Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі

Астананың қысы ұзақ болғанымен, күнтізбе бойынша келіп жеткен көктемді көңілді етудің бірнеше жолы бар. Сүйгеніңіз тастап, махаббатыңыз қарамай қойса да мен айтқан әдісті орындаңыз, сонда өміріңіз шаттыққа толы болады. Ал, кеттік!

1) «Алау»
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Сочи Олимпиадасы мен достарымның туған күніме коньки әперуі мұзда сырғанауға деген құлшынысымды оятты. Жоспар бойынша «Алау» айдыны наурыздың соңында жабылуы тиіс еді. Қуанышқа орай, бұл жоспар кейінге шегеріліпті. Енді, Денис Тенге еліктеушілер сәуірдің аяғына дейін коньки тебе алады. «Алаудың» артықшылығын айтып, таптаурын болған тіркестерді жазбай-ақ қояйын. Ең бастысы – сырғанау денсаулыққа пайдалы. Ал бойдақтар үшін танысу орталығы. Қыздар жігіттермен, бозбалалар бойжеткенмен танысып, емен-жарқын әңгімелесетін еркіндікке ие. Қыста қызың (жігітің) тастап кетсе, «Алаудан» оны он орап алатын аруды (баһадүрді) тауып алуға болады. Ендеше, жұма-жексенбі күндері астаналықтар «Алауға» асығыңыздар.

2) Футбол
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
ҚПЛ-ды теледидардан көрген бір бөлек те, стадионнан тамашалаған тіпті басқа. Аренаның құдіретін ақтөбелік фанаттар жақсы білетін шығар. Сондықтан, футболды алаң жиегінен көрудің артықшылығын солардан артық түсіндіріп беретін ешкім жоқ. Құдайға шүкір, ойында жанкүйер толмаса да, «Астана-Арена» деген алып стадионымыз бар. Мына деректі де назарға ұстаңыз. Елордада үш клуб түрлі лигада өнер көрсетеді. Соның қай-қайсына барсаңыз да өкінбейсіз. Бұрынғы «Локомотив», қазіргі «Астана» клубы премьер лигада бақ сынайды. Ел чемпионы атанудан үміткер команданың ойыны тамашалауға лайықты. Яғни, әр тур сайын «Аренаға» ағылу жақсы көңіл-күй сыйлайды. Осы орайда ескерте кетейін, 5 сәуір күні «Астана-Аренада» «Астана» мен «Тараз» клубтары шеберлік байқасады.

3) Велосипед
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Сарыарқаның қытымыр ауа райы оң қабағын танытса, кешкісін ерке Есілдің жағалауында велосипед тепкенге не жетсін?! Қытайда халықтың көбі шайтанарбамен жүреді дейді. Швейцарияның премьер-министрі де транспорттың осы түрін қолайлы көреді екен. Әрі денсаулыққа пайдалы әрі кешті көңілді өткізудің бір әдісі ретінде велосипед тебуді ұсынамын. Астана қаласы бойынша шайтанарбаны тебудің құны сағатына 500-700 теңге аралығында. Айтпақшы, қысы-жазы велосипедін тастамайтын танысым бар. Жай, журналистерге керек болар деген оймен жазғаным ғой.

4) Жайдарман
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Бар жанарды жаулаған «Жайдарман» да жабырқаған жаныңды жадырату үшін таптырмас көмекші. Жоғарғы және премьер лиганың 1/8 финалдық ойындары өтті. Енді таудың тасындай іріктелген, кілең сен тұр, мен атайындар ғана қалды. Алда болатын ширек финалдық кездесулер керемет өтетініне бәс тігемін. Алда-жалда букмекерлік контора болғанымда 1,01 деген коэфицент беретін едім. «Көре-көре көсем болғанша, бұрышта тұрып Есен болған артық». Ендеше, кездесу орны белгілі. Жайдарман, Конгресс Холл, Жастар сарайы.

5) Әдемі қыздар
Блог - konvict: Көктемді көңілді өткізудің 5 әдісі
Мынау қызылкөз қыздарды айтып қоймады ғой демеңіз. Көктемнің келуі әйел затын құлпырта түсетін кереметі бар екені жасырын емес. Қызыл-жасыл, ұзынды-қысқалы көйлек киген бойжеткендерді көргенде көңілдегі кірбің әп-сәтте тайдпен жуғандай тазарады. Әсіресе, мен секілді бойдақтардың көзі жиі «сүрінеді». Көктем – махаббат мезгілі (Бұрын мұны біреу айтты ма, білмедім. Бұл – менің аксиомам). Некафе, кәдімгі кафе, би кештері, Ханшатыр, саябақ – көктемде мені іздесеңіз, осында келіңіз.
Бөлісу:

13 пікір

zholantai
көктемде «Алауда» өткізу деген енді, енді…
Arys_arlany
Көктемнің келуі әйел затын құлпырта түсетін кереметі бар екені
Өткенде ағам хабарласты:
-Қалай жағдай інім?
-Жақсы рахмет өзіңіз?
-Жақсы, не жаңалық?
-Тыныш, өзіңізде?
-Көктем келіп, қыздар мини юбка киіп, машина айдай алмай қалдық қой — дегені )))))
asaubota
Астана нағыз орталық негізі, Қазақстанның жүрегі. әр облыстан достарым бар, футболға мысалы Астананың ойыны үшін емес, достардың командасы үшін баруға болады.
bizbike
Ақтөбе ФК Атыраумен ойнайын деп жатыр айтпақшы
Aldeken
футболға мысалы Астананың ойыны үшін емес, достардың командасы үшін баруға болады.
AKA
Астана ғана қамтылған, ауыл-аймақ, мұндай керемет жағдай жасалған демалыс орындары жоқ қалалар да бар, сол ескерілмегендей. Жалпылай қарағанда күшті!
Madi
соны айтам, біздің Талдықорғанда демалатын орындар аз.
RaimbekRamazanov
Соңғы ұсынған вариантыңыз жанға жағып барады
MamaAya
мен үшін: 1. Дефиле; 2. Интертоп; 3. Французкий дом; 4. Спа-салон; 5. 4-5 сағаттық кездесу-десем көп адам түсінбейтін шығар, менде де сондай түсініспеушілік боп тұр, мүмкін түсінігім төмен?!
rauka
пост салауатты өмір туралы ма дим)))))
madlen
Астанада қыдыратын жер жоқ деп мұңайып жүруші еді тұрғындары бұрын))) Қызықты орындар көбейіп қалыпты ғой.
Әдемі жазба, астанчанин )