Студенттік өмір қызықтары

Сәлем бердім, уа «Керекинфо» жамағаты. Жайдары жаз келді, көңіл-күй керемет! Салғырттықтан гөрі, белсенділік басым.  Сабақ аяқталды, сессия ақырындап жүріп жатыр. Одан қалды 5 апталық практика бар. Содан кейін нағыз жазғы демалыс басталады. Сабақ, сессия демекші, студенттік өмірдің қызығы біткен бе?!


Жақында ғана курстық жұмыстарымды аяқтап, арқамнан үлкен жүк түскендей болды. Бұрынырақ Әбіләкім ағамыз өз пікірінде сызбаларым жайлы сұраған болатын. Бүгін сол сызбаларымның реті келіп тұр екен. Алдымен, мектеп қабырғасында жүріп, «Сызу» пәнінен салған суреттерім:

Енді, студент болғандағы сызуларым, суреттер сөйлесін…
1. Бұл 1-курстағы ең алғашқы курстық жұмысым. Сәулет-1 пәнінен тұрғын үйді жобалау тапсырмасы берілген болатын. Мынау маған берілген тапсырма, ғаламтордан суреттерді қарап отырып тауып алдым. Бізге дәл осылай журналдан суретті және тұрғын үйдің ұзындығы, ені, биіктігі ғана берілді. Қалғанын өз еңбегіңмен…

2. Кесінді.

3. Шатыр.

4. Іргетас.

5. Жабын.

6. Қасбет.

Әрине, ішінде қателер көп, бұл өзімде қалған нұсқасы болатын. Енді, 2-курсқа аяқ басып, «AutoCAD» бағдарламасымен танысып, үйрене бастадық. «Сәулет-2» пәнінен енді күрделірек, яғни өнеркәсіптік ғимаратты жобалау болатын. Маған Ақтау қаласында орналасқан механикалық цех берілген болатын. Суреттер…







Мұнда қате бар, Автокадпен сызылған соң қателерді жөндеп беруге оңай. Мен үшін ең қиын курстық жұмыс, ол — «AutoCAD және CREDO негіздері» пәнінен берілген тапсырма. Ееең қиын, ағай да қатені тез табады, әр милиметріне дейін білетін болған соң, қатеңді бірден айтады. Осы курстық жұмысымды кешкі сағат 21:00-ге дейін жүріп ақыры тапсырып, 100 балл алдым ғой, шүкір.  Келесі суретті автокад бағдарламасынан сақтап алдым, сурет қылып сақтауды үйрене алмадым. Бұл сызбаны сызғышпен өлшеп сыздық, өлшемі дәл келмесе қайтадан сыздыртатын еді. Сонымен қатар бес бөлшегін үш көрініспен сызып шығу тағы бар болатын. Менің тапсырмам Боголюбов С. К. №20 вариант, үлкен сызу кітабынан алынды.

Тағы 2 курстық жұмысымды аяқтап, қазір сессия тапсырудамыз. Одан кейін 5 апталық практика бар, иншАллаһ жақсы тапсырайын.  Бұл жұмыстарым арқылы болашақ мамандарға, одан қалды мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бір пайдасы тиер. Инженер-құрылысшы мамандығы қазір өте қажет, әрине қиын, бірақ өте қызық һәм керекті саланың бірі.
Ааа, ұмытып барамын, өткенде тобымның жігіттері 33 сөзден тұратын сөзжұмбақ дайындап, таң қалдырған болатын. Қандай сөз екендігін біліп отырған боларсыздар?!  Ошм, сол "Құқық негіздері" сабағы бір ерекше өтті, сөзжұмбақтың ұзын болғандығы соншалық, тақтадан да асып түсті.

Солааай, тағы қызықтар көөөп қой, амандық болсын бастысы, әлі бөлісе жатармын сіздермен. Мамандық жайлы айтар ақыл-кеңес, нұсқаулар болса риза боламын. Қазір емтиханға асығып барамын, амандықта болайық!   

Пы.Сы. Кей суреттер бұрынырақ түсірілген, сапасыздығы үшін кешірім сұрайм!
Бөлісу:

55 пікір

saltanat23
Емтиханыңа сәттілік!!!
a63a1
технологиялық сызба қайда?
AKA
Технологиялық сызба? Инженерлік жүйелер ма? Әлде кран, механика… ма?
a63a1
лібәәә мына сызбалар көзіме оттай басылды, әсіресе колонналармен фермаларды сызғанда керемет кәйіп алушем)))
a63a1
қасбетінес? Фасадпа?
AKA
Иә, қазақша қасбет деп жазамыз.
a63a1
СТР дегенде группа болама не? можыт С-10-1 шығар?
saltanat23
Менің де мамандығым сызбалармен байланысты. Біз оқыған кезде СТР деген группа болатын.
AKA
СТР — «строительство» сөзін қысқартқан түрі. Мен оқуға түскенде қазақшалап 1 ай көлемінде ҚР-10-1 болғанбыз, қайтадан СТР болдық сосын.
satibaldi
«Неке құқығы» несі нақ? Лібәә, универде де 1 сыныптағыдай сөзжұмбақ жасыра ма не? Деградация нақ, әжесстің.
Korkem
сонша жерден алып, жерге салып
satibaldi
Жәә енді, сорлы әдіс екені рас.
meirzhan
Иә, солай. Әсіресе философия мен мәдениеттану мұғалімдері СРС тапсырмаларға — кроссвордтар да береді
AKA
Бұл да БАОӨЖ сабағы болатын. Интерактивті тақта барлық аудиторияда қарастырылмаған, сондықтан бұл әдісті пайдаланамыз, басқа белді университеттерде де бар.
meirzhan
БАОӨЖ деген қандай пән? Неке құқығы құқық негіздерінен емес пе еді?
AKA
БАОӨЖ — білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы. Сіз айтып отырған СРС қой сол…
meirzhan
мәә, міне фантазиця қайда жатыр. Бұрын СОӨЖ не ОСӨЖ деп дауласатын. БАОӨЖ деген экзотично кен.
AKA
Қазір жүйе біраз өзгеріске түсті ғой, Мако. Студент деген атауды қазақшалап «білім алушы» деп жазып жүрміз.
meirzhan
Бәрі күрделеніп баржатыр кен.
Korkem
мяяя, міне, тағы бір қырынан танылдың))) қаңғыбас)))
сәтті аяқта!!!
satibaldi
қаңғыбас
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
Korkem
әәә сырын ашып бер дисіз ғой, оныңыз бола қоймас.
AKA
Толығырақ болғанда… "Қаңғыбаспын" деп танысып ем Көркем ханыммен ойнап әрине, қайдан білейін осылай үнемі айтып жүретінін?!
Korkem
Сатекеңе келгенде үйстіп сызылып қалад енД. Әншейінде сұрағыңа тура жауап бере салмай
AKA
Оххх, сені ме… Рахметиии!
Rozatai
Бәрін жақсылап тапсыруға тілекшімін, Ака! Гранттан ни в коем случае айрылып қалма!
AKA
Құдооой сол, әмииин ғой.
VKM
Күшті, АКА! Мамандығың супер! Аманшылық болса,өз арманыңдағы үйдің проектысын қоярсың осында)
AKA
Бұйыртса, жасыл қырат жақтағы үй.
aikarakoz
АКА, саған осы бастан заказ беріп қояйын болашақ үйімнің сызбасына
AKA
Дауай, келістік.
satibaldi
Қасбет деген — фасад деген екен, уа техникалық интеллигенцияның ғақылия мүкәммал мұғжыза өкілдері!
araika
Еһ, сызу… Мен сол сыза алмай кеттім «Сызу-өшіру-сызу» процесі-ақ жүйкемді жұқартып бітетін. Сосын өзгелер таза А4 пайдаланса, мен арнайы торкөзделген парақ қолданып қулық жасадым
AKA
 Ох, қуын өзінің. Рамкаға дейін тексереді ғой сол өлшеп, жүйке мықты болу керек әрине.
araika
Соңында жиған-тергендерді апарғанда, ағай лақтырды ғой Ой, айтпа, Қайдасов (жоғары сыныптардағы геометрия оқулығының авторы)еді ағайым, бастапқыда қорқып «оңдырмай құлататындардың бірі» қатарына кіргізіп жүрсек, керісінше екен
satibaldi
Мен сол сыза алмай кеттім
Енді о дүниеде үйренуге уақыт көөп. Өте, өте көөп…
FaraOn1
еххх ал біз болсақ ақшаға ала алмайтын үйіміздің суретінде сала да алмай жүрміз
satibaldi
Лузервилль қаласының әкімшілігі сендейлерге тегін жер телімін беріп жатқан көрінеді.
FaraOn1
ауылда гектар гектар жерім бар нақ, қаланын соткасы керек жоқ
Kipshakkyzy
Мәә, АКА!  Басқа болса да мен сені… мен сені сызбамен айналысады деп ойламаппын уаааще.КүЧті ғой!  Жанееем, сәттілік тілеймін саған!
meirzhan
Сызбамен айналысуға қимаймын дегендей естіледі екен )
Kipshakkyzy
 Аий, Мирон қатырасың ше!
MickThatsMyNick
Калледжде сызу сабағын жек көретінмін, жүресің топырлап терезенің қасынан шықпай, калькаға сурет салып, одан өшіргішің жоғалад… ой…
vebred
анау үйдің сызбасын айтам қандай керемет… бірақ шатыры биік болғанымен оның астында мансард қарастырылмаған сияқты ия… АКА-ау мына сызбаңды толығырақ қалай алуға болады… мен бір үйдің жобасын іздеп жүр едім… мына жоба маған ұнап тұр…
AKA
Тұрғын үйдің жобасын автокадпен сызбадық, қолмен сызылған. Автокадпен сызуға болады, менен көптеу білетін мамандармен де ақылдасу керек.
bazuka
өте ұқыпты сызбалар АКА! Практиканы сәтті және қызықты өткізіңіз!
AKA
Үйбәй-ай, ят болды ғой, «сіз» демей-ақ қойыңыз.  Әмииин, АРБ!
Aikona
Сызба сызуды сағынып жүр екем . Емтиханыңа сәттілік тілеймін!
17aka47
Қайдасов ағай сизге көп-көп рахмет айтып жатыр
pessemist
мынаның бәрін қолмен сызу мазохимзм емес па?