Домбыра Party: Сағындырған Party

Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған Party
Араға екі апта салып, Астанада кезекті Домбыра Party өтті. Басқаны білмеймін, өз басым сағынып қалыппын. Тамақ бітіп қалған, қарлыққан дауыспен ән айтқан да болдым.

Party-дің арқасы
Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған PartyОл әндер айтылмай қалуы да ғажап емес еді. Басында домбыра болмай қалды. Абырой болғанда, Астана Party-інің тұрақты әншісіне айналған Ғалымжан өзімен бірге аспабын ала келіпті. Оған тіпті қуандым. Бұл домбыраны Ғалымжан Party үшін арнайы сатып алыпты.

Сегіз қырлы бір сырлы

Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған PartyАбайды білесіз ғой бәріңіз. Иә, иә. Кәдімгі Отар ақсақалдың ұрпағы. Сол жігіт кеше аузымызды аңқайтып кетті. Әдетте, өнер көрсетушілер табылмай жатса, Абайға тиісіп, әзілдей бастайтын едім. Енді нысанаға басқа біреуді табуға тура келді. Өйткені, бұл брәтішкі кеше домбыра тарта алатынын көрсетті. Анау-мынау емес Құрманғазының «Кісен ашқан» күйін орындап берді. Біреуден ілгері, біреуден кейін. Бірақ, тайсалмай ортаға шыққанының өзі қандай. Кісен ашылды, енді қол шықсын, Абай! Қол шықсын деппін-ау, жолың ашылсын дегенім ғой! (Екеуі ұқсап кетті ме әлде?)

Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған PartyМузыка қайда болса мен де сонда

Профессионал деген осындай-ақ болсын. Сон Паскальді айтам. Қазақстанға әжептәуір танымал болып қалған әнші, осымен екінші Party-ге келді. Алғашқысына аяқ асты тап болса, осы жолы іздеп келіпті. Бізге дейін, жағалауда гитара тартып отырғандарға барып, олармен де қосыла шырқапты. Соңына дейін болып, бәрімізбен бірге тарқасты.

Түйін

Домбыра Party басталғанда, мұндай ауқымға жетеміз деген ой болған жоқ. Бүгін көз салсам, ауыз толтырып айтатындай іс екен. Тіпті, кей қалалар ресми түрде маусымды жауып жатыр. Қалай естіледі ә?! Біз әбден тоңғанша жалғастыра береміз деп шештік. Мүмкін, қыс кезінде open air форматын өзгерте тұрармыз.
Бөлісу:

26 пікір

Janasil
Соңғы уақытта жете алмай жүрмін. Сол жағалауға ауысамын ау.
Daniar-Alan
ау.
сенің ауың он жылға созылады әдетте  айтпақЧ, флешкаң менде
Marco
сенің ауың он жылға созылады әдетте
Мұнда бір тырнақша ма бірдеңе қоймасаң, оқып отырған мен ұялып қалдым
Janasil
Мүмкін флешкалар ))
Marco
флешкаң менде
Әнеукүні ауыңнан түсіп қалды деш
Daniar-Alan
аха. Айқаракөз тауып алыпты
Daniar-Alan
Мүмкін, қыс кезінде open air форматын өзгерте тұрармыз.

министрліктер үйіне қарама қарсы антикафе бар. Орынға төлейсің де тарта бересің (жалпы бәрін). Әдемі жер.
abzalsariyev
Қазақтың елінде, қазақтың жерінде дәл осы заманда туылып, бойында жастықтың жалыны маздаған қыз-жігіттерді Астанада, дәл осы ДомбыраPARTY-де кездестіргеніме шын бақыттымын!
Janasil
Басың айналып құлап қалма.
Anar70
«Біз әбден тоңғанша жалғастыра береміз деп шештік»-жалғастыра беріңіздерші)))))
Marco
Басты суреттің оң жақ жоғарғы бұрышында отырған жігіт кешегі патиде Құрманғазының екі күйін орындап берді. Атын ұмытып қалып, ұятты болып отырмын. Білетіндер болса, айтыңдар. Жұрт батырын білсін.
MERmukhanov
 базар жоқ, Мәке!
ана суретте, ішінде ең боқмұрыны мен ау дим, сөйте тұра сақалмен түскен түрімді ұрайын!
яхшы екен негізі

қолым мен жолым жетпей жүр соңғы күндері.
Marco
Коллажды жасаған Данияр Алан
edige
Ия… жөн… Абай жынды…
нақтырақ айтқанда 8 қырлы жігіт
Marco
Е бәсе, Абай жайлы жұрт ештеңе айтпады-ау деп отыр едім
MickThatsMyNick
«Нағыз қазақ» поорээ бопты ғо.)
Anar70
Қазақтың нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жігіттері!)
asaubota
Анар апай, сіз "Үздік Патиші апай" номинациясын алып тұрсыз
rymbek
Сон Паскаль домбыра ұстағасын ба, қазаққа қатты ұқсап тұр
Jons
Домбыра партидың алдын ала жарнамасы бола ма? барығым келеді, барғым!
ErnarSeytahmet
қай жерде жиналасыңдар? келесі жүздесу қашан?
Daniar-Alan
әр бейсенбі. Нұр жолда. Керуен маңы. 19.00
AKA
Абай — крәсәпшік!