Ауылдың айтқыштары

Есейген сайын, алыстағы ауыл жадымда бұлыңғыр тартып, көмескіленген сайын, әлі де есте қалғанды місе тұтып, соларды жаңғыртқанды ұнатып тұратын кездерім болады, қазіргі кезде нағашымның ауылында 11 үй ғана қалды, мен танитын, мені танитын ағайлардың басым көпшілігі бақилық болған, «Google Earth» бағдарламасынан сол ауылды қарап отырсам, кіп-кішкентай боп көрінеді екен, бала кезде маған үлкен болып бейнелетін, дегенмен, балалық шақ алдамапты, үлкен әлем екен.

Кеше, бір атайдың жазбаларын оқып отырып, есіме көп адамдар түсті, кейбір айтқыштардың айтқаны жадыма орала берді:

Ел жақта Ыбырай деген жігіт бар, бірде түні бойы ішіп, үйіне таң ата кеп ұйықтап жатса, әкесі келіп жекіпті:
-Әй, жетпегір, не жатыс, тұр, малды өріске шығар, су әкел.
-Әке, ауырып жатырмын, өзің істей салсаң,-деп басын қайтадан көрпемен бүркепті Ыбырай. Әкесі осы сөздеріне ренжіп:
-Қайдағы ауру? Сенікі сатып алған ауру!!! Жетесіз!
Сонда Ыбырай:
-Қателесесің, әке, ол кәмерсанттан қарызға алған ауру, ақшасын беру керек,-деген екен.

Ыбырайдың мақал-мәтлдерінен: Жылы-жылы сөйлесең кәмерсантта арақты қарызға береді.

Сабыр деген атай болатын, тілі ащы, бір көзі қисық(соқыр), бойы тәпелтек, қолының қыстырмасы жоқ емес-тін.
Бір көзі жоқ сол атай ауылдағы клубта пеш жағушы (кочегар) болып істеді, көмірді араққа сатып, пешті дұрыс жақпаса керек, зав клуб Күләш (екі көзі екі жаққа қарап тұратын қитар болатын) сельсоветтің бастығына (қазіргі ауыл әкімі) шағымданыпты, сонда Сабекең:
-Бұл мәселеге забклуб екеуміздің көз қарасымыз екі түрлі деген,- екен.

Жайылымнан соғымға жылқы әкелген жылқышыға(Пфайфер деген неміс) арақ пен төлемекші болған ұлы Сабырдан «бір бөтелке берейін бе?»,-деп сұраса, Атай:
-Не, екі қолын екі бөлке ұстатайын деп пе едің,- депті.

Үйінде құдалық болып, той-томалақ кезінде бір жеңгейі ән шырқай беріпті (даусы керемееет жәмән еді, маймылдың шарылдағанындай), содан әбден шаршаған Сабыр есік жаққа қарай кетіп бара жатқан әйеліне айғай сапты:
-Әй, Жібек, есікті аш! Есікке мысық қысылып, өлейін деп шарыладап жатыр!!!
Бөлісу:

6 пікір

kirikpishak
Jaksi jazipsin, magan unadi
qisyq
«А, Құдай, а, Құдай!!! Жеттік пе, жетпедік пе осы күнге! Тәуба, тәуба! Бұл хабарды естіген соң, қос құлағым тас керең, екі көзім су қараңғы соқыр болып қалса да, арманым жоқ, жоқ!!! Мәдениетті ауыздан инабатты сөз шыққан соң, мен қақпасқа не бар енді бұлдап аз өмірімді!» 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезде Астанбек шалдың қуаныштан жылап айтқаны.
AKY
Бірде 2 жолдас жігіттер машинамен қалаға бара жатқанда, ауылдан шыға бере Марал апай мініпті. Сөйтіп қалаға жеткенше сампылдап, әлгілердің миын жепті))) Рөлде отырған жігіт магнитофонның даусын қаттырақ қойса, әлгі әйел одан сайын өршелене түсетін көрінеді. Сол кезде мезі болған екінші жігіт "Әй, не магнитофоныңды сөндір, не радиоңды сөндір" деген екен.
VKM
Нағашыларымның ауылы жақын, жиі барамыз. Сонда байқағаным, мамам келе, ауыл жаңалықтарын сұрап жатады, ауыл десе өліп тұрады, патриот. Ауылдың байкалары да көп.Бір аға болған,ішіп алып, бүкіл ауылды боқтайды, келесі күні кешірім сұрап жүретін.Тағы с.с көөөп.
sammita
мынаны оқысаң ауылыңда дені дұрыс адам аздау сияқты:)
Ottegin
Дені дұрыстар Астанада, көшелерінде өріп жүр)))