Көз көгертетін шындықтар

@Zilola шынтағын тістей алмайды;
Көзі көк адамдар көзі қоңыр адамдарға қарағанда орыс болып шығу ықтималдығы — 99%;
@Ahi ешқашан тілімен көзін жалай алмайды;
Інжілдегі және Амандықтан түскен Евангелиедегі сипаттамаларға қарап, тозақтың «Карагандауголь» АҚ көмірімен жылытылатынын аңғаруға болады*;
Құрт – алманы ішінен бастап жей алатын жалғыз жәндік;
Сүті бар құс бар: пингвин;
Өті бар жылқы бар: кентавр;
Иоганн Себастьян Бах ешқашан «YAMAHA» синтезаторында ойнамаған;
Абылай ханның министрлер кабинетінде – кабинет болмаған.



* — «Сонда Ол: — Шахтерлердің ереулі болған кезде, уақытша газға көше тұрамыз»-деді. © Евангелие от Амандық, стих 485:74
Бөлісу:

19 пікір

sigma
Өтірікті шындай, шынды жын ұрғандай етіп құйып салатын жігітсің ғой.

Өтті!
Abilakim
Шалқамнан құладым)))
edige
уақытша газға көше тұрамыз
Ептібай ә:))))))))))
Ahi
@Ahi ешқашан тілімен көзін жалай алмайды
)))) Кішкентай кезімізде көзімізге қоқым түсіп кетсе, әжеміз көзімізді ашып тұрып тілін салып жіберетін еді, кәдімгідей тазаланып қалатын)))))) арман қарай ойнап кетеміз сосын. Қазір есіме алсам, жиіркенішті)
sigma
Мұрны ағып жүргендердікін сорып алғанды да көргем
Ahi
) йә, мен де көргем!
qisyq
Неге жиіркенішті?
Ahi
Енді шіріген тіс, сәл-пәл жағымсыз иіс және т.б. оңай емес қой)
meirzhan
Сен туғанда олар қуанған шығар. Ал сенің айтып отырғаның мынау…
Abilakim
Өзім ана жолы көзіме бірдеңе түсіп кеткенде салғызғам әжеме.
Zilola
Дос, неге мен?
Abilakim
Өйткені Алиша өкшесін тістей алады десе,ә))))
alisha
Тістей аламын;)
konvict
Хехехе! Шығармайтының жоқ сенің
Ojdan
Көз көгертетін шындықтар
))
muhandi
АҚПАРАТТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ КАЙДАН АЛЫНДЫ? СІЛТЕМЕ ДЕГЕНДЕЙ?
sigma
Дәлел әкел де
muhandi
ИӘ, ДӘЛЕЛ МЕН ФАКТІЛЕР КАЙДА)))))))
Beytanis
Тәп-тәуір пырталды әбілдің… туалет қылып жібердіңдер…