Үздік журналистер сайысы

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факултьтетінің ұйымдастыруымен республикалық «Ең дарынды болашақ журналист» атты пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиаданың басты мақсаты республика деңгейіндегі ең дарынды, қарымды журналисттерді анықтау, іріктеу. Төртінші рет өткізіліп отырған олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан 10 команда қатысып отыр.  Алғашқы турда 100 сұрақтан тұратын тест өткізілді. Келесі кезең таныстыру болып өтті. Жоғары дәрежеліде дайындалып келген болашақ журналистер өз таныстырулары мен алдын ала дайындалған видеоларын көрсетіп олимпиаданың беташарын ашып берді. Биылғы олимпиаданың былтырғыдан ең басты ерекшелігі барлық аймақтағы университеттердің толық қамтылғандығы. Телерадиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент Құдайберген Тұрсын: «Өткізіліп отырған олимпиада болашақ журналистердің дамуына үлкен септігін тигізеді» -деді.
Әрі қарай

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.
Әрі қарай

Осыдан дәл 10 жыл бұрын күнделік жаза бастаған екем

Иняздың общагасы
Сәкестік пе білмеймін, бүгін ескі кітаптар, суреттер салынған шкафты ақтарып отырып, он жыл бұрын, яғни 2002 жылдың 27-ші Қарашасында «біссіміллә» деп бастаған күнделігіме тап болдым.
Мына сурет те осыдан дәл 10 жыл бұрын Әлем Тілдері Университетінің жатақханасында түсірілген. Мұнда мен 19 жасқа таяп қалғам.
Әрі қарай

Студенттер күні құтты болсын!

Бүгін студенттер күні. Осы күнде өзіміздің студенттік кезімізді еске түсірейік. Студенттік шағымыздағы фотоларды ілейік. Жанына қай жыл және қай жер екенін де жазуға да болады.


2000-шы жылдардың басы. Бірге оқитын қыздар Нихаль мен Элифпен бірге.
Әрі қарай

Өмірімдегі ең күлкілі күн

Бұл менің студенттік кезімде болған жағдай. Сабақтан шығып, орталық базарға бет алған бойым. Көзімде күннен қорғайтын көзілдірік. Керім болып келе жатырмын. Содан автобусқа мінгенімде жаңағы көзілдірікті шешіп қойдым. Орталық базарға жеткенде көліктен түскен бетте жаңағы көзілдірікті тағып алдым. Сонымен келе жатырмын. Базар болған соң адам көп, ығы-жығы. Алдымда келе жатқан адамдар маған бір түрлі жымиып қарайды. Содан көзімнің ауырғанын сездім, бірақ күндегідей ғой, күні бойы тақтаға қарайсың, көзілдірік сорып тастаған шығар деп, мән берген жоқпын. Байқаймын кейбіреулері күледі, сыбырласып бір-біріне мен туралы айтып жатқан сияқты. Үстіме қараймын, бір жерім ашылып келе жатқан шығар деп, жоқ, бәрі дұрыс. Сонымен базарды аралап, үйге қайтайын деп, газельге міндім. Орын бар екен, отырдым. Жаңағы күннен қорғайтын көзілдірігімді шешсем, мәссаған, бір әйнегі түсіп қалыпты. Енді күлейін десем жағалай адам отыр, мынау жынды ма деп ойлар деп өзімді әрең ұстап отырдым. Содан үйге жетіп, мамама айтайын десем, күлкі өлтіріп бара жатыр, күліп жатырмын, айта алмаймын. Бастаймын да, сөзімді аяқтай алмай, күлем жатып алып.
Сіздердің де осындай жайттарға душар болғандарыңыз бар шығар, бөлісе отырыңыздар, бірге күлейік!
Әрі қарай

Студенттік өмір қызықтары

Сәлем бердім, уа «Керекинфо» жамағаты. Жайдары жаз келді, көңіл-күй керемет! Салғырттықтан гөрі, белсенділік басым.  Сабақ аяқталды, сессия ақырындап жүріп жатыр. Одан қалды 5 апталық практика бар. Содан кейін нағыз жазғы демалыс басталады. Сабақ, сессия демекші, студенттік өмірдің қызығы біткен бе?!

Әрі қарай

Сенің атың-Ерлік!

Ауруханада түрлі адамдар жатады. Сәйкесінше түрлі оқиғалардың басты кейіпкерлері сенің айналаңда деп біле беруіңе болады. Палатадағы Ерлік атты жігіттің оқиғасы тіпті күлкілі.
Үйінен келген азын аулақ ақшаның бір бөлігін қалтасына салып ап(5000 теңге) базардан анау мынауын алмақ болады. Шамамен мың теңгедейін ғана жұмсап үлгерген жігітті біреу иығынан тартып тоқтатыпты. артына қараса бір сыған қатын" Сенің атың Ерлік. Сен КарГудың 3-ші курсында оқисың" депті. «Сені не күтіп тұрғанын айтайын шамалы тиын бер»деген қатынға кейіпкеріміз мың теңгесін беріпті." Сен келесі жылы оқуды жасыға бітіресің, жақсы жұмысқа тұрасың үш жыл ішінде облыс деңгейіндегі басшылықтардың біріне барасың" деп зуылдатып бара жатыр дейді тағы мың теңгесін алып алған сыған қатын. Обшым, екі мың теңгеге өзінің жарқын болашағын біліп алған Ерлік екі езуі екі құлағында, базарға не үшін келгенін ұмытып, автобусқа отырып алып үйіне тартады. «Бұл қатын менің Ерлік екенімді, 3-ші курс студенті екенімді қайдан біліп қойды» деп ойланып келе жатқан Ерекеңнің көзі кеудесіндегі бейджигіне түсіп кетті…
Әрі қарай

Бүгінгі білімді студент

Қүрметті достар, сіздерді 14.03.2012 сағат 11-00 де болатын «Бүгінгі білімді студент — ертеңгі білікті маман» атты зияткерлік сайысты тамашалауға шақырамыз. Сайыстың мақсаты: Студенттердің тәуелсіздігіміздің тұғырына деген сенімін арттырып, Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқу бағдарламасынан тыс танымын толықтыру. Зияткерлік санасын жан-жақты дамыту. Елінің, жерінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңіту. Тарих көшінде көшпенді халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап, жастардың санасында, рухында дағдарыс болмасын деген ұранмен, олардың бірлікке, жарқын болашаққа талпынысын іс жүзінде насихаттау. Болатын жері: Алматы қаласы, қалалық №4 кітапхана, Абай даңғылы 141-үй (Жароков көшесінің қиылысында)
Әрі қарай

Біз неге ұзақ демалдық?

Өзімнің бірінші жазбамды мені біраздан бері толғандырып жүрген бір сұрақ жайында жазғым келіп отыр. Неге біз, яғни студенттер осы жылы ұзақ демалдық? Ұзақ демалуымыздың пайдасы болды ма? Жылдағы дәстүр неге бұзылды? Бұның арғы жағында қандай саяси астар бар?



Биыл мемлекеттік оқу орындарында оқитын студенттердің қысқы демалысы әдеттегіден ұзағырақ болды. Бұның себебін
Әрі қарай

Қисық сөздер. Үшінші сөз. Жүз



1. Сан. 100 саны қызық өзі. Бала кезден ол толымды, тұщымды, төрт тұяғы нық түскен дүниемен ассоциацияланады. «100-ге дейін санауды үйрендім» деуші едік қой. Өзім елуден кейін жаңылысып қалушы ем «алпыз тоғыз, жетпіз тоғыз, сексен тоғыздарды» тастап кетіп. Кейін пайызды үйрендік. Бағанағы 100 туралы ойымыз еселене түсті. 100% деген шегіне жетіп, шырқай дамыған, абсолютті болып көрінді.
Әрі қарай

Амалым қайсысы???

Студент деген халықтың жағдайы бесенеден белгілі ғой. Қалтада көк тиын жоқ, қарын аш. Есесіне көңіл тоқ. Содан «жүрген аяққа жөргем ілінеді» деп, қарынның қамымен әпкемнің үйіне тартып отырдым. Аты Ерке, әкемнің кенже қарындасы, менен үш жас үлкендігі бар. Бүгін сонда қондым. Сол әпкемнің қойнында жатып, не түрлі ойға кеттім дейсіз ғой?! Балғын шақтың бейнелері көз алдымда тізбектеліп, кіршіксіз ақ жүрек балалықтың үзік-үзік сюжеттері созалаңдап біразға дейін ұйықтатпады.
… Кішкентай кезімде әжемнің үйінде жиі болатынмын. Сонда ғой, осы әпкеммен күн ұзақ үй бетін көрмей ойнайтынымыз. Түске дейін «үй тігу» деп аталатын ойын болады.
Әрі қарай

Кімнің жолы болғыш?.. (Білімділер мен білімсіздер)



Менің Айдос атты танысымды оқудан шығарып тастапты.Сабаққа қатыспағаны үшін.

Кәдімгідей жүрегім сыздады. Өйткені, мен білетін Айдостың білімі ұшан-теңіз-етін.

Заң деген дүние бар, құрып кеткір қатып қалған қағидасы тағы бар, оқу жүйесі бойынша, олардың Айдосты оқудан шығаруы орынды-ақ.
Әрі қарай

8 наурыз бен ҚазҰУ

Бізге осы апта аралық бақылау жүріп жатыр. 7 апталық біліміңді қорытындылап, балл қояды. Кейбір жомарт та «түсінігі бар» ағайлар 8 наурызға сыйлық ретінде кейбірімізге үстеме балл сыйлады.)) Ал, үнемі тәртіппен жүретін талапшыл Нұржан ағайымызға мерекені пайдаланып балл үстемелетеміз деген қулығымыз іске аспады. «Қайдағы мейрам? Әлі табандай 4күн бар ғой!»деп құтылып кетті. Көрші аудиторияда болып жатқан 8 наурызға арналған көңілді кешке де бармастан, терлеп-тепшіп, бақылау жұмысын жаздық.

Әйтеуір, университет абыр-сабыр. Қай корпусқа кірсеңіз де, гүл немесе жұмсақ ойыншық ортасында айналасына шуақ шаша сыңғырлай күліп кетіп бара жатқан гүл-қыздарды көрер едіңіз.
Сабақтан соң факультеттің бірінші курс ұлдары ұйымдастырған кешке «арнайы шақыртумен» бардық. ))

-1- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Қыздар, қыздар, сұлу қыздар…

-2- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Жанарың оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып…

-3-4- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Асыл әжем, асыл әжем…

Иә, сөйтіп бізді «әже» деп ардақтап төрге отырғызып, концерт берді)

Одан шығып, тағы да Студенттер сарайында ҚазҰУ-дің 8наурызға арнап ұйымдастырған концертіне бардық. Проректорымыздан бастап, университет академиктері, профессор ағайларымыз, студент жігіттер өз өнерлерін көрсетті. Бастысы — шынайы. Көзілдірігінің үстімен қарап дәріс оқитынына ғана үйренген кәрі ағайларымыз баладай жадырап көз алдыңда ән шырқап тұрса қалай болады? Жылдам әуенге ілесіп, қорбаңдап билесе ше? Мен бұрын-соңды залдың мынадай құрметпен қол соққанын көрмеген шығармын. Ағайларымыз да, апайларымыз да, өзіміз де мәз-майрамбыз. Асылы, мереке дегенің адамдарды бір-біріне жақындата түсе ме деймін, «Мейрам» түсінігін ойлап тапқан адамға кім-кімнің де алғысы шексіз болса керек.
Көгілдір көйлегі көлбеңдеген ерке көктеммен ере келген әлемнің сәнін келтірген әйелдер қауымының мейрамы- 8 наурыз құтты болсын!
Әрі қарай