“Су қосылған қымыз”.

Блог - Harun: “Су қосылған қымыз”.
Нағашы атам бастан кешкен мынадай қызығымен бөлісті.1974 жыл екен.Атам орда бұзар шағында.Әріптестерімен базар маңын жағалап келе жатады.Жол бойы сыра,қымыз сатып тұрған әжелер.Тоқтап,қымыз ішпекші.Қасындағылары:“таза қымыздан ішіп, біраз тынығып алайық, су қосылғаны керек емес”,-дегенде.Менің атам:“таза қымыз маған жақпайды, көтере алмаймын, күштілік қылуы мүмкін”-деп,өз ойын айтады.Сол сөзге құлағы елең ете қалған, алыста тұрған бір әжей:“әй балам, мұнда кел, менде су қосылған қымыз бар”,-деп қымызына су қосқанын ашық білдіріп қойыпты.Атамның бұл ойы: кім сапасыз қымыз сатады, соны білу болған шығар бәлкім.Енді суы бар қымызды кім ішсін? Кімге керек? Жаңағы әжейдің қымызын ішпей тарқасып кетеді.Есесіне көпшілік біліп жүретін болды, сапасыз қымызды кім сататынын.Әй, аңқау әжем-ай қулығыңды аңғалдығыңнан білдіріп қойдың-ау…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше