Біз көрген Нұрберген және Нұрберген көрген Қарағанды...
Нұрберген келем деген соң Абзал екеуміз кәдмігідей қобалжыдық. Себебі, бұндай "ғақлия амигоны" бұрын соңды күтіп алып көрмеген едік. Негізі, Қарағандының қара асфальтына тағы біраз астаналық жігіттердің табандары тиюі керек еді,өздеріне белгілі себептермен келе алмай қалды.
Сонымен, Нұрбергенді таксиден бес летір баклашкадан сыра ішіп түсер немесе қолында тұтанған темекі болар деп жобалап отырдым. Баклашка жөнінде шатасқаныммен темекіге келгенде шатаспаған екенмін. Абзал екеумізді бұрыннан танитын адамдай, анандайдан құшағын жайып қарсы жүрді. Cонымен вокзал маңындағы жазғы кафеден бір-екі саптаяқ сыра мен кәуап жеп алған соң, Абзал бауырымыздың дайындап қойған автобусымен қаланы араладық. Автобус жүргізушісі Арман да ақжарқын жан екен. Қаламыз жалпы Нұрекеңе ұнағандай болды, ол жағын өзі тарата айтар.Фотоапаратымды ұмытып кетуіме байланысты Қарағанды көшелерінен көріністі Нұрекеңнің жазбасынан көрерсіздер, менің ұсынарым біздің үйдегі суреттер және бейнежазба.
Жалпы, Нұрберген әңгімені жақсы айта алатын азамат екен. Осындай жігіттермен жақын таныстырған «Керекинфоға» алғысымыз шексіз! Абзал бауырым да бір басына жеті өнерді қондыра алғандығын тағы бір дәлелдеді.

сонымен Нұрберген (ақкөңіл амиго) Қарағандыда…
Жалпы тақырыптағы әңгімелер қозғалды. Патриоттық һәм көтриоттық, дін мен діл, қазіргі қыздар, түрме, 81-лер, асабалар(Нұрбергеннің бұл салада да тәжірибесі бар), телевизия саласы, қазақ интернеті, видеоблогинг… кете береді.
Түнгі төрте Майқұдықтағы станция вокзалының есігін қағу, ақ бас жусан жайлы Абзалдың ұзақ әңгімесін тыңдау, масалар…
Ән айтып, домбыра и гитарамеееееен… Ақ аюы қолындаа… Түууу, қандай тамаша отырыс болған ә?! Бәрекелді, міндетті түрде барамыз, Қарағандыға! Домбыра, гитара және сыраны былай қойғанда мынадай ақ көйлек, аңқылдақ жігіттердің ниетіне шомылып қайтар үшін де баруға болады екен! Күт мені, Қарағандыыыыы)
«Ет жемедім» деп ренжіп кететін қазақтардың қатарынан емес екен Нұрекең.
Шын ниетпен үйге әкелген кезде қатының қабағын түймей қара шәй құйып берсе де риза болып кететін қонақтар болады.
«Мен Абзал, сукомалемеспін!!!»
негізі тілім түгілі тырнағымда тимеді. қымыздан айырылып қалғаның қалай?
— Қарағандының Қазақстандағы ең үлкен қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Қала сәулеті мен жоспары өз алдына, қалалық рухы бөлек әңгіме. Әттең, уақыт тапшы болды;
— Әбіләкім ішпейді екен
— Абзал, сцуко, мықты музыкант — тума талант;
Жалпы, жігіттер, құда күткендей қарсы алды: әнмен, бақзал басынан "қош келдіңмен", ақыр аяғы, автобуспен. Мұның бәрін былай қойғанда, көңілдері мен пейілдеріне разы болдым.
Әбіләкім үйіндегі жеңешеме ерек «респект»!
«Шын дос болсаң есігімді қақпай кір» деуші ме еді Төлеген Айбергенов…