Көрінбей кеттің сен неге?

ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?
Уақыт өтеді, бір толқынның орнын келесісі басады. Блоггинг те солай. Бұрын белсенді жазып жүрген кей блогшының жазбасын қазір таппайсың. Оның ішінде блогосферадан жоғалып кету жігіттерден гөрі қыздарға көбірек тән сияқты. Себептері де түсінікті: жанұялық өмір, уақыт тапшылығы, қызығушылықтың азаюы т.б. кете береді. Тіпті өзімнің де блогыма тек блогиада басталғалы жан кіре бастағаны өтірік емес. Дегенмен сырттарынан бал ашпай, бұл туралы «ғайып болған» қыздардың өздерінен сұрауды жөн көрдім. Олардың бірқатарынан «Блог жүргізбей кету себебі неде?» «Блог жүргізуді жалғастырмақ ойы бар ма?» деген сияқты сауалдарға жауап алдым.



ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Астаналық Айжан Сапарова (Aizhantabyn ) бір кезде WordPress-те қыздардың сырласу орнына айналған «Қыздар әлемі» атты блогтан бастап, кейін осы Керекинфо блогтұғырында ақ қонжығының сапалы фотоларымен, әдемі ақ өлеңдерімен әйгілі болды. Содан соң Массагет порталында күні кешеге дейін түрлі тақырыптағы жазбаларымен бөлісіп келген сұлу кенет ұшты-күйлі жоқ болып кетті, тіпті Фейсбуктен де таппай қалдым. Астанада өткен «Блогкемп-2012» шарасын үйлестірушілерінің бірін Инстаграмда «тығылып» жүрген жерінен ұстап алдым

«Блог жазбай кетуімнің басты себебі — уақыттың тапшылығы, оған қоса еріншектігім де бар. Алдағы жоспарда блог жүргізуді жалғастыру ойымда бар, алдымен өміріме біраз өзгерістер енгізіп алайын. Фотоблог форматында «аспаздық» тақырыбында жазғым келеді. Анығы – сапалы мәзір және сапалы сурет.»


ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Германияда қызмет бабымен тұрақтап қалған аруымыз Сымбат Айжарық (Simona ) WordPress блогтұғырында сол жақтан күнделік жүргізіп, арасында қыздарға келбет пен сымбат сырлары туралы жазбаларын арнап қоятын. Керекинфодағы пікірталастарға қатысып тұратын, енді қарасам блогы соңғы рет 2013 жылдың желтоқсанында жаңарыпты. Дегенмен Simona Фейсбук парақшасында әлі де неміс халқының өмір салтындағы өзгешеліктер туралы бөлісіп тұрады.

«Блог жүргізуге уақыт жоқ, әрі Муза апай шаршап калған  Оның үстіне жалпы қазақ қоғамында өмір сүрмеген соң, оқырман қауым рухани немен қоректенетінін анық білмеймін. Қазнеттен алыстап кеттім. Негізі блоггер тұрмақ, колумнист боп кеткім бар. Қызықтыратын тақырып: «Қоғамға 40 жерден тыйым».


ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?
Бір кездегі «Балғырған» және "Қолөнер" блогтарының иесі Салтанат Мұратбекованы (Balgyrgan) қазіргі жастар біле бермес. Алматы қаласында өткен ең алғашқы, ең ыстық блогкемптің басы-қасында жүрген белсенді қызды қазір әлеуметтік желілерден де табу қиын. Әйтсе де Инстаграмға баласының суреттерін салып тұрады екен. Салтаның жауабы қысқа да нұсқа болды:

«Блогты қойған себебім — тұрмыс құрдым, ал ол жақта көп уақыт жоқ. Жоспарым — көп бала табу »




ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Астаналық Виктория Әлжанова (Karakyz ) да күнделігін WordPress блогтұғырында бастап, кейін Керекинфода сирек те болса өте-мөте құнды ақпаратпен бөлісіп отыратын. Соңғы «АҚШ құқық мектептеріне магистратураға оқуға түсу» атты жазбасы талай үміткерге көмек болғаны анық. Сол постты жаза сала АҚШ-қа оқуға кетіп қалған «Қарақызымыз» (негізі әппақ) қуанышымызға орай араға бір жыл салып қатарымызға қосылды.

«Блог жүргізбеу себебім ретінде бірінші келген ой «уақыт» болған еді. Бірақ, ниет болса, уақыт табуға болатыны еске түсті. Ең басты себеп — шабыттың, стимулдың, мотивацияның жоқтығы. Бұрын блог жүргізіп бастап келе жатқан кезде (2007 жыл) қазақша контент өте аз еді, сол қазақша контентті көбейту мақсаты итермеледі, күшті мотивация болды. Қазір жағдай өзгерген, кез-келген қазақша жазба «фурор» тудыратын заманы өткен. Белгілі бір мақсат, мотивация болмаса, стихиялық түрде блог жүргізгім келмейді.
Блог жүргізуді жалғастыру жоспарда бар. Енді соны құнттау керек Тақырыпты өзім өмірде не қызықтырады, сол бойынша таңдаймын. Мысалы, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, спорт. Себебі дәл қазір мен үшін өзекті тақырып — денсаулық.»




ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Сонау көне Керекинфодан келе жатқан атыраулық сұлуымыз Анар Қартқожақова (Gulistan ) жаңа Керекинфода гүл өсіру сырларымен бөлісіп, шетелдік сапарлары туралы фоторепке қарық қылып қоятын. Ал қазір тұрмыста, оны тек Фейсбук пен Агенттен табасыз.

«Блог жүргізбей кеткен себебім – бірінші кезекте ортаның өзгеруі. Жаңа толқын жаңа бағдарлама, мақсат, бағдармен келеді де, әдетте оның алдыңғысы көп сұранысқа ие болмай қалады. «Оқырманы жоқ блог жетім» осы жерге дөп айтылғандай. Блог жүргізуді жалғастыру жайында ойлар бар, бірақ нақты жоспар жоқ. Тақырып бір бағытта болғанын қалар едім. Гүлдер тақырыбын ауқымын кеңейтіп жазуға болады. Басындағыдай емес, қазір сұраныс форматы өзгеріп келеді. Сосын халықтық педагогика қызықтырады.»



ОҒМ жазбалары: Көрінбей кеттің сен неге?Қатарымызға кейінірек қосылса да Керекинфоның жұлдызына айналып үлгерген Маржан Тулеева (madlen ) Алматы қаласында өтетін шаралар афишасын тиянақты түрде жазып тұратын. Талай кемптің ұйытқысы болып жүрген, Астанада өткен «Блогкемп-2012»-ге алматылықтарды ұйымдастырып, «жинап» әкелген Моржығымыз кейін тұрмысқа шықты да, блогты тастады. Ой, жоқ, басқа да себептері бар екен

«Блог жүргізуді бастамай жатып тоқтатып қойдым. Маған блогтан гөрі сол блогтың авторы қызық. Реалдағы қарым-қатынас маңыздырақ. Керекинфодан өзіме достар тапқанда жазуды қоя салдым.
Дегенмен блог жүргізуді жалғастырғым келеді. Бірақ ол үшін ойды жинақтау керек. Жазған затына жауапкершілікпен қарайтын блогерлер аз. Не жазсам да өзім білем дейтіндердің қатарына косылғым келмейді. Соны білмегендіктен жалғастыра алмай жүрмін. Алматы мен басқа қалалардағы сервис туралы жазғым келеді. Оған көп ізденушілік, креатив және уақыт керек. Жауапкершілікпен қарау керек. Қазір ондай жағдай жоқ »



Дегенмен, қарап отырсақ, үміт жоқ емес сияқты. Қыздардың дені блог жүргізуді жалғастыруға ниетті екен. Әсіресе тақырыптық блог жүргізгілері келетіндігі ерекше көңіл қуантады — салалық блогтар Қазнетте әлі де аз ғой.

Қыздар, блогтарыңды жаңартыңдаршы! Сағыныппын...

Суреттер қыздардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алынды.
Бөлісу:

111 пікір

Aikona
Қыздар, сағындым сендерді!!!
aikarakoz
Сұлуларды көріп, көзіміз қуанып қалды ғой, Рахмет, Әйгерім
Симона мен Балғырғанды танымайды екем
Gastarbaiter
Құдай бере салған, Қыпшақ қызының жауабы ұнады.
Gastarbaiter
Update: Karakyz -дың жауаптары ұнады
mampasi
Балғырғанды шынымен көптен көрмей жүрмін, тіпті агентке де шықпай кетіп еді. Жоспары жақсы екен. Балдырғандары көп болсын!
VKM
Бальзаминка да блоггер еді ғой, ол да жоқ. Қайда екен?
AKY
Ол жауап бермеді. А так жүр ғой
MERmukhanov
Иии, Karakyz , қара, не тауып алдым

zholantai
2009 жылғы грамотаны әлі күнге сақтап жүрмісің?
MERmukhanov
Ха! Ақтөбедегі үйді ақтарса, 2000 жылғы грамота шығады, саспа.)
AKY
Мақтаншақ
MERmukhanov
Әку, менің АБ алғанымды білуші ме ең?
AKY
Құрсееен, АБ деген таңсық емес маған а так)))
MERmukhanov
Жоға, сен АБ алғанымды білуші ме ең?
zholantai
ой, блин, ұятын-ай, Алтын белгі ма?
осы күнге дейін алтын белгіні қолыма ұстап көрмеппін, живой алтын белгі көрмегем, ұят, ұят,
арты тиынға ұқсайд ғо мынаның
AKY
Ұстап көруге бере алам
zholantai
расымен де алтыннан жасалған болады ма?
zholantai
құрамында еш алтын жоқ па?
AKY
Шынымды айтсам білмейм, алтын жалатылған деп жататын, тексертіп көрмеппін.
zholantai
тексермейсің ба? Атына заты сай ма, жоқ па деп? MERmukhanov бас әріппен жазып текке әуре боп жүрмесін
Gastarbaiter
Жәнібек, әр жазбаға флудтауға уақытың бар екен, ең болмаса жарты жазба жазып, басыңнан өткен блогингке қатысты бір қызықпен бөліссең нетті?
Соңғы түзету:
MERmukhanov
*( Сиырдан серьозныйсыңдар ғо
zholantai
басымнан блогингке қатысты еш қызық өтпеген бе, ойыма ешнәрсе түспед, Гаста
Gastarbaiter
Мен, «жазатын қызық қалмады» немесе "қашанғы жаза бересің" деген бір сылтау күткен едім.
Мына жағдай тіпті мүшкіл екен
zholantai
айтпа, быт-шыт жағдай,
MERmukhanov
Алтын Белгіні ( — ред.)
zholantai
кетЧ, әлдеқандай қылмай
MERmukhanov
сол, тоқетері, сұрайын дегенім: Әку, АБ алғанымды білуші ме ең?
AKY
Болд, флудтай бермеңдерЧ
MERmukhanov
Жанымды жараламай жауап бер!!!
Соңғы түзету:
zholantai
жауап бер!!!
AKY , сені мәжбүрлеп жатыр. Берме, беріп қойма,
Соңғы түзету:
MERmukhanov
мана саған ұстауға берем деді ғо
AKY
Мерей, сен өзіңдікін ұстай аласың ғо
MERmukhanov
 Аха.
Мен ұстауға бермейм, Жәнібекке.
AKY
Жәнібек сенікін ұстағысы да келмид шығар
MERmukhanov
Сіздікіндей алтын емес, сіздікіндей белгі емес қо...
zholantai
AKY , тағулы сәтіңде ұстатасың ғо, а то керек емес
AKY
Авеновке еліктеген түрің бар болсын
zholantai
темада жоқпын, толықтырып жіберЧ
zholantai
оппана, ну и момент, төске бірдеңе тағудың да кайфы бар екен ғо, д
AKY
Алтын Белгі иегері де, кімі нес
MERmukhanov
Кезінде ақтүенің әбеніптері сіздің кеудеге де қадады ма, әку???
AKY
Имантаев ед ол кезде Ақтүеде әкім. Сол кісі қадады«Альбион» резиденциясында.
Одан мектепке ап келгесін деректір шешіп алып, қайта қадады.
MERmukhanov
кто бы сомневался
zholantai
мен үшінші боламын ба сонда
AKY
Сіз соондай оптимистсіз
Gastarbaiter
Сылтауратып бәрі бір-бір сипап қалған екен ғой
zholantai
AKY Дің сипалатуға жол бергеніне сене алмайм,
AKY
Құрысын, сипайтын дымы да жоқ со
MERmukhanov
вот маған таққанда дым жоқ,
сізден үміт бар ғо… ӘКІМДЕР қателеспейді!!!
Соңғы түзету:
AKY
«Ии мәәә» деуші ме ед
zholantai
стрип-пластикаңның пользасын сезінейік та, не болд сонша тулап
AKY
Стрип-пластиканың пользасын олай сезінбейд
MERmukhanov
Әку вызов тастап тұр ма не?
zholantai
олай сезінбейд
сонда көред пе?
AKY
Түу, мына бала-шаға менің ностальгиямның быт-шытын шығард
zholantai
мына бала-шаға
MERmukhanov , мұнда сен туралы айтып жатыр
MERmukhanov
Просто Жәнібек айтад:
Әкку, әкку,
Қуанышты сәт неткен?
Ұстамауға мүлде дауа жоқ.
Әккі, тіпу,
Айрылдық па біз тілден?
«Кешір» деуге де,
«Кещір» деуге енді шама жоқ.

zholantai
ақын епті, өштім

AKY , нигіңнен дым қалмад, ауыстыр
MERmukhanov
 ізде, форест, ізде!
Gastarbaiter
Мерей, Жәнібек екеуің бір-біріңді сипап ақ бақыттысыңдар ғо, меніңше Әйгерім мешать етіп отыр қайта
zholantai
аулақ,

Әйгерімді ұстап қалуға әуреленіп отырғанда
zholantai
AKY , саған кім тақты?
MERmukhanov
АБ иегері, будь внимательнее, Гаста!
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
АКУ бойжеткен шағың ба?
Соңғы түзету:
AKY
Биылғы түлектер ғо әас, біз ондай ірі болмап едік
AKY
Күзгі балда жеңген Сомалтын деп қалдың ба
shacman
Куттыктайм, казагымнын санын кобейте бер тате
AKY
Рахмет, рахмет!)))))))))))))
Gastarbaiter
Менің 1996-97-ші жылғы алған открыткаларым сақтаулы, грамота дейсің. :-)
Соңғы түзету:
ken
Сатыбалдының араққа арналған блогы ше?))
mektepbai
Ол пәниден өтті ғой дамбалын басына киіп…
zholantai
Алматы мен басқа қалалардағы сервис туралы жазғым келеді.

жақсы тақырып, күтіледі
zholantai
пікір санын улап-шулап 100-ге жеткізіп тастайықЧ, mentionsтағылар мәз болып қалсын, «біз туралы жазбаға көп пікір жазылды» деп
zholantai
«Көрінбей кеттің неге сен?» деген автордың лирикалық жазбасы блогшы қыздарға арналған. Автор «Неге?» деген ғылыми сұрақтың жауабын табуға ұмтылған.
©

«Көрінбей кеттің неге сен?»
vs
Көрінбей кеттің сен неге?
қай тақырып әсерлі?
AKY
әрине түпнұсқа
zholantai
меніңше, есімдікті соңына қою әсерлі сияқты, екпін беріп тұрад)))
mektepbai
Шетінен бәрі шегіп алып, гасит етіп отырЩш. Алқаштар! © Төртінші Сатыпберді
Aya
Сәләматсыздар ма?!
AKY
Кіммен амандасыватсың?
Aya
жоғарыдағы көрінбей жүрген апайларға сәлем беріППП
AKY
Үбәй-әй, үбәй)))
zholantai
AKY , әлеуметтік сауалнамаға не істеп атсың?
dindar
Қыздардың ішінен Karakyz-дың жауабы ұнады, әрі қызықты тұлға болып көрінді.