Жайдарманнан аздаған есеп

Бейсенбінің кешінде астаналық керекшілер Домбыра Патиге асықса, мен Конгресс Холлға қарай беттедім. «Жайдарманнан» бөлек, онда баруға тұрарлық себеп болған. (Ол — оқырмандар үшін маңызды емес).

Қазақпыз ғой, 19:00-де басталады деген Жайдарман жарты сағаттай кешікті. Ұйымдастырушыларды түсінуге болады. Түсірім болғасын залдың толып отырғаны керек. Көрермен жастардың жайбарақаттығына қынжылдым. Орнымызға жайғасып алған соң, әзіл-қалжың басталып кетті.

Ұнады


— Бұрын Шымкент қазақша квн-нің отаны еді. «Сөз тимесін», «Көз тимесін» және т.б. командалар болатын. Кейінірек сол жақтың жайдарманшыларының әзіліне жарытып күліп көрмеппін. Есесіне кешегі Астана қаласы әкімінің кубогына келгендердің арасынан шымкенттіктер суырылып шықты. Атап айтатын болсам, Қуатжанның кафеге барған сәті кубокті Оңтүстіктің қолына ұстатты. Очм, Қуатжан — кешегі күннің «жұлдызы».

Блог - konvict: Жайдарманнан аздаған есеп
Сурет Мерейдің инстаграмынан алынды.

— Екінші орын алған Ақтөбеге «базар жоқ» дедім. Әзілдері өтімді. Әсіресе, «Стадионы бар Астанаға, футболы бар Ақтөбеден сәлем» дегені сәтті шықты. Жалпы ақтөбеліктердің жақсы дайындықпен келгені көрініп тұрды.

— Евразия университетінің студенттері де жақсы ойын көрсетті. Ортада тұрып ән айтқан қыз… ням-ням «Айдап кетуге қарсы бла-бла» деген жарнаманы көрсеткенде күлкіден жаттым. Орысша жарнамалардың қателігі туралысы да өтімді болды деп ойламын. Дегенмен, әлгі «айдап кетуге» күлгендер аз болған сыңайлы. Соған қарағанда әлі де көпшілікке бет-аузын қисайтқан әзілдер ұнайтын секілді.

— Аздап боян болса да, Сейфуллин атындағы аграрлық университеті айтқан "- Ракетаның қарны жарылған күн. -Әзіліңнен гептилдің иісі шығып тұр" дегені хошыма кетті.

— «Күлкі терапиясы»! Осы команданың әзілін сүйсіне қараймын. Дегенмен, кеше аздап дайындық жетіспеген сыңайлы.

— Иманғали Тасмағанбетовтың балалық шағы мен қазіргі кезінің жолыққаны туралы әзіл. Қай команда ойнағаны есімде емес. Жалпы арзан әзілден гөрі, Жайдарманда осындай тапқырлық көп болса екен.

Ұнамады


— Ерлан Малаев!!! Бәрі жақсы басталған. Көрермендер үшін де, әнші үшін де. Алайда сахнаған ән айтуға шыққан Ерлан фонограмма пайдаланғаны былай тұрсын, онысын сездіріп алды. Қазақстандық әншілерді бұрыннан жақтырмаушы едім. Оным дұрыс екеніне көзім тағы бір мәрте жетті. Айналдырған бір залға бір әнді өз даусымен айтып бере алмаса, несіне әнші?!

Блог - konvict: Жайдарманнан аздаған есеп

— Дос. Осындай әнші бар екен және кеше келіп жюрилер қатарында отырып, қосымша ән айтып беріп кетті. Іштеріңіз сезіп отырған шығар, плюсовкамен айтты.

— Менің фаворитім «Демеушіміз Болашақ»-тың болмағаны. Нұрболхан «тәпәқ» жаттап жүр ме, кім білсін?
Бөлісу:

18 пікір

zholantai
«Жайдарманнан» бөлек, онда баруға тұрарлық себеп болған
толығырақ,
aikarakoz
Қуатжанның дауысы керемет екен, ән айтқанына сындым
Дос атты әншінің "Қуатжан, саған жоғарылау керек, жоғары деңгейдегі театрларға кету керек" дегеніне жыным кеп қалды. Ол Жайдарманды менсінбейтін сияқты маааа деп қоямү
asaubota
квнщиктерден маған тек Нұрмаханның ән айтқаны ұнайды
kokbori
Дәл солай, Базар жоқты аспандап кетті деп ойлайды-ау деймін)
asaubota
Ақтөбеден қай команда шықты?
AKY
Ақтөбе ұнады маған, негізі 1-орынға лайық еді.
Чымкент не ол, жас баланың әзілін айтып, Шымкент-шоу қойып кетті.
Daniar-Alan
Чымкент не ол
но ноо. Жеңілгеннің сөзі құрсын
omarbirat
Ұнады:
Жақсы, жинақы талдау. Бәрі орын-орнымен, рет-ретімен
Ұнамады:
Неге cut қоймағансың, досҒүӘ?
Abilakim
Сонда Омекең бүй деді
konvict
Қойдым, ұмытып кеткенмін ғой ))
zztop
мына мақаланы басқа әлеуметтік желілермен бөлісе алмай отырмын…
Соңғы түзету:
asaubota
түзетемін. қазір тек сілтемесін қолмен алып бөліссеңіз болады.
kan
Назар аудардың жанкүйерімін ғой
Edu
Сағыз да болды ма? Жалпы солардың фишкасын түсіне алмадым.