Қисық сөздер. Үшінші сөз. Жүз



1. Сан. 100 саны қызық өзі. Бала кезден ол толымды, тұщымды, төрт тұяғы нық түскен дүниемен ассоциацияланады. «100-ге дейін санауды үйрендім» деуші едік қой. Өзім елуден кейін жаңылысып қалушы ем «алпыз тоғыз, жетпіз тоғыз, сексен тоғыздарды» тастап кетіп. Кейін пайызды үйрендік. Бағанағы 100 туралы ойымыз еселене түсті. 100% деген шегіне жетіп, шырқай дамыған, абсолютті болып көрінді.

Студент болдық. Несиелік жүйенің алғашқы жылдары ғой. Әр пәннен максимум 100 балл ала аласың. Одан да өттік. 90-95 балл «А», 95-100 «А+» деді. «А» дегеніміз бес балдық жүйеде 5-ке тең. «В» (4) алдық. «С» (3) құшақтап қызыл дипломшы атанбадық. Мектеп бітіру кешіндегі «Ал, енді, Димаш, мына „Алтын белгің“ жалғасын тауып, қызылға бітір» деген ағай-апайлардың сөзі жоққа шықты.

Студент кезімде біреу 100 000 жалақы алады десе «Ооо» деуші едім. Жұмысқа шыққан соң ол соманың берекесінің аз екеніне көз жетті.

Қазір 100 теңгеліктер жинап жүрмін. Алдында 0,3 банкіні толтырып, санасақ қырық мыңнан астам пұл шықты. Қазір түбінде бірдеңе сылдырлайды… Құдай берекесін берсін.

2. Келбет. «О, жүзіқара!» Неге екенін бет-әлпет мағынасындағы «жүз» сөзі маған осы тіркесті есіме түсіреді. Жақсы мағына емесі белгілі.

«Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп Төле бидің креативтік танытып, «игра словты» жақсы қолданғаны қазір біраз ауыздың тіліне тиек болып жүр.

Жалпы, бұл жүзге қатысты қазақтың айтқаны көп екен. «Жүзі жанып», «жүзі жылып», «жүз көрісіп», «жүз тоқтатып», «жүз шайысып» деп кете береді… «Бет көрсе, жүз ұялады» дегені де бар. Суық жүзді болсақ та, суық ниетті болмасақ керек-ті.

3. Өткір жүз. Өткенде «Бегающий по лезвию» фильмінің атауын аудара алмай біраз отырдық. «Жүзбен жүгірген» десең елдікі шелектеп, кастрюлдеп емес, цистерналап кетейін деп тұр. Бірдеңенің (араның, пышақтың, қылыштың, бабочканың) жүзі десең, тағы болмайды. Сіз не деп аударар едіңіз (фильмнің мағынасына қарап емес, дәл осы тіркесті)?

4. Ұлыс. Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Бірі қауғамен, бірі қаламмен, бірі найзамен әуре болған үш топ. Өзіме үшеуі де жақын. Себеп: өзім орта жүздің қазағымын, нағашыларым ұлы жүзден, қайынжұртым кіші жүз. "Қарға тамырлы қазақ" деген, бармақбастыкөзқысыстыңдыссс…

5. "Іс жүзінде", "ғылым жүзінде"... Осы жердегі жүз не білдіреді екен? Меніңше, келбеттен, бет-әлпеттен шыққан сияқты.

6. Бұйрық райдағы «жүз». Бала кезден бір кадр: бес жастамын-ау. «Жүз, жүз, енді!» деп біреудің айқайлап жатқаны, өзімнің шым-шымдап суға батып бара жатқаным еміс-еміс есімде. Әйтеуір, бір жігіт шығарып алды. Кім екенін білмеймін. «Мир не без добрых людей».

Бұл не қылған бүйректен сирақ, сирақтан құлақ, құлақтан т… жә, бұл не қылған сентиментализм демеңіз. Бір ауық тақырып ауыстырғым келеді.

P.S. Мына пост «Керекинфо» еркін блог жүйесінде жазылған жүзінші жазбам екен. Тәубе дейін…
Бөлісу:

52 пікір

araika
Тілек айтқанда да «Жүз жаса!», «Жүзге жет!» деуіміздің де қандай сыры бар екен? Неге 90 емес, неге 120 емес? Бәлкім 1 ғасырға дәлдеген болар, десек те келесі ғасырды көру жағын ойламағанбыз ба?
qisyq
90 аз, 120 көп сияқты болып көрінген шығар))
Zhan
Біріншіден жүзінші жазбаңыз үшін құттықтап қояйын. Екіншіден, жүзінші жазбаң үшін жүз шақты мысал келтіре кетпегеніңе шүкір. Үшіншіден, мәләдессің. Төртіншіден, Осы сенің ойың дембе дем свежиланып тұрады-ау өзі. Небір қыңырайған жазбаларыңмен өзіңе ачк етесің. Жә, шаршап кеттім, жүзіншіден, жаңа менде көптен бері кірмей кеткен "Қазжурдағы" блогымды ашып қарасам 95 жазба тұр екен. Ішімнен «Ойбу әлі жүзге жетпепті ғой, қой бірдеңе жазайын» деп ойланғам. Содан мына жаққа келсек, сіз тұрсыз ыржиып жүзінші жазбамен. Не дейміз, құтты болсын! Бірдеңе деп боқтағым кеп тұр, бірақ нәзік жүрегің тағы бір «ужсс» деп соқпасыншы деп
qisyq
Біріншіден, рахметке рахмет дейін. Екіншіден, соған өзім де шүкір деп отырмын. Үшіншіден, өзіңе қарап ал. Төртіншіден, «бір жерде тұрған су сасиды» деп кім айтып еді?
Боқташы, жестко боқташы, көрик тә.
Zhan
Дым түсінген жоқпын. Бұл сонда маған ренжігенің бе?
qisyq
Уахаха, қазір оқысам ренжіген адамның пікірі сияқты екен)))) Жоқ, бәрі ок
Zhan
Ух, көңілім орнына түсті-ау, а так құттықтаймын деп алып құртып алдым ба деп ойлап қалдым шы.
meirzhan
Әрқашан мәдениетті болып жүрген қиын ә?
Simona
Тaғы дa жaзa түс. 1000-шы жaзуыңa күә болaйық. Сен бе едiң Рейхстaг турaлы жaзып жүрген? Жaлғaсын күтiп жүрмiн!
qisyq
Сол ұят болып кетті, техникалық себептермен жариялай алмай жүрмін, әйтпесе материал Германия туралы 4-5 постқа жетеді.
a63a1
Жүзің жайнап, пышақтың жүзіндей өткір ойыңмен жүзінші жазбаңа жүзіп жетіпсің. Керемет жүзіміңнен тағы да шайната отыратын бол
VKM
маладессің, талантсың,Қисық! Респект пен уважуха
Simona
Қaзiр орысшaғa түсiнбейтiндерден ескерту aлaсыз увaжухa емес: дұрысы Құрметухa
Ottegin
Дәлірек айтса: Ырысбек пен Құрметпай
VKM
 рахмет,Simona,Ottegin
dark_nazgul
«О, жүзіқара!» Неге екенін бет-әлпет мағынасындағы «жүз» сөзі маған осы тіркесті есіме түсіреді. Жақсы мағына емесі белгілі
бір көршілеріміз ініме бір қараторы қызын берем деп қалжыңдайтын. Сөйтсе, інім «алмаймын» дейді. «Неге?» десе, "қыздарың қарабет" дейді.
boztorgai
мерей той иесіне арналған жүзге жетіңіз дитін типтес тілектерден соң:
сол жүзден кейінгі белестерді маған қимай тұрсыңдар ма дитін жері мұтқапты
Nurgisa
Мынауына карап 200 жазбанда екiжуздiлiк туралы сипаттама беретiнiндi топшылап отырганымды айтсам жаналык ашкан болмаспвн, ия? Ал негiзi, сол жуздiн iшiнде Касы Мол Жаска пародия жасаймын деп, акыр тубiнде онын тубiне жеткен жазба барын да шыгарма жадыннан. Осылай жаза-жаза ысылып, бiр жердi жарып шыгатын сияктысын. Айтеуiр, агаларын созбен женбей саябырсымайтын сендей перiлердiн коп болганы жаксы.
qisyq
Статистика деген қызық ғылым, Нұреке. Сол 100 жазбаның ішінде іліп алар он болса да жақсы деп ойлаймын. Ауыз толтырарлық емес, әрине, жылдап жазып жүргендердің қасында. Сөздің сірағасы ғой. Қасы Мол Жастың түбіне мен жетпедім, негізі. Өзі жетті. Әйтпесе Алтайдың арқыраған ақынына мен сияқты майда пенденің «шөп те өлең, шөңге де өлең, бұтаның арасымен зытады өлеңі» қайдан әсер етсін…
Gastarbaiter
3-ші пунктке қатысты «Бегающий по лезвию» — "Өткірдің жүзімен" — деген орынды балама.
Юбилейің құтты болсын. Қуанарға себеп молайсын
aza
Асқардың нұсқасына тұздық: Абай, «Сегіз аяқ»
… Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас…
qisyq
Маманның аты маман
GulL
«Бегающий по лезвию» — "Өткірдің жүзімен"  

 прям дәл аударыпсыз
sammita
өрге жүз, сол үшін мына жүз граммнан
Armanjan
Құтты болсын жүзінші жазбаң, көбейе берсін! Қисық бырат «жүз грамм» туралы да қыстырып жібергенде, Сатекеңнің де пікірін оқып қалар едік!
qisyq
Айтпақшы, ия, ол бар екен ғой. Өзім 100 граммға жақын болмаған соң, ойыма да келмепті.
sigma
бес жүз граммнан басталады ма сенде
Abilakim
расында да мектепке бармай тұрып 100-ге дейін санау білем дегенді әжептеуір аптаритет көретін ек…
asaubota
Жүз сөзін керемет суреттеу!

Жүздер клубы дейміз бе енді 100 жазба жазғандарды?
qisyq
Элита болсын олар! «Керекинфо элита жүздер клубы» дейік! Оу, оу, тоқтаңдар, қалжың айтамын
asaubota
сені 100 жазбасыз-ақ та элитаға жатқызамын
dark_nazgul
тамашада айтатын еді ғой: «жүзге жетіп, жүз бірінші статьяға түсіп қалыңыз» деп.
qisyq
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi

101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру

1. Абайсызда кiсi өлтiру — үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру — бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
dark_nazgul
баяғыда "қыз зорлағаны үшін" статья болатын
Abilakim
баяғыдағы "Қыз зорлау" кезінде ме
GulL
жүз бірінші статьяға түсіп қалыңыз 

неткен жылы тілек
GulL
Жүзінші жазбаңыз құтты болсын
KILYZAMAN
Ойдан ойға жетелейтін түзу жазбаларың көбейе бергей… Пысықайлардың түзу сөздері Қисекеңнің қисық сөздеріндей ақ болса жетіп жатыр емеспе?
Manuel1963
3 ші пунктте жүзі сөзін қыры десе қалай болады? Өткірдің қырымен(алмастың қырымен).
asaubota
Фейстегілер бүгін Қисықтың туған күні деп құттықтап жатыр. профилінде сәуір деп тұр. анығын білмеймін, бірақ рас шығар деген оймен туған күн иесінің ең тасақты жазбаларына пікір жазып, тікелей эфирге шығарып отырып, құрметімізді көрсетейік.
qisyq
Садықтың приколы сияқты, каспийбанктіңайынаекімыңтеңгетөлеткізетінкредитінеалынғанноутынссс… Сол алғаш құттықтаған, қалған ел қазақ журигінің әдетіне басып жамырай құттықтап жатыр. Приятно, черт возьми, ертең де құттықтаңдаршы.
asaubota
так онда түнде жазған каменттерімді өшірем
Gastarbaiter
Алаш Айнасынан жұғып кетсе керек, ептібаймайт-ай
Nazar
Жүз грамдатайық те…
a63a1
шайға бал қосып ішіп көр
Nazar
Табылады анассс. Апельсинімен…