Ғаламның санасына саяхат

...-Тағы не бар екен?
— Қазір… Сонымен, әрі қарай: «Toyota Camry 40» поршеньдерінің диаметрінің кестесі; дрозофилл шыбындарының маусымдық көбеюінің статанализі; аяқ киім кремнің формуласы; екі бөтелке айран; принтерлердің бояулары; А4, А3 қағаздар…
— Құдайым-ау! Не жоқ мұнда! Бірден екі жүз-үш жүз жол тастап кет те — әрі қарай оқи бер.
— Үш жүз жол тастап кеттім. Оқи бастаймын!
— Оқы!
— Кеттім. Сонымен: Sony-Ericsson-ның аккумуляторлары; AutoCAD программасының лицензиясы; кесе; шәйнек; екі қап ұн; жебелер; қызыл паста қаламдар; керамикалық кірпіштер; d30, d15 пластикалық құбырлар; Уолл-Стриттің телефон нөмірлері…
— Доғар! Тағы бес жүз жол тастап кетіп оқы!
— Бес жүз жол өтіп кеттім! Оқи бастаймын: атом бомбасы; оқушы партасы; он бес килограмм помидор; алты қап картоп; үш табақ қияр; светофор; тезек; ван Гогтың екі картинасы; Ақзеренің аватары…
— Таста, ішінұрайынды, таста! – деп бақырды агент Малдер операторға. Сөйтті де, пациент жайғасқан керуетке барып, СаянҮштің басынан сымдарды жұлып тастап:
— Бүйтіп бөліскен білім базың құрысын сенің, жоғал бұл жерден! – деді.
— Бөлісем деГен жоқпынғо, не, ҮәғЫ — деді СаянҮш…
Бөлісу:

4 пікір

patick
кетшнақ )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
monti
не жайлы жазды деп аяғына дейін түсінбей оқып келем, оқып келем)))
Ақзеренің аватары…
деген сөзден барып осы Саян3 меспе кен деп)))))
qisyq
Муахахахахахахахаха))))))))))))))))))))))))))))
Gastarbaiter
СатЫбаЛды, меңі көре алмайсың ғҰ © СаянҮш