Өмірімдегі ең күлкілі күн

Бұл менің студенттік кезімде болған жағдай. Сабақтан шығып, орталық базарға бет алған бойым. Көзімде күннен қорғайтын көзілдірік. Керім болып келе жатырмын. Содан автобусқа мінгенімде жаңағы көзілдірікті шешіп қойдым. Орталық базарға жеткенде көліктен түскен бетте жаңағы көзілдірікті тағып алдым. Сонымен келе жатырмын. Базар болған соң адам көп, ығы-жығы. Алдымда келе жатқан адамдар маған бір түрлі жымиып қарайды. Содан көзімнің ауырғанын сездім, бірақ күндегідей ғой, күні бойы тақтаға қарайсың, көзілдірік сорып тастаған шығар деп, мән берген жоқпын. Байқаймын кейбіреулері күледі, сыбырласып бір-біріне мен туралы айтып жатқан сияқты. Үстіме қараймын, бір жерім ашылып келе жатқан шығар деп, жоқ, бәрі дұрыс. Сонымен базарды аралап, үйге қайтайын деп, газельге міндім. Орын бар екен, отырдым. Жаңағы күннен қорғайтын көзілдірігімді шешсем, мәссаған, бір әйнегі түсіп қалыпты. Енді күлейін десем жағалай адам отыр, мынау жынды ма деп ойлар деп өзімді әрең ұстап отырдым. Содан үйге жетіп, мамама айтайын десем, күлкі өлтіріп бара жатыр, күліп жатырмын, айта алмаймын. Бастаймын да, сөзімді аяқтай алмай, күлем жатып алып.
Сіздердің де осындай жайттарға душар болғандарыңыз бар шығар, бөлісе отырыңыздар, бірге күлейік!
Бөлісу:

74 пікір

a63a1
күннен қорғайтын көзілдіріктің шынысының түсіп қалғанын байқамау деген енд…
bizbike
солай болып тұр ғой енді, не істейсің
Abilakim
менде болған осы секілді оқиға. Базардан шалбар өлшеп көрдім, сатып алдым. өзімдікін киіп алып келе жатырмын. Адамдардың бәрі маған біртүрлі қарайды. сөйтсем шалбар киіп көрген жерімде туфлиімді ұмытып кетіппін. Нәскимен періп жүр екенмін. Ең қызығы оны автобусқа отырған соң бір-ақ байқағанмын
bizbike
көшеге үй аяқ-киімімен шығып кеткенім бар, сол сияқты болдыңыз ғой! Бірақ оны автобуста емес, үйден алыстамай байқағаныма шүкір
ademi_alem
))))))))) ужас )))))))) Бірде Семейге жол түскенде етік алдым, екі жағын да киіп көрдім, көңілімнен шықты. Ертеңінде Өскеменге кетуге жолға дайындалып жатқанмын, үйдегі бір құрбым етігімді көріп киіп көрейінші деді де киіп көрді. Сосын айтады бір жағы қатты қысады, әрең кидім, ал бір жағына мүлде аяғым кірмейді деп. Өзім қайта киіп көрдім, бәрі дұрыс сияқты. Менің аяғыма қарап отырған ол: «бір қонышы ұзын, бір қонышы қысқа сияқты көрініп тұр» маған деді. Содан астына қарам едім бір дағы 35, бір жағы 33 екен. Алған жеріме барып ауыстырып алдым.
Adiletshu
40 өтіріктің бірі шығар
Abilakim
менен бір сұрақ: «күлкінішті» деген сөз қашаннан бері қолданысқа кірді екен?
bizbike
шынымды айтсам, аңғармаппын да, мән де бермеппін. Түзедім, кешіріп қоярсыздар
Tyulpan


мен де студентпін. арқамда рюкзак. троллейбусқа кірдім де, бірнеше аялдамадан кейін басқа троллейбусқа ауысатынымды мұткетіппін. сүйтіп, мен шығатын аялдамадан енді жүре берейін деп жатқан кезде, атып шығам дегенде есік жабылды да, арқамдағы рюкзагым ішінде, өзім сыртында қалып кеттім. троллейбус орнынан жайымен қозғалып жүріп бара жатыр. онымен бірге мен де ілініп кетіп барам. адымен артқа қарай жүгірдім де (енді трекең дедектетіп әкетіп бара жатса), троллейбус қатты жүре бастаған кезде аяғымды көтеріп алдым. соның бәрі әп-сәтте болып жатыр. аялдамадағы адамдар маған, ал мен рюкзактан қатты ұстап алған күйі оларға аянышпен қарап, троллейбусқа ілініп кетіп барам. бір кезде біреулер ішіндегі айтты ма, троллейбус ақырындап тоқтады да, есік ашылып, мен түк болмағандай, рюкзагымды арқалап кете бардым. аялдамадағы адамдардан ялғанымнан басқа аялдамаға барып отырдым басқа троллейбусқа…
bizbike
сіз маған тағы бір жағдайды есіме түсіріп жібердіңіз. Студентпін, үнемі он бесінші автобусқа мінемін, біздің жақтан оқуыма баратын сол ғана. Сонымен үйреншікті аялдамадан емес, әріректегі жерден міндім, артынан жүгіріп барып. Ішінде кілең орыс, және де шал-кемпір көбінесе. Маған қарайды жалтақтап, содан келе жатырмыз. Бір кезде басқа бағытпен жүріп бара жатқанын байқадым. «Ойбай, мынау неге басқа жаққа кетіп бара жатыр?» деп сұрамаймын ба. Сөйтсем, сол күні орыстардың «Родительский день» күні екен да, бұл автобус орыс зиратына баратыны екен. Жолдан түсіп қалып, басқасына мініп, сонымен не керек, сабаққа кешігіп келдім қысқасы.
bazuka
 жәәәманнн өлдім күлкіден
Erkekyz
 елестетіп көрдім, ужс
torgai
Біз ұжыммен корпаративтік отырыста болғанбыз. 300-ге жуық адам. Сонда бір апай кішкентай немересін ерте келді. Артынан бала жайына қалды. Кешқұрым отырыс аяқталып, үйге жиналып жатқанда бір әріптес жігіт жаңағы баланы көтеріп: «Кімнің баласы?» деп сұрады. Сол кезде бәрі бір-біріне қарады. Ал апамыз өзі ғана: «Ойбай, баласына қарамайтын адам болады екен ғой!» деп тоқтамай күлсін. 10 минуттай іздедік ата-анасын. Бір кезде апамызға бала "әже" дегенде бәрі түсінікті болды. Есі кірген апамыз: «көтек, менің немерем екен ғой» демесі барма. Бұған күлеміз бе, жылаймыз ба?
aza
Жылаймыз, на) Таки, жылағым кевотыр ет жақсы болғанын қараш!
torgai
Сен жылама, сен жыласаң көл былай тұрсын мұхит болады)). Рас үп-үлкен кісінің бұл қылығына бәрі күлгенімен маған ерсі көрінді
aza
Сеніп қалдың ба))) қайдағы жылау, қалжың ғой. Алла жылтапасын тек! Ал, апымды расында ерсі екен, немересін шатастыру басқа біреудің гәлөшін сүйретіп кету еме қой енді…
torgai
Галош жайлы теңеу жақсы))))))))))
Abilakim
ішіп алған шығар
Tyulpan
көреміз бәрімізді ата мен апа болғанда )))) күлсең кәріге күл
ademi_alem
тағы жазыңыздаршы есте қалған күлкілі күндерді, күлкілі сәттерді. ))
Armanjan
кішкене ұяттау болса да жаза берсе бола ма?
Tyulpan
бір қыз ғой автобуста шаляпина деп сұраймын деп, «шәләп» деп қалыпты да, бір түрлі дұрыс айтпағанын сезіп «ой, шалап» деп тағы қате айтқаны бар еді… )))


алматыда өнер жұлдыздарымен концерт болп жатқан. бір атақты өнер иесі, әйел адам өзі, әнін айтып болып кетіп бара жатқан сахнадан. сол кезде мақпал жүнісова шығып келе жатты сахнаға. жаңағы әйел адам пердеге сәл қалғанда сүрініп құлады. зал тып-тыныш. ана кісі төрт тағандап құлады да, басы алдына қарай солқ ете қалды, шаштары да сүйтті. сол төрт тағандап тұрған күйі артына жалт қарап жатыр. сол кезде адамдар күліп жіберді. мақпал боса домбырасын күйге келтіріп тұрды ма, түсінбей қалды басында не болғанын. бір кезде ана кісіні біреу ар жақтан тұруға көмектесіп жатқанын көріп, «еее ондай-ондай бәрімізде де болып жатады» деп, әнін бастай берді...))
ademi_alem
басы алдына қарай солқ ете қалды, шаштары да сүйтті.
елестетіп отырмын қалай құлағанын )))))))))))
Abilakim
атын сұраймыз!!! Әлгі әншінің
ademi_alem
Ол да өз еркіңіз, тек әдептен аспау керек екендігін естен шығармағайсыз. ))) Ештеңе ойламай, күле бергім кеп отыр қазір.
Armanjan
опшым осы өткен жазда нағашымның үйінде жүргенде кішкентай немересінің қораның үстіне шығып кеткен добын алып берген едім. Содан қораның үстінде тұрып бала кездегі қылықтарым еске түсіп кетпесі бар ма.(бала кезімізде қораның үстінде тұрып алысқа шаптыратынбыз, көршінің қыздары астынан жүгіріп өтіп, сондай бір жынды ойнаушы едік, енді кішіректеу кезіміз ғой енді) Содан байқасам ешкім көрінбид, жәрәйд бір-ақ рет қой деп шаптыра салмаймын ба, болғасын көршінің қызы терезеден ыржалақтап тұрғанын байқадым, ұялғанымды көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
ademi_alem
мяяя ващесіз ғой! ))))
torgai
Дәретіңізден тартып құлатпағанына рахмет)))
a63a1
 көршінің қызыда өсіп қалыппа?
Armanjan
екі жасар қыздың анасы деген тәп-тәуір атағы бар.
a63a1
сонда кім болды?? анасыма қарап ыржалаңдаған әлде баласыма?
west_laura
менде де болған ондай оқиға: жігітіммен қатты ренжісіп қалған болатынмын.екі күн бойы хабарласпай көңілім түсіп жүрген еді… Жаттығу соңында Ол звондап, қуанғаннан кимономен шығып кетіппін.Сонда жұрттың қалай қарағаны әлі есімнен кетпид)))
a63a1
Әбіл бір туфли киіп автобусқа отырып жүре беред, онда тұрған еш сөлекеттік жоқ
VKM
туфли дегенде есіме түсті.Бірде емтиханға асығып жүріп,үй тапочкасымен кетіп қалыппын.Тек Универге келген соң ғана байқадым.Үйге баруға алыс(Зарина түсінеді, КАСУдан Куленовкаға дейін 20 км-дей) Біраз ыңғайсыздау болды, бірақ 1-ші кіріп, тапсырып, бірақ кеттім))))
ademi_alem
КАСУдан Куленовкаға дейін ??? ))))))))))) ой, ішім-ай )))))) әбден күлдім бүгін )))))))))
aza
"… Сағира, эфирдеміз… Сағирааа, эфир басталып кетті… Ысылдап жатырмын, «мххм» деп жөткірініп қоям, қарайтын әріптесім жоқ, ернін бояп отыр, кішкентай айнасына қарап. Режиссер қылғынып жатыр, айғайлап))) 20 секундтай ғана уақыт қой… Сілікпеміз шықты… Уфф, жарнама кетті-ау, ақыр))) "Әййй, қыз" деп айғайлап жібердім, Сағира селк етті. Режиссерімнің үні өшіп қалды… Микрофонды айырмапты дыбысшы))) Ал, саған тікелей эфир керек болса)))"
Маңғыстауда жүргенде болған еді…
ademi_alem
"Әййй, қыз" деп айғайлап жібердім, Сағира селк етті. Режиссерімнің үні өшіп қалды… Микрофонды айырмапты дыбысшы)
)))))))))))))) ой, қызық
torgai
Анаң с… кеткен шығар а?))))
aza
Кетті ғой "әнәсстің" неше түрі… Эфирден шыққан бойда «главредіңдісссстің» алдында тұрдық қой, сүмірейіп))) Ээһһ, дәурен еді ғой…
neoaskar
Мектеп 7 сынып оқып жүргенімде әжемнің галошін киіп кетіп қалдым. 6 сабаққа дейін сонымен жүрдім ғой сабылып, бір қыз ғана күлді
ademi_alem
бір қыз ғана күлді
бір қыз ғана күлді? Әлде бір қыздан басқасы күлді ме?  Сіз жазғандай болса қандай ақылды оқушылар
neoaskar
Сонысына кейде таң қаламын. ол қыз да біздің сыныптан емес, көрші сыныптан болатын.
ken
білмеймін, күлкілі ма, күлкілі емес па.
жасым он үштерде болу керек. көшеде мини юбка киген тәтелер (бізден бірнеше жас үлкен қыздар ғой) келе жатса, өтірік аяқкиіміміздің бауын байлап жатқан сияқты отыра қалатынбыз. қыз жанымыздан өтеді, ал біз аяқтарды тамашалаймыз.
бір күні көшеде келе жатсам, қарсымда мен жаққа қарай қысқа юбка киген бір қыз келе жатыр. отыра қалып, кроссовкамның бауын байлап жатырмын, өтірік шешіліп кеткен сияқты. күтіп отырмын-күтіп отырмын, жанымнан қашан өтер екен деп. бауымды екі-үш рет босатып, қайта байладым. шыдамым таусылып, басымды көтеріп қарасам, ана қыз көшенің арғы бетінде кетіп бара жатыр. маған жетпей жолды кесіп өтіп кеткен екен.
Korkem
иә, еске түсіп жатыр.

Мектеп оқитын кезім ғой, сабаққа бір емес бірнеше рет сумкамды ұмытып кетіп сумказысыз барған кездерім көп. Ол ол ма, тіпті сумкамды мектепке тастап кеткен кездерім де болған.)) Дене шынықтыру сабағында байқамай киіміңді теріс киіп алып… еске түссе көп екен.)) Осыдан біраз бұрын ғой деймін, шаштаразға баратын боп спорттық үлгіде киініп алып, аяғыма үй ішінде киіп жүрген туфлимен кетіп қалыппын. Шаштаразға барғанда бір-ақ білдім, кезек күтіп отырып аяғымды әрлі берлі ойнақшытып отығнада ғана байқаппын, қысылғанымды-ай, шашымды жөндегенім жөндегендей болмады, аяғымды жасырам деп...)))
MickThatsMyNick
Есте қалғандардың бірі бастауыш класста математика мұғалімінен түсінбеген тапсырманы сұрайын деп «папа» деп қалыппын, содан кейін бүкіл балдар күлшейш))
alisha
Ой, естеліктеріңді оқып бір күліп алдым-ау…

7-8 сыныптарда болса керек биологиядан ашық сабақ болып жатты. Артта завуч, организатор дегендей толып отыр. Мен екінші қатардың бірінші партасында отыратынмын. Бұрыннан әдетім, аяғымды айқастырып, үстіндегі аяғымды сермелеймін де отырамын. Мұғалім тақтада сабақ түсіндіріп тұр. Сол кезде қалай екенін білмейім туфлиім аяғымнан ұшып, сырғып барып тақтаның алдынан бір шықты ғой  Ой, ұялғаным-ай… Апай да сасып қалды… Содан не керек бір аяқпен секеңдеп барып туфлиімді киіп алдым
alisha
Осыдан бір 7-8 жыл бұрын радиода құттықтау бағдарламасын жүргізетінмін. Ол кезде смс-портал дегендер жоқ, құттықтауларды өзіміздің ұялы телефонымызға қабылдайтынбыз.

Содан бір күні әдеттегіше тікелей эфирге шықтық, әншейінде қарша борайтын смстер атымен жоқ. Беташар әніміз бітті, смс жоқ, содан өтірік смстерді бораттым. Ойдан «суырып салып»  Тағы бір ән кетті, смс жоқ… Қысқасы, 20 минуттыойдан смс құрап өткіздік. Содан кейін күмәндана бастап, былай да былай қарай бастадық. Масқара, сөйтсек микрофон пультқа қослымай, 20 минут бойы босқа балпылдап отырыппыз
ademi_alem
Масқара, сөйтсек микрофон пультқа қослымай, 20 минут бойы босқа балпылдап отырыппыз
Ужас ))))))))))))
alisha
Ол ештеңе емес, бірде оператор қыз радиодан жүріп жатқан әнге қосылып отырған ой ыңылдап, керек жерінде айқайлап дегендей, сол эфирге шығып кетіпті Монтажный мен эфирный компьютерге кезектестіріп қосушы ек микрофонды, ауыспай қалған ғой
ademi_alem
Сіздерде себепсіз күлу деген бола ма? Мысалы жиналыс үстінде ме, жұмыс үстінде ме, әлде оқу кезінде ме себепсізден себепсіз күліп, не бірдеме еске түсіп кетіп күліп ыңғайсыз жағдайға қалу.
Tyulpan
себепсіз мес қой ол ))) себебі баааааааааар. күлкім келсе күліп аламын бірдеңелерді еске түсіріп )))) кейде керекті оқып, тырқылдап күліп отырам. эхххх күлкімізді көп көрмесін әйту
ademi_alem
кейде керекті оқып, тырқылдап күліп отырам.
менде де болады осындай кездер. )))))))
alisha
жиналыс ештеңе емес, бірде бір танысымыздың үйіне садақаға бардық жиналып, молда дұға оқуға кірісті, жас жігіт екен, мақамы бізге таңсықтау болды. Содан жанымда отырған біреу селкілдеп күле бастады, білмеймін әлгінің мақамына күлді ме, әлде ойына бірдеңе түсті ме, әзер отыр, оны көріп ар жағында отырған жігіт қосылды… Ой… вирус қой күлкі деген. Әзер шыдап отырдық тұрып кеткенше. Күлкінің арсыз екені рас қой
ademi_alem
Күлкінің арсыз екені рас қой
alisha , осы "Үш арсыз: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз" дегенді қалай түсінуге болады? Ұйқың келген сәтте қандай жағдай болса да арланбай ұйықтап, тамақ ішкің келсе тамақ ішіп, күлкің келген сәтте күліп ал" деп түсінуге бола ма?
bizbike
меніңше, ұйқысы келгенде, аш болғанда, сосын күлкісі келгенде адам өзін-өзі ұстай алмайтын кездер болады қанша әдепті болса да, сондықтан арсыз деген. Адам «мен арсыз емеспін, солар арсыз мені сондай қылған» дегені ғой.
alisha
Anuarbekkyzy дұрыс айтады Арланба, күл, ұйықта, тамақтан деген емес, аштық, күлкі, ұйқы қыспаққа алса, адамның еріксіз екендігі туралы қысқасы… Жоғарыда айтылған садақада болған жәйт «күлкі-арсыз» дегеннің анық дәлелі, мысалы.
ademi_alem
ааа түсіндім, рахмет түсіндіріп бергендеріңіз үшін.
Abilakim
Ал сіздерде күлген кезде мұрынна ләмпішке шығып кету деген бар ма?
NursultanSS
маңқасы ағатындардан шығатын, ымф деп бір сорып алып жүгіре кететін)
alisha
Ох, минусыңды түзетемін деп отырып, абайсызда -2 етіп қойдым…
Abilakim
сен оны түзетуге міндетті емессің ғой Жанееем)))
ләмпішке дегеннің жаман сөз екенін жаңа біліп отырмын.Өз-өзіме минус қоя алмайды екенмін
GUL78
Ләмпішке деген фигня Нурлыбек деген класстас баламыз ләмпішкесі сабакта катты кулем дегеде атып кетип еки колмен шак жинап алганы бар ))))))))))
007
Ой журе берсең коре бересің деген осы шығар, Естімеген елде көп дейді жоғарыдағы жәйттерді оқып отырып рахаттанып отырып күлдім-ау әліде күліп отырмын көптен бері бұлай күлмеп едім…
GUL78
Маааа… рахаттанып турып кулдим. ))))))))