Таңғы симбиоз
Таңғы сағат төрттің кезі. Тыныштық.
Шылым. Ноут. Үстел жапқан кітаптар…
Салғыластық дау тудырып, кофе іштік.
Бірақ, бізде симбиоздық сипат бар.
Маған қиын ұғу сендік пайымды.
Сендік ойды, сендік ниет, сезімді.
Түсіне алмаймын торығып жазған жайыңды!
О, Құдайым, қайдан саған кез қылды?!
Кінәлімін дедің маған мұңайып,
Кешірім жайлы келіссөз бастап ақырын.
Саған деген түсініксіз сезім ұлғайып,
Күн өткен сайын ұнатып бара жатырмын.
Жылаттың-ау деп жаздың дағы кенет сен.
Қызып та қалған ызаны бойдан кетірдің…
Бұл жолы жеңдің, бұйыртып тапқан ерекшем,
Назыңа бола, көз жасың үшін кешіргін…
1 пікір