Кімнің жолы болғыш?.. (Білімділер мен білімсіздер)



Менің Айдос атты танысымды оқудан шығарып тастапты.Сабаққа қатыспағаны үшін.

Кәдімгідей жүрегім сыздады. Өйткені, мен білетін Айдостың білімі ұшан-теңіз-етін.

Заң деген дүние бар, құрып кеткір қатып қалған қағидасы тағы бар, оқу жүйесі бойынша, олардың Айдосты оқудан шығаруы орынды-ақ.

Әсірелеп айтқанда, Айдостың оқымаған кітабы жоқ деуге болатын шығар. Толстойыңның түгін қалдырмай талдап, Шекспиріңді шемішкедей шағатын сабазыңның ең осал тұсы да- осы заң…Айдостың қоғамға ортақ қағидадан бөлек өзіндік өмір сүру ережесі бар. Еркіндікті қалайды. Сөйтіп жүріп, оқудан шығып қалып отыр.Бірақ, оның сол оқу орнында отырған қай-қай студенттен де артық білетініне, асып ойлайтынына мен кепіл.
Айдостай адамдар менің группамда да бар. Сабаққа келмей, «нб» алса да, балы бәрінен де төмен болса да, мұғалімдер олардың атын атап, түсін түстеп танымаса да группадағы әрқайсысы олардың білімін іштей мойындайды.

Керісінше, олар алуға тиіс балды алатын кейбір студенттердің дүниетанымы тым шектеулі, сабақты жаттап айтпаса, басқалай айта алмайтындай өрелері тек берілген тапсырманы орындауға ғана жететініне таң қалмасқа шара жоқ. Бірақ, ондай студенттерде әлгі Айдос сияқтыларда жоқ қасиет бар. Ол-ұқыптылық, тиянақтылық, жауапкершілік сияқтылар.Осы қасиеттері арқылы олар Айдостармен бір жерде иық теңестіріп отырады, кейде тіпті, олардан жоғары шарықтайды.

Ондай студенттер әр группада да бар деп ойлаймын. Олар үнемі жоғары балл алып, жақсы нәтижеге жетеді. Бірақ өз группасында ешқашан білімді студент ретінде мойындалған емес. Ұқыптылығының арқасында тапсырманы мұқият орындап келіп толық бағасын алады. Сабақта айтқанын аудиториядан шыға бере қайта сұрасаңыз, жауап бере алмас еді. «Бәрі миымнан шығып кетті» дер еді.Әлгі оларға берілген балды барып тұрған әділетсіздік десең, тағы болмайды. Өйткені, оны жаттап болса да еңбектеніп алды ғой…

Әрине, білім жағынан Айдостардың тырнағына тұрмаса да, олар жоғары бағаға лайық.

Айдос қазір ауылына кетіп барады. Қой бағуға…

Мен Айдос сияқты қаншама білімді болса да, жәй ғана тігінші болып істейтін тағы бір адамды білемін. Ол қай саладан болмасын, ерекше білім қорына ие.Бірақ, ғалым да, профессор да емес, «академик»деген атақтан да ауылы алыс.

Кейбіреулер интернетті агент деп түсінетіндер сияқты білім дегенді күнделікті сабақты жаттап келу деп ұғынады.

Мен айтып отырған білімді адамдардың бір тармағы шығар. Яғни, білімділердің бәрі өз жолдарын таба алмайды деген сөз емес….

Сондай-ақ, «білімсіздердің» де белгілі бір тобы деп түсініңіз. Өйткені, олардың бәрінің мен мысалға келтірген студенттер секілді алдарынан сәттілік күле қарап тұрмас…

Жалпы айтайын дегенім, Айдос пен тігінші танысым сияқтылар өзіндік жолдарынан бөлек, барлық қоғамға ортақ заңдарға бағына білу керектігін дер кезінде мойындаулары қажет деп санаймын.

«Қоғамды үшпен оқитындар билейді»-дейді психологтар. Бастысы, кім-кімнің де өзіне не керек екенін біліп,өмірлік жолын ажырата алса болғаны…

Сурет мына жерден алынды.

ushkin1.wordpress.com/
Бөлісу:

37 пікір

meirzhan
Қоғамды үшпен оқитындар билейді
Бірде мынадай пікір естіген болатынмын: «Президент болу үшін кілең 5-ке оқу шарт емес. Ең бастысы адамдармен тіл табыссаң болды. 2,3-ке оқығандар көбіне басқарушылар болып жатады».
edige
Айдос қазір ауылына кетіп барады. Қой бағуға…
Жағдайы жақсы болайын деп жатыр ғой… Жолы болады, қуан оған.
Өмірге жолдама болуы қиын сол қағаздың. 3тікпен бітіргендердің де білері 5 тіктен көп болатындар да кездеседі. «Бақытты болу бай болу емес» болса да ондағы мүмкіндіктің көптігін айтқым келеді:
1. Өзің барып қарыз сұрайтын боласын.
2. Бітірсе ары кетсе бюджетник болар. 1 айлыққа қараааап.
3. 2 дипломы барлар окорочканы грамдап асып берсе ол қой сойып «сірнемен» күтеді сені.
4. Ертең финполға жемқорлықпен ұсталмайды.
5. Банкомат 500 теңгемді бермей қойды демейт
айта берсе көп қой…
6. Өмірі алда ғой, оқуға үлгереді
edige
Кезінде аттестат ала алмаған бір кластасым той, көкпар берді. Мектеп директорымыз, меңгеруші екеуі ішін кептіріп мақтап, аудандық депутаттар құдасын күтіп, танымал әртістер 2 күн алдын келіп қызмет жасаған.
Аттестатты қойш 2 қызыл дипломы барлар жиналып ескі 626 мазданы көкпарға салымға тіктік сәбірәздеп.
asaubota
Айдос білімді болғанмен ақымақ екен. Бұл жер Америка емес Қазақстан екенін ұмытқан сияқты.
Onlasyn
«Beautiful mind» фильмі есіме түсіп кетті…
edige
Форест Гамптен де аздап бар :)
Onlasyn
Бізде осындайларды (еркін жүргісі келетін білімділерді) бағаламайды ғой…
Негізі ең бірінші қолға алу керек болған мәселе білім деп ойлаймын...
satvaldo
Аамир Кханның «три идиотасы» да жақсы дит жұмыстағы қыздар. тақырыбы да ұқсас екен…
asaubota
дәл осылай мектепті алтынмен бітіргендер туралы да айтуға болады
AKY
Дәл қалай?!
asaubota
барлығы емес әрине, бірақ көпшілігінің білімдері «алтын» емес, элементарный, практичный нәрселерді білмейді немесе милары жетпейді.
Abilakim
Жолы болғыштық жайлы. Менің бір кластасымды өте терең ойлағандықтан бірінші кластан беске бір-ақ секірткен. Мұғалім апай «Менде екеу, сиыырда төртеу, ол не?» деп сұрағанда әлгі кластас (бір жыл ғана оқыдық онымен) «Емшек» деді тосылмай. Біз мақұлықтар аяқ туралы ойлап отыр едік сол кезде
qisyq
Сболыш:)))))))))))))))))))))))))))))))
monti
Әсірелеп айтқанда, Айдостың оқымаған кітабы жоқ деуге болатын шығар. Толстойыңның түгін қалдырмай талдап, Шекспиріңді шемішкедей шағатын сабазыңның ең осал тұсы да- осы заң…Айдостың қоғамға ортақ қағидадан бөлек өзіндік өмір сүру ережесі бар. Еркіндікті қалайды.
егер еркіндік қаласа, еркіне кетуді өзі қалады ғой, ал диплом керек болды екен, өзін басқадан жоғары қоймай барып жүруі керек еді сабақтан қалмай ;)
әркімнің өз өмірі өз қолында, үлкен қоғам атты* ұйымда жұмыс істеп жатырық екен, яғни ережеге бағынуымыз керек… Том/том кітап оқыған білімдарлар* әр жерден табылады, бірақ, ары қарай біреуге бірдеме дәлелдеу үшін, қағаз* керек әр кезде :)
satibaldi
Кейде сені қысқа да көлемді тост айта алатыныңыз үшін өлердей жақС көріп кетем осы.
Delvara
Көрші апа айтатын мен кезінде И.Тасмағамбетовқа қарамап едім деп, қазіргі күйеуімен бірге оқыған, ол оқымысты болған да/бірақ тежеу бопты/, ал бұның жігіті кезінде пысық болған гой. Қазір ол жоғарда отыр, ал күйеуі вахтада жұмыс жасайды.
Abilakim
/қазіргі күйеуімен бірге/
Бұрынғы күйеуі қайда?
Delvara
сол бір күйеуі ғо )))
Abilakim
қайтадан қосылды ма?
Delvara
ешқашан айырылысу ойында болмапты, сұрап келдім щешессс)))
Abilakim
еее, уайымдай берме, жас қой әлі.айрылыса жатар…
Delvara
аузына май (бензин)
Abilakim
Если масло то только «шедевр» демекші тек АИ-93
satibaldi
Құрыған қатын екен солай деп отырса, бабасс.
Delvara
неге, қалжыңдап айтқан еді ғо ол…
edige
Сізге де сабақ болған жоқ па?
konvict
Сабаққа қатыспағаны үшін.
Білімді екенмін деп сабаққа қатыспауға бола ма?
satvaldo
кредитныйсистемаңдыссс, савет үкіметінің иттері
saken
Тәртіпке бағынған құл болмайды © Бауыржан батыр
araika
«Бақ шаба ма, бап шаба ма»-ны өмірде жиі кездестіруге болады.
Мұндайлар (Айдостар) түбі бір жерден шығар, ал өзімнің де еркінсіп, сабаққа бармайтындығым енді түзелетін болды
balzaminka
Айдосқа дистанционно оқып алса болады ғо, рахааат болады ол кісіге. Қой бағып жүріп те диплом алуға неге болмасын
VKM
Сол дипломды алып алып, сосын ауылға қой бағуға барса дұрыс болар еді. Ата-анасын ойламайды ма, ең бірінші. Ел алдында ұятқа қалдырып. Білгені өзіне жақсы, мамандықты да оқып, білу керек ғой. В общем, дұрыс емес істегені(
e_zhalgas
Ол-ұқыптылық, тиянақтылық, жауапкершілік сияқтылар.
егер Айдос қанша білімді болса да, жоғарыдағы цитатадағы қасиеттердің тұйнақтайы да болмаса, алдағы мақсаты мен приоритетін анықтай алмаса — оның құны көк тиын
balzaminka
бүгін айтқандарыңды ұнатумен болып отырғаным, ұзағынан болса екен