Бүгінгі білімді студент

Қүрметті достар, сіздерді 14.03.2012 сағат 11-00 де болатын «Бүгінгі білімді студент — ертеңгі білікті маман» атты зияткерлік сайысты тамашалауға шақырамыз. Сайыстың мақсаты: Студенттердің тәуелсіздігіміздің тұғырына деген сенімін арттырып, Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқу бағдарламасынан тыс танымын толықтыру. Зияткерлік санасын жан-жақты дамыту. Елінің, жерінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңіту. Тарих көшінде көшпенді халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап, жастардың санасында, рухында дағдарыс болмасын деген ұранмен, олардың бірлікке, жарқын болашаққа талпынысын іс жүзінде насихаттау. Болатын жері: Алматы қаласы, қалалық №4 кітапхана, Абай даңғылы 141-үй (Жароков көшесінің қиылысында)
Бөлісу:

25 пікір

SaryQazaQ
Сайысқа Алматы қаласындағы Жоғарғы оқу орнының студенттері қатысады. Келіңіздер!
Abilakim
пікір жазылмай тұрған жазбаларымның астына барып бірдеңе жазып келем ғой деймін…
satibaldi
Шараның мақсаты не?
Abilakim
шара толы шарапты тауысып кету
aikarakoz
Максты өлтіріп, Шараға шықтыңыздар ма?
satibaldi
Сайыстың мақсаты:
Студенттердің тәуелсіздігіміздің тұғырына деген сенімін арттырып, Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқу бағдарламасынан тыс танымын толықтыру. Зияткерлік санасын жан-жақты дамыту. Елінің, жерінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңіту. Тарих көшінде көшпенді халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап, жастардың санасында, рухында дағдарыс болмасын деген ұранмен, олардың бірлікке, жарқын болашаққа талпынысын іс жүзінде насихаттау.
Осының барлығы — әбедке дейін біте ме?
Marco
Бюджет қаржысын игеру))))
Abilakim
бүгінгі білімді студент-ертеңгі білікті маман
satibaldi
Өзі, осылайша тізбектеп шара істей беруге болады екен, ә?
Abilakim
Бүгін сау-ертең ауру дегендей ме))
Marco
Ішкі саясат басқармаларының әлеуметтік лоттарына таптырмас техспецификация екен. Либой сөйлемін тақырып қылып алып, қалғанын мақсатқа ұржівересің:
Зияткерлік санасын жан-жақты дамыту. — Ол үшін:
Студенттердің тәуелсіздігіміздің тұғырына деген сенімін арттырып, Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқу бағдарламасынан тыс танымын толықтыру.Елінің, жерінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңіту. Тарих көшінде көшпенді халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап, жастардың санасында, рухында дағдарыс болмасын деген ұранмен, олардың бірлікке, жарқын болашаққа талпынысын іс жүзінде насихаттау, — дисің, боды)
satibaldi
Мен білем, бұл шараға: 10 қорап Juicy шырыны мен 30 пластик стақан алынды. Әлі упаковкадан ашылмаған "Ғасырлар тоғысында" атты кітаптың он данасы д ебатшыларға үлестіруге дайындалып қойды.
Акт залының есігін тағы да Замат черт күзетед.
AKA
Әлі упаковкадан ашылмаған "Ғасырлар тоғысында" атты кітап
Рас, жақында бір іс-шара болған, сол кезде Н. Ә. Назарбаевтың «Критическое десятилетие» деген кітабын үлестірді жеңімпаздарға.
satibaldi
Мен өтірік дедім бе не, нақ???
SaryQazaQ
Сок та, пластик стакан да алынған жоқ. Келіп көрсеңіздер болады. Сосын бұл сіздерге қызылкеңірдек дебат емес.
satibaldi
Сок та, пластик стакан да алынған жоқ. Келіп көрсеңіздер болады.
Онда екібастан бармайды ғой ешкім.
SaryQazaQ
Иә, сіз сияқты сок іздеген, стакан іздегендердің келмесі анық
SaryQazaQ
ее, солай деңіз. «Босқа саусақ терлетіп отырсың» дейсіз ғой