Домбыра Party: Сағындырған Party

Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған Party
Араға екі апта салып, Астанада кезекті Домбыра Party өтті. Басқаны білмеймін, өз басым сағынып қалыппын. Тамақ бітіп қалған, қарлыққан дауыспен ән айтқан да болдым.
Әрі қарай

Астанадағы бір домбыра

Домбыра Party: Астанадағы бір домбыра

Жалпы, Домбыра-патилердің орнын өзгерту ықтимал дүние ме? Оң жағада, Кенесары ескерткіші жанында скамейкалармен қатар мынадай домбыра мүсіні бар. Тақырыпқа сай болар ма еді деген ой ғой… Адамдар да көп жүреді онда.
Мүмкін емес болса да, біле жүріңіздер дегенім. Дәл осындай домбыралардың қаланың өзге жерлерінде де бар екенін жорамалдаймын.
Әрі қарай

Домбыра Party: Абай әндері

Назгүлдің ойын қолдап, Астанадағы патиге «Абай әндері» деген шартты тақырып қойдық. Неге шартты, өйткені қонақ кәде сұрағанда кез-келген адамның Абайдың әндерін сайрай жөнелмесі анық еді. Дегенмен, бұл да бір шырайы келген кеш болды. Әсіресе, арнайы іздеп келген екі қонаққа ырза болдым.
Әрі қарай

Домбыра Party: Айтыс, дуэт, трио және ...

Блог - Marco: Домбыра Party: Айтыс, дуэт, трио және ...
Астанада болдың ба, Домбыра Party көрдің ба деп жырлайтын кез де келер. Біреуі ілгері, біреуі кейін, әйтеуір әр Party өзінше бір ерекшеленіп жүр. Әрбіреуінен соң «Осынысы мықты болды-ей», — деп тарқасамыз әйтеуір. Бұл жолы жұрттың бәріне майдай жағып, жатталып қалғаны – айтыс.
Әрі қарай

Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013

Блог - 19852407: Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013
Қарғыс алма, алғыс ал дейді. Кешегі Нұрғиса Асылбеков қонақ болған «Шалқар» радиосы, "Ұшқын" жастар бағдарламасының тікелей эфиріне Орал қаласынан Алмажай атты апамыз хабарласып: «Домбыра PARTY құптарлық шара. Оралда әр бейсенбі сайын өтіп тұрады, немерелерімізбен барып, демалып қаламыз. Рахмет!»,- деп, хабарласып, алғысын айтып жатыр. Оралдағы шара өзінің тұрақты көрермендерін тапқанына мәз боп қалдық.
Әрі қарай

Шоқынғандар

Сіздер біздің айтқан «Домбыра party» атауына қарсы шығып отырмысыздар?
Сіздер Домбыраны көшеге шығып кетті деп байбалам салып жатырмысыздар?
Сіздер домбыраны дұрыс тартпай жүрсіңдер деп айыптап жүрмісіздер?

ТАМАШАЛАҢЫЗДАР ОНДА:

Әрі қарай

Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.

Ақтауда атаулы № 10-ыншы Домбыра Party және open air форматындағы мини-ауызашар өтті.Бұл күннің ерекшелігі-теңізден соққан самал жел патиге қатысшыларды біршама мұздатып та алды. Осыған қарамастан патидің думаны түн ортасы 12-ге дейін жалғасты. Тағы бір ерекшесі- патишілер өздерімен бірге тамақтарын, термосқа құйылған шайын да ала келіпті. Сонымен мұнда ауыз ашар да, ән-күй де болды. Соңын ала атақты өнер жанкүйері, жыршы-термеші Қамбар Оразовтың келе қалғанын қайтерсің?

Домбыра Party: Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан
Әрі қарай

Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Блог - Daniar-Alan: Домбыра party. Ұлылық - қарапайымдылықта

Алдымен қысқаша тарихына тоқталып өтсек. Пати осыдан дәл бір жыл бұрын 2012-нің жазында Астанада аралас-құралас жүретін жақын достардың кездесуінен бастау алды. Алғашында kerekinfo.kz блогтұғырына баннерлер іліп, оны әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, таныстарымызды, достарымызды шақырып өткізіп жүрдік. Ол кезде қазіргідей нөпір халық емес, қызығушылар аз-тын. Қыдырыстап жүрген адамдардың көбісі аз-кем аялдап, тек ара-арасындағылар ғана аяғына дейін тыңдап кететін. Күн жаңбырлы болса да өткізуге тырысатынбыз. Негізгі тыңдаушылар сол kerekinfo.kz сайтының қолданушылары болса, негізгі орындаушылары да сол керектіктер-тін. 2-3 сағаттап дауыстары қарлыққанша ән айтатын Нұрғиса Асылбек, Алдан Жылгелді, Алмас Алтайдың бұл шараға сіңген еңбегі ұшан теңіз. Жүргізуші Маралбек Сағынғановтың еңбегі де кем соқпайды олардан.
Әрі қарай

Домбыра Party -де қай-қомус қонақ болды

Сенесіз бе, күн ұзағына күрең тартып, қабағы ашылмай қойған Астананың аспаны дәл Party басталарда шайдай ашылды. Табиғаттың өзі домбыра үнін еститініне қуанып тұр деп жорыдым. Мұндайда көп тұруға болмайды. Бастап жібердік. Жиналған адам қарасы көп болмады. Келмегендердің өз обалы өзіне, біз бір кереметке куә болдық.
Әрі қарай

Домбыра Party: Мерекелік тарту

Әлқисса: өткен бейсенбіде Домбыра Party болмай қалды. Себебін бәріңіз білесіз. Астананың қыз мінез аспаны сол күні өкпелеп қалды. Бетін бері қарату қолдан келмегесін бір сыласы болар деп тыныш қалдық. Есесін сенбіде, шілденің алтысында, Астананың он бесінші туған күнінде қайтардық! Әлгі, «Абылайдың асында шаппағанда» дегеннің нағыз өзі болды.
Әрі қарай

Party болсаң осындай бол

Шіркін-ай! Кешегі Астанадағы Домбыра Party бітпей-ақ қойса екен деп едім. Көрген де арманда, көрмеген де арманда деген осындайда айтылса керек. Домбыраны қолдан қолға тартып, таласып, ән айту үшін кезекке тұрдық. Несін айтайын, видеолары шыққанда өзіңіз де көрерсіз.
Бәрі әдеттегідей басталды. Алдымен Нұрғиса Асылбеков пен Алмас Алтайдың әндерін тыңдадық. Қонақ кәде сұрағаным сол еді Дастан есімді бауырымыз суырылып шықты. Шиелінің жігіті екен. Сырдың екі термесін орындап бергенде қол соқпаған жан қалмады. Дастан өрт сөндіруші болып жұмыс істейді екен. Әрі батыр, әрі әнші, сөзге де, іске де бар жігіт екен. Патиді Фейсбуктегі парақшамыздан естіп келіпті.
Әрі қарай

Қазақтың ұлттық саз аспаптарының өткені, бүгіні және келешегі

Ата бабаларымыздан жеткен рухани мұрамыз ұшан теңіз. Ауыз әдебиеті, қол өнер, ақындық-шешендік өнер, құсбегілік, ат баптау, спорттық түрлі ойындар, ән-күй тағы басқа көптеген әлем халықтарынан ұлттық бояуымен өзгешеленіп тұратын ерекше өнерлер мирас болып қалды. Солардың бірі және бірегейі ұлттық саз аспатары.

Алғашқыда ел арасындағы әнші күйшілер өздері қажетті аспаптарын жасап алып ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берді. Келе келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспаптары үндік ерекшелігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа Қазақтың ұлттық саз аспаптарының өткені, бүгіні және келешегі да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз.
Әрі қарай

Каспий жағасындағы алғашқы party, Домбыра party 23.05.2013ж

«Домбыра Party» деген бір өзі керемет бастама сияқты ғой! Анау Алматының жастары әр бейсенбі сайын кешкі жетіде Арбат деген жерде жиналып, домбыра тартады екен. Біздің Ақтауда теңіз жағасында осылай жасауға мүмкіндік бар ма?!
деп Маңғыстау фейсбукшыларының тобына Уайс Ерсайынұлы ағамыз екі үш күн бұрын тақырып қозғаған еді. Содан осы бейсенбі өткізейік деп келісіп, бәріміз ұйымшылдықпен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында кешкі саған сегізде алғашқы Домбыра party-імізіді өткізіп жібердік.
Мүмкін басқа домбыра патиларға қатыспағандығымнан шығар, бірақ бұл домбыра пати меніңше керемет өткен сияқты. Енді әр бейсенбі, сағат 20:00-де, теңіз жағасында, Астана ойын сауық кешеніне қарсы аялдам жанында жиналатын болып келістік.
Суреттері міні.


Әрі қарай

Әкесінің ауызын...

Баяғының балалары әкесі арқасынан сегіз өрім қамшымен сабап жатса да әкесіне қарсы шықпайтын көрінеді. Қазір ғой "ә" десе «мә» дейміз. Мына видеода да әкесіне қарсы шыққан баланы көреміз.
Әкелі-балалы Балғабек және Балқан Смағұловтар арасындағы күй тартыс.
Ә, айтпақшы, тақырыпқа келсек. Негізі "Әкесінің аузынан түсе қалған" деп жазғым келген. Сіздер де осы төмендегі нұсқамен оқи салыңыздар.
Әрі қарай