Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013
Қарғыс алма, алғыс ал дейді. Кешегі Нұрғиса Асылбеков қонақ болған «Шалқар» радиосы, "Ұшқын" жастар бағдарламасының тікелей эфиріне Орал қаласынан Алмажай атты апамыз хабарласып: «Домбыра PARTY құптарлық шара. Оралда әр бейсенбі сайын өтіп тұрады, немерелерімізбен барып, демалып қаламыз. Рахмет!»,- деп, хабарласып, алғысын айтып жатыр. Оралдағы шара өзінің тұрақты көрермендерін тапқанына мәз боп қалдық.
Алдағы күндерге біраз идеялар бар, бұйырса жүзеге асыратын боламыз. Алдағы Жастар күніне, Қала күніне орай өткізілетін шаралар аясында үлкен көлемде мерекелік Домбыра Party өткізуді жоспарлап қойдық. Тағы бір айта кететіні Батыс Қазақстандағы «Домбыра PARTY-дың» аясы кеңейіп келе жатыр. Ақсайда жоғары деңгейде үзілмей өткізіліп жүр. Оған нағыз дүлдүл күйшілер мен өнерпаздардыің ордасы Жаңғала мен Бөкей Орда аудандары қосылды. Болашақта өзге де аудандарды қамтуды мақсат қылып жатырмыз.
Өткен бейсенбіде Оралда тағы бір әдемі «Домбыра PARTY» өтті.Оралдық патишыларды арнайы іздеп, көршілес облыс Маңғыстаудан қонақ болып, таңдайы күміс, сөзі маржан, адайдың шынашақтай алтын қызы Жанар Айлашова келді. Домбырасы болмаса да , арнайы жырын арқалап, Жаңғаладан Жанайдар Болатбекұлы ініміз келді. Жанар інісін айтыс-баттлға шақырды.
Қазбек Жексенов, Әділғазы Кереев секілді өнерлі бауырларымыз орта толтырысты.
Бейсенбінің әдемі кешінде оралдық #ДомбыраPARTYшілер жаңадан құрылған жас отауға әнмен бата да беріп жіберді www.youtube.com/watch?v=tdO0K8Z0f6g
Қыдырып жүріп, кездейсоқ Домбыра PARTY-ға тап болған мына суреттегі ініміз де жатырқамай, ортаға суырылып шығып, қонақкәде жасады. Домбыра тартқанда екі көзі жанып, арқасы қозып, денесінің бүкіл буын-буыны ойнайды екен. Көздің жауын алады.
Көзі де, өзі де, әні де, сөзі де, домбыра тартысы да әдемі жігіт: «Домбырамды алармын, Ерік сазын чалармын!»
Төмендегі ән Оралды, Жібектің мекені Жайықты сағынып жүрген жандарға арналады. Туған жер сіздерді күтуде
Өмір жолын балабақшадан бірге бастаған құрдастарыңызды сағынып жүрсеңіз, және мауқыңызды басып алыңыз. www.youtube.com/watch?v=ua-5nSWKXGQ
6 пікір