Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды ма?

Төрт түлік малдың ішінде ерекшесі — жылқы малы. Себебі біздің ұлтымызда әкеден балаға мирас ретінде жылқы малы ерекше орын алады. Атам Сейсен жылқы бағып, ат үстінде өмір сүрсе, әкемде мал шарушылығы саласының мамандығын игеріп, ат тізгінің қолынан босатқан емес. Ал туған ағам Нұрсұлтан әкемнің ісін жалғастырып, ақыл-кеңесін тыңдап, бәйгі ат ұстап, жылқы малына ерекше көңіл бөлуде.
Ата-бабамыз өткен дәуірде көшпенді халық болғандықтан, қолға үйреткен жануарлардың ішінде жылқы басты рөл атқарады. Жылқы малы өзінің көз тартарлық сұлу бейнесімен және күштілігімен адамдардың негізгі серігі болып, тарихта ерекше орын алып келген. Ата-бабамыз жылқыны қолға үйретіп, шартарап, ұлан-байтақ жерімізге иелік етті. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалап, тарихи-этнографиялық деректердің таусылмас көзі — фольклорлық материялдар, атап айтқанда батырлар жыры, аңыз — әңгімелерге арқау қылған. Абайдың, Махамбеттің өлеңдері сонымен қатар І.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы, С.Жүнісовтің Ақан-сері романындағы жылқыға байланысты сан алуан мәліметтер кездескен. Әрине бұл мәліметтер өткен ғасырдың еншісінде. Ал қазіргі таңда жылқы туралы көзқарасымыз қалай? Нарықтық жүйеде өмір сүргеннен кейін экономикалық тұрғыда жылқыдан алынатын өнімге көңіл бөлеміз. Салт — дәстүріміз де өзгеріп барады. Сары қымыз сапырып, дастархан жайып, келген қонаққа мырзалық танытудың орнына, күбі толы қымызды келген қонаққа бергенше қалаға апарып сатудың жолын іздейміз. Ер — тұрман сәндеп, ат мінудің орнына, тай — құнанды бордақылап сатуды да кәсіпке айналдырдық. Мәселен, Қазақстан туберкулезге шалдыққандардың көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарға ытқып шықты. Әр жыл сайын елімізде адамдар осы дерттін салдарынан көз жұмса, індетке бой алдырғандардың саны 20 мыңның шамасында. Ал осы дерттің емі не? Оның шипасы — қымыз. Мұны қазір бүкіл ел мойындаған. Қымыздың қасиеті бұдан да өзге талай дертке дауа болған. Қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында қымыздың потентің Албания иеленген деген жансақ пікір бар. Ал менің ойымша Албания азаматы өзінің өндірілген өніміне рұқсаттама алған, жалпы қымызға иеленіп отырған жоқ. Дегенмен уақыт өз дегенің орындатады. Тек айтарым қазақ халқының ұстанымы, салт-дәстүрі жылқы малымен тығыз байланысты.
Кекілін күн сүйіп, жалын жел тараған жылқының басына төнген нәубет сонау кеңестік үкімет кезіңде басталды. 1928 жылы қазақ байларын кәмпескелеп, қолдарындағы малдарын тартып алды. Соның салдарынан отаршылыққа үйренбеген, егіншілікпен шұғылданбаған, малынан айырылған қазақтар 1932 жылы жаппай ашаршылыққа тап болып қазақтың 70% өлім-жетімге ұшырады. Бұл сол кездегі үкімет басында отырған Голощекин сияқты жауыздардың ісі еді. Ат үстіндегі қазақтың ешкімге бағынбасын білгендіктен қолындағы малын сыпырып, жаяу қалдырды. Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды. Сондықтан қазақ пен жылқы бір тұтас. Дегенмен соңғы жылдары Қамбар ата түлігі санының қайта көтерілгені аңғарылды. Ғалымдардың есебіне сенсек, қазір Қазақстандағы жылқы саны 1,5 миллионға жеткен. Бұл бәлендей көп болмағанымен, ТМД елдерімен салыстырғанда, әжептәуір жоғарғы көрсеткіш. Қазақ жылқысының тұқымдарының қалыпына келтіруіне Алматы агро университетінің профессоры И.Нечаев зор үлес қосуда.
Кеңестік кезеңде бірқатар жылқы зауыттары жұмыс істеген. Соның ішінде Қостанай және Жамбыл облысындағы Луговой асыл тұқымды жылқы зауыты жұмыс жасап, Көшім, Мұғалжар тұқымдары шығарылған. Негізінен қазақтың жылқылары мініске төзімді келген, бұл өмірде дәлелденген. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ жерімізді ат тұяғының дүбірімен, бабалардың білек күшімен қорғап қалған. Қазақтың жылқысының мықтылығына сырт елде қызығушылық білдіріп, кен игеруге келген ағылшындар жеріміздің қазына байлықтыры мен қоса жылқы малын да көптеп сатып алып кеткен. Содан қазанат жылқы тұқымы жойылудың азақ алдында, ал қазір шаруашылықтар да еттік бағыттағы тебінге төзімді жабы тұқымдас жылқылар өсірілуде.
Блог - alya: Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды ма?
Ата — бабаны еске алып, ас берсек, ат жүгіртетін бәйгі береміз. Сондай бәйгілерде жүлделі орынға ие болу үшін жүйрік ат ұстауға тура келеді. Биылғы жылы Дербісал батырдың 300 — жылдығына орай ұрпақтары ас беріп, аламан бәйгі ұйымдастырып, бірінші келген атқа автокөлік тарту етті. Ағам Нұрсұлтанның жаратып қосқан қаракөк аты бірінші келіп, автокөлікті иеленді. Мәселе ұтып алған жүлдеде емес, аттың оза шауып, алдынғы қатарда келіп, иесінің мерейінің үстем етуі. Бүкіл ауыл болып қуанды. «Ақбастау ауылының аты бірінші келді » — деп бір — бірінен сүйінші сұрасуы өте жарасымды. Халықты шаттыққа бөлеп жатқан ат туралы неге айтпасқа, қолдан келсе домбыраға қосып неге ән шырқамасқа?
Өкінішке қарай қазіргі таңда әдеби туынды жоқтың қасы. Жылқы туралы жазылып жатқан кітаптар негізінен экономикалық бағытта.
Сондықтан жылқы туралы әдеби тұрғыда жаңаша ой қозғауымыз қажет. Соның дәлелі таяуда ғана көгілдір экраннан көрсетілген қысқа метражды ұлттық туынды ″Сұңқар″ фильмі. Режиссері А.Сатаев қазіргі таңдағы қазақ жастарының жылқыға деген қызығушылығын орынды келтірген. Келешекте жылқы малының қасиетін сомдайтын әдеби негіздегі материалдар көптеп жарияланады деген сенімдемін.
П.С: Орталық Қазақстан газетіне жарияланған мақалам, 2015жыл
Әрі қарай

Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің есімім Арман Бекеев. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келгенмін. Сол жердің орта мектебінде білім алдым. Оқу бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түскен болатынмын, алайда өкінішке қарай қаржылық қиындықтарға байланысты жоғарғы оқу орнын аяқтай алмадым.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

2011 жылдың күзінен бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Бүгінгі күні ИП «Жастар» деп аталатын құрылыс және саудамен айналысатын компаниям бар.

Бие сүтінен коктейль дайындау туралы идея менің Астанаға көшіп келуіммен байланысты. Бұл ісімді бастамас бұрын Сарыағаш ауданындағы базарда жұмыс істегенмін. Сол кезде қымыз сатуды қолға алған болатынмын. Алайда өкінішке қарай бұл ісім өңбеді. Өйткені адамдар қымызды құрамында алкоголі бар, кесемен берілетін сусын деп қабылдайтын. Бір күні осыдан неге тәтті коктейль жасап көрмеске деген ой келді. Сөйтіп қымыздан коктейль жасап сата бастадым. Бірақ бие сүті сиыр сүтіне қарағанда әлде қайда қымбат болғандықтан оны біздің ауданда алатын адам болмай, бие сүтінен жасалатын коктейлім сол күйі қалып кеткен еді.

Содан жақында теледидар қарап отырсам қымыз туралы бағдарлама болып жатыр екен. Ол бағдарламада Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 Халықаралық көрмесінде қымыз ұлттық сусын ретінде танылуы қажет екендігі туралы айтып жатқандығын құлағым шалып қалды. Сонда кезінде өтпеген коктейлімді ойға алдым…
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер Астана халқына байқап қарасаңыз көпшілігі үйлерінде емес сауда-ойын-сауық орталықтарында фастфудпен тамақтанады. Астанада фастфуд желілері өте қатты дамыған. Алайда қазіргі нарықтағы фастфудтардың саясында біздің отандық өнімдер қалып қойып жатыр. Оның үстіне интернеттен қарасаңыз қымызымызды немістер патенттеп алды дейді, ал қазақы етімізді ондай тағам кавказдарда да болған, ол қазақтың ұлттық тағамы емес деген сынды жазбалар да көптеп кездеседі…

Дәл бүйтіп кете беретін болсақ жақында осындай құндылықтарымыздан айырылып қаламыз ғой. Сол үшін мен өзіміздің ұлттымызға тән бие сүтінен ұлттық коктейль жасауды қолға алдым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Астанадағы фастфудтарда ең кішкентай 200 мл. коктейльдің құны 350 теңгеден басталады. Ал үлкендері 1800 теңгеге дейін барады. Алайда ол коктейльдердің барлығы шетелдік өнім, шетелдің Қазақстандағы жарнамасы. Ал мен отандық тауарға сұранысты арттыруды көздеймін. Егер Википедиядан қарап көрсеңіз қымызды бие сүтінен жасалатын вино деп атағандығын кездестіресіз. Негізі ол олай емес. Өйткені, оны кішкетай балалар да ішеді. Тіпті қымыздан нешетүрлі тағамдар дайындалады.

Болашақта қазіргі бастап жатқан жобам сәтті іске асып жатса, қымыздан коктейль ғана емес, балмұздақ сынды тағыда басқа тәтті тағамдар жасау ойымда бар.

Егер де нарыққа шығып жатсақ бұл коктейльдің бағасы 1000-1500 теңге аралығында болады деп жоспарлаудамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің коктейлім Қазақстанда қымыздан жасалған алғашқы коктейль емес екендігін айта кету керек. Себебі, Елордамызда маған дейін түңгі клубтардың бірінде қымызға бренди, мартини сынды алкогольді сусындар қосып коктейль жасаған екен. Ал мен қымызды ішімдік ретінде танылғандығын қаламаймын. Өйткені Қазақстанның ұрпағы алқаш болып емес, сау болып өсуі қажет.
Менің коктейлім Қазақстандағы қымыздан жасалған алғашқы алкогольсіз сусын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің жасаған коктейльдерімнің алғашқы дигустаторлары жолдас балалар мен құрбыларым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бүгінгі күні бие сүтінен жасалған коктейльдің екі түрі бар. Бірі қымыздың кәдімгі ашытылған түрінен жасалған қышқылтым дәмі бар «Астана» коктейлі болса, екіншісі саумалдан жасалған тәтті «Махаббат» коктейлі».
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Жасалу жолына келетін болсам коктейльдің дайындалу барысында 100 пайыз табиғи өнімдер пайдаланылады. Бүгінгі күні қымызды өзіміздің Көкшетау облысындағы Бурабай кентіндегі фермерлермен келісіп, биенің таза сүтінен алғызудамын. Одан басқа тәтті дәм беру үшін сахароза мен ванилль, шоколад немесе жеміс-жидектер қосамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Қазір мен сіздерге теорияда қалай жасалатындығымен бөлістім. Бұл коктейль әлі толықтай патенттелген жоқ. Кейін нарыққа шығып жатса да оның өндірістік құпиясы ашылады деп ойламаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер қымыздың тарихына үңілетін болсақ, ең алғаш рет қымыз сақтардың кезінде ойлап табылған екен. Ең ежелгі қымыз 550 жыл бұрын жасалған сақ қорғанынан табылған. Олар жылқының сүтін іше отырып одан жылқының күшін аламыз, өте үлкен күшке ие боламыз деп есептеген. Сол үшін оның жасалыну жолы дұшпандарының қолына түспес үшін, оны асқан құпиялықпен сақтаған екен. Осылайша биенің сүтін ашытып, қымыз жасау осы XX ғасырға дейін көрші басқа елдер үшін құпия болып келді. Олар тек қана XX ғасырға келіп қана қымыз қалай жасалынатынын білді. Ал дәл қазір XXI ғасырға келіп біз одан коктейль жасап отырмыз. Бұл "ұлттық коктейльдің" жасалу жолы құпия болып қалғандығын қалаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Болшақта ингредиенттері құпия Coca-cola, Costa, Fanta сынды аты аңызға айналған ингредиенттері құпия ұлттық брендке айналады деп сенемін!

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Осы жерде менің бұл жобамды бірден қабыл алған «Үлес – 2020» компаниясының, мені қаржыландырып дамуыма мүмкіндік берген Астана қалалық әкімдігінің жастар саясаты басқармасының және менің «Ұлттық коктейлім» жайындағы ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарының бетіне шығуына көмек берген «Аstana Іnnovation» АҚ-ның өкілі Саттар ағаларымның еңбектерін атап өтпеске болмайды. Осы кісілердің қолдауымен «Астана қаласының жастары арасындағы инновациялық идеялар мен жобалар» байқауына қатысып, 15 сәуір күні «Ең үздік инновациялық өнім» номинациясы бойынша жеңіске жеттіп, "Қозы корпеш — Баян сұлу" күніне орай менің «Махаббат» коктейлім осы күннің сусыны атанды.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

«МАХАББАТ» коктейлінің тарихы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бие сүтінен жасалған тәтті «Махаббат» коктейлінің өзіндік ерекше тарихы бар.

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2012 жылдың 1 қаңтарында анам қатты ауырып 4 қаңтар күні оны аудандық ауруханаға алып бардық. Сол кезде анама төртінші деңгейлі рак деген диагноз қойды. Төртінші деңгей рактың ең ауыр соңғы деңгейі болғандықтан оған ешқандай ем болмайтындығын түсіндік. Сөйтіп, емдей алмасақ та өмірін 1-2 айға болса да ұзартайық деп, әр түрлі ем-домдарды қарастырдық. Сонда қымыздың рак ауруына ем болатындығын біліп, күнде таңертең анама саумал әкеліп беріп жүрдім. Алайда ауруы асқынып кеткендіктен ол өкінішке қарай анама көмектеспеді.

Ал қазіргі уақытта рактың енді басталып келе жатқан 1 және 2 деңгейі кезінде ғылыми дәлелдерге сүйене отырып саусалмен емдейтін санаторийлер ашылған.

Осы жерде «Қымыз ағзаға қалай әсер етеді?» орынды сұрақ туындайды:
Әрі қарай

“Су қосылған қымыз”.

Блог - Harun: “Су қосылған қымыз”.
Нағашы атам бастан кешкен мынадай қызығымен бөлісті.1974 жыл екен.Атам орда бұзар шағында.Әріптестерімен базар маңын жағалап келе жатады.Жол бойы сыра,қымыз сатып тұрған әжелер.Тоқтап,қымыз ішпекші.Қасындағылары:“таза қымыздан ішіп, біраз тынығып алайық, су қосылғаны керек емес”,-дегенде.Менің атам:“таза қымыз маған жақпайды, көтере алмаймын, күштілік қылуы мүмкін”-деп,өз ойын айтады.Сол сөзге құлағы елең ете қалған, алыста тұрған бір әжей:“әй балам, мұнда кел, менде су қосылған қымыз бар”,-деп қымызына су қосқанын ашық білдіріп қойыпты.Атамның бұл ойы: кім сапасыз қымыз сатады, соны білу болған шығар бәлкім.Енді суы бар қымызды кім ішсін? Кімге керек? Жаңағы әжейдің қымызын ішпей тарқасып кетеді.Есесіне көпшілік біліп жүретін болды, сапасыз қымызды кім сататынын.Әй, аңқау әжем-ай қулығыңды аңғалдығыңнан білдіріп қойдың-ау…
Әрі қарай

Қымызды қалай ішу керек?

Қымызды ұлттық сусынымыз дейміз, жұрт патенттеп жатыр дейміз. Бірақ сол қымызымыз туралы қазақша нақты ақпараттар жоқ екен интернетте. Қымыз түрлері, дайындалуы, пайдасы туралы бар да, ал қымызды қалай ішу керегі туралы ешкім жазбапты. Амал жоқ Рунетті шарлауға мәжбүр болдым. Сонымен қымызды қалай ішеміз?

Бұрын қазақтар күніне 10-15 литрдей ішкен екен. Қазір әрине организміміз ондай жүкті көтере алмайды. Сондықтан арнайы графикпен ішкен дұрыс. Тәулігіне 100 миллилитрден 6 рет ішу керек. Мөлшерін көбейте отырып, бір күнгі норманы 2 жарым литрге жеткізуге болады. Қымыз ашқарынға, бөлме температурасымен аз ұрттаммен ішіледі. Таңғы және түскі астан кейін кем дегенде 1 жарым сағаттан кейін ішкен дұрыс. Ал кешкі астан кейін ішуге болмайды. Кешкі асқа дейін де 1 жарым сағат бұрын ішу керек.
Әрі қарай

Біз көрген Нұрберген және Нұрберген көрген Қарағанды...

Нұрберген келем деген соң Абзал екеуміз кәдмігідей қобалжыдық. Себебі, бұндай "ғақлия амигоны" бұрын соңды күтіп алып көрмеген едік. Негізі, Қарағандының қара асфальтына тағы біраз астаналық жігіттердің табандары тиюі керек еді,өздеріне белгілі себептермен келе алмай қалды.
Сонымен, Нұрбергенді таксиден бес летір баклашкадан сыра ішіп түсер немесе қолында тұтанған темекі болар деп жобалап отырдым. Баклашка жөнінде шатасқаныммен темекіге келгенде шатаспаған екенмін. Абзал екеумізді бұрыннан танитын адамдай, анандайдан құшағын жайып қарсы жүрді.
Әрі қарай

Баскесер

Біздің балалығымыздың басы Кеңес өкіметінің соңғы жылдарымен тұспа-тұс келді. Ендеше жоқшылық дегенді тәуелсіз Қазақстан болған кезімізде көрдім деп батыл айта аламын. Біз ержеткенге дейін тамақты картішкемен, талонмен алды ма шаруам жоқ. Бірақ 90-шы жылға дейін ел мамыражай тірлік кешкен секілді болып көрінеді.«Мамыражай емес,»Желтоқсанды"қайда қоясың?" демей-ақ қойыңыздар. Менің әңгімемнің бағытының саясатқа қатысы жоқ. Ауылда ол кездерде қылмыс атаулы көп болмайтын.Қазіргідей бір ауылдың жігіті,өз ауылының қызын зорлау дегенді ол кезде естімейсіз. Бірді айтып екіге кетпей-ақ қояйын.

Ауылдың тірлігі көбімізге белгілі. Бала біз үшін ең тәтті сусын лимонад еді ол кезде. сосын аңда саңда жейтін бөлке нанда тәтті болып көрінетін. Ауылда табаға піскен нанды жейміз ғой көбіне. Дегенмен ол кезде ауылдағылардың барлығы дерлік нанды өздері пісірмеуші еді.Ауылымыздағы жалғыз дүкенге ауданна әкелінетін бөлке нандар түсетін. Нанды бізбен көрші тұратын Мәдина атты әженің (ауылдың барлығы ол кісіні Мәдина апа деп атайтын) аудандағы Жетпісбай деген ұлы таситын. Сағат он екіде дүкенге нан келеді. Біздің ауыл шашыраңқырап жатыр.көп бөлігі таудың(Төбелерді тау деседі біздің ел/Табыл Досымов/)арғы бетінде, мына жақ мүйісінде 14 үй тұрамыз.Дегенмен, ауданнан келетін жол біздің жақты бірінші басып өтетін. Кей күндері 12-ге 15 минут қалғанда мамам (әжемді «мама» деймін әлі күнге)мені «хлебовозды» күтуге жұмсайды. Үйден 100 метрдей жерден өтетін грейдер жақа жүгіремін күшігімді ертіп алып. Мені көрген Жетпісбай машинасын тоқтатып,қолыма екі нан ұстататын. Кейде ақшасын мен береді, кейде үйге келгенде ала салатын. "Қымыз бар ма?" сұрайтыны осы? Мен басымды изеймін,"Қайтарда соғамын". Содан 12 жарымға қарай Жетпісбай біздің үйдің жанына қайтып келеді.Атаммен әңгімелеседі, қымыз ішеді. Біздің үйден киік еті үзілмейтін ол кезде. Аузының салымы ма,әлде соны әдейі есептей ме 1-ге қарай тамақ ішеміз.Киіктің еті қосылған қуырдақты жеп алып бірақ кететін. Жетпісбайдың қызық әдеті бар еді. Ауыл деген белгілі ғой. «Кухня» деп аталатын жазғы үйде отырамыз.Есігі шай ішкенде ашық тұрады. Қара шыбындардың бірі стөлден ұшып, енді бірі қонып жатады. Жетпісбай қымыз ішсе де, шай ішсе де бір қолына пышақ ұстап отыратын. Қонған шыбындардың басын «лып» еткізіп шауып тастайтын.Кейбірі сол жерде өледі, кейбірі бассыз ұшып кететін…
Әрі қарай

Неміс қазаққа қымыз жайлы лекция оқыды, Әбіләкім

Кеше Алматыда «Гастроэнтерология-2011» халықаралық конгресі өткен болатын. Қып-қызыл қызығы конгресске Ганс Цольман деген неміс қатысып, қазақтарға «Бие сүті мен қымыз өндірудің пайдасы» жайлы лекция оқыды.
Бұл қазағың тойыс немісің
Әрі қарай

Бие сүті мен қымыздың үкімі қандай?


Биенің саумалы халал. Өйткені жылқы еті төрт мәзһаб бойынша, халал болып саналады. Еті халал малдың сүті де адал болмақ. Тіпті бие сүтінің өзге мал сүтіне қарағанда пайдасы молырақ. «Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып
Әрі қарай

Қымызмұрындық немесе биебау

Басқа жақтарды қайдам біздің Жаңаарқа көлемі сәуірдің соңы, мамырдың басында жаппай бие байлап қымыз ішуді дәстүрге айналдырған. Жас (көк)шөптің бойындағы барлық құнарлық бие сүті арқылы адамға тарайды.Міне, осы кезде біздің жақта ауылдастарын
Әрі қарай

Қазақ енді қымызды немістің рұқсатымен ғана ішетін болды


Абай ОМАРОВ (коллаж)

Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда қытайлық бір жиһанкез артына мынадай дерек қалдырған екен. «Егер көшпелі тіршіліктегі қазақтан қанша уақыт жерде, қанша уақыт аттың үстінде отырдың?» деп сұрасаң, өмірінің басым бөлігі
Әрі қарай

Қымыздан кәмпит жасалды...

Еуропалықтардың қымызға деген қызығушылығы тағы бір қырынан көрінді. Бельгиялық кондитер Давид Маенхаут қазақтың ұлттық сусыны — қымыздан шоколад жасауды ойлап тапты. Жылқы бейнесімен безендірілген, ерекше дәмді шоколадқа сұраныс, Давид сияқты
Әрі қарай

Коллаж мінез - Едіге



1. Атың кім? — Едіге /шын атым емес/
2. Сүйікті фильмің? – Жүгір, Форест, Жүгір! Қаш Форест қаш!
3. Сүйікті сусының? – Қымыз, қымыран /тазасы табылса/
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Немере, шөберелі шал болу /Қазір 35 темін: Өскенде мүмкін .../
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Пенде
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Бірқалыпты, салмақты образ танытып отырмын
7. Арманыңдағы қала? — Қаладан гөрі Даланы қалаймын
8. Туған жерің? — Оңтүстік, Жетісай.
9. Сүйікті түсің? — Алтын сұр
10. Сүйікті тамағың? — Плов
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Ұлдарымның жетістіктері
12. Сүйікті мекенің? – Қоғамда болганды калаймын /жалғыздықты жаным сүймейді/
Әрі қарай

Коллаж мінездеме-Әбіләкім


1. Айсұлтан
2.Джеки ағамыз ойнайтын фильмдер
3.Қымыз
4.Ақшалы азамат
5.Шалқып отырмын (көңіл-күйім)
6.ашық-жарқын
7.Жердіңбіржеріваға баруды армандаймын
8.Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
9.Ұнататын түсім-қара.
10.манты
11.комп
12.Қазақстан
Әрі қарай