Амалым қайсысы???

Студент деген халықтың жағдайы бесенеден белгілі ғой. Қалтада көк тиын жоқ, қарын аш. Есесіне көңіл тоқ. Содан «жүрген аяққа жөргем ілінеді» деп, қарынның қамымен әпкемнің үйіне тартып отырдым. Аты Ерке, әкемнің кенже қарындасы, менен үш жас үлкендігі бар. Бүгін сонда қондым. Сол әпкемнің қойнында жатып, не түрлі ойға кеттім дейсіз ғой?! Балғын шақтың бейнелері көз алдымда тізбектеліп, кіршіксіз ақ жүрек балалықтың үзік-үзік сюжеттері созалаңдап біразға дейін ұйықтатпады.
… Кішкентай кезімде әжемнің үйінде жиі болатынмын. Сонда ғой, осы әпкеммен күн ұзақ үй бетін көрмей ойнайтынымыз. Түске дейін «үй тігу» деп аталатын ойын болады. «Чк, чк, чк деп үй жинапты да, сосын шай ішіпті. Сосын гүрк, гүрк, гүрк сиыр сауыпты» деп ойынды қыздыра түсеміз. Күн тас төбеде шақырайып тұрған мезетте «кеттік өзенге» деп Балқыбек өзеніне жүгіреміз. Әжеміздің бас орамалын міндетті түрде алып шығамыз үйден. Себебі, орамалдың екі жағынан керіп ұстап тұрып, өзімізше «балық аулаймыз». Күн деген ми қайнатардай болып басыңнан өтіп кеткен, екі бет өрт. Содан бесін ауғанша, яғни бұзау іздеу деген «мемлекеттік» жұмысқа дейін құмқайрақ пен балшықты илеп, көк балдырдан доп жасап, суда шалпылдатеееп жатқанымыз. Үсті- бастан сау тамтық жоқ, бет-ауыз жарылып кеткен. Сөйтіп май топырақты борпылдатып бұзау іздеуге жөнелеміз. Ол «қарасан келгірді»(әжеден үйренгеніміз ғой) табаныңнан таусыла іздеп, әзер дегенде тауамыз ғой тау мен тасты кезіп жүріп. Содан «әйт, шүу жануарым» деп құйрығынан сығымдай ұстап алып, шамаң жеткенше қаттырақ бұрап-бұрап жібереміз. Батырыңа да жан керек. Шаба жөнеледі ойнақтап. Сүйретіп келеді, мені мен әпке екеуіміз тапырақтап жүгіріп келеміз. Аяқ байғұс шыдасынба, сүрініп кетіп оңбай құлап, тізеден жаралы боламыз. Енді не істеу керек? Мұндай сәтте айналаң да шыр-шыр, пыр-пыр етіп секіріп жүрген бәкшек, шегірткені қапысын тауып бас саламыз. Басын қысамыз. Бәкшек ауызынан қоңыр сұйықтық бөледі. Сол сұйықтықты «иод» деп тіземізге жапырақпен таңып алып, әрмен қарай шауа жөнелеміз… «Қашан үлкееен боламыз екееен...» деп армандайтынбыз… Сөйтіп құлдыраңдап шауып жүргенде уақыт та өтті, заман келбеті де өзгерді. Әпке оқуға кетті. Басқа өмірді көрді. Ақпараттық вирустардың сан түрі санасын сансыратып, соның ең үлкені меңдеп алды. Ол — дін!!! Қазір хижап киеді. Ізінен еріп оқуға мен де бардым. Екеуіміздің ой пікіріміз бен пайымымыз мүлдем екі басқа. Ол көбінесе «ширк» деген сөзді ауызына жиі алады. Сол бәлекет сөздің кесірінен-ақ екеуіміз салғаласып, арамызда дау-дамай туындайды. Баяғы бал дәурен бала шақтың тәтті елестері ізім-қайым жоғалған. Есесіне енді жаға жыртыспасақ та, өңешімізді қыздыра дінді талқылайтын болдық.
Ол айтады: «Домбыра күнә.»
Мен: «Қарның ашып келгенде,
Жүрегіңді жалғауға,
Нәсіп болған бұл ағаш.
Пайғамбарды туғанда
Бесік болған бұл ағаш.
Ибраһим Қағба салғанда,
Есік болған бұл ағаш.
Мұнаралы әр жерде,
Мешіт болған бұл ағаш.
Шеберлердің қолында,
Кәсіп болған бұл ағаш.
Өзіңді халық сұпы дейді,
Боқтағаның қай ағаш?!»деп Қашаған айтқан деймін.
Ол: «Әулие, пірге сену, табыну ширк!»
Мен: « Бала туса өзімнен, Пірлердің бітсе демінен. Шілтеннің тиіп шылауы, Асып туса өзімнен» деп Қазтуған айтқан деймін. Осы жерде шарт сынады: «Олар да біздер сияқты бенде. Аллаһтың алдында бәріміз бірдейміз. Ол сонша пайғамбар ма еді?! Давай, онда пайғамбардан дәлелі бар хадис, құраннан сүре келтір» деп екілене түседі. Сөйтіп өнбес дау, бітпес іс болып қала береді.
Осыдан кейін әпке екеуіміздің арамыз суып кеткен сияқты. Туысқандық мейіріммен жанына жақын барсам «Ислам хақ, хижап кию керек, жұмаққа бару үшін намаз оқу керек» деген сияқты ұзын сонар хикметтерін бастап кетеді. Содан қойшы… Көңілім құлазып мен қала беремін. «Осы оқу деген бәлені кім шығарды екен? Ауылымыз да түтінімізді түзу ұшырып отыра берсек болмас па екен деп?» кей-кейде ойлайтыным бар мәселені бер жағынан. Жүрегім ауырып кетеді бар ғой, бала шағымдағы балдай Еркені қайда жоғалтып алдым деп… Отырып отырып, ақырында осы әпкені «фанат» қылып қойған Дарын Мүбаров деген ойға келемін. Сол ғой уағызын айтып ұйытып, дінге кіргізген. «Сұмырай» деп жұдырығымды түйемін. Басқа амал шарғым бар ма, шарам қайсысы?..
P.S Әпкеге келе жатқанда автобусқа түйт-түйте сақалы бар, танауының асты жылмағайдай, яғни мұрты жоқ бір аға кірді. Қырықты алқымдап қалған.Қолы қалтасында,өз-өзімен күбірлеп бірдеңе айтып тұр. Есіме Тараздағы, Атыраудағы, Ақтөбедегі жарылыстар түсіп кетіп, қорыққанымнан сол аялдамадан тез-тез түсіп кеттім… Бастысы қалтамда студенттік жол жүру билетім бар ғой=))
Бөлісу:

46 пікір

madlen
Аяяяя, қалай әсерлі жазасың…
nurbergen_makym
Әпкең діни сауаты бар адам шығар, бәлки. Онымен пікір таластыру үшін сенде де азда болса, діни сауат болғаны ләзім ғой. Әйтпесе, физика ғылымдарының докторымен домбыра тартқандағы кинетикалық қуаттың шамасы туралы пікірталастырғанмен бірдей болып кетеді…
nurbergen_makym
Ал, біреуге лағнет айту дегеніңіз, болмайтын іс, енді… Ол — артар жүгі ауыр әрекет.
madlen
Түсінемін Аяны. Амалсыздан ғой.
Adiletshu
Тоықтай келісемін
Aya
Алып тастадым «лағынетті»…
omarbirat
Қайта татуласасыңдар әлі.
Aya
сӨЙТСЕК ЖАҚСЫ БОЛАР ЕДІ…
Jacqabaies_Chirac
алқашқы бөліміне нақмет рақ «Балалық шаққа саяхат» жасап кеттім қалың ойға шомып… Жалаң аяқ жарысқан, асық ойнап алысқан — Сол күндер бүгін қайдасың? О'Шива-ай біз де бала болыппыз ғой бір кездері ((((((
konvict

Мына суретке қарап отырсам әпкеңнің сөзінің жаны бар секілді
nurjanbay
өз әжелеріңді өзің «ваххабис әжелер» дегенің есімде *54
konvict

Немесе мен секілді Інжілді оқуға кеңес беремін. Рахат!!!
izbasar
Құдай сақтасын.
araika
Балалық шағыңды ойша елестеткенде, көз алдыма ұл баланың бейнесі келді :)
e_zhalgas
осы аптырдың алғашқы жазбасынан күдігім көп :)
Aya
Ұл боламын деп бола алмай қалған жанмын ғой))
araika
онда бірге күдіктенейік :)
Алдыңғы жазбалардағы пікірлердің арасынан Нұржан есімді жігітті тіркей өткенін көзім шалған, соған қарағанда бұл кісілерде дуэт жанры дамыған ба деп ойлап қаласың :)
meirzhan
Тұлғаның екіге бөлінуі деген нұсқа мүлде қарастырылмай ма не?
araika
оны саған тапсырдық, сен қарастыра салшы :)
Aya
әбден мүмкін))
meirzhan
Дін тақырыбына жазғанда байқау керек.
Бірер сағат бұрын бұл пост жазылып, өшіп еді. Админ діни алауыздық туғызбас үшін өшірген деп түсінгем, өзің өшіріп, қайта жариялаған екенсің ғой.
Aya
ИЯ бірінші салған сияқты едім постты жоқ болып көрінді түсінбей қалғанмын.
Mansy_kz
Ешқандай күдігініз болмасын. Рас бірінші постты қалай салу көрсеткенім.
asaubota
мен едім алып тастаған, қайтадан шығарыпты :)
meirzhan
Тақырыбы сұмдық болатын бастапқыда.
Adiletshu
Сақалдылардан қорқа бермеңіз. Бұл бұзықтардың сұрқия саясаты ғой (сақалдыны жау ғып көрсету)
meirzhan
Сақалын сипап отырған смайлды ұмытып кеттіңіз :)
Adiletshu
Есіме салағаныңызға рахмет.: Сақалымды сипадым:
e_zhalgas
діни алауыздық діни көзқарасқа баса назар аудара бастағанда ғана туындайды, соған көңіл бөлмей де өмір сүруге болатын шығар, әлде ол соншалық қиынба?! :)
meirzhan
Бұл тақырыпты айналып өтуге де болатын шығар. Келесіде Марстағы өмір мен футболды әңгіме етсе діни алауыздықтың туындамау мүмкіндігі 99 пайыз.
boztorgai
ақтар мен қызылдар
көселер мен сақалдылыр
қу құдай көрсетпегенің көп екен ғой
TERISKEY
Сен сонда «бір жарты жырлайды» «жарты ғасыр жырлайдыны» жатқа білесің бе? Прям мына айтқаныңдай Қазтуған, Қашағандардікін жатқа айтып тастадың ба әлде шығармашылық әрлеу ме?
Maya
Дінде зорлық жоқ, апкең саған бір рет айтса жеткілікті еді, әрі қарай сен нені, қандай жолды таңдайтының өз еркіңде. Жұмаққа бару үшін бір ғана намаз жеткіліксіз, сен намаз оқисың бірақ ойың арам, ниетің тар, істегенің жамандық болса онда оқыған намазың бар болсын, бәрі зая кетеді.
Aldeken
Пікіріңізге тәнті болдым.
Көптеген пікірталастың түйіні боларлық пікір дер едім…
omarbirat
Отырып отырып, ақырында осы әпкені «фанат» қылып қойған Дарын Мүбаров деген ойға келемін.
Демек, ол екеніне жеткілікті дәлеліңіз жоқ?
meirzhan
Отырып отырып, ақырында осы әпкені «фанат» қылып қойған Дарын Мүбаров деген ойға келемін.
«Потому что гладиоус» деген КВН приколға ұқсайды екен.
a63a1
Ая маладессің сен.
a63a1
Ауылымыз бен ойымызда бір ұқсастық бар екен!
Aya
Ол нендей ұқсастық екен?
izbasar
Бұл пост іріткі тудырушыма деп қалдым.
Jacqabaies_Chirac
Ая пост жазып жібершиш, түн жамылып құр отырғанша әмпей жәмпей болып отырайық
Aya
кәәзір… бір нәшәр постым бар еді… салайын))
direct
Амалым қайсысы???
Ғафу етіңіз, сұрағыңыздан түсінгенім, Сізге бір амал айтайық па? Әлде амалыңыз қайсысы екеніне көмектесейік пе? деген ой келіп тұр маған.
Aya
қалағаныңыз болсын, мәрхаббат…