Каспий жағасындағы алғашқы party, Домбыра party 23.05.2013ж

«Домбыра Party» деген бір өзі керемет бастама сияқты ғой! Анау Алматының жастары әр бейсенбі сайын кешкі жетіде Арбат деген жерде жиналып, домбыра тартады екен. Біздің Ақтауда теңіз жағасында осылай жасауға мүмкіндік бар ма?!
деп Маңғыстау фейсбукшыларының тобына Уайс Ерсайынұлы ағамыз екі үш күн бұрын тақырып қозғаған еді. Содан осы бейсенбі өткізейік деп келісіп, бәріміз ұйымшылдықпен Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында кешкі саған сегізде алғашқы Домбыра party-імізіді өткізіп жібердік.
Мүмкін басқа домбыра патиларға қатыспағандығымнан шығар, бірақ бұл домбыра пати меніңше керемет өткен сияқты. Енді әр бейсенбі, сағат 20:00-де, теңіз жағасында, Астана ойын сауық кешеніне қарсы аялдам жанында жиналатын болып келістік.
Суреттері міні.






Домбырашыларымыз (Гитаршыларымыз да бар)







Видеолары
























Бөлісу:

7 пікір

Daniar-Alan
міні отчет деген осындай болуы керек. Фотоларды айтсаҢч… Мәдес бро
ArailymKalen
Иә, кеше Ақтау қаласында алғашқы рет болсада бастамасы жақсы өтті.Алдағы бейсенбі күні бұданда жоғарғы деңгейде өтеді деп сенемін! Асыға күтеміз!
Serik_Baltabaev
Оп, бәрекелді. Бастамасы жаман емес. Келесі де бұдан да жақсы өтсін. Ақтаудың жастары жарап тұр. Бұрын бастау керек еді негізі, ештене етпес ештен кеш жақсы. Ал сәттілік тек. ЖАҢАӨЗЕННЕН сәлем Ақтауға Дәстүрге айналдырындар.
nursipat
Бәрекелді, өте орынды болған екен.Жігіттер жарайсыңдар!
zholantai
күшт екен, теңіз көрмегем, Маңғыстауға барсам, Каспийді көрсем, суына шомылсам, ехххх
torgai
Таныс жағалау, таныс жер. Жарайсыңдар жігіттер!!! Аманғали жарап тұр)))
AKA
Охх, фон әдДемі!  Айтпақшы, Або, патидегі видеолардың бәрін ютубта бір каналға жинаватқан, Маралбек не Жанасыл ағаларға айтып көр, сол кісілер біледі.