Фейсбук тікелей эфирін сүйкімді қылудың 6 жолы

Блог - asaubota: Фейсбук тікелей эфирін сүйкімді қылудың 6 жолы

Twitter Periscope тікелей эфир қызметін қосқаннан кейін Facebook та араға аз уақыт салып, өздерінің тікелей эфир функцияларын қосты. Periscope бастапқыда тек Twitter арқылы ғана болып және барлық смартфон түрлеріне арналмағандықтан аса қатты танымал бола алмады. Бұл олқылықты Facebook жақсы қолданып кетті. Алайда, Facebook қолданушыларының көбі жұртты қызық емес эфирлерімен мезі қыла бастады. Лентаға және ескертпелерге бірінен соң бірі шыға бастағасын бұл функция сүйкімсіз бола бастады. Иә, бұл да желідегі эго қанағаттандырудың бір әдістерінің бірі. Дегенмен, эфирді сүйкімді қылудың жолдарын мамандар айта кеткен екен.

1. Сахна сыртындағы эксклюзивтер
Фанаттардың, көрермендердің әдетте "қолы жетпейтін", көргісі келетін, ресми видеодан тыс нәрселер. Мысалы: сахнаға дайындық, футболшылардың шешіну бөлмесі, редакция немесе офистегі күнделікті істер.

2. Сұрақ-жауап
Жұрттың сұрақтарына жауап беру. Periscope кезінде бұның жақсы үлгісін Жайдарман басшысы Есен Елеукен істеп жүрді. Оқырмандармен, көрермендермен, фанаттармен байланыстың тамаша әдісі.

3. Үйрету
Мини-тренинг немесе вебинар. Бір нәрсенің қалай жасалатынын көрсету, бір нәрсені үйрету. Мысал үшін, тамақ істеу немесе спорт жаттығуларын орындау.

4. Жарнама
Бір өнімді, тауарды немесе қызмет түрін таныстыру, жаңадан шыққан нәрсені көрсету. Кішігірім презентация деуге де болады.

5. Жаңалық
Оқиға орнынан тікелей репортаж. Керемет емес пе?! Ортақ достардың тойы, түрлі марапаттаулар, спорттық жарыс финалы…

6. Ойындар
Қолданушылар арасында өткізілетін түрлі конкурстардың қортындысын шығару, жеребе тарту, тікелей эфирде тапсырма немесе сұрақ қойып, сыйлық тарату.

Сондай-ақ жасырын жарнама үшін де қолдануға болады. Эфир барысында демеуші жақтың бір затын көрсету, эфирді бір ресторанда отырып жүргізу — әдемі жарнама да болып кетеді.

Эфир жасау оңай, эфир жүргізу қиын. Сондықтан эфир жасамастан бұрын оны жұртқа қызықты қылып жеткізуді ойлаңыз. Эфир жиілігін де реттеген дұрыс. Қызық емес эфирлеріңіздің арқасында френд саны да азайып қалады.
Әрі қарай

Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер

Блог - qisyq: Жыл қорытындысы: Әлеуметтік желілер
Осыдан шамамен екі жарым жылдай уақыт бұрын кәсіби SMM-ге бет бұрғанымда, «бұның не?», «жұмыс па, тәйірі» дегендер болды. Сол дегендерге қосылып кетуге шақ қалатынмын. Сөйтсем, SMM-маманның міндеті бір басына жетіп артылады екен. Әрине, шахтаға түсіп, тас ою емес, алайда көзің алайып, контент-планмен қидаласып отыру да жеп жібереді. SMM-шінің жұмысы ВК-дағы пабликке мысық пен күшіктің суретін салып отырумен шектеледі демеңіз, анализ бен жобалаудан бастап психологияға, партизандық астыртын іс-әрекеттермен айналысуға дейін жүзіп жүре береміз. Мәселен, мына жерде біз пақырдың 100 басты (тек басты!) міндеті көрсетілген екен. Жә, мұны «Аноним SMM-шілер клубы» мүшесінің маңқа езгілеуі емес, жәй, сөздің сірағасы деп білерсіздер. Клуб демекші, қазақ SMM-шілерінің басын қосып, бір жертөледе жылап-сықтайтын жер табамыз ба?

Кіріспенің парызы орындалған екен, негізгі тақырыпқа көшсек. Сағат сайын сан түрленіп, күніне қырық өзгеріске ұшырайтын салалардың бірі — SMM. Әне-міне аяқталғалы тұрған 2015 жыл да соушл медиаға, оның ішінде әлеуметтік желілерге біраз жаңалықтар алып келді. Соларға шолу жасап жіберсек.
Әрі қарай

Twitter лентасына instagram суреттерін шығаратын Chrome браузеріне скрипт жазамыз

Бұрын twitter лентасында instagram-ға жүктелген суреттер тікелей көрінетін еді. Ал қазір instagram-нан келген суреттерді көру үшін сілтемеден өтіп, instagram сайтынан ғана көре алмыз. Негізі ондай сұмдық жағдай емес, бірақ кейбіреулері кезінде шулап алған еді. "Instagram-ға салған суреттеріңізді twitter лентасына экспорттамаңыздар, бір сурет үшін басқа сайтты ашпаймын, суретті тіке twitter-ге жүктеңіздер, неге ашылмайды, бұрын жақсы еді, баяғыда сәбет үкіметінде басқаша еді, Цукерберг мал" деген сияқты біраз әңгіме айтылды.

Өмір қиын, баяғыда керемет еді деп жылана бермей, осы неге қосымша script ақрылы instagram суреттерін twitter лентасында көрінетіндей қылмасқа деп, twitter лентасын зерттеуге кірістім. Жалпы twitter веб құжаты қалай құрылған, қай тег қандай class-пен белгіленген, әр твитті қалай программалық жолмен таңдап алуға болады, тегтер қалай бір-бірінен ерекшеленіп тұр, instagram-нан келген суреттер қалай орналасқан, twitter-дің өзінде салынған суреттер қалай орналасқанын анықтап ұғып алу керек болды.

Ары қарата оқымаймын, дайын скриптті жүктеп алып өзім түсініп аламын десеңіздер мында өтіңіздер.
Әрі қарай

Цукербергтің кезекті суқиты


Фейсбуқ желісі «Instagram» компаниясымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы Марк Цукерберг өзінің парақшасында аттай болмаса да, ешектей қылып жазыпты. Ал, уордпресстің негізін салушы Матт өзінің блогында осы жаңалықпен бөліскен екен. Ал, ресейдің порбс журналы Марк неге бұндай қадамға барды деп бас қатыруда.
Instagram — ұялы телефонға арқылы сурет жариялауға арналған приложение/application. Оның Simbian-ға және Aplle-ге арналған нұсқалары бар екен
Әрі қарай

2012 жылғы интернет-индустрияға арналған 12 болжам



Болашақты болжау қиын, бірақ қызық. Кейде ол пайдалы болып та жатады. Әлдебір дүниеге қатысты болар жайтты нақты дөп басу айту қиын, әйткенмен, келер уақыт туралы қандай да бір көзқарас қалыптастыру үшін болжам жасаудың артықтығы жоқ. Business Insider Intelligence ұсынған 2012 жылғы интернет-индустрияға қатысты 12 болжамды ұсынамыз:
Әрі қарай

....расында осылай ма???


Суретке қарап, расында осылай ма? — деп қоям өз-өзіме. Шынында да осы жалпы брендтік логотиптер қалай туындайды екен. Белгілі бір тарихи оқиға, кездейсоқ жағдай немесе ерігіп отырып ойға келген дүние ме? Сіз қалай ойлайсыз???
Әрі қарай

Ең мағыналы Твиттер

  • KazNET
Твиттер қолдануды қойып кеткем. Себебі саясатшылардың құсықтары, типа қазақ рухты, патриот шалаорыстардың маразмдары, акциялары, «данышпандардың» ақылды сөздері, мен сияқты сілтеме лақтырушылардың сілтемелері, жеке хабарлама бар екенін біле тұра публик твиттер лақтыратындардың диалогтары… Обшым бұл құсықтан қаштым.
Әрі қарай

Бақыт Сыздықованы қолдаймын немесе Твиттердегі қазақ тілі күні туралы

  • KazNET


Кеше Твиттерде қазақ тілі күні өтті. Яғни барлығы қазақша жазулары керек болды. Тілді дамыту акциясы.

Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам: өте күлкілі акция бұл. Тілімізді төмен көру деп есептеймін. Осының арқасында шалақзақтар өздерінше қазақша сөйлеп, понт ұстап қалады.

Депутат Бақыт Сыздықова дұрыс айтады, еркіндік болуы керек.

Өзін қазақпын деп есептейтін әр қазақ онсыз да қазақша жазады. Күштеп адамды қазақ қылу керек емес.
Әрі қарай

Хакерлер Твиттерде Обаманы өлтірді


Кеше 4 шілде Американың Тәуелсіздік? күнінде Fox News каналының Твиттер аккаунтын бұзған хакерлер «Обама қайтыс болды, 2 жерінен оқ тиді» деп жазып кеткен. 33.000 оқушысы бар екен Fox News-тің. Оқиға түн ортасында болғандықтан Fox News Твиттерге хабарласып, аккаунттарын қалпына келтіре алмаған. Кейін хакерлер мұның ойын екендерін білдіріп, өз қолтаңбаларын Th3 5CR1PT K1DD13S және логоларын қойып кеткен.
Әрі қарай

Твиттермен әлемді алдаған түрік


Твиттер арқылы бір түрік әлем және Түркия журналистерін мазақ қылды. Галатасарай клубы президенті болып өтірік аккаунт ашқан ол, кеше Галатасарай Атлетико Мадридтің ойыншысы Рейеспен келісті деп жазған еді. Осыны шынымен клуб басшысы жазды деп көптеген газеттер және сайттар жаңалық қылып жазған. Кейін ол әлемде 200-ге жақын жаңалыққа тақырып болдым деп мазақ қылған твит жазды. Сосын қай газеттер жазғанынсілтемелер арқылы беріп отырды, ішінде Түркияны санамағанда француз Le Equipe, испандық AS, Marca-лар бар.
Әрі қарай

Бүгін түнде терминаторлар көтерілісі басталады



«Skynet елдің бәрін алдап соқты емес пе. Ешкім оның шын атауы Google екенін түсінген жоқ»
Funny Or Die. Twitter қолданушысы


РИА Новости интернет-басылымының хабарлауынша, 21 сәуір күні, яғни бүгін атақты «Терминатор» («Terminator») фильмдер сериясына сәйкес басталуы тиіс роботтардың адамзатқа қарсы соғысы әлемдік ірі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатса керек.
Әрі қарай