Домбыра Party: Абай әндері
Назгүлдің ойын қолдап, Астанадағы патиге «Абай әндері» деген шартты тақырып қойдық. Неге шартты, өйткені қонақ кәде сұрағанда кез-келген адамның Абайдың әндерін сайрай жөнелмесі анық еді. Дегенмен, бұл да бір шырайы келген кеш болды. Әсіресе, арнайы іздеп келген екі қонаққа ырза болдым.
Алдымен Алмас «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Қонақ кәде сұрап үлгергем жоқ, топтың арасынан суырылып бір жігіт шыға келді. Есімі Бекзат екен. Павлодарлық. Павлодарда өткен патилерге де қатысыпты. Астанадағы шараны әдейі іздеп келіпті. Өзі бір түрі де, сөзі де келіскен жігіт екен. Ән айтқанына, сөйлегеніне қарап «Пәлі» дестік. Болайын деп тұрған бала екен. Тіл-көзден сақтасын. Домбыра ала сала «Сегіз аяқты» айтты. Әттең видеоға түспей қалды. Қолда бары тек төмендегі.
Бекзат Астанаға қоныс аударып жатыр екен. Бұған да қуанып қалдым. Домбыра Party-ге тағы бір тұрақты әнші табылды.
Келесі сері — Ғалымжан. Қарағандылық, дәлігері Жаңарқаның баласы. Осымен үшінгі патиге қатысып отыр. Алғашқысына ойламаған жерден тап болған. Содан бері әдейілеп келіп жүр. Тақырыпты аша түскен осы жігіт болды.
Қызығын айтайын. Әуел баста Ғалымжан бір ғана ән білем деген болатын. Бірақ, әр патиге бір-екі әннен жаттап келіп жүр. Қол соғуға тұратын еңбек. Оның үстіне, бұрын-соңды топтың алдында, тобы несі, үйдің ішінде де бұлай ән салып көрмепті. Сондықтан Домбыра Party Ғалымжанның тұсаукесері болды.
Мөлдірайым есімді титімдей қарындасымыз да ешкімді бей-жай қалдырмады. Балқаштан келген қонақ екен.
Осының алдындағы патиде тұрақты әншілер Алмас пен Ақнұрдың аяқ астынан дуэтпен құрғанына куә болдық. Тандем бүгін де бір ән салды.
Оларға Гүлжайнар қосылды
Осылай-осылай «Абай әндері» деп ат қойылған патиді де өткіздік. Айтпақшы, Қазақ Радиосына, соның ішінде Азамат Тілепов деген жігітке алғыс. Әр патиге келіп, көрермендерден сұхбат алып, эфирден айтып жүр. Жігіттердің жанашырлығы деп бағаладым.

Біз «сегіз аяқ», "өлсем орным қара жер сыз болмай ма", «сен мені не етерсің», «көзімнің қарасы» мен «желсіз түнде жарық айдан» аса алмадық. «Татьянаның әніне» басайын деп едім, домбырасын көтеріп күйші жігіттер шыға келді де, соларды қызықтап, мен оңай құтылып кеттім)))
Пы.сы. домбырам аман ба, айтпақшы?