Біреулер бар:...

...құйған кезде, стақанның ішіндегі шашты аламын деп, саусағын тығып алады. Шашты алғанымен, енді саусағына лоқсып отырасың.
...ішкен кезде бетін тыжырайтатыны сондай, енді катокпен үтіктесең де әжімдері кетпей қалатын шығар деп қорқасың.
Әрі қарай

«Мифбасқырлар»: қағаз 7 реттен артық екі бүктеле ме?

Бағдарламамыздың тақырыбына арқау болып отырған – сайттарыңдағы @Ojdan атты пяншіктің өзінің мына бір сорлы муахахалсындағы «Ешбір қағаз жеті реттен артық екіге бүктелмейді!» деген тұжырымы еді. Баста оқығанда, бұл ақиқат тоқ ішегіміз онша
Әрі қарай

Жазаланса, ох, қатал жазаланса -3!

3,14...-тің, «Уоу!» дегенді — кириллица текст теріп отырып, ерінбей латыншаға көшіп, «WOW!» деп жазатын адам — аттракционда карусельден ұшып кетіп, жақын жерде өтіп бара жатқан «Беларусьтың» нақ қалақшасының тісіне қадалып қалып, жан тәсілім ететін болса, ох сүйтетін болса!!!
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 2


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



6 – Құлшылық етуге ерте емес пе? Біз әлі жаспыз ғой! Мүмкін, оған пенсияға шыққан соң кірісерміз?
Аллаһ Тағала былай деді:
«Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз, Аллаһ — толық Білуші, Хабардар». (Лұқман сүресі, 34-аят)
Әрі қарай

Қуанышты хабар, жама'ат!!!

"Құдайға барғанда, бірінші:«көршіңмен қалай болдың?» деп сұрайтын көрінеді ғо" © Әмөштің тостынан.

Уа Исаның өсиетін аттамаған ізгі кришнаит бауырлар! Бүгін мен 8 айдан бері… бір қабатта тұратын көршімді көріп қалдым!
Әрі қарай

Рәбфақ Стром. "Жұмыс"

«Сырттандар көп ғо, ДОСтар, » ©СаянҮш

Бұрынғыдай емес: жанарлары суалып, көмескіленуге қарапты, тәлібтің мүшелері. «Бірақ мынадай жайсаң өмір үшін тағы бір-екі жыл шыдай тұруға болады, солай емес пе!» деп, ол айнадағы сұлбасының иығын қағып-қағып, өзін өзі демеп қойды.
Ваннадан ас бөлмеге өтіп, қара уылдырық, қазы мен жұмсақ бөлкеден, өзі де
Әрі қарай

Ауылдың айтқыштары

Есейген сайын, алыстағы ауыл жадымда бұлыңғыр тартып, көмескіленген сайын, әлі де есте қалғанды місе тұтып, соларды жаңғыртқанды ұнатып тұратын кездерім болады, қазіргі кезде нағашымның ауылында 11 үй ғана қалды, мен танитын, мені танитын ағайлардың басым көпшілігі бақилық болған, «Google Earth» бағдарламасынан сол ауылды қарап отырсам, кіп-кішкентай боп көрінеді екен, бала кезде маған үлкен болып бейнелетін, дегенмен, балалық шақ алдамапты, үлкен әлем екен.

Кеше, бір атайдың жазбаларын оқып отырып, есіме көп адамдар түсті, кейбір айтқыштардың айтқаны жадыма орала берді:

Ел жақта Ыбырай деген жігіт бар, бірде түні бойы ішіп, үйіне таң ата кеп ұйықтап жатса, әкесі келіп жекіпті:
-Әй, жетпегір, не жатыс, тұр, малды өріске шығар, су әкел.
-Әке, ауырып жатырмын, өзің істей салсаң,-деп басын қайтадан көрпемен бүркепті Ыбырай. Әкесі осы сөздеріне ренжіп:
-Қайдағы ауру? Сенікі сатып алған ауру!!! Жетесіз!
Сонда Ыбырай:
-Қателесесің, әке, ол кәмерсанттан қарызға алған ауру, ақшасын беру керек,-деген екен.

Ыбырайдың мақал-мәтлдерінен: Жылы-жылы сөйлесең кәмерсантта арақты қарызға береді.

Сабыр деген атай болатын, тілі ащы, бір көзі қисық(соқыр), бойы тәпелтек, қолының қыстырмасы жоқ емес-тін.
Бір көзі жоқ сол атай ауылдағы клубта пеш жағушы (кочегар) болып істеді, көмірді араққа сатып, пешті дұрыс жақпаса керек, зав клуб Күләш (екі көзі екі жаққа қарап тұратын қитар болатын) сельсоветтің бастығына (қазіргі ауыл әкімі) шағымданыпты, сонда Сабекең:
-Бұл мәселеге забклуб екеуміздің көз қарасымыз екі түрлі деген,- екен.

Жайылымнан соғымға жылқы әкелген жылқышыға(Пфайфер деген неміс) арақ пен төлемекші болған ұлы Сабырдан «бір бөтелке берейін бе?»,-деп сұраса, Атай:
-Не, екі қолын екі бөлке ұстатайын деп пе едің,- депті.

Үйінде құдалық болып, той-томалақ кезінде бір жеңгейі ән шырқай беріпті (даусы керемееет жәмән еді, маймылдың шарылдағанындай), содан әбден шаршаған Сабыр есік жаққа қарай кетіп бара жатқан әйеліне айғай сапты:
-Әй, Жібек, есікті аш! Есікке мысық қысылып, өлейін деп шарыладап жатыр!!!
Әрі қарай

Әлем халықтарының ертегілері. Конго.

Конго халқының ертегісі. «Коалициялық Үкімет»


Е шешесстің, бұл қу пәнидің адамнан аларын алып алып, шайналған сағыздай түкіріп тастайтын иттігін білгенде, мақанға жалынсақ та бірдеңе қылып, ит дүнияға келмей-ақ қоймас па едік, а нақ? Әйтпесе генерал Урзулумен бірге тасынан саз кешіп, сөзін сөйлеп, ақыры соның жолында екі аяғынан айрылып, арбаға таңылған Патриктің, жаңа Үкіметте портфельсіз қалғанын қалай түсіндік? Қалай болды дейсің бе? Айтайын.
Әрі қарай

Ғаламның санасына саяхат

...-Тағы не бар екен?
— Қазір… Сонымен, әрі қарай: «Toyota Camry 40» поршеньдерінің диаметрінің кестесі; дрозофилл шыбындарының маусымдық көбеюінің статанализі; аяқ киім кремнің формуласы; екі бөтелке айран; принтерлердің бояулары; А4, А3 қағаздар…
— Құдайым-ау! Не жоқ мұнда! Бірден екі жүз-үш жүз жол тастап кет те — әрі қарай оқи бер.
— Үш жүз жол тастап кеттім. Оқи бастаймын!
Әрі қарай

"Шаруа" амиголар

Тәренді кездестірдім Ақтөбенің шешемебельді қонақ үйінен. Нақтың.
Әңгіме айтып жарытпадық. Бірдеңені бастай бере, "қазір бес минут" деп, телефонын алады да: «лібә, бензинді местный рынокта реализовать ете берейік, мына жақта транспортировкаға қымбат сұрап отыр»,«складтың артқы жағына түсіріп кете беріңдер, кешкісін рабочийлар өздері разбираться етед». Очм, шаруа нақ күйіп бара жатқан. Мен екі чекушка ішіп қойғанмын әлдеқашан, ол әлі бір стақанды да ұрттаған жоқ. Пида, жоқ — дүрдараз адам боп кеткен екен, шешесстің. Лібә, ақыры отырып-отырып, осы пяншіктің көз алдымда қалай көтерілгені есіме түсті.
Әрі қарай