Ілмектерден іздеу
Адамның көңілі, ішкі дүниесі кейде сыр беруі мүмкін. Сол кезде көмекке достарымыз келеді. Бұл — заңдылық. Аптаның ауыр күндерінен, күнде бір істен жалыққан кезде, жай ғана балалық істеу керек екен. Иә, иә, оған бүгін көзім жетті. Қарағандыда тоқтаусыз жапалақтап қар жауып тұр. Ал, алты қыз болса, бір шатырдың астында тұрады. Балконға (қызық болсын, қылтимаға) бір шығамыз, екі шығамыз, шыдамай әп-сәтте киініп, далаға бірақ зыттық.
Модаға айналған қара резинка
ХХІ ғасырдың модасына айналған «Чокер» жайлы тақырыпты қозғасам, қалай қарайсыздар? Жалпы, чокер дегеніміз не? Уикипедия браттын айтуынша: Чокер — тамақты жауып тұратын алқа. Алғаш рет б.з.б. ІІ ғасырда пайда болды. Сол кезде оны Майя тайпасы мен үндістер қолданатын. Одан кейін гректер мен римдіктердің келіншектері тақты. Сәндік үшін емес белгілі бір тайпаның мүшесі немесе мойынды қорғау мақсатта ғана.
ХVI ғасырда Испанияда чокерді түнгі көбелектер тағатын. Яғни, қара түсті, резинкалардан өрілгендерін ермек қылған. Сол кезде «бұрыс» жолға түскен қыздар қаптап кеткен. Ер адамдарға да бірден қандай бойжеткенмен сөйлесіп тұрғаны белгілі болды. Ал, Англияда жағдай мүлдем басқаша еді. Себебі, лауазымды әйелдер мойындарын ұзарту мақсатында моншақтардан жасалған чокерлерге құмарлығы артты. Сөйтіп, сөйтіп трентке енді. Жалпы, «ерекше» алқаның шығу тарихы осылай.
Бүгінде талай қыздарымыз модадан қалыс қалмай, әп-әдемі боп жүр ғой.)(( Жарасатына бар, жараспайтыны да бар.Бірақ қалай дегенменде әр нәрсенің шығу тарихын білген жөн.
Әрі қарай
ХVI ғасырда Испанияда чокерді түнгі көбелектер тағатын. Яғни, қара түсті, резинкалардан өрілгендерін ермек қылған. Сол кезде «бұрыс» жолға түскен қыздар қаптап кеткен. Ер адамдарға да бірден қандай бойжеткенмен сөйлесіп тұрғаны белгілі болды. Ал, Англияда жағдай мүлдем басқаша еді. Себебі, лауазымды әйелдер мойындарын ұзарту мақсатында моншақтардан жасалған чокерлерге құмарлығы артты. Сөйтіп, сөйтіп трентке енді. Жалпы, «ерекше» алқаның шығу тарихы осылай.
Бүгінде талай қыздарымыз модадан қалыс қалмай, әп-әдемі боп жүр ғой.)(( Жарасатына бар, жараспайтыны да бар.Бірақ қалай дегенменде әр нәрсенің шығу тарихын білген жөн.
Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?!
Қыздар, қыздар сұлу қыздар! Неге қырсықсыңдар?! Ертең жігіттер қауымын үлкен іс күтуде. Бүгін сыйлықтарын алуға үлгергендер «маладес», үлгере алмағандар «анти-маладес» болмақ. Егер екінші адамның көзімен қарасақ, күнделікті өмірде не киетінің білмей жүрген қыз-келіншектерге сыйлық таңдау қиын. Бірақ мəселе сыйлаған затта емес, көңілінен шыға білуде. Кез келген нəзік жанды, рақметін айтып, сыйлықты қабыл алар. Олардың қиялдары ұшқыр, біреуден əрқашан бірдеңе күтіп жүреді. Сол себепті, жас жігіттердің басы қатады. Кеше əлеуметтік желіден «Крепитесь, парни» деген пікірге қыздардың ашуы түсті. Бұны жариялаған админ бір айналған шығар. Сіздерге мəдениетті түрде жеткізген пікірлермен бөліссек.
Жігіттерді шемішкедей шағып-шағып тастады. Шынымен, неге ұсақталып барасыңдар? Тепсе темір үзетін ерлеріміз қайда? Жақ пен тілге көп сүйенесіңдер.
Ал, ҚарМУ-дің ұлдары көп сайрамай, қаражаттары өзінен аса алмаса да қыздардың жүрегінен орын таба білді. Қарапайым жатақхананы романтикалық ортаға айналдырды.
Құрметті, аналар мен қыз-келіншектер, нəзік жандыларымыз, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жайдарлы жүздеріңізден күлкі кетпесін. Жылдан-жылға раушан гүлдей құлпыра беріңіздер. Аталмыш студенттерден видео құттықтауды қабыл алыңыздар. Тек жағымды жаңалықтармен бөлісе жүрейік. Әрқашан позитивте болайық!
Әрі қарай
Жігіттерді шемішкедей шағып-шағып тастады. Шынымен, неге ұсақталып барасыңдар? Тепсе темір үзетін ерлеріміз қайда? Жақ пен тілге көп сүйенесіңдер.
Ал, ҚарМУ-дің ұлдары көп сайрамай, қаражаттары өзінен аса алмаса да қыздардың жүрегінен орын таба білді. Қарапайым жатақхананы романтикалық ортаға айналдырды.
Құрметті, аналар мен қыз-келіншектер, нəзік жандыларымыз, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жайдарлы жүздеріңізден күлкі кетпесін. Жылдан-жылға раушан гүлдей құлпыра беріңіздер. Аталмыш студенттерден видео құттықтауды қабыл алыңыздар. Тек жағымды жаңалықтармен бөлісе жүрейік. Әрқашан позитивте болайық!
Өмір селфимен шектелмейді
Бір сәтке айналадағы адамдарға көз жүгіртейік… БІіз білген заман өзгерді. Қоғам не боп барады? Технология дамығаны дұрыс-ау. Дегенмен жас және орта буын ұялы телефонға толықтай тәуелді болып бара жатқанын көріп, көкейде болашаққа деген уайым орнығуда. Көз жанарын тауыстып, қайта оралмас уақытын сарп етуден тайынбайтын жастарымызды түсіну қиын.
Қолданыс жағынан рейтингі жоғары: «ВКонтакте», «Whats app», «Instagram», «Facebook», «Twitter», т. б. әлеуметтік желілер мен байланыс бағдарламалары бүгінгі қоғамға ауадан да артық қажет болып кеткен сынды. Негізгі мақсаты жаңадан фотосурет енгізу, ұнамды публикацияларға пікір жазу(комментарий), хат алмасу, ақысыз байланысты пайдалану. Әрине бұл ыңғайлы құрал. Бос уақытта пайдаланып тұруға болады, алыстағы жақындарыңмен хабарласу жағынан да тиімді, әрі адамдардың бір бірімен тығыз араласуына септігін тигізеді. Бәстесу қиын, пайдасы сол жағы болмаса, зияны да жетіп артады. Бұқара күндіз түні сымтетік пен компьютерді(ноутбук) пайдалану арқылы өз уақытына ғана қиянат жасамай, денсаулығына да кері әсерін тигізіп жатқанынан хабардар ма?
Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды «канцерогенді» деп сипаттайды. Адам телефон қолданғанда миы өзгеше жұмыс істейді деген фактімен ғалымдардың зерттеулерінен таныс болдық. Сондай-ақ бас аймағындағы ісіктерге шалдыққандардың саны өскенін, дәрігерлер ұялы сымтетікпен байланыстырып отыр. Әлем ғалымдарының зерттеуі әлі күнге дейін жалғасуда. Әзірше телефонға нақты «айып» тағылған жоқ. «Денсаулық – зор байлық» демекші, біреу келіп саусағымен нұсқап көрсеткенін тосқанша, өз денсаулықтарыңызды күткен дұрысрақ. Себебі ертең кеш болуы мүмкін.
Ұялы сымтетіксіз өмір сүру мүмкін емес. Тіпті бір күн үйде қалып қойса күнімен жүйкесі тозып, қолымызды қалтаға жүгіртіп іздейтін әдетке де толықтық. Ауыр зардап шекпеу үшін кішігірім кеңесті құлаққа түріңіз:
-қоңыраурды тек құлаққаппен қабылдаңыз, барынша аз сөйлесуге тырысыңыз;
-электромагнитті толқын тасушы құралды жастық астына, бел айналасында, қалтада алып жүрмеңіз;
-телефон құшақтап ұйықтамаңыз;
-қоңырау соғудан гөрі хабарлама жазуға әдеттеніңіз, барынша миыңыздан, құлағыңыздан аулақ ұстаңыз;
-қиын болса да, күштеп болса да өзіңізді ұялы сымтетіктен арылтуға тырысыңыз.
Болашақ — адамдардан тұрады. Дендері сау, естері дұрыс, эстетикаға құмар, еңбекке бейім жандардан құралады. Келер ұрпақтың амандығы қазіргі қоғам қолында. Зиянын біліп тұрып, өзіне тосқауыл қоя алмайтын тәуелді адамдар саны сансыз. Дегенмен бұл заттың орнын басар құралдар мен әдістер көптігін жадта тұту ләзым. Мысалы, электронды кітапты, газетті оқып отыруды – баспадан шыққан қолмен ұстап, парақтап отыратын газет пен кітапқа айырбастау. Қоңырау соғып, әуре етіп, өзіңе де өзгеге де зиян тигізгенше – жолға аттанып, шынайы кездесу. Арнайы адамдарды сауатсыздандыру үшін шығарылып жатқан ойындарды ойнау орнына – есік алдына шығып достарыңмен доп тебу, серуендеу. Кундіз-түні хабарлама «атысып» отқанша –таза парақ алып қалам тербеп, сағындырып, анда-санда хат жазғаның әдемірек. Міне романтика, нәзік сезімдер қайда жатыр… Көрінгенмен суретке түсіп, селфи жасап жеке парақшаға жариялап, «лайк» жинаумен әуре болғанша – фотоальбомға клеймен жабыстырып, немесе қабырғаға іліп қойған абзалырақ.
Адам — жақындары, дос-жарандары, туған-туыстарымен телефонмен хабар алмасуы арқылы тек өзіне ғана емес, сол танысына да қауіп тигізетінін есте сақтасын. Қолмен ұстап, йісін сезбейтін «ғалам» ешқашан кереметтей, ғажабы мен қуанышы мол әлемге «тор» бола алмайды. Ендеше, бәріміз бірге атсалысайық.
Мадина Реброва
Екінші әйел алуға қарсы емессіз бе?
Сұрақ менен, жауап сіздерден! Ал кеттік.
Екінші әйел, яғни тоқал алуға қалай қарайсыз? Қарсы емессіз бе? Ал қыздар қауымы тоқал болуға қаншалықты дайынсыздар?
Әрі қарай
Екінші әйел, яғни тоқал алуға қалай қарайсыз? Қарсы емессіз бе? Ал қыздар қауымы тоқал болуға қаншалықты дайынсыздар?
Қандай үлгіде киінген жігіт бірден көзіңізге түседі?
Қыздарға арналған сауалнама. Қыздар, қалыспай дауыс беріп тастаңыздаршы. Классикалықты білесіздер, спорттықты да. Қысқаша түсінік бере кетейін. Сasual стилі — күнделікті қарапайым киіну. Мысалы жемпір мен джинсы киіп, аяғына мокаси киюі мүмкін.
Әрі қарай
Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!
"Әйел баласы көлікті дұрыс айдай алмайды," деп жатады ерлер қауымы. Тіпті, «көлік тізгініндегі әйел — граната ұстаған маймыл» екенін айтып, өзара қарқылдасып алады. Иә, иә, сіз де дәл қазір бас шұлғып оқып отырсыз.
Демек, әйелдер тірлікке ғана емес, автоға да өте ұқыпты қарайды. Анда-санда жол үстінде «бұзық боп қойған» қыздың қылығын өмір бақи ұмытпай, барлық қыздың бетіне салық қылады да жүретіні несі екен осы жігіттердің? Ал, еркектердің трассадағы «оқалақтығы» назарға да ілінбейді…
Рөлде боянады дейсіз бе? Қыздар рөлге отырған былай тұрсын, жаяу жүріп келе жатып бояна алмайды. Өйткені, бетке сурет салу үшін тоқтау керек, артық қимыл болмау керек . Ал, бағдаршамға не тығынға тоқтағанда ерін бояй салғанды есепке алмаса да болады. Өйткені, көлік тоқтап тұр — ешкімге зиян келмейді
Биыл маусым айында ғана қызмет көрсетуге кіріскен Шымкенттегі «Айсұлу» таксопаркінде 11 көлік бар. Жұмысқа алынған 11 бикештің еңбек өтілі 4-5 жылдан кем емес. Әрине ер-азаматтар сенімсіздік танытып, ол сұлулардың қызметіне жүгінуге қорқатын болар, сондықтан көбіне «Айсұлу» таксиге тапсырыс жасы үлкен кісілерден түсетін көрінеді.
Оны айтасыз, ендігісі 68 жасқа келген оралдық Оразхан апаның өзі аталған стереотипіңіздің қирауына үлес қосқан жоқ па?
Зейнетке шығып, үйде отырған әжелерге кеңес беріп өткенім ұят бола ма деп отырмын.
Таксидің қызметіне көп жүгінетін әйел баласы үшін нәзік жан жүргізетін темір тұлпарға отырған анағұрлым сенімді. Бұл қызмет шетелде ертеректен етек жайған. Мысалы, Ресейдің Қазан қаласында әйелдерге арналған мұсылмандық такси бар екен. Жүргізушілері, сәйкесінше — әйелдер. Олар клиенттерін бір межеден екінші межеге жеткізіп қана қоймай, жол үстінде босанып қалған әйелдерге алғашқы көмегін көрсете біледі екен
Ал, Мумбайда (Үндістан) әйел-таксист әдеттегі жүргізушілерден 15 пайызға қымбат ақы алады екен.
Гомельде (Беларусь) әйел жүргізушілердің міндеті — көлігіне мінген адамдарға жанын тыныштандыратын атмосфера құру-мыс. Сондықтан көліктерінде үнемі релакс-бағдарламалар, релакс-музыкалар қосылып тұрады екен.
Өзім әлі машина айдай алмайтындықтан, постымды көлік жүргізетін қыздардың сөзімен аяқтағым келеді
Әсел:
Әйгерім:
Дереккөздер: mojazarplata.kz, otyrar.kz, drive2.ru, ru.wikipedia.org, dvdt.kz
Әрі қарай
Ха!
Осы неге екенін қайдам, көшеде жол ережесі бұзылып жатса, «рөлде „точно“ әйел отыр» деп, көріпкелдігіне салып жатады көп кісілер. Әлбетте, сол көліктің жанына барып, болжамының рас-өтірігіне көз жеткізеді. Көкелерім-ау, машина айдаған қыз-қырқынды сырттай сыбай бергенше, алғаш рөлге отырған әйелдің қандай пайда әкелгенін біліп алмайсыздар ма?Көлік рөліне отырған бірінші әйелдің пайдасы
Қазіргі талайдың махаббатына айналған, «сән-салтанаттың белгісі — Мерседес Бенц» көлігін ойлап тапқан Карл Бенцтің әйелі Берта Бенц (жаңылпаш боп кетті ғой ) — алғаш рет бензинмен жүретін көлікті жүргізген әйел. Ол күйеуіне айтпастан екі ұлын қасына ертіп, көрші ауылға үш дөңгелекті машинамен кетіп қалады. Жолда көлік өшіп қалады, бұзылады. Сол кезде Бертаның шаш қыстырғышы бітеліп қалған жанармай құбырын тазартуға пайдаланылса, шұлығының резіңкесін оталдыруда қолданады. Пәлі, әйелдің мотор-потордан хабары бар боп тұр ғой Әрине, сырттан көмек те көрсетіледі. Сонда Карл Бенцке Берта «беріліс қорабын» (коробка передач) орнату туралы кеңес берген екен.Әйелдер жол ережесін сирек бұзады
Рас, қазір жүргізуші әйелдер көбейіп кетті. Әкімшілік полиция Басқармасының статистикасына сүйенсек, Астанада әр бесінші көлікті әйелдер жүргізеді екен. Жол ережесін бұзған 30 көлік тоқтатылса, оның ішіндегі бір жүргізуші ғана әйел жынысты болып шығатын көрінеді. Бұл — Жол Патрульдік Полициясының мәлімдемесі.Демек, әйелдер тірлікке ғана емес, автоға да өте ұқыпты қарайды. Анда-санда жол үстінде «бұзық боп қойған» қыздың қылығын өмір бақи ұмытпай, барлық қыздың бетіне салық қылады да жүретіні несі екен осы жігіттердің? Ал, еркектердің трассадағы «оқалақтығы» назарға да ілінбейді…
Рөлде боянады дейсіз бе? Қыздар рөлге отырған былай тұрсын, жаяу жүріп келе жатып бояна алмайды. Өйткені, бетке сурет салу үшін тоқтау керек, артық қимыл болмау керек . Ал, бағдаршамға не тығынға тоқтағанда ерін бояй салғанды есепке алмаса да болады. Өйткені, көлік тоқтап тұр — ешкімге зиян келмейді
Кілең әйел жынысты жүргізушіден тұратын таксопарк
"Әйелдер көлік жүргізе білмейді" деген стереотип шытынап, тіпті, қирап бітті-ау. Өйткені, кілең әйел жүргізушіден тұратын таксопарк Қазақстанда да көбейіп келеді. Алматыда 2 жыл жұмыс істеп, жабылған «Леди» таксопаркін есепке алмасақ, Қарағанды мен Шымкентте «күлгін көлікті такси» қызмет көрсетеді.Биыл маусым айында ғана қызмет көрсетуге кіріскен Шымкенттегі «Айсұлу» таксопаркінде 11 көлік бар. Жұмысқа алынған 11 бикештің еңбек өтілі 4-5 жылдан кем емес. Әрине ер-азаматтар сенімсіздік танытып, ол сұлулардың қызметіне жүгінуге қорқатын болар, сондықтан көбіне «Айсұлу» таксиге тапсырыс жасы үлкен кісілерден түсетін көрінеді.
Оны айтасыз, ендігісі 68 жасқа келген оралдық Оразхан апаның өзі аталған стереотипіңіздің қирауына үлес қосқан жоқ па?
Зейнетке шығып, үйде отырған әжелерге кеңес беріп өткенім ұят бола ма деп отырмын.
Такси ұсынатын жаңа қызмет — "әйел жүргізуші"
Тіпті, «шопыр әйелге» деген сұраныс күн өткен сайын артып келе жатқан сияқты. Өйткені, жәй ғана таксилер ұсынатын тағы бір қызмет пайда болды: "әйел жүргізуші". Әйел жүргізуші барлық таксиде бар деп айта алмаймын, сирек кездеседі. Интернетті ақтарып отырып, Астана қаласы бойынша таксиді тізгіндеген 7-8 бикешті ғана таптым. Сұраныс болмаса, бұл қызмет пайда болмас едіТаксидің қызметіне көп жүгінетін әйел баласы үшін нәзік жан жүргізетін темір тұлпарға отырған анағұрлым сенімді. Бұл қызмет шетелде ертеректен етек жайған. Мысалы, Ресейдің Қазан қаласында әйелдерге арналған мұсылмандық такси бар екен. Жүргізушілері, сәйкесінше — әйелдер. Олар клиенттерін бір межеден екінші межеге жеткізіп қана қоймай, жол үстінде босанып қалған әйелдерге алғашқы көмегін көрсете біледі екен
Ал, Мумбайда (Үндістан) әйел-таксист әдеттегі жүргізушілерден 15 пайызға қымбат ақы алады екен.
Гомельде (Беларусь) әйел жүргізушілердің міндеті — көлігіне мінген адамдарға жанын тыныштандыратын атмосфера құру-мыс. Сондықтан көліктерінде үнемі релакс-бағдарламалар, релакс-музыкалар қосылып тұрады екен.
Өзім әлі машина айдай алмайтындықтан, постымды көлік жүргізетін қыздардың сөзімен аяқтағым келеді
Әсел:
— Мен көлік жүргізіп отырып боянбаймын. Тіпті, күнделікті өмірдің өзінде боянғанды ұната бермеймін, айтулы іс-шара болмаса. Көбіне машинамды қара көзілдірігімді киіп алып жүргіземін
"Қыздар көлік жүргізе алмайды" деген стереотиппен келіспеймін. Сол келіспегендігімнің әсерінен, темір тұлпарға деген махаббатымның мықтылығынан рөлге еш қорықпай отырдым.
Әйгерім:
— Рөлде отырып боянбаймын. Егер көлік тығынында тұрсам, боянуым мүмкін. Соғұрлым уақыт бос өтеді ғой.
Қыздар көлікті жүргізгенде қандай, тіпті, жігіттердің өзінен артық жақсы жүргізеді. Айдауды енді үйреніп жүрген болар деп ойлаймын, ара-тұра ереже бұзатын қыздар кездесіп жатады. Үйренеді ғой.
Дереккөздер: mojazarplata.kz, otyrar.kz, drive2.ru, ru.wikipedia.org, dvdt.kz
Үйленуге тұрарлық жігітте болуы міндетті үш нәрсе
Соңғы кезде қыздарға арналған сайттармен блоқтарда осындай сұрақтармен жиі кездесетін болдық.
Жауабын мен-ақ берейін. Үйленуге тұрарлық жігітте болуы міндетті үш нәрсе; 2 тас пен 1 қотақ.
Ресми кезегі мынандай: (Оң тасы)(Қотақ)(Сол тасы)
Керекті назарды жинап алған шығармын, иә?
Айтайын дегенім негізі не ғо… Жаңадан шыққан бір чайканың түрі бар жігіттер. Маса сияқты шам жарқ ете түссе, тығылып қалатын, өзінше ақылды зайыптар. Инстаграмда жиі кездесе аласыңдар. Мен инста-жәлеп деп атадым оларды. Қып-қызыл жіп дамбалды көттін ортасына тырыстырып алып, суретке түсетін. Күніне бір мемлекетте бәсейіннің шетінде «емшек селфи» жасайтын.
«Оларда не шаруаң бар, саған не көрінді?» демей жалғасын оқындар, нақ.
Байқасам, әлі омырауы көктемеген жап-жас қыздар солардын суреттегі жалған өмірлеріне қызығып, ақыры солар сияқты виртуалды жәлептерге айналып жатыр.
Менін соларға көптен жинап келе жатқан бір ауыз сөзім бар.
Махабатты тақырыпта жазғандай рецептпен іздеп жүре беріндер, не табар екенсіндер?!
Ақша, әдеміліқ, аспанға жеткен эго іздендер. Көрелік, аяғында қандай керемет жігітпен бір төсекте оянады екенсіндер?!
Осы ғасырда жігіттер, адамзат жаратылғаң кезден бастап келе жатқан арзан алаяқтықтарға сенбейді. «Бала сияқты алдап жіберем, емшеқтін ұшімен, сыртқа шығып тұрған танго түрсимен басын айналдырып, машинасын, үйін қағып алам» деп ойланатын кезеі өтті, жандарым! Сол жігіттер тангоңды жыртып барлық мағынасында итеріп жібергенде ғана жетеді миларыңа. Осы кино мың рет ойнап өтті, бірақ түк кірмейді бос қауақтарыңа. Ақымақ болғаның пайдақор жігітке жақсы емес па?
Өз еңбегімен тырысып ақшасын және намысын ұстап жүрген қара қөз қыздардың бедірек құлы мен болайын.
Сен!
Барлық таза сезімді метаға айналдырып жіберген модерн заман жезөкшесі!
Саған айтамын, надан, рухсыз, көтін жігіттерге тіреп алған чайка! Сол сенсің, ақ жүректі қазақ қызының абыройын түсіретін. Махаббат деген осы өмірдегі ең таза, ең пәқ сезімді ақшаға немесе түкке тұрмайтын жалған болашақ армандарың үшін сатасың. Сол оймен төсекте өтірік шынғырып берген жігітіңді қандыра алам деймісің? Ол жігіт өтіріқ қатынастан не рақат көреді дейсің? Мен айтайын, қолымен сыйпаған одан бес есе артық.
Өз жаныңның құмарын қандыратын бассейіні бар үй саған бақыт сыйламайды. Арам оймен берген жігітің мен жалған махаббатың да ұзакка созылмайды. Жасанды сезімді байқаған сәтте жігіт шаршап, көтіңнен бір теуіп жібереді…
уфф ішімді босатып рақаттанып қалдым шщс…
ПЫСЫ: түзетуге көмектескен гастаға үлкен рахмет )
Көрінбей кеттің сен неге?
Уақыт өтеді, бір толқынның орнын келесісі басады. Блоггинг те солай. Бұрын белсенді жазып жүрген кей блогшының жазбасын қазір таппайсың. Оның ішінде блогосферадан жоғалып кету жігіттерден гөрі қыздарға көбірек тән сияқты. Себептері де түсінікті: жанұялық өмір, уақыт тапшылығы, қызығушылықтың азаюы т.б. кете береді. Тіпті өзімнің де блогыма тек блогиада басталғалы жан кіре бастағаны өтірік емес. Дегенмен сырттарынан бал ашпай, бұл туралы «ғайып болған» қыздардың өздерінен сұрауды жөн көрдім. Олардың бірқатарынан «Блог жүргізбей кету себебі неде?» «Блог жүргізуді жалғастырмақ ойы бар ма?» деген сияқты сауалдарға жауап алдым.
Астаналық Айжан Сапарова (Aizhantabyn ) бір кезде WordPress-те қыздардың сырласу орнына айналған «Қыздар әлемі» атты блогтан бастап, кейін осы Керекинфо блогтұғырында ақ қонжығының сапалы фотоларымен, әдемі ақ өлеңдерімен әйгілі болды. Содан соң Массагет порталында күні кешеге дейін түрлі тақырыптағы жазбаларымен бөлісіп келген сұлу кенет ұшты-күйлі жоқ болып кетті, тіпті Фейсбуктен де таппай қалдым. Астанада өткен «Блогкемп-2012» шарасын үйлестірушілерінің бірін Инстаграмда «тығылып» жүрген жерінен ұстап алдым
«Блог жазбай кетуімнің басты себебі — уақыттың тапшылығы, оған қоса еріншектігім де бар. Алдағы жоспарда блог жүргізуді жалғастыру ойымда бар, алдымен өміріме біраз өзгерістер енгізіп алайын. Фотоблог форматында «аспаздық» тақырыбында жазғым келеді. Анығы – сапалы мәзір және сапалы сурет.»
Германияда қызмет бабымен тұрақтап қалған аруымыз Сымбат Айжарық (Simona ) WordPress блогтұғырында сол жақтан күнделік жүргізіп, арасында қыздарға келбет пен сымбат сырлары туралы жазбаларын арнап қоятын. Керекинфодағы пікірталастарға қатысып тұратын, енді қарасам блогы соңғы рет 2013 жылдың желтоқсанында жаңарыпты. Дегенмен Simona Фейсбук парақшасында әлі де неміс халқының өмір салтындағы өзгешеліктер туралы бөлісіп тұрады.
«Блог жүргізуге уақыт жоқ, әрі Муза апай шаршап калған Оның үстіне жалпы қазақ қоғамында өмір сүрмеген соң, оқырман қауым рухани немен қоректенетінін анық білмеймін. Қазнеттен алыстап кеттім. Негізі блоггер тұрмақ, колумнист боп кеткім бар. Қызықтыратын тақырып: «Қоғамға 40 жерден тыйым».
Бір кездегі «Балғырған» және "Қолөнер" блогтарының иесі Салтанат Мұратбекованы (Balgyrgan) қазіргі жастар біле бермес. Алматы қаласында өткен ең алғашқы, ең ыстық блогкемптің басы-қасында жүрген белсенді қызды қазір әлеуметтік желілерден де табу қиын. Әйтсе де Инстаграмға баласының суреттерін салып тұрады екен. Салтаның жауабы қысқа да нұсқа болды:
«Блогты қойған себебім — тұрмыс құрдым, ал ол жақта көп уақыт жоқ. Жоспарым — көп бала табу »
Астаналық Виктория Әлжанова (Karakyz ) да күнделігін WordPress блогтұғырында бастап, кейін Керекинфода сирек те болса өте-мөте құнды ақпаратпен бөлісіп отыратын. Соңғы «АҚШ құқық мектептеріне магистратураға оқуға түсу» атты жазбасы талай үміткерге көмек болғаны анық. Сол постты жаза сала АҚШ-қа оқуға кетіп қалған «Қарақызымыз» (негізі әппақ) қуанышымызға орай араға бір жыл салып қатарымызға қосылды.
«Блог жүргізбеу себебім ретінде бірінші келген ой «уақыт» болған еді. Бірақ, ниет болса, уақыт табуға болатыны еске түсті. Ең басты себеп — шабыттың, стимулдың, мотивацияның жоқтығы. Бұрын блог жүргізіп бастап келе жатқан кезде (2007 жыл) қазақша контент өте аз еді, сол қазақша контентті көбейту мақсаты итермеледі, күшті мотивация болды. Қазір жағдай өзгерген, кез-келген қазақша жазба «фурор» тудыратын заманы өткен. Белгілі бір мақсат, мотивация болмаса, стихиялық түрде блог жүргізгім келмейді.
Блог жүргізуді жалғастыру жоспарда бар. Енді соны құнттау керек Тақырыпты өзім өмірде не қызықтырады, сол бойынша таңдаймын. Мысалы, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, спорт. Себебі дәл қазір мен үшін өзекті тақырып — денсаулық.»
Сонау көне Керекинфодан келе жатқан атыраулық сұлуымыз Анар Қартқожақова (Gulistan ) жаңа Керекинфода гүл өсіру сырларымен бөлісіп, шетелдік сапарлары туралы фоторепке қарық қылып қоятын. Ал қазір тұрмыста, оны тек Фейсбук пен Агенттен табасыз.
«Блог жүргізбей кеткен себебім – бірінші кезекте ортаның өзгеруі. Жаңа толқын жаңа бағдарлама, мақсат, бағдармен келеді де, әдетте оның алдыңғысы көп сұранысқа ие болмай қалады. «Оқырманы жоқ блог жетім» осы жерге дөп айтылғандай. Блог жүргізуді жалғастыру жайында ойлар бар, бірақ нақты жоспар жоқ. Тақырып бір бағытта болғанын қалар едім. Гүлдер тақырыбын ауқымын кеңейтіп жазуға болады. Басындағыдай емес, қазір сұраныс форматы өзгеріп келеді. Сосын халықтық педагогика қызықтырады.»
Қатарымызға кейінірек қосылса да Керекинфоның жұлдызына айналып үлгерген Маржан Тулеева (madlen ) Алматы қаласында өтетін шаралар афишасын тиянақты түрде жазып тұратын. Талай кемптің ұйытқысы болып жүрген, Астанада өткен «Блогкемп-2012»-ге алматылықтарды ұйымдастырып, «жинап» әкелген Моржығымыз кейін тұрмысқа шықты да, блогты тастады. Ой, жоқ, басқа да себептері бар екен
«Блог жүргізуді бастамай жатып тоқтатып қойдым. Маған блогтан гөрі сол блогтың авторы қызық. Реалдағы қарым-қатынас маңыздырақ. Керекинфодан өзіме достар тапқанда жазуды қоя салдым.
Дегенмен блог жүргізуді жалғастырғым келеді. Бірақ ол үшін ойды жинақтау керек. Жазған затына жауапкершілікпен қарайтын блогерлер аз. Не жазсам да өзім білем дейтіндердің қатарына косылғым келмейді. Соны білмегендіктен жалғастыра алмай жүрмін. Алматы мен басқа қалалардағы сервис туралы жазғым келеді. Оған көп ізденушілік, креатив және уақыт керек. Жауапкершілікпен қарау керек. Қазір ондай жағдай жоқ »
Дегенмен, қарап отырсақ, үміт жоқ емес сияқты. Қыздардың дені блог жүргізуді жалғастыруға ниетті екен. Әсіресе тақырыптық блог жүргізгілері келетіндігі ерекше көңіл қуантады — салалық блогтар Қазнетте әлі де аз ғой.
Қыздар, блогтарыңды жаңартыңдаршы! Сағыныппын...
Суреттер қыздардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алынды.
Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Астананың қысы ұзақ болғанымен, күнтізбе бойынша келіп жеткен көктемді көңілді етудің бірнеше жолы бар. Сүйгеніңіз тастап, махаббатыңыз қарамай қойса да мен айтқан әдісті орындаңыз, сонда өміріңіз шаттыққа толы болады. Ал, кеттік!
Әрі қарай
1) «Алау»
Ерні пю қыздар (ән)
1. Көп дубльмен алдың
Суретіңді сәтті.
Ғаламторға салдың
Шақыр деп махаббатты.
Келтіресің күлкімді
Елітпексің кімді сен?
Табиғи емес біртүрлі
Сенің бір мүшең.
Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
2. Ақылсыз қыздарды
«Тауық» дейді халық.
Бірақ олай сіздерді
Атамаймын анық.
Ақылдысыздар сіздер,
Ондай қыз сирек.
Мен білсем сендердің
Атауың — үйрек.
Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
.
.
.
3.Айнашыл қыздарға
уақытымды арнадым,
Себебін білмекке
гуглды шарладым.
Кататондық іркіліс
симптомын көрдім
Ауруға мен енді
күлмейтін болдым.
Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
4. Жай фон жарамайды,
Бермейді сымбат.
Ал айфон жарайды
Өзіңнен қымбат.
Физилогия дакфейс,
Дұрыс емес мұнша:
Мұрныңнан озып,
Ерінің тұрса.
Қ/сы:
Қыздар «пю» ерін,
Қыздар «пю» ерін,
Мамамыз сұраған
Дені сау келін.
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Сондықтан сендерді
Никак не люблю.
Әрі қарай
Суретіңді сәтті.
Ғаламторға салдың
Шақыр деп махаббатты.
Келтіресің күлкімді
Елітпексің кімді сен?
Табиғи емес біртүрлі
Сенің бір мүшең.
Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
2. Ақылсыз қыздарды
«Тауық» дейді халық.
Бірақ олай сіздерді
Атамаймын анық.
Ақылдысыздар сіздер,
Ондай қыз сирек.
Мен білсем сендердің
Атауың — үйрек.
Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
.
.
.
3.Айнашыл қыздарға
уақытымды арнадым,
Себебін білмекке
гуглды шарладым.
Кататондық іркіліс
симптомын көрдім
Ауруға мен енді
күлмейтін болдым.
Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
4. Жай фон жарамайды,
Бермейді сымбат.
Ал айфон жарайды
Өзіңнен қымбат.
Физилогия дакфейс,
Дұрыс емес мұнша:
Мұрныңнан озып,
Ерінің тұрса.
Қ/сы:
Қыздар «пю» ерін,
Қыздар «пю» ерін,
Мамамыз сұраған
Дені сау келін.
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Сондықтан сендерді
Никак не люблю.
Жайдарманнан аздаған есеп
Бейсенбінің кешінде астаналық керекшілер Домбыра Патиге асықса, мен Конгресс Холлға қарай беттедім. «Жайдарманнан» бөлек, онда баруға тұрарлық себеп болған. (Ол — оқырмандар үшін маңызды емес).
Қазақпыз ғой, 19:00-де басталады деген Жайдарман жарты сағаттай кешікті. Ұйымдастырушыларды түсінуге болады. Түсірім болғасын залдың толып отырғаны керек. Көрермен жастардың жайбарақаттығына қынжылдым. Орнымызға жайғасып алған соң, әзіл-қалжың басталып кетті.
— Бұрын Шымкент қазақша квн-нің отаны еді. «Сөз тимесін», «Көз тимесін» және т.б. командалар болатын. Кейінірек сол жақтың жайдарманшыларының әзіліне жарытып күліп көрмеппін. Есесіне кешегі Астана қаласы әкімінің кубогына келгендердің арасынан шымкенттіктер суырылып шықты. Атап айтатын болсам, Қуатжанның кафеге барған сәті кубокті Оңтүстіктің қолына ұстатты. Очм, Қуатжан — кешегі күннің «жұлдызы».
Әрі қарай
Қазақпыз ғой, 19:00-де басталады деген Жайдарман жарты сағаттай кешікті. Ұйымдастырушыларды түсінуге болады. Түсірім болғасын залдың толып отырғаны керек. Көрермен жастардың жайбарақаттығына қынжылдым. Орнымызға жайғасып алған соң, әзіл-қалжың басталып кетті.
Ұнады
— Бұрын Шымкент қазақша квн-нің отаны еді. «Сөз тимесін», «Көз тимесін» және т.б. командалар болатын. Кейінірек сол жақтың жайдарманшыларының әзіліне жарытып күліп көрмеппін. Есесіне кешегі Астана қаласы әкімінің кубогына келгендердің арасынан шымкенттіктер суырылып шықты. Атап айтатын болсам, Қуатжанның кафеге барған сәті кубокті Оңтүстіктің қолына ұстатты. Очм, Қуатжан — кешегі күннің «жұлдызы».
Әйелдер тұрақсыз
La donna è mobile. Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсындағы Мантуан герцогінің ариясы. «Әйелдер тұрақсыз», — дейді герцог. «Әрдайым ізетті, әдемі бола тұра, олардың ойы мен дауысы құбылып шыға келеді. Күлгені де, жылағаны да өтірік. Оларға сенген еркек бақытсыз». Шамамен осылай аударуға болады.
Әрі қарай
Мерекелеріңмен "біздің" қыздар!(видео)
Көктем келді. Көктеммен бірге мерекелер де келді. ертең біраз жігіттер өз сүйіктілеріне гүл сыйлайды. Себебі, гүл әдемілік символы. Гүлдің әдемі екенін біз қыздың әдемілігі арқылы сезіндік. «Біздің» қыздарды шын жүректен құттықтаймын. арзан сыйлығымды қымбатқа балаңыздар!
Әрі қарай
Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog
Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.
(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).
Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Әрі қарай
(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).
Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Сұхбат кезегі...
Сауалнаманы Керекинфоның көрікті де, сұлу, ақылды қызы бастаған соң одан әрі сондай көркіне ақылы сай қыздармен жалғастыруды жөн көрдім.Қыздың жолы жіңішке дегендей, жігіттер жағы ренжи қоймас. Бұл сұхбат менікіне қарағанда өте қызықты шықты деп ойлаймын. Сонымен кезек ademi_alem атымен жүретін Зарина Долатайға берілді.
Әрі қарай