Сегізбай Фрейд. «Жүнжу»
«Өзің ғо, Дос, і» © СаянҮш
— Ақымақ! Ақымақ! Ақымақ!
Қартқожақ Меллон айнадағы өзінің бейнесіне тап-тап берді.
— Мал! Топас!
Бұл сөздер де өзіне батпады: тіпті аз көрінді. Сүйекті сыздататын бірдеңелерді ойлап-ойлап тұрды да, айнаға оқыс бұрылып:
— Қ..қ! Жоқ – қ...қбас! – деді жекіп.
Бәрібір қаперіне де кірген жоқ. Қартқожақ айлаға көшті. Өзінің жебіріне өзі жету үшін аздап қиялға да ерік берді:
— Ертеңгі газеттердің басты мақалалары… «Жиньмен Жибао»: «Ең топас менеджер Дәруішөлгенде тұрады, аты — Қартқожақ». «Либерасьон»: «Банкроттық әліппесі: Қартқожақ». «Хюрриет»: «Derviş bir aptal». «Туаймайттэн кешқұрымы»: «Қартқожақ, басыңменжарск!»…
Мұндай жекуден де түк шықпайтынын түсінді. «Әп бәлем, сені сабау керек, ептібайымайд!». Сөйтті де — өкшесімен өзінің көтінен бір теппек болды. Балтыры сонша семіз болар ма: жетпей қалды. «Ааа, мәзсің ә?» деді ол айнадағы шашы үрпиген сұлбасына. «Онда – мә!». Қос қолдап нақ өзінің тасынан қойып қалды. Әуелі екі көзі жарқ етті. Ауырсыну сезімі сосын жетті. Ауырғаны сондай, шалқасынан құлады. «Өл, өле қал, мал!» деді ол бақырып. Есеңгіреп бес минуттай жатты.
Өзінің сазайын алғандай болды. Ашуы шамалы басылды. Шамалы-ақ басылды: жан-дүниесі әлі алай-дүлей еді, сосын ба: сәл еңкейді де, тізесімен иегіне періп қалды! Аузынан күтір еткен дыбыс шығып, ернінің жиектері қанай бастады.
— Сол керек саған! Сол керек!
Ол айнадағы құбыжық бейнесіне бір қарап, жұрттың барлығы, және бүгіннен бастап — өзі жек көретін мысқылды күлкісінің әлі кетпегенін байқады. «Тап шешшееең, мында келш өзің!» деп, айнаға жүгіре келіп, баспен періп жіберген кезде, қираған әйнектің үлкендеу тілімі нақ қарақұстың тұсынан орып өтіп, әп-сәтте жан-тәсілім етті…

самоубийца не алкоголиктің монологы… ойлау қабілеті орташа бағалайтындар түсінбейтін, тек жоғарғыразумақыл-парасат сезімді адамдар түсінетін жазба:))фуф,әзер жазып біттім ғой…Үстелге мініп алып, мойнына қыл бұрауды аса бергенде, шифоньердің үстінен жарты чекушкі арақты көріп қалады. “Ақыры өлем ғой, ішіп алайын” дейді де сіміріп салады. Сөйтіп жан жағына қараса, шкафтың үстінде шаң басқан бір “бычок”, яки темекінің тұқылы жатыр екен. “Ақыры өлем ғой бір “затяг” жасап өлейін” дейді де әлгіні тұтандырады. Ішке “сс-с-сіп” деп бір тартады, жанарына жылу ұялап: — Тә-ә-әк, өмірім оңала бастаған сияқты!” – деп жүзі жымыңдап қоя береді.