1 сәуірде қатты ойнаған амиго

Бір кісі 1 сәуірге қатты қалжыңдайды екен. Тіпті зәрені алады екен нақ. Қанша алданбаймын десе де, достары 1 сәуір күні бір қой алданып қалып, бұттарына жіберіп қорқады екен.
Оның сыры — амиго алдау үшін жағдай жасауға ерінбейді екен. Лібә, бірде ерінбей автоматтағы телефоннан бір досына телефон соғыпты:
— Бұл — ОБХСС (советтік кезеңдегі қазақтардың финполы нақ!)! Сізді өткенде қоймада болған ұрлыққа қатысты тергеуге шақырамыз. Жалпы, түйіншектеріңді алып келе берсеңіз болад...-депті.
Ол кезде ОБХСС деген аттың өзінен талдың бұтақтары қалтырайтын болса керек: досы көрші-қолаңмен қош айтысып, жылап-сықтап, қалаға баруға дайындалыпты. Қатыны ұрысыпты: «Сол цемент желкемізден шығад деп айтқан жоқпын ба?» деп. Ауыл-аймақ болып, кем дегенде «төртжылдық» сапарға шығарып салыпты.
Досының айтқан адресі — Ақтөбедегі қазіргі «Океан» деген аялдамадағы балық-сыра сататын дүкен екен. Келсе — ана бұтақбас күлкіден бұттан кетіп, столдың астына құлапты. Мынау болса, қатын құсап: "қақпас!","қақпас!" деп, басынан ұрватыр дейд, жылап тұрып, күлватыр дейд.

Аид патшадан жамандықкөрмегір амиго-ай десейш, сол өзі тура 1 сәуір күні дүниеден озып, достарына хабарласа, олар сенбепті!
Бөлісу:

14 пікір

KILYZAMAN
Жемесе де аузы қанды болған екен…
gunner
Қазақша бір кино бар еді, қыстыңкүні тауда жүргенде таныстарын байқап қалып өтіріктен аяғымды шығарып алдым деп үйіне дейін солардың иықтарына асылып келеді. Келесі жолы сол таныстарын тауда кездестіргенде шынымен аяғын сындырып алып, таныстары сенбей, қалай сендірерін білмей сасып қалады.
Abilakim
Кейіпкердің аты Адам болатын
TERISKEI
… жаңылмасам, киноның да аты «Адам» болатын. (әлде жаңылыстым ба?) обшым, керемет кино! ана байғұс аккөңіл ше…
edige
-Әдам ағаааааа деп кішкене қыздың сөйлегені жағымды, Кулагымда тур але. кашан коргем
TERISKEI
Алматы,әсіресе Шымбұлақ тамаша көрсетілген иә?
edige
тау...қыс...қар… кушті
AKY
Өліп қалғанын өзі хабарлаған ба)))
Aidossik
мен де соны түсінбедім
satibaldi
Өліп қалғанын өзі хабарлаған ба)))
Ой лібә, туыстары хабарлаған да нақ, жынды предикативтік анализ жасап қоясың ба не?
saken
туыстары да өтірікшіліктен алдарына жан салмайтын тұлғалар болған ба сонда?
Aizhantabyn
реально өліп қалғанына сенбеген шығар…
Erlan
майл агентте пивынын суретін койып койғам, бір құрдасым, не тойлап жатырмыз диді, 1 досымыздың келіншегі босанғалы жүреді сол босанды деп жаза салдым, анау -мынауға іше бермитінімді біледі, жанагы курдасым аке болуымен құттықтаса акесі мойындамаған, калай екенін ақшаға спорласа жаздаған, мен алдамайтын болғасын риясыз сенген екен, артынан қатырдың ғой деп жатыр, алданғанына қапаланып