Осыдан дәл 10 жыл бұрын күнделік жаза бастаған екем
Сәкестік пе білмеймін, бүгін ескі кітаптар, суреттер салынған шкафты ақтарып отырып, он жыл бұрын, яғни 2002 жылдың 27-ші Қарашасында «біссіміллә» деп бастаған күнделігіме тап болдым.
Мына сурет те осыдан дәл 10 жыл бұрын Әлем Тілдері Университетінің жатақханасында түсірілген. Мұнда мен 19 жасқа таяп қалғам.
Қалтаңа бір тиын түссе, «вечеринка» ұйымдастыру, ара тұра сабаққа барып /енді студент емеспін бе)) / емтихан тапсырудың тұсында ғашық болу, ғашық қылу, дос табу, қастан түңілу, интригалар, қарапайым студенттік қуаныш пен қаза, ойларым да, өмірім де мүлде басқа жазықықта өрбіп жатқан еді
Әнебіреу үстелдегі Конфуцийдің суретіне қарап отырып күнделік жазатынмын, өзімен мұңдасқандай жазсам, қаламым тез жүретін. Тіпті өзін сол үшін Тарих оқулығының бетінен қарындашпен көшіріп, салып та қойғанмын Сөйтіп, «Конфуций мырза» менің алғашқы да жалғыз оқырманыма һәм пікіршіме айналды.
Бір күні тауып алып оқитыныма сеніп жазыппын-ау.
19-бен 29-дың арасында айырмашылық бар ма?
Әлбетте, 19-да 30 пайызың әдеттен, 70-пайызың арпалысқан ойлардан тұрушы еді.
Қазір 30-пайызың ой мен сезімдер, ал 70 пайызың әдеттен құралғандай.
Бірінші бетін кешке ілем)
алдында жазып кеткендей ана жұмыс мына жұмыс ана хобби мына хоббиризамын. респект!
Гаста брат төменде көрсетілген мінездемеге қосыласын ба?
Онлайн мінездеме почерк
Күнделікті алғаш бесінші сыныпта бастағанмын, ол әр күнге есеп беру сияқты болып кетті. Ол дәптер сақталмаған. Мынау алтыншы сыныпта жазған күнделігім. Бұл жерде жазған түсім кейін өңімде орындалды. Кейін жетінші сыныпта оқып жүрген аудандық гимназияда өткен шығармашылық кешімде он бірінші сынып оқушылары кілтпен жабылатын күнделік сыйлады, одан бері көп күнделік жазылды. Жыртылғаны да, өртелгені де, суға аққаны да бар арасында. Ал аман-есен қалғандары әлі де сақтаулы.
романтиссың все таки))) жазып+сақтап, пысық жігіттер ісі))))
қалды ғо, сосын.
«Когда мы были молодыми и чушь прекрасную несли» деген сарындағы ностальгия ғой