Коллаж мінез - Едіге



1. Атың кім? — Едіге /шын атым емес/
2. Сүйікті фильмің? – Жүгір, Форест, Жүгір! Қаш Форест қаш!
3. Сүйікті сусының? – Қымыз, қымыран /тазасы табылса/
4. Өскенде кім болғың келетін еді? – Немере, шөберелі шал болу /Қазір 35 темін: Өскенде мүмкін .../
5. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Пенде
6. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Бірқалыпты, салмақты образ танытып отырмын
7. Арманыңдағы қала? — Қаладан гөрі Даланы қалаймын
8. Туған жерің? — Оңтүстік, Жетісай.
9. Сүйікті түсің? — Алтын сұр
10. Сүйікті тамағың? — Плов
11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Ұлдарымның жетістіктері
12. Сүйікті мекенің? – Қоғамда болганды калаймын /жалғыздықты жаным сүймейді/
Бөлісу:

21 пікір

sammita
:)))))))) неге екенін күлкім келеді, суреттерге ме, жауабына ма, білмеймін:)))
«Жүгір, Форест, Жүгір!»
"Қаш, Форест, қаш"?

«тазасы табылса»
ненің:) чета күдік жеп жатыр жанымды:))
edige
Бор татыған құрт пен, су косылган кымызга заукым жок.
"Қаш, Форест, қаш"? «Ақымақтардың жолы болады» десе де болар мүмкін
asaubota
ұлдарыңның қызығына тойма быратан!
edige
Рахмет. Алла разы болсын. Өзіңе де тілегім шексіз жаксылык
Erkekyz
Өткенде Жетісай ма деп сұрағаныңыз осы екен ғой :)).
edige
аха.
kaztarih
Форест Гамп деген әлгі қияли адам туралы фильмді несіне бола ұнатасыз?
edige
Ақымақтардың жолы болғыштығына ғана
Gastarbaiter
Түсінбеген екенсің Форест Гампты:)))
neoman
Фильмнің негізгі идеясы — жұмысыңды сүю, тайынбай еңбек ету және нәтиже болса, масығып кетпеу. Сонда сен он жерден ақымақ болсаң да, дегеніңе жетесін. имхо
Nurgisa
Керемет коллаж екен. Негізі мен осы Жетісайда туылған екенмін, екі жыл өте Шымкентке көшіппіз… Жетісайға кейініректе қонақтап барғанымыз бар, «маған ащы емес, тәтті су беріңдер» деп жылаған екенмін :)
edige
Асыката өңірінің суы ащщы деп есіткенмін. Жетісайда су тұщы
Janasil
Асықатаға барғанымда атама «сарыағаш» таситынм есіме түсіп отыр.
Erkekyz
ия, Асықатаның суы ащы дейді басқа жақтан келгендер, өзімізге норм сияқты. Шет жақтағы ауылдардан ішу енді мүмкін емес.((
edige
/Прогресс/ Үтіртөбедеге барғанда «Төбе қалдырмағаным» бар менің. Сондықтан қойған шығар атын ҮТІРТӨБЕ деп. Ол да сол жақта емес пе?
сырдың суын, тоғайын, табиғатын көріп қайтқам
Erkekyz
/Прогресс/
Осыны жазбағаныңызда Үтіртөбенің прогресс екенін білмейтін едім.)) Асықтаға жақын емес, кішкене алыстау.
Gastarbaiter
Форест Гампты ұнату себебіңізді жазыңызшы?
Әміркен біреу жазса түсінер едім, өйткені Форест Гамп әміркендердің ең ыстық, ең есте қаларлық тарихи оқиғаларына сілтеу жасайтын аллегориялардан жасалған құрақ көрпе, тойыс фильм.
Кезінде орыстар Брат-2 киносын қалай сүйсе, Форестке де сондай сезіп қалыптасқан.
«Менің Атым Хан» деген киноның ұраны бөлек болғанымен, сюжеттің басты ағымы осыған ұқсайды.

Әжес, тоқтай алмай қалатыным бар осылай.)))))
edige
Шытырман оқиғаны жақсы көру көрмеуім ол ешкімге байланысты емес.
edige
Тағы ұнайтыны «День сурка».
sammita
Едіге мына суретте екі ұл ма?
edige
ия, 5 жаста жане 4 жаста