Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды ма?

Төрт түлік малдың ішінде ерекшесі — жылқы малы. Себебі біздің ұлтымызда әкеден балаға мирас ретінде жылқы малы ерекше орын алады. Атам Сейсен жылқы бағып, ат үстінде өмір сүрсе, әкемде мал шарушылығы саласының мамандығын игеріп, ат тізгінің қолынан босатқан емес. Ал туған ағам Нұрсұлтан әкемнің ісін жалғастырып, ақыл-кеңесін тыңдап, бәйгі ат ұстап, жылқы малына ерекше көңіл бөлуде.
Ата-бабамыз өткен дәуірде көшпенді халық болғандықтан, қолға үйреткен жануарлардың ішінде жылқы басты рөл атқарады. Жылқы малы өзінің көз тартарлық сұлу бейнесімен және күштілігімен адамдардың негізгі серігі болып, тарихта ерекше орын алып келген. Ата-бабамыз жылқыны қолға үйретіп, шартарап, ұлан-байтақ жерімізге иелік етті. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалап, тарихи-этнографиялық деректердің таусылмас көзі — фольклорлық материялдар, атап айтқанда батырлар жыры, аңыз — әңгімелерге арқау қылған. Абайдың, Махамбеттің өлеңдері сонымен қатар І.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы, С.Жүнісовтің Ақан-сері романындағы жылқыға байланысты сан алуан мәліметтер кездескен. Әрине бұл мәліметтер өткен ғасырдың еншісінде. Ал қазіргі таңда жылқы туралы көзқарасымыз қалай? Нарықтық жүйеде өмір сүргеннен кейін экономикалық тұрғыда жылқыдан алынатын өнімге көңіл бөлеміз. Салт — дәстүріміз де өзгеріп барады. Сары қымыз сапырып, дастархан жайып, келген қонаққа мырзалық танытудың орнына, күбі толы қымызды келген қонаққа бергенше қалаға апарып сатудың жолын іздейміз. Ер — тұрман сәндеп, ат мінудің орнына, тай — құнанды бордақылап сатуды да кәсіпке айналдырдық. Мәселен, Қазақстан туберкулезге шалдыққандардың көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарға ытқып шықты. Әр жыл сайын елімізде адамдар осы дерттін салдарынан көз жұмса, індетке бой алдырғандардың саны 20 мыңның шамасында. Ал осы дерттің емі не? Оның шипасы — қымыз. Мұны қазір бүкіл ел мойындаған. Қымыздың қасиеті бұдан да өзге талай дертке дауа болған. Қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында қымыздың потентің Албания иеленген деген жансақ пікір бар. Ал менің ойымша Албания азаматы өзінің өндірілген өніміне рұқсаттама алған, жалпы қымызға иеленіп отырған жоқ. Дегенмен уақыт өз дегенің орындатады. Тек айтарым қазақ халқының ұстанымы, салт-дәстүрі жылқы малымен тығыз байланысты.
Кекілін күн сүйіп, жалын жел тараған жылқының басына төнген нәубет сонау кеңестік үкімет кезіңде басталды. 1928 жылы қазақ байларын кәмпескелеп, қолдарындағы малдарын тартып алды. Соның салдарынан отаршылыққа үйренбеген, егіншілікпен шұғылданбаған, малынан айырылған қазақтар 1932 жылы жаппай ашаршылыққа тап болып қазақтың 70% өлім-жетімге ұшырады. Бұл сол кездегі үкімет басында отырған Голощекин сияқты жауыздардың ісі еді. Ат үстіндегі қазақтың ешкімге бағынбасын білгендіктен қолындағы малын сыпырып, жаяу қалдырды. Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды. Сондықтан қазақ пен жылқы бір тұтас. Дегенмен соңғы жылдары Қамбар ата түлігі санының қайта көтерілгені аңғарылды. Ғалымдардың есебіне сенсек, қазір Қазақстандағы жылқы саны 1,5 миллионға жеткен. Бұл бәлендей көп болмағанымен, ТМД елдерімен салыстырғанда, әжептәуір жоғарғы көрсеткіш. Қазақ жылқысының тұқымдарының қалыпына келтіруіне Алматы агро университетінің профессоры И.Нечаев зор үлес қосуда.
Кеңестік кезеңде бірқатар жылқы зауыттары жұмыс істеген. Соның ішінде Қостанай және Жамбыл облысындағы Луговой асыл тұқымды жылқы зауыты жұмыс жасап, Көшім, Мұғалжар тұқымдары шығарылған. Негізінен қазақтың жылқылары мініске төзімді келген, бұл өмірде дәлелденген. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ жерімізді ат тұяғының дүбірімен, бабалардың білек күшімен қорғап қалған. Қазақтың жылқысының мықтылығына сырт елде қызығушылық білдіріп, кен игеруге келген ағылшындар жеріміздің қазына байлықтыры мен қоса жылқы малын да көптеп сатып алып кеткен. Содан қазанат жылқы тұқымы жойылудың азақ алдында, ал қазір шаруашылықтар да еттік бағыттағы тебінге төзімді жабы тұқымдас жылқылар өсірілуде.
Блог - alya: Аттан түскен қазақтың рухы сөніп, жігері құм болды ма?
Ата — бабаны еске алып, ас берсек, ат жүгіртетін бәйгі береміз. Сондай бәйгілерде жүлделі орынға ие болу үшін жүйрік ат ұстауға тура келеді. Биылғы жылы Дербісал батырдың 300 — жылдығына орай ұрпақтары ас беріп, аламан бәйгі ұйымдастырып, бірінші келген атқа автокөлік тарту етті. Ағам Нұрсұлтанның жаратып қосқан қаракөк аты бірінші келіп, автокөлікті иеленді. Мәселе ұтып алған жүлдеде емес, аттың оза шауып, алдынғы қатарда келіп, иесінің мерейінің үстем етуі. Бүкіл ауыл болып қуанды. «Ақбастау ауылының аты бірінші келді » — деп бір — бірінен сүйінші сұрасуы өте жарасымды. Халықты шаттыққа бөлеп жатқан ат туралы неге айтпасқа, қолдан келсе домбыраға қосып неге ән шырқамасқа?
Өкінішке қарай қазіргі таңда әдеби туынды жоқтың қасы. Жылқы туралы жазылып жатқан кітаптар негізінен экономикалық бағытта.
Сондықтан жылқы туралы әдеби тұрғыда жаңаша ой қозғауымыз қажет. Соның дәлелі таяуда ғана көгілдір экраннан көрсетілген қысқа метражды ұлттық туынды ″Сұңқар″ фильмі. Режиссері А.Сатаев қазіргі таңдағы қазақ жастарының жылқыға деген қызығушылығын орынды келтірген. Келешекте жылқы малының қасиетін сомдайтын әдеби негіздегі материалдар көптеп жарияланады деген сенімдемін.
П.С: Орталық Қазақстан газетіне жарияланған мақалам, 2015жыл
Бөлісу:

2 пікір

merekeee
Осылай бірте-бірте блогсфераға да бейімделесің