Домбыра Party: Айтыс, дуэт, трио және ...
Астанада болдың ба, Домбыра Party көрдің ба деп жырлайтын кез де келер. Біреуі ілгері, біреуі кейін, әйтеуір әр Party өзінше бір ерекшеленіп жүр. Әрбіреуінен соң «Осынысы мықты болды-ей», — деп тарқасамыз әйтеуір. Бұл жолы жұрттың бәріне майдай жағып, жатталып қалғаны – айтыс.
Partyman Нұрғиса Асылбеков сынға түсуден қашан тартынып еді. Бұл жолы да «Келсең кел», — деді қасқиып. Көптің арасынан ұзынша келген, кішкене қырма сақалы бар, көзі әлде мұңды, әлде ойлы бір жігіт шықты. Аты Мерей. Сөйтсем, мен танымаппын, бұл жігіт керекинфода блог жүргізетін Мермуханов екен.
Нұрғисаның өнері бізге таңсық емес. Патиші жұрт та әбден қанық болған шығар. Ал, Мерей шынымен қызық болды. «Жарайсың» дегеннен басқа айтарым жоқ. Ұйқасы жатық, тілі майда, бірақ алмастай өткір екен. Профессионалдыққа да күші жететіндей көрінді. Ал, енді, Ақтөбе-Брейдаблик матчының есебін дәл болжап кеткені әрі өтімді әзіл, әрі нағыз сәуегейлік болды. Оны енді көру керек.
Айтыстың арыны басып кетіп, тағы бір оқиға еленбей қалды. Бұл Party-де аяқ астын әдемі дуэт туды. Тұрақты қатысушылар Алмас пен Ақнұр қосыла шырқағанда жабыла қол соғып, мәре-сәре болдық.
Екі күйші жігіт келді. Ардақ пен Әсет. Біліп емес, өтіп бара жатып бұрылған сияқты. Құрманғазының «Балбырауыны» мен «Адайын» орындап, Алмастың «Жәнім-айын» естіп кетті.
Қарағанды сапарында Нұрғиса, Алмас және мен өзімізше бір сейшн жасағанбыз. Екі домбыраның сүймелдеуімен трио шығарып көрдік. Трио деген аты, әйтпесе Нұрғиса екеуміз домбыра тартып, Алмас қана ән айтады. Бағасын көргендер берер.
Айтыс дедік, трио дедік, дует дедік. Бірақ, бұл күні мені шын қуантқан басқа жайт еді. Домбыра Party-дің тағы бір мақсаты орындалып жатқанына куә болдым. Өнерімен бөлісу үшін жас балалар, жеткіншектер әдейі бұрылды.
Бірі Шерхан. Бұл жігіт нақышына келтіріп күй орындады.
Елнұр есімді мына баладан мықты бір әнші шығатын сияқты. Анау-мынаудың жүрегі дауалай бермейтін Кененнің «Ой жайлауын» шырқап берді. Алмасқа конкурент табылды деп топшыладым.
кешегі ДП қатты ұнады. қыздардың салған әндері, күй дуэті, сендердің үштіктерің және әрине көптен күтіліп жүрген айтыс.
себебі не екен? әлде айтыс ДП форматына келмейді ме? мүмкін бұлай айтыстың қадірін түсіріп алармыз деген ой ма?
айтыстың видеосының шықпай қалу себебін Нұрғисаның жас баладан жеңіліп қалып, беделіне нұқсан келеді, ешкім көрмей-ақ қойсын деп ойлап қалуға шақ қалып отырмыз.
көптен айтыс жоспарланып жүргесін, айтыса қоятын ешкім болмағасын Мерейді кеше шақырған мен едім. сол үшін қысылып отырмын, бір нәрсе дұрыс болмады ма деп.
Мерейдің тамаша шеберлігіне тағы бір мәрте тәнті боламыз көп ұзамай.
Керекинфо жақсы сайт.
Daniar-Alan көп ұзамай осы тақырыпқа қоямын деді.
kaztube.kz/kz/video/87881
Partyдеп айтатын болдықпа? Бұл деген қазақ сөзін қорлағандық қой.сіңілімінім, олар сайттарын «Керекмәлімет» емес «Керекинфо» деп атап алған. Үстінен сызғанымды жөндеп жібермес бекенсіз.Алмас — солист, Нұрғиса — соло домбыра, Марко — бас-домбыра, бэк-вокал…
опшым, ВИА, ептілер…