде де рейтинг… күшің жетпейді деді.
Adiletshu
Айғаным апа үшін қосу
Nurgisa
Айғаным апайды аяп кеттім. Бірақ төсектес болу арқылы рейтинг қуалағысы келгеніне тәнтімін.
Neobiknovenna9
Мынаның тақырыбын көргенде әр басы бос жігіттің саусақтары еріксізден жалғасын оқу батырмасын басатын болар, оқып болған соң… Түсініңкіремей жымиятын болар не қабағын шытар. Эмоциясы өзгереді ғо обшым) тақырып бөлек, жазылғаны бөлек екенін түсінгенде. Не болсада тақырып жігіттерге ұнайтынына сенімдімін))) Тақырыпты пайдалана отырып рейтинг көтеру айла әдісі, тапқыр екенсіз.
qisyq
Сезіп отырмын, сезіп отырмын…
neoaskar
kerekinfo.kz/profile/satibaldi/ сонда бұл Айғаным апай ма, жоқ Сатпалды деген еркек пе
asaubota
қыздарға не жоқ деймін да бұл тақырыпта. әлде оқып алып, керісінше істеп қорғаныс жасау үшін бе?
dark_nazgul
аха. Төртінші күнге жеткізу үшін))
Neobiknovenna9
Иа, қорғаныс үшін ғой)) әйтпесе қыздарға қызықпаймын) Иа, қорғаныс үшін ғой)) әйтпесе қыздарға қызықпаймын) :*
konvict
 Айғаным апаны танитын секілдімін
AKY
  ай лав Айғанып апа, әпше, әпке, әпеке, апай, тәте
Abilakim
біздің хатшы қыздың аты Айғаным. Мынадан кейін мен оған біртүрлі қарайтын болдым)))
Пікір өшірілді
ken
Әпаларыңның бір алдағанын кешіре қойыңдар құлындарым, бәріміздікі тірлік қой. Көп болса бүгіндікке бір көт пен төрт емшек кем көрерсіңдер. Есесіне әпаларыңның батасын аласыңдар, жарықтарым.

salamat
Шерхан Мұртазаның айтқандары ойға оралып тұрғаны…
Tyulpan
не депті ол?
salamat
қыздарды қызметте не төсек өсіреді немесе өсек өсіреді депті
Adiletshu
Ұятсыз адам екен
asaubota
қатаң айтылған екен
bizbike
басқа нұсқасы жоқ па?
Соңғы түзету:
VKM
 алдамшы пост)))
Zhan
Иии қәрәғім-ай, жассың ғой, тақырыпты қызық көріп аштың да баяғы. Ашқан екенсің, аяғына дейін оқып кет енді. Несіне кежірейесің, менің жасыма келгенде көрерсің бәрін. Көрерсің де түсінерсің. Түсінерсің де жыларсың. О кезде бірақ кеш болад: мен тірі болмайм ғой, шерағем-ай!
Кемпір образын да күшті алып шығады екенсің)
asaubota
4300 рет оқылуына қарағанда жұрт "қыздарты тез сындыру" деп іздейді ау шынымен?
zholantai
иә, іздейд,
осы ілмек сөз маңызды ма, тақырыптағы сөз ба? іздеу жүйелеріне қайсысы бірінші алып шығады?
ken
көт пен төрт емшек
осы сөздермен де тауып келіп жатқан шығар
AKY
Айғаным апаны сағынып кеттім )))