Рәбфақ Стром. "Жұмыс"
«Сырттандар көп ғо, ДОСтар, » ©СаянҮш
Бұрынғыдай емес: жанарлары суалып, көмескіленуге қарапты, тәлібтің мүшелері. «Бірақ мынадай жайсаң өмір үшін тағы бір-екі жыл шыдай тұруға болады, солай емес пе!» деп, ол айнадағы сұлбасының иығын қағып-қағып, өзін өзі демеп қойды.
Ваннадан ас бөлмеге өтіп, қара уылдырық, қазы мен жұмсақ бөлкеден, өзі де түсінбей қалған қойыртпақ гамбургер істеп апыл-ғұпыл асады да, киініп, жұмысына беттеді. Бұрынғыдай емес, жүрексінбейді: дағдыланған. Ертеректе тыраштанып, Аид патшалығындағы әжесін-атасын әдейі есіне алып, қиналғанда шығатыны – болар-болмас бір тамшы жас еді. Қазір көл-көсір жылай салатын болған. Көздерінің — көңілімен байланысы да үзілгендей: етегін жасқа шылап, ағыл-тегіл жылап жатса да, ішінен — таң ата көрген бір комедияны есіне алып, күлкіден қатып тұратын болыпты. Көздері қазір автономды мүше: өз бетінше жұмыс істей беретін болған.
Жұмысына жақындай бере, қаптап тұрған журналистерді көрді. Иегі еріксіз кемсеңдей берді. «Ббб…бббууууаааа» деп бастап кетті бір кезде.
— Сіздің Жоғарғы Соттың кешегі шешіміне көзқарасыңызды білейік деп едік: неге...- деп бастап жатқан журналистке, ол бүйірін таяп тұрып бақырып қоя берді:
— Иә! Өз еліңде тұрып өзіңді жер еткен… құдай-ай… ббуааааа-аа-аа-аа!..
Сөздерін жалғастыра алмай, өксікке булығып кетті. Көздерінен жас парлады. Мөлдіреген жас кеудесін жуып, пұшайман болып жылады. Мұрнын тартып қойып жылады. Көздерін біресе сол жеңімен, біресе оң жеңімен сүртіп қойып жылады. Аздан соң, ықылық атып, жылауын қоя бергенде, екінші журналист:
— Сіз...-деп, сұрағын бастап жатыр еді, оны қапсыра құшақтап алып, «ой бауырымдап!» жылады. Жұбатпақшы болып жақындаған жұрттан сытылып қашып шығып жылады. Жылаудан жағы талса да, журналисттер қарасы азайып, тіпті жоғалғанша — құтырына жылады. Әбден бәрі тарап, ешкім қалмағасын жұмыс орнына барып жайғасып, бастығына телефон шалды:
— Аға, ұлтшыл болу өзіңіз айтқандай қиын екен. Келесі жылы «жасылдар» партиясына өтетін шығармын. Чарчелла болдым…

өлдім күлкіден:))))