Неміс қазаққа қымыз жайлы лекция оқыды, Әбіләкім

Кеше Алматыда «Гастроэнтерология-2011» халықаралық конгресі өткен болатын. Қып-қызыл қызығы конгресске Ганс Цольман деген неміс қатысып, қазақтарға «Бие сүті мен қымыз өндірудің пайдасы» жайлы лекция оқыды.
Бұл қазағың тойыс немісің Германиядағы ең ірі қымыз өндіруші, қымызды Европада насихаттап жүрген тұңғыш шет елдік екен. Озінің айтуынша, қымызды 1959 жылдан бері Германия халқы жақсы біледі. «Бүгінде ол Франция, Австрия, Голландия елдерінде танымалдылыққа ие. Еуропаның көп елдерінде қымыз өндірісі кең таралған. Халық көбіне қымызды емдік мақсатта ғана қолданады. Қазір біз таза қымызды шығарумен қатар, қымыздан жақсы балалар сүті мен тағамдарын жасауды қолға алудамыз, негізінен қымыз ұнтағынан әр түрлі косметикаларды, спортшыларға арналған әлдендірушілерді де шығарамыз. Германияда 1 литр қымыз – 7-10 еуродан жоғары тұрады, ал кептірілген қымыз 20 еуро шамасында. Жылдан жылға Еуропада қымызға деген сұраныс артып келеді»,-дейді ол.

Ганс Цольманның айтуынша, Германия мен Қазақстанның қымызы екі түрлі. «Оның әр түрлі болу себебі, биені қандай жерде баптап, ұстауына байланысты. Біз Германияда жылқыларды арнайы орында ғана ұстасақ, Қазақстанда олар жайлауда, әр түрлі жерде жайылады, яғни әр түрлі шөп жейді. Сондықтан да Қазақстан қымыздарының дәмі де әр түрлі және қымыз сіздерде әр түрлі технологиялармен өндіріледі екен. Ал, бізде мемлекеттік стандарт бар, сондықтан қымыздың дәмі бәрінде бірдей. Біз де жайылымдар бар, бірақ ондай жерлер бізде біріншіден аз, екіншіден шөптердің әртүрлілігі де аз»,-деді ол.

Ең дәмді қымыз тек Қазақстанда деп қояды. «Мен Монғолияның және басқа елдердің қымызының дәмін көрдім, бірақ ең дәмдісі Қазақстандікі. Қымыздың отаны Қазақстан емес пе, сондықтан сол атқа осылайша лайық болуы керек. Менің бір айтарым, Қазақстан қымыз өндірушілері насихаттық жұмысын ұлғайтып, таратуды көбейтуі керек»,-дейді ол.

Өзінің қымыз өндіретін шаруашылығы 1959 жылдан бастап жұмыс істейтін көрінеді. «Ол шаруашылықты менің атам бастаған. Атамыз Кеңес дәуірінде Қазақстанда түрмеде жатқанда туберкулез ауруына шалдығады, оны түрмеден шығарып тастаған соң қазақ досы қымызбен емдеп ажалдан аман алып қалады. Қымыздың емдік қасиеті арқасында ол құлан-таза емделіп шығады. Жазылған соң атамыз елге Германияға оралып, онда қымыз өндірумен айналысып, оны танытып, адамдардың сау болуы үшін жұмыс жасады. Бүгінде біз оның балалары атамыздың ісін жалғастырушылармыз. Шаруашылығымыздың 400 гектардан аса жері бар. Онда 400 бас жылқы ұстаймыз, оның 200-і сауылатын бие. Менің алдағы мақсатым — қазақстандық қымызды одан әрі тереңірек зерттеп, оны Еуропаға насихаттау, шығару»,-дейді. Айтпақшы бұл пәлекет қымызды патенттеп алыпты. (Қасымда отыратын кәллегамның ақпаратын пайдаландым.)
Бөлісу:

6 пікір

omarbirat
Дұрыс, дұрыс! Лекцияны тыңдағандар да атты тек телебизірден (зоопаркте ат болмайды. Болса да басқа тұқымдары), сосын базардан ет күйінде көргендер шығар :)
nurbergen_makym
Лібә, осы пәлені мен түсінбейм, нақ: Ал, немістер-ақ, қымызды меншіктеп алсын. Қырғыздар көкпарды өзінікі етсін. Неғылған бітпейтін комплекс?!
Ағылшындар футболды ойлап тапса да, Бразелдің жігіттеріне жете алмай жүр ғой.
Erbol
Нұреке, еш комплекс те, қымызды меншіктеп апты деп күйіну де жоқ. «Айтпақшы бұл пәлекет қымызды патенттеп алыпты», деген сөз күйінгенімізді немесе комплексімізді білдірмейді. Ойбайй қымызды меншіктеп алды, аттан десек онда сөз басқа. Жәй ақпарат болсын деп ек. Қызық қой, шет елдіктің қымыз туралы лекция оқып тұрғаны.Әйтпесе ат міну, бие сауу тек қазаққа тән еместігі белгілі.
nurjanbay
қымызды патенттеп алыпты
бұл нені білдіреді? бие саууға, қымызды ашытуға, сатуға, ішуге ана немістен рұқсат сұраймыз ба? рұқсат алу үшін ақша төлейміз бе?
satibaldi
Ең дәмді қымыз тек Қазақстанда деп қояды. «Мен Монғолияның және басқа елдердің қымызының дәмін көрдім, бірақ ең дәмдісі Қазақстандікі. Қымыздың отаны Қазақстан емес пе, сондықтан сол атқа осылайша лайық болуы керек.
Ганс Цольман — Моңғолияда:
Ең дәмді қымыз тек Моңғолияда деп қояды. «Мен Қазақстанның және басқа елдердің қымызының дәмін көрдім, бірақ ең дәмдісі Моңғолияныкі. Қымыздың отаны Моңғолия емес пе, сондықтан сол атқа осылайша лайық болуы керек.
Ганс Цольман — Қырғызстанда:
Ең дәмді қымыз тек Қырғызстанда деп қояды. «Мен Қазақстанның және басқа елдердің қымызының дәмін көрдім, бірақ ең дәмдісі Қырғызстандыкі. Қымыздың отаны Қырғызстан емес пе, сондықтан сол атқа осылайша лайық болуы керек.
Ганс Цольман — Тывада:
Ең дәмді қымыз тек Тывада деп қояды. «Мен Қазақстанның және басқа елдердің қымызының дәмін көрдім, бірақ ең дәмдісі Тываныкі. Қымыздың отаны Тыва емес пе, сондықтан сол атқа осылайша лайық болуы керек.

Мистер Киссинджердің «делдалдық дипломатиясы». Тиын істе Ганс амиго, қатал жазалап ал қазақтардың қалтасын!!!